Қазақстан пошталық маркасы 2000 жыл


Мұқановтың әдеби-мемориялдық мұражайы



бет2/2
Дата20.05.2022
өлшемі1.81 Mb.
#458126
1   2
900489.pptx

Мұқановтың әдеби-мемориялдық мұражайы.

  • С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Алматы каласында, Төлебаев көшесі 125/3, С.Мұқановтың өзі 1965-1973жылы тұрған үйінде 1978 жылы 21 қарашада ашылған. Мұражай үйі әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Мұражайдың әдеби бөлімінде жазушының зерттеулері мен сын мақалалары, монографиялары, ҚР ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық дипломы және тағы басқы құжаттар бар. Оның1922-1935 жылы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург), Мәскеуде оқыған кезіндегі суреттер мен кұжаттар рет-ретімен орналастырылған. Мұнда Тәттімбет пен Үкілі Ыбырайдың фотосуреттері бар. Суретші Ү.Әжиевтің С.Мұқанов пен орыс жазушысы М.Горькийдің достығын бейнелейтін "М.Горький және С.Мұқанов" атты картинасы да осы залда. Жазушы наградалары - екі Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту," Құрмет белгісі" ордендері, КСРО медальдары, сондай-ақ оның Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланған куәліктері қойылған. Мұражай экспозициясында түрлі қолжазбалар, жазушының поэзиялық, прозалық және әдеби сын шығармаларының басылымдары бар. Жазушының "Сұлушаш" (1928), "Адасқандар" (1931), "Жұмбақ жалау" (1938), "Балуан Шолақ" (1941), "Сырдария" (1948) романдары мен "Шоқан Уәлиханов" (1953), "Қашқар кызы" (1958), "Сәкен Сейфуллин" (1964) атты драмалық шығармалары туралы мол мәліметтер берілген. "Адасқандар" (1931) романының басты кейіпкері - Бүркіт (Сұлтанбек) пен Бәтестің (Бәтима) түпнұсқа суреттері, махаббат хикаясына байланысты көне күнделіктің мұқабасы, Қызылорда қаласындағы сотқа (1927) қоғамдық айыптаушы ретінде қатысқан С.Мұқановтың куәлігі қойылған.

Қысқаша биография

  • Сәбит Мұқанов ауыл Мәскеудегі Қызыл профессура институтын бітірген (1935).
  • 1935-36 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы,
  • 1936–37, 1943 – 51 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы,
  • 1937–41 жылдары ҚазҰПУ-дың проф-ы қызметтерін атқарған.
  • Алғашқы кітабы «Совет өкіметі және қазақ әйелі» (өлеңдер, мақалалар, аудармалар) 1924 жылы жарық көрген.
  • «Бай баласы» (1928), «Мөлдір махаббат» (1931), «Теміртас» (1935) романдары Қазақстандағы таптық күрес мәселелеріне арналған.
  • «Ботагөз» (1938), «Сырдария» (1947 – 48) романдарында қазақ халқының тарихы суреттелген.
  • «Өмір мектебі» автобиографиялық трилогиясына (1949 – 64) Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.
  • «Аққан жұлдыз» шығармасы (1967 – 70) қазақтың ағартушы-ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған.
  • Абай атындағы мемлекеттік сыйлығыШ.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1967),
  • Қазақстан мемлекеттік сыйлығының (1967) иегері. 2 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, т.б. ордендермен, медальдармен марапатталған

Қорытынды

  • Сәбит Мұқанов 1973 жылы дүниеден өтті.
  • Жазушының шығармашылығында да, бүкіл қазақ прозасында да белгілі белес рмашылық өмірін түгел дерлік қамтыған «Өмір мектебі» трилогиясы шын мәніндегі халық шежіресі болатын. Ол халықтың арасынан шыққан халықтың сүйікті жазушысы болды. Сәбит Мұқанов әрбір қазақ үшін естен кетпес тұлға болып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет