Ќазаќстан республиканыњ білім жєне ѓылым министрлігі


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет10/38
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#452506
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
УМКД Экономикалық талдау

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Факторлық талдаудың ерекшелігі неде?

2. Детерминирленген талдау қандай кезде жүргізіледі?
4 тақырып : Қаржылық коэффициенттер әдісі

Дәріс сұрақтары



  1. Қаржылық коэффициенттер.

  2. Төлемқабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері.

  3. Табыстылық пен пайдалылық қоэффициенттері.

  4. Қорларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері.

1.Қаржылық тұрақтылықтың жалпы көрсеткішінің артықшылығы мен жетіспеушілік шығын мен қорларды қалыптастыруға, және ол шығын қаражаты мен қордың көлемінің қаражаттың бірлік көлеміндегі талдау.

Қаржылық тұрақтылық – кәсіпорынның шотының анықталған жағдайы, оның үнемі төлем қабілетіне кепіл беру.

Қаржылық тұрақтылықтың бағалануы қаржылық үлкен көлемде коэффициентінің көмегімен өткізіледі.
Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын коэффициенттері.

Көрсеткіштердің атауы

Сипаттауы

Есеп айырысудың тәсілі

Көрсеткіштердің интерполяциясы

1. Қаржылық тәуелсіз коэффициенті (Қ.т.к)

Валютадағы баланстың меншік капиталының үлесі.

Қ.т.к. = МК/БВ

МК- меншік капитал, БВ- баланстық валюта



Жоғары -0,5 мәнінде көрсеткіші ұсынылған. Олардың жоғарлануы кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін нығайту үшін көрсетілген.

2.Қарыздық коэффициенті (Қкф)

Қарыздық және меншік құралдар арасындағы қатынасы.

Қк = Қкф/МК

Қк –қарыздық капитал

МК меншік капитал.


Көрсеткіштердің мәні -0,67 ұсынылған.

3. Өзін -өзі қаржыландыру коэффициенті

Меншік капитал мен қарыздық құндардың арасындағы қатынасы.

Өөқкф= МК/ Қк

Ұсынылған мәні ≥ 1,0. Меншік капиталдың көмегімен қарыздық құралдарды жабу мүмкіндігін көрсетеді.

4. Меншік ағымдағы құралдармен қамтамассыз етілген коэффициент

Ағымдағы активтердің меншік ағымдағы құралдардың үлесі

Ма.қ.қ.е.кф.= АМҚ/АА;

АМҚ – ағымдағы меншік құралы

АА- ағымдағы активтер;


Көрсеткіштің мәні ұсынылған ≥ 0,1 (немесе 10%). Көрсеткіштер неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын тәуелсіз қаржылық саясатын жүргізуге мүмкіндігі болады.

5. Коэффициенті оңтайлы қолдану (Кф.о. қ.)

Меншік капиталдан ағымдағы меншік құралдардың үлесі.

Кфо.қ.= АМҚ/МК

Ұсынылған мәні 0,2-0,5. Көрсеткіштердің мәні неғұрлым жоғары орналасса сол жағдайда кәсіпорынның қаржылық оңтайлығы жоғары болуы мүмкін.

6. Қаржылық коэффициент қарбаластығы (Кф.қарб.)

Қарыз алушының баланс валютасынан қарыздық құрал үлесі.

Кф.қарб.=Қк/БВ

БВ- қарыз алушының баланстағы валютасы.



0,5 кем емес жоғарғы шекараның жоғарлануы кәсіпорынның сыртқы қаржылық деректелген тәуелділігін көрсетеді.

7. Мобильдік және иммобильдік активтердің қатынас коэффициенті.(Қатынас кф.)

Әрбір ағымдағы активтердің теңгесі ағымдағы активтерден тыс қаншасы келеді.

Қатынас кф.=АА/ААтыс

АА-ағымдағы активтер

ААтыс- ағымдағы активтен тыс


Әрбір кәсіпорынға жеке дара көрсеткіштердің жоғары мәні болған сайын, соғұрлым ағымдағы активтері (мобильдік) құралы көп болады.

8.Өндірістің мүліктік коэффициенті (Өм.кф.)

Кәсіпорынның активтердің өндірілген мүліктің үлестік мәні

Ө.м.кф. = ААтыс +Қ/А

Қ-қорлар


А- Активтің жалпы көлемі.

Ө.м.кф. ≥0,5.0,5көрсеткіштен төмен түсетін болса, онда мүлікті толықтыру үшін қарыздық құралдарды қолдануға керек.

коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін ұсынады.

Коэффициенттерді үлестіру – осы әдіс қаржылық жағдайдын абсолютті көрсеткішін немесебелгілі бір бөлікті табу үшін қолданылады.

Координациялық коэффициент – қаржылық жағдайдың әр түрлі абсолютті көрсеткіштердің қатынастарын анықтайды немесе экономикалық мәні бар айырмашылығы мен олардың сызықтық комбинацияларды.

Қаржылық коэффициенттің талдауы базистік көлемдері мен олардың кезеңдік есеп берудің динамикасын зерттейді.

2.Қаржылық жағдай – белгілі бір уақытта кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін және қазіргі кезде өз борыштық міндеттемені өтеу мен шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржылық ресурстарды қамтамассыз ету болып табылады.

Сурет 1 Кәсіпорынның қаржылық талдауды өткізудің мазмұны мен дәйектілігі.


3.Құрылымдық талдаудың мақсаты – кәсіпорын құралдардың динамикасы мен құрылымын зерделеу және қаржылық жағдайымен ортақ танысу үшін деректеменің қалыптасуы.

Динамикалық талдаудың құрамы мен құрылымы баланстық активтерге абсолютті мөлшерде қалыптасуды қамтамассыз ететін және салыстырмалы өсуді немесе кәсіпорынның барлық мүлікті және оның жеке түрлерін азайту.

Валюталық баланста ағымдағы активтерді анықтайтын көрсеткіштер:

Кәсіпорын активтердің мобильдік коэффициенті.

К.м.а.к. = ағымдағы активтердің құны : кәсіпорынның барлық мүлігіне.

Кәсіпорынның активтердің орналастыру тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш:

Иммобилизация құралы мен мобильдік қатынастың коэффициенті.

К.и.қ.м.қ. = Ағымдағы активтердің құны : ұзақ мерзімді активтердің құны.

Деректемелер құралын меншік және қарыздық бөлуге болады. Құрылымдық міндеттеме сипаттайды:

Автономия коэффициенті.

Ка = меншік капитал : кәсіпорын үлкен ортақ құралына

және меншік және қарыздық құралдардың қатынас коэффициентінің формуласы:

К м және қ. қатынас = түзету енгізілген ұзақ мерзімді пассивтері : түзету енгізілген қысқа мерзімді пассивтер;

Ка ≥ 0,5, Км және қ. ≤ 1 білдіреді, кәсіпорын міндеттемелері өзінің меншік құралдарымен орнын толтыра алады. Автономия коэффициенті жағымды бағаланады, қаржылық тәуелсіздігі көбеюін көрсетеді және меншік құралы мен қарыздық қатынастың коэффициенті азаяды, қаржылық тәуелсіздігін азаюын көрсетеді.

4.Материалдық қорлардың тиімді пайдалануын талдаудың мақсаты – ұйымдағы материалдық қорлардың өндіріс үрдісіне сәйкестігін анықтап, тиімділік көрсеткіштерін анықтау және өндірісті пайдаланбайтын материалдардан тазарту.

Талдаудың қайнар көздері – жабдықтаушылармен жасалатын келісім шарттар, бизнес – жоспар, материалдық есеп, бухгалтерлік баланс.

Материалдық қорларды пайдалануды талдаудың негізгі мақсаттары өндіріс көлемін қажетті материалдық қорлармен жабдықтау деңгейін анықтау, материалдық қорларды пайдаланудың тиімділік деңгейін бағалау, материалдық қорларды үнемдеудің ішкіөндірістік резервтерін айқындау болып табылады.

Материалдық қорларды талдаудың қайнар көздері болып шикізаттар мен материалдарды жеткізудің келісім шарттары, материалдық қорлардың түсуі, шығындалуы және қалдықтары бойынша талдамалық бухгалтерлік есептің деректері, бухгалтерлік баланс табылады.

Ұйымның материалдық қорлармен қамтамасыз етілуін талдаған кезде материалдық жабдықтау бөлімі жоспарларының сапасы тексеріледі. Үздіксіз өндірістік үрдіс үшін материалдық қорларға қажеттілікті қамтамасыз етудің қайнар көздерін анықтап алған дұрыс. Олар ішкі және сыртқы болады. Сыртқы қайнар көздерге келісім шарттар бойынша жабдықтаушылардан келіп түскен материалдық қорлар, ал ішкі қайнар көздерге шикізат қалдықтарын азайту, шикізатты екінші рет пайдалану және үнемдеу жатады.

Материалдық қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштеріне материалсыйымдылығы мен материалқайтымдылығы жатады. Материалсыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасына тең. Ал, материалқайтымдылығы оған кері шама.

Материалқайтымдылығы неғұрлым жоғары болса, материалдық қорлардың тиімді пайдаланылғандығын көрсетеді. Материалсыйымдылығы көрсеткіші өнім бірлігін өндіруге кеткен материал шығындарын көрсетеді. Материалсыйымдылығының жекелеген көрсеткіштері де бар. Оларға шикізатсыйымдылығы, отынсыйымдылығы, энергиясыйымдылығы жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет