Ќазаќстан республиканыњ білім жєне ѓылым министрлігі


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет22/38
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#452506
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
УМКД Экономикалық талдау

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Ақша қаржыларын талдаудың мақсату қандай?

2.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті қалай талдайды?

3.Ақшаларды тиімді жұмсау қандай көрсеткіштерге әсер етеді?


15 тақырып: Компанияның табыстылығын талдау

Дәріс сұрақтары

1.Компанияның табыстары мен шығыстарын талдау.

2.Таза табыс (шығын) факторларын бағалау мен қалыптастырудың жалпы сызбасы.


1.Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шеге-рімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапа-сымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өт-кізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасын-дағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналы-сатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады .

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

2.Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдолан-ған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары ара-сындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :

Тж = Дн- Кш (1)

Мұндағы: Дн - негізгі қызметтен алынған табыс;

Тж- жалпы табыс;

Кш- кезең шығындары.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың са-лыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың фактор-лық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарасты-райық:

Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:

Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,005 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,003 болды.

Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) кә-сіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсе-теді.

Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :

Та= Тт/ Аа (2)

Мұнда: Аа- ағымдағы активтер.

Тт- таза табыс.

Та- ағымдағы активтердің табыстылығы.

Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,012 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,009 болды.

Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:

Мкт= Тт/ Мк (3)

Мұнда: Мкт- меншікті капиталдың табыстылығы;

Тт- таза табыс;

Мк- меншікті капитал.

Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады.

Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады.

Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,007 пунктке өскен болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.

Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсет-кіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кә-сіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :

Тұа = Тт/ Ұма (4)

Мұнда: Ұма- ұзақ мерзімді активтер;

Тт- таза табыс;

Тұа- ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.

Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,009 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.

Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:

Төқ = Тт / ӨҚ (5)

Мұнда: Тө- Өндірістік қорлардың табыстылығы;

Тт- Таза табыс;

ӨҚ- Өндірістік қорлар.

Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,04 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,02 пунктке азайып отыр.

Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:

Тск = Тж / Т өө (6)

Мұнда: Тск - Сату көлемінің табыстылығы;

Тж - Жалпы табыс;

Төө- Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.

Сату көлемінің табыстылық деңгейі жыл басында – 0,023 болса, ал жыл со -ңында оның мәні – 0,001болды.

Жоғарыда жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын қыз-меті шығынды болып табылады, алайда оның қызметі жыл соңына қарай кішкене болса да жақсаруда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет