Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1. Экономикалық талдаудың қандай әдістері бар?
2. Әдістердің өзара байланыстары қандай?
3. Жедел талдау қалай жүргізіледі?
3 тақырып: Факторлық талдау
Дәріс сұрақтары
Факторларды жүйелендірудің қажеттілігі мен мазмұны.
Детерминдік және стохастикалық әдістердегі факторларды жүйелендіру әдістері.
1.Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттел-меген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытын-ды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.
Факторлық талдау – Детерминделген және стохастикалық зерттеудің қабылдау көмегімен жеке фкторлық көрсеткіштер нәтижесіне әсер ететін талдау.
2.Факторлық талдаудың мақсаттарының бірі – қорытынды көрсеткіштер арасындағы қатынастарды модельдеу болып табылады. Зерттеу объектісі үшін модель құрастыру талдау нәтижелерін нақтылай түседі. Факторлық талдауда детерминирленген және стохастикалық модельдер қолданылады. Детерминирленген факторлық модельдер көмегімен көрсеткіш нәтижелері мен (функциялар) факторлар (аргументтер) арасындағы функционалды байланыстар зерттеледі.
Детерминирленген факторлық жүйелерді модельдеу кезінде мынандау талаптар орындалуы керек.
Факторлар мен модельдер абстрактілі шамалармен берілмей, нақты сипатта болу керек.
Зерттеліп құбылыстың құрамдас бөлігі бола отырып қана факторлар нақты нәтижелер бере алады.
Өзгерістерді зерттеуге арналған факторлар жүйесі нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін сандық өлшемдерде болуы керек.
Факторлық модель құбылыстың бір ізділігі мен үздіксіздігіне қатысты ырғақты түрде қолданып отырады.
Детерминирленген талдауда әртүрлі факторлық модельдер кездеседі: аддитивті модель; мультипликативті модель; аралас модель; мәртелік модель.
Бұлардың қай-қайсысы болмасын зерттеу объектісін қысқартып және кеңейтіп, көлденең және тік түрде, толықтай және жартылау негізде талдауға мүмкіндік береді.
Еңбек ақы қорын факторлық талдау оның өзгеру себептеріне зерттеу жүргізіп, нәтижелерін нақтылай түседі.
Еңбек ақының мерзімдік қоры
Орта тізімдік сан (ОС)
Бір жұмысшының орта жылдық еңбек ақысы (ОЖЕ)
Бір жылдағы бір жұмысшының жұмыс істеген күні (К)
Бір жұмысшының орта күндік еңбек ақысы (ОКЕ)
Ауысымның орта ұзақтығы (Ұ)
Бір жұмысшының орта-сағаттық еңбек ақысы (ОСЕ)
Сызба Мерзімді жұмысшылардың еңбек ақы қорының детерминирленген факторлы жүйесі.
Сызбаға сәйкес еңбек ақы қорынан ауытқуларды де – терминирленген факторлық жолдарда мына модельдер қолданады.
ЕАҚ =ОС*ОЖЕ
ЕАҚ = ОС*К*ОКЕ
ЕАҚ = ОС*К*Ұ*ОСЕ
Осыған сәйкес зерттеліп отырған кәсіпорынның мәліметтері негізінде мерзімді еңбек ақы қорын факторлық талдау үшін деректерді қарастыру керек.
Факторлық жүйелерді модельдеу процесі – құбылыс пен оның құрамдас бөліктерін талдап, оның қорытындыларын шығару және резервтерін айқындауға нақты зерттеу мәліметтерін береді. Зерттелетін көрсеткіштер мен талдаудың соңғы нәтижелерін дәйекті түрде көрсетуде детерминирленген факторлық жүйені қолдану, талдау қорытындыларын қызмет барысын жоғарлату мен жақсарту мақсатында ғана қолдануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |