Ќазаќстан республиканыњ білім жєне ѓылым министрлігі


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет13/38
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#452506
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
УМКД Экономикалық талдау

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Маркетингтік талдау не үшін қажет?

2.Нарықты зерттеу қалай жүргізіледі?

3. Маркетингтік талдаудың қайнар көздері қандай?


7 тақырып: Өнімді өткізу және өндірісті талдау

Дәріс сұрақтары

1.Өндірістік нәтижелерді талдаудың ақпарат көздері мен міндеттері.

2.Өнімді өткізу мен өндіріс динамикасын бағалау.


1.Кәсіпорын жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құны. Оның деңгейінен кәсіпорын қызметінің қаржылық қорытындылары, өндірісті кеңейту темпі тәуелді. Өнімнің өзіндік құнын талдаудың объектілеріне: тауарлық өнімнің толық өзіндік құны, тауарлы өнімнің бір теңгесіне шығындар, жеке бұйымдардың өзіндік құны, шығындардың жеке баптары сияқты көрсеткіштер жатады.

Өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын талдаудың мақсаты – жалпы өндіріс, шығарылатын өнім көлеміне әсер ететін факторларды анықтап, өзіндік құнды барынша төмендету резервін айқындау.

Талдаудың қайнар көздеріне - есептік калькуляциялар, өнімді өндіру және өткізумен байланысты шығындар туралы есеп, 8110 «Негізгі өндіріс» шоты бойынша субконто жатады.

Өнімнің өзіндік құны белгіленген шығын баптары бойынша анықталады. Өнімнің элементтері бойынша анықталады. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар экономикалық элементтері бойынша да ажыратылады. Өзіндік құнның мөлшері оны құрайтын шығындардың ауытқуына, өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Шығындардың жалпы сомасынын өзгеруін мына формуламен анықтауға бодады:



(1)

Мұндағы, VЖОж – шығарылған өнім көлемі; YCiоның құрамы; Ві - өнім бірлігіне ауыспалы шығындар; А - бүкіл шығарылған өнімнің тұрақты шығындарының сомасы.

Мұндағы көрсетілген әрбір көрсеткіштің өзгеруі шығындардың жалпы сомасының өзгеруіне әсер етеді. Үлестік ауыспалы және тұрақты шығындардың өзгеруі ресурстар бағасының және өнімнің ресурс сыйымдылығының өсуі әсерінен болады.

Өнімнің өзіндік құнының маңызды жалпылаушы көрсеткіші – тауарлы өнімнің бір теңгесіне шығындар. Ол шығындардың жалпы сомасының өндірілген өнімнің іс жүзіндегі бағалары бойынша құнына қатынасы ретінде анықталады. Тауарлы өнімнің бір теңгесіне шаққандағы шығындар өндіріс шығындарының жалпы сомасынын және өндірілген өнім құнынын өзгеруіне тәуелді. Тауарлы өнімнің бір теңгесіне шаққандағы шығындарға көптеген факторлар әсер етеді. Өзіндік құнның өзгеру себептерін анықтау үшін өнім түрлері бойынша есептік калькуляциялар талданып, өнім бірлігіне шығындардың іс жүзіндегі деңгейі жоспардағы деректермен, өткен жылдар мәліметтерімен салыстырылады. Көптеген кәсіпорындарда материалдардың нормадан тыс қалдықтары көп болады, оларды мақсаттарға жұмсауға болады. Егер олардың мүмкін болатын құнын, пайдаланатын шикізат құнымен салыстыратын болса, өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық шығындар қаншалықты өскенін байқауға болады.

Бір материал түрін басқамен алмастырған жағдайда тек тұтынылған материалдар мөлшері емес, олардың құндары да өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты, өнім бірлігіне материалдық шығындардың қалай өзгергенін білу үшін, ауыстырылған материал шығынның нормасын (УР1), ауыстыратын материал шығыннын нормасы (Б0), ауыстыратын материал бағасын (Б1) білу керек. Өнімнің өзіндік құнында жанама шығындар үстеме және жалпы шаруашылық шығындар түрінде көрінеді. Бұл шығындарды талдау тауарлы өнімнің бір теңгесіне шаққандағы шаманың іс жүзіндегі мөлшерін есептік кезеңдегі жоспарлық деңгеймен салыстырып, өсу немесе төмендеу тенденциясын анықтаумен байланысты жүреді. Іс жүзіндегі өнім шығымына жоспарлы шығындарды есептеу келесі формуланы қолданады:

Шкжх(100+∆ТӨ%хКт)/100 (2)

Мұндағы, Шк – іс жүзіндегі өнім шығымына бейімделген шығындар; Шж – шот бойынша шығынның жоспарлы сомасы; ∆ТӨ% - тауарлы өнім шығарылуының жоспардан асуы немесе кем шығуы; Кт – шығындардың өнім өндірісі көлемінен тәуелділік коэффициенті.

Өнім өндірісі процесінде оның өзіндік құнын төмендетуге көп көңіл бөлнеді (Р↓Ө), қайнар көздері мыналар:



  1. кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын толық пайдалана отырып, өндіріс көлемін өсіру, ұлғайту: (Р↑VЖӨ)

  2. еңбек өнімділігінің деңгейін өсіру, шикізат пен материалдарды үнемді пайдалану есебін өндірістің шығындарын азайту (Р↓Ш);

Резерв шамалары мына формуламен есептеледі:

Р↓Ө=Өмісіс- Р↓Ш+Шқ/ VЖӨ+ Р↑VЖӨ-Шіс/ VЖӨіс (3)

Мұндағы, Өм және Өіс - өнімнің мүмкін болатын және іс жүзіндегі өзіндік құны; Шқ - өнім өндірісінің резервтерін өсіру үшін кететін қосымша шығындар.

Өнімнің өзіндік құнында көпшілік үлесі тура еңбек шығындары да алады. Сондықтан тауарлы өнімнің бір теңгесіне еңбек ақы серпіні, оның өзіндік құндағы үлесі маңызды орын алады. Өнім бірлігінің еңбек ақысын келесідей табуға бодады.



(4)

мұндағы, ӨЕСі - өнімнің еңбек сыйымдылығы, ЕТі – бір жұмысшының еңбекті төлем теңгесі, VЖӨі - өнім өндірісінің көлемі .

Өнім түрлері бойынша тура еңбек ақы сомасынын өзгеру факторларын тізбектеп алмастыру арқылы есептеуге болады. Өзіндік құн әр өнімнің еңбек сыйымдылығы мен еңбек ақының орта сағаттық деңгейінің есебінен де өзгеріске ұшырайды.

2. Тауарлы өнімнің бір теңгесіне шаққандағы шығындарға көптеген факторлар әсер етеді. Өзіндік құнның өзгеру себептерін анықтау үшін өнім түрлері бойынша есептік калькуляциялар талданып, өнім бірлігіне шығындардың іс жүзіндегі деңгейі жоспардағы деректермен, өткен жылдар мәліметтерімен салыстырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет