Айналым запастары – болжанған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоймаға жеткізілетін запастар. Сақтандыру запастары мен қолда бар запастардың жалпы санының арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – көзделген немесе қол жеткен техникадан, технологиядан және өндірісті ұйымдастырудан максималды шығарылған өнімді көрсетеді.
Төлемқабілеттілік – кәсіпорынның уақытында алынған кредит (займ) уақытында қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайды суреттейді.
Ауыспалы шығындар – өндіріс көлеміне тікелей тәуелді шығындар.
Өндірістік цикл – өнімді дайындауға кететін уақыт.
Ырғақтылық – жоспармен алдын ала қаралған көлем мен ассортимент графигіне сәйкес өнімді уақытылы шығару.
Материалға кететін релевантты шығындар – тапсырыстарды орындау мен запастарды сақтауға байланысты болашақ шығындар.
Өндірістің релевантты шығындары – таңдалған шешім нұсқасынан өзгеретін болашақ шығындар.
Синтез – анализге қарама-қарсы процедура, синтез – қосылу.
Өнім құрылымы – бөлек өнімдердің массасы мен оның жалпы шығарылуы арасындағы қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |