Қазақстан Республикасы – хвқ миссиясының қорытынды мәлімдемесі 2009 жылғы 16 қаңтар



жүктеу 60.41 Kb.
Дата12.07.2016
өлшемі60.41 Kb.


Қазақстан Республикасы – ХВҚ миссиясының қорытынды мәлімдемесі

2009 жылғы 16 қаңтар

Экономикалық жағдайды талдау және үкіметтің жалғасып отырған әлемдік дағдарыс жағдайында жүргізіп отырған экономикалық саясатын талқылау мақсатында Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) миссиясы 2009 жылғы 12 – 16 қаңтар аралығындағы кезеңде Қазақстанда болды. Миссия сапар кезінде мәселелерді мазмұнды және ашық талқылағаны үшін ресми органдарға алғысын білдіреді. Төмендегі мәлімдеме миссия мүшелерінің көзқарасын білдіреді.

  1. Әлемдік экономиканың даму болжамы жақын арадағы болашақта күрделі болып қалады. Қаржы дағдарысы кредит нарықтарын тоқтата тұрумен, қаржы байлығының айтарлықтай жұмсалуымен және сенімнің жоғалуымен туындаған неғұрлым ауқымды экономикалық дағдарысқа ауысты. Нәтижесінде бүкіл әлемде жеке сұраныстың күрт төмендеуі болып отыр. Өткен жылдың қарашасында ХВҚ әлемдік экономиканың өсу қарқыны бойынша өзінің 2009 жылғы болжамын 2,2 пайызға дейін, пайыздық тармақтың ¾ төмендетті, дегенмен соңғы екі айдағы жағдайдың одан әрі нашарлауы ескеріле отырып, «Әлемдік экономиканың даму перспективаларының» (ӘЭДП) ағымдағы айдың аяғында жарияланатын жаңартылған шығарылымында болжам төмендеу жағына қарай тағы да нақтыланатын болады.

  2. Осы жағдайларда 2009 жыл Қазақстан экономикасы үшін өте күрделі болады. Мұнайдың және биржа тауарларының неғұрлым төмен бағалары, халықаралық қаржы нарықтарындағы қолайсыз жағдайлар және Ресейдегі экономикалық жағдайдың дамуы кредиттерге сенім, қол жеткізу деңгейінде және шетел валютасының ағындарында теріс әсер етеді. Біз ең алдымен 2010 жыл ішінде өсу қарқынының шамалы көтерілетінін, ағымдағы жылы олардың 1 пайызға дейін одан әрі бәсеңдейтінін күтеміз; сонымен қатар инфляцияның одан әрі төмендейтіні күтіледі. 2008 жылы тіркелген жоғары оң сальдодан кейін, ағымдағы жылы, экспорттық түсімнің қысқаруына қарай, төлем балансының ағымдағы операцияларының шоты бойынша дефицит қалыптасады.

  3. Экономикалық осалдық факторларының әсер етуін жұмсарту және болашақта өсудің жоғары қарқынын қалпына келтіру үшін негіз жасау мақсатында Үкімет жедел түрде өзінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде экономикалық саясат шараларының кешенін қабылдады. Осы күштерді жүзеге асыруға өткен жылдары жүргізілген сараланған экономикалық саясат себепші болды, бұл Қазақстанға қазіргі күрделі кезеңге бюджеттің айтарлықтай профицитімен, мемлекеттік борыштың төмен деңгейімен және валюталық активтердің айтарлықтай қорымен кіруге мүмкіндік жасады. Біз тұтастай алғанда үкімет бағдарға алып отырған экономикалық стратегияны қолдаймыз, дегенмен табыстың басты талабы осы шараларды уақтылы және тиімді іске асыру болады. Бұл, өз кезегінде, барлық тараптың (үкімет, банктер, кәсіпорындар және жұртшылық) бірлескен іс-қимылын талап етеді. Экономикалық саясаттың басты мәселелері бойынша біздің көзқарасымыз төменде жазылған.

  4. Банк секторында осалдық факторларын жою жөніндегі шараларды анықтау және қабылдау үшін кешенді стратегия қажет. Ірі банктердің қазіргі қаржылық жағдайын жан-жақты бағалау бастапқы нүкте болуы тиіс. Сыртқы сарапшылардың қатысуы пайдалы болады, дегенмен басты рөл бұрынғыша ҚҚС-ға берілуі тиіс. Қайта капиталдандыруды және басқа қажетті шараларды қоса алғанда тиісті экономикалық жауап қату саясаты осындай бағалау негізінде айқындалуы мүмккін. Біз ірі банктердің жай-күйін бағалауды тереңдету бойынша ҚҚА жүргізіп отырған жұмысты қолдаймыз және ҚҚА-ның қалыптасып отырған несие сапасының нашарлауы және кепілмен қамтамасыз ету құнының төмендеуі жағдайында банктер ықтимал шығындарды (провизияларды) жабуға арналған резервтердің деңгейін айтарлықтай көтеруі тиіс екені туралы пікірімен келісеміз. Сонымен қатар, біз банктер шетелде ұстап отырған активтердің толық және ашық есебі және олардың шетел валютасындағы өтімділікті, банктердің портфеліндегі байланыстырылған кредиттердің мөлшерін және банктер мен зейнетақы қорларының арасындағы байланыстарды қозғалысқа келтіру мүмкіндігі қажет деп санаймыз. Тұтастай алғанда, банктерге (әсіресе ҚҰБ өтімділігін жиі пайдаланатын немесе мемлекеттік капиталдың көп құйылуын алатын) қатысты, жағдайдың болып жатқан өзгерістерін бағалау және олардың қызметіндегі әлсіз жерлерін жоюға арналған бизнес-жоспарларды ендіруді қамтамасыз ету үшін неғұрлым қарқынды қадағалау қажет. Осындай күшейтілген қадағалауды қамтамасыз ету үшін ҚҚА-ның тәуелсіз болуы және өз міндеттерін орындау үшін ресурстарды иеленуі маңызды.

  5. Қазақстанның көптеген экономикалық қиындықтарының негізінде құрылыс және банк секторының тығыз өзара тәуелділігі жатқандықтан, біз үкіметтің аяқталмаған құрылыс жобаларын аяқтау мақсатында көмек көрсету шараларын жүзеге асыру жөніндегі жоспарларын қолдаймыз. Дегенмен, осындай қолдау құрылыс компанияларын дағдарыстан шығару мақсатын қоймауы тиіс. Өйткені осы сектордағы түзету созылады және банктердің компаниялар жұмысын кредиттеуін жалғастыру тәуекелі бар. Сонымен қатар, нарықтық ставкалардан төмен ставкалар бойынша ипотекалық кредиттер беру жөніндегі жоспарларда тиісті қорғау шаралардың көзделгені маңызды. Атап айтқанда, олар негізгі тұрғын үй сатып алу мақсатында ғана берілуі тиіс және заемшылар несиелерді жіктеудің қажетті стандарттарына сәйкес келуі тиіс. Неғұрлым жалпы жоспарда «Самұрым-Қазына» қоры дағдарысқа қарсы бағдарламаны қаржыландыру үшін шығарған облигациялар мүдделі инвесторларға капитал нарығы арқылы ұсынылуы тиіс.

  6. Макроэкономикалық саясат экономикаға қолдау көрсетуді жалғастыруы тиіс, бірақ ол өзіне тым көп жүктеме алмауы тиіс.

    • Бастапқы берік ұстанымды ескере отырып, бюджет саясатын айтарлықтай жұмсарту өткен жылы негізделген болды және қазіргі уақытта экономикалық өсуге нақты қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар, жаңа салық кодексін жақында қолданысқа енгізуді және мұнайдың бағалары бойынша болжамға қатысты сақталып отырған белгісіздікті ескере отырып, үкіметтің белгіленген көрсеткіштердің орындалын қамтамасыз ету мақсатында келесі айларда кірістердің жиналуын мұқият қадағалауы маңызды болады. Егер кірістер бюджетте көзделген деңгеймен салыстырғанда айтарлықтай төмендесе, басымдық берілмеген шығыстардың белгілі бір қысқаруы талап етілуі мүмкін; бұл ретте әлеуметтік қорғау жүйесінің шығыстарын қорғау және тіпті ұлғайту маңызды болады.

    • Ақша-кредит саясаты саласында біз, егер инфляцияның әлсіреуі жалғасса және айырбастау бағамына қысым күшейтілсе, қайта қаржыландырудың базалық ставкасын одан әрі сақтықпен төмендету үшін алдағы кезеңде белгілі бір мүмкіндіктер болатынын күтеміз. Біз, сонымен қатар, ішкі депозиттерді қолдау және банктерге қаржыландырудың неғұрлым орнықты базасына көшуге көмектесу үшін нақты пайыздық ставкаларды оң деңгейде сақтау маңызды деп ойлаймыз.

  7. Айырбастау бағамына қатысты Ұлттық Банктің алдында күрделі дилемма тұр. 2007 жылғы тамыздан бастап теңгенің тұрақтылығы қаржылық сілкіністер жағдайында экономика үшін маңызды тірек болды, дегенмен, осы аймақтың басқа елдерінде валюталардың соңғы айлардағы әлсіреуін ескерсек, Қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі төмендеуде. Тұрақты айырбастау бағамын ұстап тұру және бәсекеге қабілеттікті қалпына келтіру мақсатында бағамның кейбір әлсіреуінің жүзеге асырылуы арасындағы балансты қалай қамтамасыз етуге болатыны туралы сұраққа қарапайым жауап жоқ; айырбастау бағамы саласындағы кез келген стратегия қалыптасқан күрделі жағдайларда тәуекелдермен ұштасқан. Тұтастай алғанда біз, осы кезеңде теңгенің кең ауқымдағы тұрақтылығын ұстап тұруды жалғастыратын саясат негізделген және мақсатқа сай болып табылады – соңғы айларда валюта нарығындағы өктемдік аса үлкен емес, ал валюта резервтерінің деңгейі бұрынғыша жоғары. Сонымен қатар, басты сауда әріптестері елдердегі экономикалық жағдайдың дамуын, Қазақстанның ішкі қаржы жүйесінің жағдайын және валюта резервтерінің көлемін назарға ала отырып осындай саясатты тұрақты түрде бағалау қажет.

  8. Үкімет оның ағымдағы жылғы басты басымдықтарының бірі ағымдағы жылы жұмыссыздықтың өсуін шектеу бола табылатыны туралы хабарлады. Экономикалық өсудің төмен қарқыны және күрделі қаржы жағдайлары сақталып отырған кезде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қызметкерлерінің қысқаруы өкінішке орай алдағы кезеңде болады. Шектеу сауда саясатының немесе басқа шаралардың көмегімен осындай түзетулерді болдырмау әрекеттері тиімсіз болуы ықтимал. Саясаттың неғұрлым өнімді бағыты жаңа салалардағы жұмыспен қамтуға ықпал етуден тұрады, сондықтан біз үкіметтің кәсіпорындарға, әсіресе шағын және орта бизнеске әкімшілік жүктемені төмендетуге ниетін шешімді түрде қолдаймыз. Сондай-ақ жұмыстан босатылған қызметкерлер үшін жұмыстан айырылу салдарын жұмсарту мақсатында шаралар қабылдау маңызды, сондықтан қайта даярлау бағдарламаларын ұлғайту және әлеуметтік қорғау жүйесін тиісті жай-күйін қамтамасыз етуді қолдаған дұрыс.

  9. Тұтастай алғанда Қазақстанның алдында бұрынғыша ауқымды және күрделі міндеттерден тұрады және алдағы айлар да күрделі болмақ. Сонымен қатар, үкімет туындап отырған экономикалық және қаржылық қиындықтардың алдын алудың батыл стратегиясын әзірледі. Осы жоспарлардың жүзеге асырылуына қарай, үкіметтің өзінің экономикалық саясатының мақсатын жан-жақты түсіндіруі және барлық мүдделі тұлғалармен бірге оны жүйелі және кешенді түрде іске асыруды қамтамасыз етуі маңызды. Қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін бағдарламаны жүзеге асыру барысын мұқият қадағалау қажет; бағдарламаның орындалуы туралы есептерді жүйелі түрде жаңарту керек. «Самұрық-Қазына» қорының өзінің операциялары туралы толық және жүйелі есептілік ұсынуы қажет, себебі осы қорға бағдарламаны жүзеге асыру кезінде басты рөл беріледі.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет