Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2011 жылғы №



бет3/3
Дата15.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#137142
1   2   3

мұндағы:

НӨөндіріс нормасы;

ФС – өндіріс нормасын орнату ескерілген уақыттың ұзақтығы (негізінен, сағат, ауысым, онкүндік, ай), өлшем бірліктері – сағат (минут);

Р – жұмыс бірлігін орындауға қатысатын жұмысшылар саны (өнім, операциялар), өлшем бірліктері – адам;

ТН – уақыт нормасы.

Қызмет көрсету нормасы – жабдықтың, агрегаттардың, жұмыс орындарының бірлігін бір уақытта жабдықтауға арналған жұмысшылар саны (кәсібі, мамандығы, біліктілігі бойынша); кері шама – бір жұмысшы қызмет көрсететін машиналар саны.

Уақыт пен өндірістің бекітілген нормалары немесе ұқсас мазмұндағы бекітілген нормалар болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нормаларды пайдаланудан; қалыптасқан тәжірибеден; персоналға қойылатын талаптардан: білім беру, біліктілік, мамандық бойынша немесе жанама салалардағы жұмыс тәжірибесі, жасы; шығатын негіздемелер;

«Жалақы» параграфы, онда жұмысшылардың жалақысы бойынша жоспарланатын шығындар, оның ішінде келесі бөліністерде: өнімді шығаруға қатысатын жұмысшылар; әкімшілік персонал; штатта тұрған өзге де жұмысшылар; штатта жоқ өзге де жұмысшылар, сонымен қатар Директорлар кеңесінің (басқару кеңесі) мүшелеріне сыйақыларды төлеумен байланысты жоспарланатын шығындардың негіздемесі келтіріледі.

Негіздеме жеке немесе жиынтықта жалақыны төлеумен байланысты шығындарға ықпал ететін факторлардан жасалады, мысалы: өндіріс көлемінің өсуі (төмендеуі); уақыт нормасының артуы (азаюы); жұмыстар санатының артуы (азаюы); негізгі жалақының өзгеруі, қосымша төлемдер, үстеме ақылар, сыйақылар және жалақы жүйесінде ескерілген тұрақты сипаттағы өзге де ынталандырушы төлемдер.

Параграфта тұрақты сипатқа ие емес төлемдердің негіздемесі, мысалы: жыл сайынғы еңбек демалысына төленетін сауықтыру жәрдемақысы, бір реттік қолдау төлемдері және басқалары келтіріледі;

«Еңбек өнімділігі» параграфы – еңбек өнімділігіне есептеу жүргізіледі, бұл ретте келесі формуланы пайдалану ұсынылады:


Т =

EBITDA

РСР

мұндағы:


Т – еңбек өнімділігі, мың теңге/1 жұмысшы;

РСР – белгілі кезеңдегі персоналдың орташа тізімдік саны;

«Еңбек өнімділігің өсуі (төмендеуі)» параграфы – еңбек өнімділігі өсуінің (төмендеуінің) есебі келтіріледі.

Еңбек өнімділігінің өсуін (төмендеуін) сипаттайтын көрсеткіш ретінде белгілі уақыт ішінде орташа жалақының өсу (төмендеу) қарқынымен салыстырғанда еңбек өнімділігінің өсу (төмендеу) қарқынын сипаттайтын озу коэффициентін пайдалану керек, ол келесі формула бойынша есептеледі:




КОП =

JПР

JЗП

мұндағы:


JПР – белгілі уақыт кезеңінде еңбек өнімділігінің өзгерісін сипаттайтын индекс (ТПР);

JЗП – белгілі кезеңде персоналдың орташа жалақысының өзгеруін сипатттайтын индекс.


Белгілі кезеңде еңбек өнімділігінің өзгеруін сипаттайтын индексті келесі формула бойынша есептеу ұсынылады:


JПР =

ТПЛ

ТБ

мұндағы:


ТПЛ – кезекті қаржылық жылғы жоспарланатын еңбек өнімділігі;

ТБ – базистік қаржылық жылғы еңбек өнімділігі, бұл ретте базистік жыл ретінде ағымдағы қаржылық жылдың еңбек өнімділігін бағалану пайдаланылады;


Белгілі кезеңде персоналдық еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстарды сипаттайтын индексті келесі формула бойынша есептеу ұсынылады:



JЗП =

ЗППЛ

ЗПБ

мұндағы:


ЗПЛ – кезекті қаржылық жылғы персоналдың жалақысын төлеуге жоспарланатын шығыстар;

ЗПБ – базистік қаржылық жылғы орташа жалақы, бұл ретте базистік жыл ретінде ағымдағы қаржылық жылдың персоналдың жалақысын төлеуге шығыстарды бағалау пайдаланылады.

«Жалақы қорын салыстырмалы үнемдеу (қайты шығындау)» параграфы – жалақы қорын үнемдеу (қайты шығындау) сомасын еңбек өнімділігі мен оны төлеуге байланысты шығыстар арасындағы қатынастардың өзгеруімен байланысты жалақыны үнемдеудің салыстырмалы сомасының есебі келтіріледі, есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:


±Ү =

ЖҚПЛ

*

JЗП - JПР

JЗП

мұндағы:


±Үеңбек өнімділігі мен оны кезекті қаржы жылы төлеуге байланысты шығыстардың өсу қарқыны арасындағы арақатынастардың өзгеруіне байланысты жалақыны салыстырмалы үнемдеу (қайта шығындау);

ЖҚПЛ кезекті қаржы жылы жалақы бойынша жоспарланатын шығыстар;

«Кадрлардың тұрақтамаушылығы» параграфы – Ұйымның шыққан (босатылған) тұрақтамаушылыққа (өз еркімен, еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ өндірістік қажеттіліктен туындаған себептерге байланысты емес, мысалы, штаттың қысқаруы) жатқызылатын себептерге байланысты қызметкерлерінің санын қызметкерлердің сол кезеңдегі орташа тізімдік санына бөлумен айқындалатын кадрлардың тұрақсыздық деңгейінің есебі келтіріледі:


ДАҒЫМ

=

РУВ

*100

, (%)

РСР

мұндағы:

ДАҒЫМ – тұрақтамаушылық деңгей, (%);

РУВ – талданатын кезеңде жұмыстан шыққан (босатылған) жұмысшылар саны, адам;

РСР – талданатын кезеңде жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам;

«Біліктілікті арттыру» параграфы, онда персоналдың біліктілігін арттырумен байланысты жоспарланатын іс-шаралар туралы ақпарат ашылады, сонымен қатар кәсіби даярлықпен (жаңа дағдыларды алу немесе жұмыстың белгілі бір түрін жүзеге асыруға қажетті кәсіби дағдыларды өзгерту үшін тұлғаның дамуына бағытталған кәсіби оқытудың үлгісі), қайта даярлаумен (басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту үлгісі) және біліктілікті арттырумен (бұрын алынған кәсібтік білімдерді, дағдылар мен икемдерді қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту үлгісі) байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі. Аталған бап бойынша оқытуды төлеумен, іссапар шығыстарымен (тұрғын үйді жалға алу, тәуліктік, жол жүру) байланысты шығыстардың тиісті негіздемесі көрсетіле отырып «Іссапар шығындары» бабы бойынша көрініс табады;

«Жаңа жұмыс орындарын құру» параграфы, онда жаңа жұмыс орындарын құруға алып келген оқиғалар және (немесе) шарттар туралы ақпарат келтіріледі;

«Әлеуметтік бағдарлама» параграфы, онда әлеуметтік бағдарламаны іске асырумен байланысты іс-шаралардың негіздемесі келтіріледі, сонымен қатар оларды іске асырумен байланысты жоспарланатын ақшаның кетуі және (немесе) шығыстарының негіздемесі келтіріледі.

Жоспарланатын іс-шаралардың негіздемесін ұжымдық және (немесе) жеке шарттың талаптары, солардан Ұйымның тиісті міндеттемелері туындайтын өзге де шарттар болып табылуы мүмкін;



  1. «Ақша» бөлімі, ол келесі параграфтардан тұрады:

«Талаптар» параграфы, онда: кезекті қаржы жылының соңына жоспарланған талаптар сомасының негіздемесі; борышкерлердің сипаттамасы, күмәнді және сенімсіз талаптарға қарсы құрылған (дебиторлық берешек), жоспарланатын резервтер (провизиялар); орындау мерзімі өтіп кеткен берешекті төлеу бойынша іс-шаралар; талаптардың орындалуын қамтамасыз етудің болуы туралы ақпарат (кепіл, кепілзат, кепілдіктер және т.б.) келтіріледі;

«Міндеттемелер» параграфы, онда: кезекті қаржы жылының соңына жоспарланған, соның ішінде кредиторлар мен өтеу мерзімдерін көрсете отырып қаржылық міндеттемелер сомасының негіздемесі (мүлікті кепілдікке беру және ұсынылған қамтудың өзге де түрлері) келтіріледі.

Параграфта «Борыштық жүктеме» көрсеткішінің есептемесі келтіріледі:

Көрсеткіштің мазмұны

Ең аз

оңтайлы

аз

Аталған шығуды ескермейтін шығарылатын ақша ағынының бір теңгесіне сәйкес келетін ақшаның шығу сомасын көрсетеді (қаржылық міндеттемелерді және факторинг бойынша міндеттемелерді орындау, облигациялады өтеу және сыйақыларды төлеу)

0,95

< 1

«Борыш жүктемесі» көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:




ДН =

ФО + Факторинг + О + Воз

,

ДНАЧ + ПД + ФО + Фактор + О + Воз ВД

мұндағы:


ДН – борыш жүктемесі;

ДНАЧ – кезеңнің басындағы ақша және оның баламасы;

ПД – кезең ішіндегі ақша түсімінің жалпы көлемі;

ФО – кезең ішінде қаржылық міндеттемелерді өтеумен байланысты ақшаның кетуі;

Воз – кезең ішінле сыйақыларды төлеумен байланысты ақшаның кетуі;

ВД – кезең ішінде ақша кетуінің жалпы сомасы;


«Ақшаның шығы және келуі» параграфы, онда ақшаның қажеттілігі, ақшаны тарту іс-шаралары және олардың шығу бағыттары бойынша негіздемелер анықталады. Уақытша бос ақшамен операцияларды жасау кезінде параграфты уақытша бос ақшаның сомасын ашатын, оларды пайдалану бағыттарын көрсететін ақпаратпен толықтыру керек (салымдарға орналастыру, қаржылық активтерді сатып алу, уақытша қаржылық көмекті көрсету, табыстылық, орналасу мерзімдері).

Ақшаны тартумен байланысты іс-шаралар бойынша ақпаратты ашуда қаржы көзін көрсету ұсынылады оның ішінде:

акцияларды орналастыру (қатысу үлесі) – бюджеттік бағдарлама, бюджеттік бағдарлама әкімшісі, шығарылым мен орналастыру көлемдері, орналастырудың жоспарланатын бағасы;

мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайту – бюджеттік бағдарлама, бюджеттік бағдарлама әкімшісі, қаржыландыру сомасы;

облигацияларды шығару – шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығар, орналастыру, айналымға енгізу, сыйақыларды төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі және басқа да маңызды ақпарат;

қарыздарды тарту (уақытша қаржылық көмек) – қарыз берушілер; қарызыдң мөлшері; тарту мерзімі, сыйақы пайызы, сыйақыны төлеу шарттары, борыштың негізгі сомасын өтеу шарттары; қамтамасыз ету ретінде тапсырылатын мүлік және басқа да маңызды ақпарат;



  1. «Дайын өнімнің қалдығы» тарауы, онда саланың ерекшелігіне, технологиялық үдерістің ерекшеліктеріне, тұтынушылармен жасалған шарттарға, алын ала келісімдерге және өзге де шарттарға байланысты болатын дайын өнім қалдықтарының негіздемесі келтіріледі.

Дайын өнім деп келесілерді айтамыз: технологиялық үдерістің барлық операцияларынан өткен; толық жабдықталған; техникалық стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкес келетін, қоймаға немесе тапсырыс беруші қабылдаған.

Дайын өнім қалдығы жоспарланбаса немесе Ұйым қызметінің ерекшеліктерімен байланысты жоспарланбаса, дайын өнімнің қалдықтары қарастырылмайды, тарау «Дайын өнім қалдығы жоспарланбайды» деген ақпараттты қамту тиіс;



  1. «Өндіріс жоспары» тарауы, онда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жеткізген өндірістің (өнімдер бөлінісінде) негіздемесі, бағдарлар (оқиғалар, шарттар) және басты көрсеткіштер; нарықтағы жағдай, тұтынушылар жасаған шарттар, алдын ала келісімдер, дайын өнім қалдығының болуы, аяқталмаған өндіріс және өзге де шарттар келтіріледі.

Аяқталмаған өндіріске жартылай дайын өнімнің жиынтығы жатады, оның ішінде: өндіріс үдерісіндегі өнім (аяқталмаған өндірісті шикізаттан айырып көрсетеді); цехтар мен жеке учаскелер шеңберінде шығарылыммен аяқталмаған (аяқталмаған өндірісті жартылай фабрикаттардан айырады); тексеріс кезеңінде, оны дайын өнім ретінде жасағанға дейін (аяқталмаған өндірісті дайын өнімнен айырып көрсетеді).

Ақпаратты ашуда өнімдерді белгілі бір себептер бойынша топтастыру керек: ұқсас, бірдей немесе өзге белгілері бойынша.

«Өндіріс жоспары» тарауы қызметтің белгілі бір түрлерін жасауға лицензиялардың (лицензияны беру күні мен нөмірі, лицензияны берген орган), кешенді кәсіпкерлік лицензияның болуын (кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын жасау нысаны мен күні, әрекет ету мерзімі, кешенді лицензиар), лицензияларды алу қажеттілігін, лицензияларды алу шығыстарын, күзет құжаттарының болуын (кіммен және қашан берілген, қолданылу мерзімі; күзет құжатын күшінде ұстап тұруға ақы төлеуге байланысты шығыстар) қамтуы тиіс;


  1. «Өндіріс шығындары» тарауы, онда жеке өнім өндірісінің барлық көлеміне шығындар негіздемесі келтіріледі.

Шығындар негіздемесі кезінде өнімдерді белгілі бір себептер бойынша топтастыруға қол жеткізіледі, мысалы: ұқсастық, біріңғайлық немесе өзге де белгілер бойынша.

Тарау келесі параграфтарды қамтиды:

«Қорлар» параграфы – өнім өндірісінің үдерісінде пайдаланатын тауарлық-материалдық қорлардың негізгі түрлеріне қажеттіліктің негіздемесі, сонымен қатар құндық көріністегі тұтынудың жоспарланатын көлемінің негіздемесі келтіріледі.

Қорларда қажеттілікті негіздеген кезде оларды белгілі бір себептер бойынша топтастыруға рұқсат етіледі, мысалы: ұқсастық, өзара алмастырушылық немесе өзге де белгілер бойынша.

Қорлардың негізгі түрлеріне қажеттілікті негіздеген кезде материалдық шығындар нормаларын басшылыққа алу керек, сонымен қатар, келесі формуланы пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек:

МОБЩ = ∑Нi * Vj, ... + МН – МК ,

мұндағы:


МОБЩ – Ұйымның шикізаттың i-түріндегі қажеттілігі (материал), нақты өлшем бірліктері;

Нi – өнім бірлігіне қатысты шикізаттың (материалдың) i-түріндегі шығын нормасы, нақты өлшем бірліктері;

Vi – кезекті қаржылық жылдағы j-өнімінің өндіріс көлемі, нақты өлшем бірліктері;

МН – кезекті қаржылық жылдың басындағы i-түріндегі шикізаттың қалдығы (материалдың), нақты өлшем бірліктері;

МК – кезекті қаржылық жылдың соңындағы i-түріндегі шикізаттың қалдығы (материалдың), нақты өлшем бірліктері;

∑Нi * Vj, … – кезекті қаржылық жылдағы өнімдердің жоспарланатын көлемі, олардың өндірісі кезінде шикізаттың (материалдың) i-түрі пайдаланылады, нақты өлшем бірліктері.

Сақтандыру резервтерін негіздеген кезде, тиісті есептеулерді жүргізу ұсынылады, мысалы:

сақтандыру қоры құрамындағы материалдық ресурстардың орналасу уақытын көрсететін қорлар нормасын анықтау қажет. Жалпы түрде аталған көрсеткішті келесі формула бойынша есептеуге болады:



ДОС = ДОТ + ДЖ + ДПП,

мұндағы:


ДОС – сақтандыру шикізатының (материалыны) нормасы, күн;

ДОТ – тапсырысты шұғыл рәсімдеу және шикізатты (материалды) өнім берушіден тлеуге қажетті уақыт, күн;

ДЖ – шикізаттың (материалдың) жолда жүру уақыты, күн;

ДПП – шикізатты (материалды) өндірістік тұтынуға дайындау мен қабылдау уақыты, күн;

шикізаттың (материалдың) сақтандыру қорын есептеу – жалпы түрде аталған көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

З = ДОС * МСР,

мұндағы:


З – шикізаттың (материалдың) сақтандыру қоры, нақты өлшем бірлігі;

ДОС – шикізаттың (материалдың) сақтандыру қорының нормасы, күн;

МСР – шикізаттың (материалдың) аталған түрінде орташа күндік қажеттілік, нақты өлшем бірлігі.

Бекітілген нормалар болмаған жағдайда, қалыптасқан тәжірибеге, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нормаларға сүйенген негіздеме немесе өзге негіздемелер келтіріледі;

«Жұмысшылардың жалақысы» параграфы – жалақыны төлеумен және тұрақты сипатқа ие емес басқа да төлемдермен байланысты жоспарланатын шығындар туралы ақпарат келтіріледі;

«Мердігерлерден алынған жұмыстар (қызметтер)» параграфы – мердігерлерден алынатын жұмыстар (қызметтер) туралы, оның ішінде алынған жұмыстардың (қызметтердің) көлемі, бағасы мен құны туралы ақпарат көрсетіледі;

«Салықтар және әлеуметтік есептеулер» параграфы – жоспарланатын салықтардың негіздемесі, оның ішінде есептелетін салықтар үшін есептеу базалары келтіріледі;

«Негізгі өндіріспен байланысты өзге де шығындар» параграфы – өзге де шығындардың тізбесі мен негіздемесі келтіріледі;

«Қосымша өндіріс» параграфы – негізгі өндіріске қызмет көрсетумен байланысты өндіріс шығындары туралы ақпарат келтіріледі (жөндеу жұмыстары, жүктерді тасымалдау, суды беру, зауыттағы құрылыс учаскесі, электр станциясы, қазандық және басқалары);

«Қосымша шығындар» параграфы – негізгі өндірісті сүйемелдейтін, қосымша жүретін, алайда онымен тікелей байланысты емес шығындар туралы ақпарат келтіріледі. Оларға: басқару аппаратының және қызмет көрсету персоналының жалақысы, энергияны пайдаланумен байланысты шығындар (электр және жылу), ағымдағы жөндеу, материалдық емес актвтердің және негізгі құралдардың амортизациясы мен өзге де шығындар. Ұйым өнімнің бірнеше түрін шығарған кезде қосымша шығындар жанама әдіспен таратылады (мысалы, қосымша төлемсіз жұмысшылардың жалақысына пропорционал; жұмысшылардың өткерген адам-сандары және басқалары).

Ұйымда қосымша өндірісі болмаған жағдайда, сонымен қатар ішкі құжаттармен сәйкес қосымша шығыстар қалыптаспаса, «Өндіріске шығындар» бөлімі келесі параграфтарды қамтиды:

«Қорлар» параграфы – өнімді шығару үдерісінде, сонымен қатар құндық көріністе жоспарлантын көлемде пайдаланатын тауар-материалдық қорлардың негізгі түрлерінде қажеттіліктің негіздемесі келтіріледі.

«Жұмысшылардың жалақысы» параграфы – жалақыны төлеумен және тұрақты сипатқа емес өзге де төлемдерді жасаумен байланысты жоспарланатын шығындар туралы ақпарат келтіріледі;

«Мердігерлерден алынған жұмыстар (қызметтер)» параграфы – мердігерлерден алынған жұмыстар (қызметтер) туралы, оның ішінде алынатын жұмыстың (қызметтің) көлемі, бағасы мен құны туралы ақпарат ашып көрсетіледі;

«Амортизация» параграфы – материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды амортизациялаумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«Негізгі құралдарды жөндеу және қызмет көрсету» параграфы – жабдықтың жұмысын қамтамасыз етумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі оларға: тауар-материалдық қорларды пайдаланумен, жұмысшылардың жалақысымен, негізгі құралдарды жөндеу мен қызмет көрсетуде пайдаланатын материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды амортизациялаумен байланысты шығындар жатады;

«Энергия» параграфы – электр және жылу энергиясын тұтынумен байланысты жоспарланатын шығындар негіздемесі келтіріледі. Қажеттіліктің негіздемесі шығынның бекітілген нормалары негізінде жасалады, бекітілген нормалар болмаған жағдайда энергияның алуан түрлеріндегі қажеттілікті анықтау әдісі туралы ақпаратты келтіру қажет;

«Сумен қамту, кәріз және өзге де коммуналдық қызметтер бойынша шығындар» параграфы – судың тұтынылатын көлемімен, кәріз қызметтерімен және өзге коммуналдық қызметтермен байланысты жоспарланатын шығындар негіздімесі келтіріледі. Сумен қамтуды, кәріз және өзге де коммуналдық қызметтердегі қажеттілік негіздемесі бекітілген нормалар негізінде жасалады, бекітілген нормалар болмаған жағдайда энергияның алуан түрлеріндегі қажеттілікті анықтау әдісі туралы ақпаратты келтіру қажет;

«Көлік қызметтері» параграфы – тұтынуға жоспарланатын көлік қызметтерімен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«Байланыс қызметтері» параграфы – байланыс қызметтерін тұтынумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«Ақпараттық қызметтер» параграфы – ақпараттық қызметтерді тұтынумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«Консультациялық қызметтер» параграфы – консультациялық қызметтерді тұтынумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«Іссапар шығындары» параграфы – тұрақты жұмыс орнынан тыс жұмысшылардың шығындарын өтеу бойынша шығындар негіздемесі келтіріледі. Іссапар шығындарына келесілер кіреді: тұрғын орын-жайларды жалға алу, іссапар орнына және кері қайту, тәуліктік;

«Операциялық жалға алу» параграфы – операциялық жалға алынған активтермен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«Өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтау» параграфы – өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтаумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» параграфы – еңбек үдерісі мен өндірістік ортаның жұмысшының өзінің еңбек міндеттемелерін орындау кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестілігін қолдаумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«Салықтар және әлеуметтік есептеулер» параграфы – жоспарланатын салықтардың негіздемесі, оның ішінде есептелетін салықтардың базалары келтіріледі;

«Сақтандыру» параграфы – сақтандырудың міндетті түрлерімен байланысты жоспарланатын шығындар негіздемесі келтіріледі;

«Негізгі өндіріспен байланысты өзге шығындар» параграфы – өзге шығындардың тізбесі мен негіздемесі келтіріледі;

12) жоспарланатын табыстардың негіздемесі келтірілетін «Табыстар» тарауы. Төменде ашылуы тиіс табыстардың шамалас тізбесі келтіріледі: мемлекеттік тапсырыс шығындары, өнімді мемлекеттік мекемелерге сатудан түсетін табыстар, өнімді өзге тұтынушыларға сатудан түсетін табыстар, сыйақылр түріндегі табыстары, дивиденттер бойынша табыстар, ақысыз негізде алынған активтерден түсетін табыстар, автивтердің кетуінен түсетін табыстар, операциялық жалға алудан түсетін табыстар, бағамдық айырмашылық және өзге де жоспарланатын шығындар;

13) «Әкімшілік шығындар» тарауы, онда әкімшілік шығындардың негіздемесі келтіріледі. Төменде ашылуы тиіс шығындар негіздемесі келтіріледі:

«қорлар» – әкімшілік мақсатта пайдаланатын, сонымен қатар құндық көріністе жоспарланатын көлемде пайдаланатын тауар-материалдық қорлардың негізгі түрлерінде қажеттіліктің негіздемесі келтіріледі.

Қорларда қажеттілікті негіздеген кезде оларды белгілі бір себептермен бөлуге болады, мысалы: ұқсастық, өзара алмасушылық және өзге себептер;

«жұмысшылардың жалақысы» параграфы – жалақыны төлеумен және тұрақты сипатқа ие емес өзге де төлемдерді жасаумен байланысты жоспарланатын шығындар туралы ақпарат;

«Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақылар (бақылау кеңесі)» – Директорлар кеңесінің мүшелеріне (бақылау кеңесі) төленетін сыйақылармен байланысты ақпарат;

«амортизация» параграфы – әкімшілік мақсатта пайдаланатын материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды амортизациялаумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«негізгі құралдарды жөндеу және қызмет көрсету» параграфы – әкімшілік мақсатта пайдаланатын жабдықтың және өзге негізгі құралдардың жұмысын қамтамасыз етумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«энергия» параграфы – электр және жылу энергиясын тұтынумен байланысты жоспарланатын шығындар негіздемесі келтіріледі. Қажеттіліктің негіздемесі шығынның бекітілген нормалары негізінде жасалады, бекітілген нормалар болмаған жағдайда энергияның алуан түрлеріндегі қажеттілікті анықтау әдісі туралы ақпаратты келтіру қажет;

«сумен қамту, канализация және өзге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар» параграфы – судың тұтынылатын көлемімен, канализация қызметтерімен және өзге коммуналдық қызметтермен байланысты жоспарланатын шығындар негіздімесі келтіріледі. Сумен қамтуды, канализацияда және өзге коммуналдық қызметтердегі қажеттілік негіздемесі бекітілген нормалар негізінде жасалады, бекітілген нормалар болмаған жағдайда коммуналдық қызметтердегі қажеттілікті анықтау әдісі немесе әдістемелері туралы ақпаратты келтіру қажет;

«сақтандыру» параграфы – сақтандырудың міндетті түрлерімен байланысты жоспарланатын шығындар негіздемесі келтіріледі;

«көлік қызметтері» параграфы – тұтынуға жоспарланатын көлік қызметтерімен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«операциялық жалға алу» параграфы – операциялық жалға алынған активтермен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«байланыс қызметтері» параграфы – байланыс қызметтерін тұтынумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«ақпараттық қызметтер» параграфы – ақпараттық қызметтерді тұтынумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«консультациялық қызметтер» параграфы – консультациялық қызметтерді тұтынумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«жұмысшылардың біліктілігін арттыру» – жұмысшылардың біліктілігін арттырумен, кәсіби даярлықпен және қайта даярлаумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«іссапар шығындары» параграфы – тұрақты жұмыс орнынан тыс жұмысшылардың шығындарын өтеу бойынша шығындар негіздемесі келтіріледі. Іссапар шығындарына келесілер кіреді: тұрғын ғимараттарды жалға алу, іссапар орнына бару және кері қайту, тәуліктік;

«аудиторлық қызметтер» – қаржылық есептіліктің аудитін өткізумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«күзет қызметтері» – күзет қызметтері бойынша, оның ішінде жоспарланатын көлемде қызметтерді тұтыну қажеттілігінің негіздемесі келтіріледі;

«банк қызметтері» – банк қызметтерімен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» параграфы – жұмысшының еңбек міндеттемелерін орындау кезінде еңбек үдерісі мен өндірістік ортаның қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестілігін қолдаумен (құрумен) байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтау» параграфы – өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтаумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі;

«өкілдік шығындар» – ынтымақтастықты орнату және қолдау мақсатында келіссөз жүргізуге келген өзге заңды тұлғалардың өкілдерін ресми қабылдау және қызмет көрсету шығындарының негіздемесі келтіріледі. Өкілдік шығындарға шығындардың келесі түрлері жатады: аталған тұлғаларды ресми қабылдау (таңғы ас, түскі ас немесе өзге ұқсас іс-шара), оларды көлікпен қамту, келіссөз кезінде буфетпен және мәдени бағдарлама іс-шараларымен қамту, Ұйым штатында тұрмайтын аудармашының шығындарын төлеу. Өкілдік шығындарға бос уақытты, демалуды және сауықты ұйымдастырумен байланысты шығындар жатпайды. Олардың негіздемесі жоспарланатын шығындардың әр түрі бойынша келтіріледі;

«Директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) мәжілістерін өткізумен байланысты шығындар» – Директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) мәжілістерін өткізумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі, оның ішінде келесі шығындар түрлері бойынша: іссапар (пәтер, жол жүру, тәуліктік) шығындары, аталған шығындардың Директорлар кеңесінің (бақылау кеңесі) мүшелері үшін бекітілген нормаларын көрсете отырып; көлікпен қамту; штатта тұрмайтын аудармашы қызметтері және өзге шығындар;

«салықтар» – жоспарланатын салықтардың негіздемесі келтіріледі;

«бюджетке өзге де міндетті төлемдер» – бюджетке төленуге жоспарланатын жинақтардың, алымдардың және мемлекеттік баждың негіздемесі келтіріледі;

«қайырымдылық және демеушілік көмек» – мүмкін болатын алушыларды көрсете отырып қайырымдылық және демеушілік көмек бойынша шығындар негіздемесі келтіріледі;

«өзге шығындар» – әкімшілік шығындарға жататын өзге шығындар негіздемесі, мысалы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына төлем жасау шығындары;

14) «Сыйақылар бойынша шығындар» тарауы, онда тартылған ресурстар, алынған кепілдіктер және экономикалық ұқсас мазмұндағы өзге де шығындар үшін несие берушіге сыйақыларды берумен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі.

Есептік кезеңде сыйақылар бойынша шығындар сомасы жоспарлы көрсеткішпен салыстырғанда өзгермесе, параграфта келесі ақпарат көрсетілуі тиіс: «Сыйақылар шығындарының жоспарлы сомасы бойынша өзгеру байқалмаған».

15) «Өзге шығындар» тарауы, онда келесілермен байланысты шығындар негіздемесі келтіріледі:

жұмыс жасайтын және штатта тұрмаған жұмысшылардың жалақысы;

күмән тудыратын және сенімсіз талаптарға қарсы құрылған провизиялар (резервтер), мысалы, сатып алушыларға қатысты күмән тудыратын, көрсетілген қаржылық қызметтер бойынша, орналастырылған салымдар мен өзге де құрылған провизиялар (резервтер) бойынша;

активтердің кетуі;

активтердің құнсыздануы;

бағамдық ерекшеліктердің пайда болуы;

үлестік қатысу әдісімен есептелетін инвестициялар;

тоқтатылған қызмет және өзге шығындар, мысалы: маркетинг пен жарнама бойынша, сату бойынша; медициналық қызмет көрсету бойынша; сот шығындары.

«Өзге шығындар» бөлімінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметімен байланысты жоспарланатын шығындардың негіздемелері көрсетіледі;

16) «Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер» тарауы, онда нақты көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырғанда өзгеруіне, оның ішінде төлеуге жоспарланған әр салық бойынша базаның өзгеруіне ықпал еткен себептер көрініс табады, сонымен қатар төлеу мерзімі өтіп кеткен салықтар туралы ақпарат келтіріледі.



17) «Тәуекелдер» тарауы, онда идентификация, бағалау (қалыпсыз оқиғаның басталу мүмкіндігін анықтау), Ұйымның қызметімен байланысты тәуекелдерді өзгерту (қалыпсыз жағдайдың басталуынан зиянды анықтау), сонымен қатар тәуекелдер мен әлеуетті зиянның басталу мүмкіндігін азайту іс-шаралары. Тарау келесі параграфтарды қамтиды:

«Операциялық тәуекелдер» параграфы – қызметкерлер тарапынан, ақпараттық жүйелер мен технологиялар салдарынан, сонымен қатар сыртқы жағдайлар есебінен болған ішкі үдерістерді жүзеге асыру барысында пайда болған кемшіліктер мен қателер нәтижесінде келесі мәселелерді қарастыру керек: персонал (Ұйымның басты менеджерлері мен мамандарынан айрылу, қызметкерлердің жеткіліксіз біліктілігі, қызметкерлердің алаяқтығы), өндіріс (техникалық ақаулар қаупі, жабдықтың бұзылуы, технологиялық үдерістің бұзылуы), бизнес-үдерістер (ұйымдастырушылық құрылымның Ұйым қызметінің міндеттері мен көлемдеріне сәйкестілігі, бизнес-үдерістердің тиімсіздігі және (немесе) келісілмегендігі);

«Қаржылық тәуекелдер» параграфы – қаржылық ресурстардан (ақша қаражаттарды) айрылу ықтималдығына қаупімен байланысты шығындардың пайда болуы: төлем қабілетінің шығыны (ұйымда міндеттерді уақытылы орындауға қаражаттың жетіспеушілігі немесе болмауы, оның ішінде, қаржылық, мерзімі басталған уақыттан); өтімділіктен айрылу (құнын төмендетпей активтерді жылдам сатудың мүмкін болмауы немесе кемшілігі);

«Нарық тәуекелі» параграфы – нарық параметрлерінің қолайсыз өзгерістерімен байланысты шығындардың пайда болуы: пайыздық тәуекел (пайыздарды төлеуге шығындарды арттыруға немесе ұсынылған несиелерден салымдар мен түсімдердің тыбысын азайтуға алып келетін пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз ауытқулары; инфляциялық тәуекел (бағалардың инфляциялық өсуі кезінде активтердің немесе табыстардың құнсыздануы); валюталық тәуекел (шетел валюталар және (немесе) бағалы металдардың бағамдарының қолайсыз өзгеруі);

«Несиелік тәуекелдер» параграфыборышкердің банк, қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, банк кепілдіктерін беру операцияларын, уақытша қаржылық көмекті және басқа операцияларды көрсету бойынша өзіне алынған міндеттемелерді орындау кезінде шарттың бастапқы талаптарының бұзылуы салдарынан шығындардың пайда болуы;

«Маркетингтік тәуекелдер» параграфыөткізу нарығында қате, сәтсіз стратегия немесе тактиканың нәтижесінде шығындардың пайда болуы.

13. Түсіндірмелік жазба басқа бөлімдермен, параграфтармен және қосымшалармен толықтырылуы мүмкін, мұндай толықтыру жоспарланатын кезеңде Ұйымның қаржылық-шаруашылық есептіліктің мақсаттарын, міндеттерін, басты көрсеткіштерін және көрсеткіштерін ашу мақсатында пайдалана алатын жағдайда ұсынылады.

Тарауларды бөлімдермен, ал бөлімдерді параграфтармен толықтырған уақытта әр жеке ұсынылатын бөлім және (немесе) параграф тиісті негіздемеге («бөлім», «параграф»), сонымен қатар атауға ие болуы тиіс.

14. Бірлескен бұйрықтың 5-9-қосымшаларында келтірілген, екінші және кейінгі жылдардың көрсеткіштері Қазақстан Республикасының немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына орай, оның ішінде, бюджеттік параметрлер, жоспарланатын инфляция деңгейі, айлық есептік көрсеткіштің мөлшері, жалақының ең төменгі мөлшері, сонымен қатар Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында келтірілетін басқа көрсеткеіштерді ескере отырып анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет