Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2011 жылғы №



бет2/3
Дата15.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#137142
1   2   3




  1. «Қосымша шығыстар» тарауы Бірлескен бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

Жоспарланатын көрсеткіштердің негіздемесі «Түсіндірме жазба» бөлімінің тиісті тарауында келтіріледі.

Қосымша шығыстар қалыптаспаған жағдайда, тарау мынадай нысан бойынша ұсынылады:



р/с №

Көрсеткіштердің атауы

20ХХ-2

20ХХ-1

20ХХ

Есептік қаржылық жылдың фактісі

Ағымдағы қаржылық жылды бағалау

Кезекті қаржылық жылдың жоспары

1

2

3

4

5

6

7

1

Қосымша шығындар, барлығы

0

0

0

    1. «Табыстар» тарауы Бірлескен бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

Жоспарланатын көрсеткіштердің негіздемесі «Түсіндірме жазба» бөлімінің тиісті тарауында келтіріледі.

15) «Әкімшілік шығыстар» тарауы Бірлескен бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

Жоспарланатын көрсеткіштердің негіздемесі «Түсіндірме жазба» бөлімінің тиісті тарауында келтіріледі.

16) «Сыйақылар бойынша шығындар» тарауы Бірлескен бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

Жоспарланатын көрсеткіштердің негіздемесі «Түсіндірме жазба» бөлімінің тиісті тарауында келтіріледі.

Сыйақылар бойынша шығыстар жоспарланбаса тарау мынадай нысан бойынша ұсынылады:



р/с

Көрсеткіштердің атауы

20ХХ-2

есептік қаржылық жылдың фактісі

20ХХ-1

ағымдағы қаржылық жылды бағалау

20ХХ

кезекті қаржылық жылдың жоспары

1

2

3

4

5

1

Сыйақылар бйоынша шығыстар, барлығы (мың теңге)

0

0

0

  1. «Өзге шығыстар» тарауы Бірлескен бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

Өзге шығыстардың негіздемесі «Түсіндірме жазба» бөлімінің тиісті тарауында келтіріледі.

18) «Салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдер» тарауы Бірлескен бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

Салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдердің негіздемесі «Түсіндірме жазба» бөлімінің тиісті тарауында келтіріледі.


  1. «Түсіндірме жазба» бөлім ағымдағы жағдайдың талдауын, тәуекелдер, қазақстандық қамту бойынша ақпаратты, түсініктемелерді, есептерді және іске асыруды негіздейтін өзге де ақпаратты, сондай-ақ «Даму көрсеткіштері», «Агрегирленген көрсеткіштер» және «Жоспарланатын жылдың көрсеткіштері» бөлімдерінде келтірілетін көрсеткіштер келтірілген. «Түсіндірме жазба» бөлімі мынадай тарауларды қамтиды:

  1. «Ағымдағы жағдай» тарау, мынадай параграфтардан қамтиды:

«Қызметтің үздіксіздігі» параграфы, онда қайта құру (біріктіру, бөлу, қайта құру); жекешелендіру немесе жою ниеттерінің жоқтығы; орындалуы қолданыстағы ауқымдарда қызметті жүзеге асыру мүмкіндігімен байланыспайтын көлемде активтердің кетуіне алып келетін міндеттемелердің болмауы; жеке немесе жиынтықта Ұйым қызметінің үздіксіздігіне күмән келтіруі мүмкін өзге де жағдайлар және (немесе) шарттардың болмауы туралы Ұйымның атқарушы органының өтінішінде келтіріледі.

Егер жоспарланатын кезеңде жеке немесе жиынтықта Ұйым қызметінің үздіксіздігіне күмән келтіруі мүмкін оқиғалар және (немесе) шарттардың басталуы болжамдаған жағдайда, параграфта осындай оқиғалардың және (немесе) шарттардың басталу негіздемелері келтірілуі тиіс, бұл ретте жоспарлау кеңістігі аталған оқиғалардың және (немесе) шарттардың басталу мерзімімен шектеледі;

«Тоқтатылған қызмет» параграфы - тоқтатылған қызмет кәсіпорынның істен шығып кеткен немесе сатуға арналған және қызметтің жеке бір маңызды түрін немесе операцияны жүргізудің географиялық ауданын білдіруші болып, жіктелетін құрамдауышы болып табылады; ол қызметтің жеке бір маңызды түрінің немесе операцияны жүргізудің географиялық ауданының істен шығудың біріңғай шоғырландырылған жоспарының бір бөлігі болып табылады немесе кейіннен қайта сату мақсатында сатып алынған еншілес ұйым болып табылады.

Ақпаратты ашу кезінде Халықаралық қаржылық есептілік стандартының (IFRS) 5 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» ережелерін басшылыққа алу ұсынылады.

Егер Ұйымда құрамдауышты сату бойынша жоспар болмаған жағдайда, параграф мынадай «Тоқтатылған қызмет жоспарланбайды» деген ақпаратты қамтуы тиіс.

«Инвестицияланған қаражаттың табыстылығы» параграфы – бір акцияның табыстылығы мен құнын, сондай-ақ ЖШС немесе мемлекеттік кәсіпкерлікке инвестицияланған қаражаттың табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштердің есептері келтіріледі.

Бір акцияның құнын есептеуді мынадай формула бойынша жүргізу ұсынылады:


СА =

ЧА

* 1 000,

N

мұндағы:


СА – тиісті кезеңнің соңындағы акцияның құны, теңге;

ЧА – тиісті кезеңнің соңындағы таза активтер (капитал), мың теңге;

N – тиісті кезеңнің соңындағы акциялардың саны, дана.
Бір акцияның жалпы табыстылығын есептеуді мынадай формула бойынша жүргізу ұсынылады:


ДА1 =

ДЖАЛПЫ

,

N

мұндағы:


ДА1 – бір акцияның жалпы табыстылығы, (мың теңге);

ДЖАЛПЫ – тиісті кезеңдегі табыстардың жалпы сомасы, (мың теңге);

N –тиісті кезеңнің соңындағы акциялар саны, дана.
Бір акцияның жалпы табыстылығын есептеу үшін «Агрегирленген көрсеткіштер» бөлімінің «Қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері» тарауының «Ұйымның табыстары» деген 13-жолында келтірілетін тиісті кезеңдегі табыстардың жалпы сомасының көрсеткіші пайдаланады.

Мемлекеттік тапсырыс және мемлекеттік мекемелерге өнімдерді (өнімді) сату бойынша алынатын кірістерді есепке алмай бір акцияның табыстылығын формула бойынша есептеді ұсынылады:




ДА2 =

ДЖАЛПЫ – ДМТ– ДММ

,

N

мұндағы:


ДА2 – мемлекеттік тапсырыс бойынша және мемлекеттік мекемелерге өнімдерді (өнімді) сатудан алынатын кірістерді есепке алмағанда бір акцияның табыстылығы, (мың теңге);

ДЖАЛПЫ – тиісті кезеңдегі табыстардың жалпы сомасы, (мың теңге);

ДМТ – мемлекеттік тапсырысты орындаудан алытанын табыс, (мың теңге);

ДММ – өнімді мемлекеттік мекемелерге сатудан алынған табыс, (мың теңге);

N – тиісті кезеңнің соңындағы акциялар саны, дана.
ЖШС немесе мемлекеттік мекемеге инвестицияланған қаражаттың жалпы табыстылық коэффициентін есептеуді мынадай формула бойынша жүргізу ұсынылады:


ДИС1 =

ДЖАЛПЫ

,

ЖК

мұндағы:


ДИС1 – инвестицияланған қаражаттың жалпы табыстылық коэффициенті;

ДЖАЛПЫ – тиісті кезеңдегі табыстардың жалпы сомасы, (мың теңге);

ЖК – жарғылық капитал, (мың теңге).
Мемлекеттік тапсырыс бойынша және өнімді (өнімдерді) мемлекеттік мекемелерге сатудан алынатын кірістерді есепке алмағанда инвестицияланған қаражаттың табыстылық коэффициентін есептеуді мынадай формула бойынша жүргізу ұсынылады:


ДИС2 =

ДЖАЛПЫ – ДМТ – ДММ

,

ЖК

мұндағы:


ДИС2 – мемлекеттік тапсырыс бойынша және өнімді (өнімдерді) мемлекеттік мекемелерге сатудан түсетін табыстарды ескермей инвестицияланған қаражаттың табыстылық коэффициенті, (мың теңге);

ДЖАЛПЫ – тиісті кезеңдегі табыстардың жалпы сомасы, (мың теңге);

ДМТ – мемлекеттік тапсырысты орындаудан алынатын табыс, (мың теңге);

ДММ – өнімді мемлекеттік мекемелерге сатудан алынған табыс (мың теңге);

ЖК – жарғылық капитал, (мың теңге).

Инвестицияланған қаражаттың жалпы табыстылығын есептеу үшін «Агрегирленген көрсеткіштер» бөлімінің «Қаржылық-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері» тарауының «Ұйымның табыстары» деген 13-жолында келтірілетін тиісті кезеңдегі табыстардың жалпы сомасының көрсеткіші пайдаланылады;

«Нарық» параграфы – есептік кезеңде Ұйым қызмет еткен нарықтың талдауы келтіріледі, оның ішінде: сатушы нарығы нарықта ұсынылған сатып алушылар тарапынан өнімге (өнімдерге) сұраныстың артуы кезіндегі нарықтағы жағдай осы өнімге (өнімдерге) сатушылар тарапынан ұсыныстың көлемінен артатын жағдайды білдіреді; сатып алушы нарығы (нарықта ұсынылған сатушылар тарапынан өнімге (өнімдерге) ұсыныс көлемі осы өнімге (өнімдерге) сатып алушылар тарапынан сұраныстың көлемінен артатын нарытағы жағдай; нарық сыйымдылығы өзгеруі, өнімге (өнімдерге) сұранысқа, бағалар деңгейіне, нарықтың жалпы конъюнктурасына, халықтың табысына, іскерлік белсенділікке байланысты берілген кезең ішіндегі нарықтағы өнімді (өнімдерді) сатудың әлеуетті мүмкін болатын көлемі.

Нарық сыйымдылығы мынадай формула бойынша есептеледі:



Е = М * С

мұндағы, Е – құндық көріністегі нарық сыйымдылығы (жылына/мың теңге);

М – жылына сатылатын өнімнің (өнімдердің) саны (бірлік);

С – өнімнің (өнімдердің) құны, мың теңге;



«Қазақстандық қамту» параграфы, онда қазақстандық компаниялардан сатып алынатын қазақстандық өндірістегі тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі келтіріледі; мемлекеттік сатып алуда қазақстандық қамтудың үлесі, жергілікті өнім берушілер саны, Ұйыммен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің өндірісіне араласатын қазақстандық персонал пайызы көрсетіледі.

Қазақстандық қамтудың есебі «Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтуды есептеудің ортақ әдістемесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысына сәйкес жүргізіледі;



  1. «Мақсаттар, міндеттер және түйінді көрсеткіштер» бөлімі, онда тиісті саланың уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органымен (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) ескерілген бағдарлардан (оқиғалардан, шарттардан) шығатын мақсаттардың, міндеттердің және түйінді көрсеткіштердің негіздемесі келтіріледі;

  2. «Іске асыру бағдарламасы» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:

«Сатылатын өнімдер» параграфы, онда мынадай ақпарат беру ұсынылады: өнімнің атауы; оның негізгі техникалық және өзге сипаттамалары; қызметтік бағытталуы мен пайдалану аясы (өнім қандай тұтынушыларға арналған); нақты және құндық көріністе өнім шығарылымының көлемі; Ұйымның сатудың жалпы көлеміндегі өнімнің үлесі; өнімнің (өнімдердің) техникалық регламенттерге, стандарттардың талаптарына, шарттарға (келісім-шарттарға), тұтынушылардың сұраныстарына сәйкестілікпен анықталатын сапа; қажетті сәйкестілік сертификаттарын алу бойынша жүргізілетін жұмыс; тұтынушылардың өнімдердің сапасы мен ассортиментіне қойылатын талаптарын өзгерту үрдістері; өнімді әрі қарай дамыту мүмкіндіктері; ассортиментті өзгерту бойынша іс-шаралар; патенттік-лицензиялық қорғаныс, сауда белгілері, авторлық құқықтар және зияткерлік меншіктің өзге объектілері туралы мәліметтер.

Ақпаратты ашу кезінде өнімдерді белгілі бір себептер бойынша топтастыру ұсынылады: бірдей, бір текті және өзге де белгілері бойынша;

«Баға (тариф) саясаты» параграфы, онда мыналарды негізге ала отырып бағалардың (тарифтердің) негіздемесін келтіру ұсынылады: заңнама (Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті саланың уәкілетті органдарымен бекіту (белгілеу) немесе келісу бойынша талаптар, рентабелділікпен шекті нормативтерін немесе жеке өнімдерге бағалардың (тарифтердің) ең төмен не барынша жоғары деңгейін бекіту және (немесе) белгіледі; табыстылықты (шығындардың өтелуі, орташа немесе үлкен табыстылықты алу); өнімнің әлеуметтік маңыздылығы (бағалар (тарифтер) субсидияланатын болып, яғни, мемлекеттік субсидияларды ұсыну есебінен өзіндік құннан төмен немесе тең, сатылған өнімнің бірлігіне қатысты субсидия мөлшері туралы ақпарат келтіріледі);

«Тұтынушылар» параграфы, онда мынадай ақпаратты ашу ұсынылады: тұтынушылардың сипаттамасы, олардың төлем қабілеттілігін, яғни төлемдер бойынша өзінің міндеттемелерін толық өтей алатын қабілетінің болуы, оларда Ұйым алдындағы міндеттемелерді орындауға қажетті және жеткілікті ақшалай қаражаттың болуы; сұраныстың сипаты: бір текті немесе маусымдық; әлеуетті тұтынушылар (клиенттер, сатып алушылар, өнім берушіге тапсырыс берушілер).

Егер тұтынушылар мемлекеттік және (немесе) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, мемлекеттік кәсіпорындар болып табылса, аталған заңды тұлғаларға сатудың үлесін келтіру қажет;

«Іске асыру жоспары» параграфы, онда мыналардыкелтіру ұсынылады: мыналарды негізге ала отырып сату көлемдерін негіздеу: тиісті саланың уәкілетті органынан (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органнан) ескерілген бағдарлардан (оқиғалардан, шарттардан) шығатын және басты көрсеткіштер; нарықтағы жағдай; жасалған шарттар, тұтынушылармен жасалған алдын ала келісімдер және өзге шарттар;



  1. «Дивидендтер (таза табыстың бөлігін тарату)» тарады, онда жоспарланатын кезеңде есептеуге жоспарланатын акцияларға дивиденттердің көлемі немесе қатысу үлесіне қатысты жоспарланатын табыстың негіздемесі ескеріледі, немесе бюджетке таратуға жоспарланған мемлекеттік кәсіпорынның таза табысының бөлігі көрсетіледі, олардың мөлшері «Агрегирленген көрсеткіштер» бөлімінің «Қаржылық-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері» тарауында келтіріледі;

  2. «Қызметтің көрсеткіштері» тарауы «Агрегирленген негізгі көрсеткіштер» бөлімінің «Қаржылық-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері» тарауында келтірілетін көрсеткіштерді қамтиды. «Қызметтің көрсеткіштері» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:

«Жеке капиталдың рентабелділігі» параграфы – жеке капитал рентабелділігінің есебі келтіріледі, бұл ретте мынадай формуланы пайдалану ұсынылады:

ROE =

Таза табыс

Жеке капиталдың орташа құны

«Активтердің рентабелділік» параграфы – активтер рентабелділігін есебі келтіріледі, бұл ретте мынадай формуланы пайдалану ұсынылады:



ROА =

Таза табыс

Активтер орташа құны

«Сатулардың рентабелділік» параграфы – сату рентабелділігін есебі келтіріледі, бұл ретте мынадай формуланы пайдалану ұсынылады:



ROS =

Таза табыс

*100, %

Пайда

«Қаржылық тетік (қаржылық леверидж) параграфы және қаржылық тетік (қаржылық леверидж) әсері – қаржылық тетік (қаржылық леверидж) параграфы және қаржылық тетік (қаржылық леверидж) әсерінің есебі келтіріледі, бұл ретте аталған көрсеткіштерді есептеу кезінде мынадай формулаларды пайдалану ұсынылады:

Қаржылық тетік (қаржылық леверидж):


ФР =

Қарыз капиталы

Жеке капитал

Қаржылық тетік (қаржылық леверидж) әсері:



ЭФР = (1 – КСС)*(ROA – ЦҚК) *ФР

мұндағы:


ҚТӘ – жеке капитал рентабелділіг коэфицентінің өсуінде көрініс табатын қаржылық тетік (қаржылық леверидж) әсері, %

КСС – салық салу коэффициенті (табысқа салынатын салық), ондық бөлшек түрінде;

ROA – активтердің рентабелділіг, %;

ЦҚК – қарыз капиталын пайдалануға пайыздардың орташа мөлшері, %;

ҚТ – қаржылық тетік (қаржылық леверидж), ондық бөлшек;

«EBITDA» параграфы – EBITDA көрсеткішінің есебі келтіріледі, бұл ретте мынадай формуланы пайдалану ұсынылады:



EBITDA = ТТ + КТС – КТСБӨ + ЕСА + А

мұндағы:


ТТ – таза табыс;

КТС – корпоративтік табыс салығы;

КТСБӨ – бюджеттен өтелетін корпоративтік табыс салығы;

ЕСА – қаржылық міндеттемелер бойынша есептелген сыйақылар;

А – белгілі бір кезеңге есептелген материалдық емес активтердің және негізгі құралдардың амортизациясы;


  1. «Инвестициялық (инновациялық) жоспар» тарауы, онда:

жоспарланатын және (немесе) іске асырылатын инвестициялық (инновациялық) жобалардың негіздемесі, оның ішінде инвестициялық (инновациялық) жобаларды іске асырумен байланысты іс-шаралар, мысалы: негізгі құралдарды сатып алу (құру), еншілес ұйымдардың үлестік құралдарын сатып алу келтіріледі.

инвестициялық (инновациялық) жобаның құны және оны қаржыландыру көздері көрсетіледі, оның ішінде: жеке (пайда, амортизация), қарыз қаражаты (бюджеттік кредит; облигациялық қарыз, банктердің кредиттер және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер; лизинг және қаржылық жалға алу; өзге де қарыздар, сондай-ақ тарту шарттары: мерзімдер, сыйақылар, борыштың негізгі сомасын және сыйақыларды өтеу шарттары және т.б.).

Инвестициялар республикалық немесе жергілікті бюджеттен Ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту қаржыландыру жолымен жүзеге асырылған жағдайда параграф бюджеттік инвестициялардың қаржылық схемасы және нәтижелері туралы ақпаратпен толықтырылады (жоспарланатын тікелей және түпкілікті нәтижелер, сондай-ақ болған жағдайда сапа мен тиімділік нәтижелері келтіріледі).

Инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында мемлекеттік заттай грантты алу жоспарланған жағдайда, тиісті ақпарат келтірілуі тиіс, мемлекеттік заттай гранттың құнын, мемлекеттік заттай грант ретінде берілетін мүлік туралы мәліметті және басқа да маңызды ақпаратты қоса алғанда.

Инвестициялық (инновациялық) жобаларды іске асыру жоспарланбаған жағдайда тарау «Инвестициялық (инновациялық) жобаларды іске асыру жоспарланбайды» деген ақпараты қамтуы тиіс;


  1. «Персонал» бөлімі мынадай параграфтарды қамтиды:

«Саны» параграфы, онда жоспарланатын санның негіздемесі келтіріледі, оның ішінде мыналарды бөлінісінде: өнімді шығаруға қатысатын жұмысшылар; әкімшілік персонал; штатта бар өзге жұмысшылар; штатта тұрмаған өзге жұмысшылар.

Санды бастапқы мәліметтермен негіздеген кезде мыналар алынады: өндіріс көлемдері, сервистік қызметті жақсарту (мысалы, кезекті күту уақытын азайту), уақыт нормалары немесе өндіріс нормалары.

Уақыт нормасы – өндірістік операцияны орындауға немесе өнім бірлігін шығаруға қатысты белгілі бір үдерістерге бекітілген барынша мүмкін болатын жұмыс уақыты. Уақыт нормасын әзірлеу кезінде жұмысшылардың біліктілігі, техника мен өндіріс ұйымы ескерілуі тиіс. Уақыт нормасына мынадан элементтер жатады:

ТН = ТО + ТВ + ТОБ + ТПЗ + ТОЛ + ТПТ,

мұндағы:


ТН – уақыт нормасы;

ТО – негізгі уақыт;

ТВ – қосымша уақыт;

ТОБ – жұмыс орнын жабдықтау уақыты;

ТПЗ – дайындық-қорытынды уақыт;

ТОЛ – демалу және жеке қажеттіліктерге арналған уақыт;

ТПТ – өндірістік үдерістің технологиясында және (немесе) ұйымдастырылуында ескерілген жоспарланбаған үзілістер уақыты.

Өндіріс нормасы – өнімнің саны (нақты өлшем бірліктерінде), ол өндірістік бірлікпен уақыт бірлігінде (сағат, ауысым) әзірленуі тиіс (жұмысшы, бригада). Бұл көрсеткіш уақыт пропорционал нормасына кері ауқым болып табылады және өнімнің нақты бірлігінде мынадай формула бойынша есептеледі:



НӨ

=

ФС

,

ТН


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет