Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы


-параграф. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың тізбесі



бет7/21
Дата30.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
#168559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

3-параграф. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың тізбесі
187. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу мемлекеттік мекеменің шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалатын және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық үлгісі қалыптастырылады және жіберіледі) азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.

Кейінге қалдыру шарты бар жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне олар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге рұқсат беретін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі бар хабарлама-хаттың көшірмесін бергеннен кейін жүзеге асырылады.

Егер кейінге қалдыру шарты бар жобалардың жалпы сомасы тиісті сараптамалардан кейін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген сомадан асып кеткен жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.

Шартты сот шешімі бойынша бұзған жағдайда, мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне заңды күшіне енген, соттың мөр бедерімен куәландырылған сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тиісті хатты қағаз жеткізгіште ұсынады.

Шартты басқа негіздер бойынша бұзған не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жасалған шарттарда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеме хатпен бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қағаз жеткізгіште (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы, немесе егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында не тараптардың келісімінде көзделмеген болса, бір айдан кеш емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы хабарлама-хаттың көшірмесін ұсынады. Бұл ретте хабарлама-хатта шарт бойынша екінші тараптың хабарламаны алғаны туралы белгі (мөртабан не тиісті қол) не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де растаманы қамтуы тиіс.

Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) ұсталған жағдайда, мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін қағаз жеткізгіште 2 өтінім (бір өтінімді тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісін – ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына) ұсынады. Бұл ретте мемлекеттік мекеменің өтінімдерді беруі негізгі шарт бойынша «түпкілікті» мәртебесі бар төлемді жүргізгенге дейін жүзеге асырылады.

Ақша алушыға коммуналдық қызметтерге төлемді уақтылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) ұсталған жағдайда, мемлекеттік мекеме тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасына қосымша өтінімді қағаз жеткізгіште ұсынады.

Осы Ереженің 65-тармағында көзделген жоспарлы тағайындаулар мен кассалық шығыстарды көшірген жағдайда тапсырыстарды (хабарландыруларды) жабу (жою) тиісті нормативтік құқықтық актінің, сондай-ақ шартты тіркеу туралы хабарламаның нөмірі, күні, сомасы және қалдық сомасы көрсетіле отырып, мемлекеттік мекеме хатының негізінде жасалады.

Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің шынайылығы және ресімделу дұрыстығы үшін жауапкершілік мемлекеттік мекемеге жүктеледі.

188. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасын және көшірмесін қоса бере отырып қағаз жеткізгіште 2 данада ұсынылады, бұл ретте тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз жеткізгіштегі көшірмесі аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.

Қарыз (грант) туралы шарт шеңберінде шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт шеңберіндегі немесе байланысты гранттар бойынша осы шартты қоса бере отырып, қағаз жеткізгіште ұсынады.

Науқастарды шетелде емдеуді көздейтін шығыстар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуге өтінімді қағаз жеткізгіште аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың әр парағы мемлекеттік мекеме мөрі бедерінің түпнұсқасымен расталған көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне міндеттеме бойынша түпкілікті төлемді берген кезде бір мезгілде шарттың түпнұсқасын ұсынады.

Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеу жөніндегі қызмет және олардың мемлекеттік сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып қағаз жеткізгіште ұсынады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған, осы тармақта санамаланған құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың сканерленген түрлерін тіркей отырып, өтінімнің электрондық түрі қалыптастырылады.

189. ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге осы Ереженің 188-тармағында көзделген құжаттардан басқа, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде осы Ереженің 64, 73-қосымшаларына сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойған сканерленген құжаттарды тіркей отырып) мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:

1) заңды тұлға үшін:

заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың көшірмесі/резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;

нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің құжаты;

2) жеке тұлға үшін:

жеке басын куәландыратын құжаттың/шетелдіктің ықтиярхат құжатының немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі;

нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің құжаты;

3) делдал банк үшін (делдал банк арқылы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге төлемдерді ұлттық валютада жүргізу кезінде):

делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжат;

4) ақшаны шетел валютасында алушы үшін:

бенефициардың, бенефициар банктің, делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжат (ол болған кезде);

ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау хаты.

«Қазынашылық-клиент» АЖ-ға тыйым салынған және тәркіленген мүлікті сату жөніндегі аукцион қатысушыларына кепілдікті жарнаны қайтару туралы өтінімді ресімдеу кезінде жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілмейді.

ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелері өзгерген (болмаған) жағдайда, мемлекеттік мекеме өзгерістер енгізілетін деректемелерді растайтын осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тиісті құжаттарды (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып) қоса бере отырып, осы Ереженің 65, 75-қосымшаларына сәйкес ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінімді «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде береді.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берілетін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді жасау кезінде мемлекеттік мекеменің ақша алушысы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында осы ақша алушының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында қажетті ақша алушы болған кезде мемлекеттік мекемемен осы Ереженің 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырылады.

Осы Ереженің 64, 65, 73, 75-қосымшаларына сәйкес өтінімді толтырған кезде жеке тұлға үшін «Ақша алушының атауы» ашық жолағында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және (немесе) болған кезде фирманың атауы көрсетіледі.

Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің және жасалуының шынайылығына, дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.

190. Мемлекеттік мекеме қағаз жеткізгіштегі өтінімдерді өткізген кезде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 188 және 189-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 76-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінімдердің тізілімін береді. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімдерді жүргізу кезінде өтінімдер тізілімі ұсынылмайды.

Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) шешімдеріне сәйкес міндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) тиісті шешімдерінің көшірмелерін (мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қол қойған сканерленген түрлерін тіркейді) қосымша ұсынады.

191. Қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін шарт ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстарының қаржыландырудың жеке жоспарларында бекітілген сомасына аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеледі.

Келесі жылдары аталған шартты қайта тіркеу азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің негізінде жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстардың нақтыланған өлшемдерінің сомасына жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеме 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған шарттар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтініммен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесінің белгісі соғылған шартты қосымша келісімдермен бірге (олар жасалған жағдайда) ұсынады.

192. Егер мемлекеттік мекеме коммуналдық қызметтерді төлеу үшін басқа мемлекеттік мекеменің теңгерімінде жалданатын үй-жайға орналасқан жағдайда, мемлекеттік мекеме (жалға беруші) қызметтерді жеткізуші, үй-жайдың теңгерім ұстаушысы мен үй-жайды жалға алушы (жалға беруші) арасында жасалатын 151 «Коммуналдық қызметтерді төлеу» ерекшелігі бойынша 3 жақты шартты тіркеуге береді.

4-параграф. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді ресімдеу және ұсыну
193. Ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінім (бұдан әрі - ағымдағы қаржы жылына арналған өтінім) осы Ереженің 77-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің 78-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

Міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған базалық шығыстардың азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімі (бұдан әрі - жоспарлы кезеңге арналған өтінім) осы Ереженің 79-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің 80-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

194. Өтінім мынадай түрде толтырылады:

1) «Мемлекеттік мекеменің коды» ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын коды көрсетіледі, «Бюджет түрі» ашық жолағында қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін нышан көрсетіледі:

01 - республикалық бюджет;

02 - облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджеті);

03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті;

«Қазынашылық-клиент» АЖ-дағы «Мемлекеттік мекеменің коды», «Мемлекеттік мекеменің атауы», «Бюджеттің түрі» ашық жолақтары «Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім» нысанын ашқан кезде автоматты түрде жасалады;

2) «Қаржыландыру көзі» ашық жолағында қаражаты есебінен шарт жасасқан қаржыландыру көзінің түрін білдіретін нышан көрсетіледі:

1 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;

2 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражаты есебінен;

3 - мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен;

3) «№ өтінім» ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын кодынан, бөлшек арқылы тіркеу жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы 2 санынан, дефис арқылы мемлекеттік мекеменің өтінімдерін тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірден тұратын өтінім нөмірі көрсетіледі;

4) «Күні» ашық жолағында өтінім жасалған күн көрсетіледі;

5) «Мемлекеттiк мекеменiң атауы» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн мемлекеттiк мекеменiң толық атауы көрсетiледi. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттiк мекеменiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттiк мекеменiң атауын қысқартуға жол берiледi;

6) «Шығыстың сипаттамасы» ашық жолағында шығыстардың экономикалық сыныптамасының құрылымына сәйкес жасасқан шарттың мәні көрсетіледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған және Қазақстан Республикасынан тыс жерде ұлттық валютада одан әрі төлемді көздейтін шартты тіркеу кезінде осы жолақта қосымша резидент емес ақша алушының атауы мен деректемелері көрсетіледі;

7) «Шығыстардың бюджеттік сыныптама коды» ашық жолағында тоғыз мәннен тұратын ҚР БСК шығыстардың бюджеттік сыныптамасының бірыңғай коды (бюджеттік бағдарлама әкімшісі, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама кодтарының 3 мәнін білдіретін) және 3 мәннен тұратын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды көрсетіледі; мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен жасалған шартты тіркеу үшін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің коды қосымша көрсетіледі;

8) «Ақша алушының атауы, ЖСН (БСН), ЖСК, ақша алушы банктің атауы және БСК» ашық жолағында заңды тұлға үшін толық атауы және жеке тұлғаның толығымен тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және (немесе) болған кезде фирманың атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және оның банктік деректемелері (оған қызмет көрсететін банктің ЖСК, атауы және БСК) көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлімшесінің, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің жұмысын қиындатпайтын мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің атауын және ұйымдық-құқықтық нысанының атауын қысқартуға жол беріледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен шетел валютасында жасалған шартты тіркеген жағдайда, осы жолақта резидент еместің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректемелері көрсетіледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған және Қазақстан Республикасынан тыс ұлттық валютада одан әрі төлемді көздейтін шартты тіркеу кезінде осы жолақта жолақта делдал-банктің деректемелері көрсетіледі;

«Қазынашылық-клиент» АЖ-да «Ақша алушының атауы, ЖСН (БСН), ЖСК, ақша алушы банктің атауы және БСК» ашық жолағы Ақша алушылардың анықтамалығынан таңдалады;

9) «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы» ашық жолағында теңгенің шетел валютасына нарықтық бағамы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелген күніне белгіленген бағамына оның сәйкестігі көрсетіледі;

10) ағымдағы қаржы жылына арналған өтінімнің «Сомасы» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылы мерзіміне арналған шарттың сомасы санмен көрсетіледі;

11) жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің «Жалпы сомасы» ашық жолағында қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың жалпы сомасы санмен көрсетіледі;

12) «ағымдағы қаржы жылының сомасы» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының сомасы санмен көрсетіледі;

13) «№ базалық шығыстар сомасы» ашық жолағында жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарындағы базалық шығыстарының сомасы санмен көрсетіледі;

14) жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің «(Сомасы жазбаша)» ашық жолағында шарттың сомасы жазбаша көрсетіледі (шетел валютасындағы шарт бойынша өтінім сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу күніне белгіленген шетел валютасына теңгенің нарықтық бағамы бойынша есептелген ұлттық валютада келтіріледі);

15) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің «(Сомасы жазбаша)» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының шарт сомасы жазбаша көрсетіледі;

«Басшылардың қолы» бөлімінде құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымының атауы; орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік мекеменің бірінші және екінші қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғаларының жеке қолы және қолының таратылып жазылуы (атының бас әрпі мен тегі) көрсетіледі. Лауазымның атауының алдында «Үшін» деген көмекші сөзді, қолдан жазылған «Орынб.» деген жазу немесе қАЖық сызық (бөлшек) қоюға жол берілмейді. Қолдар қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес қойылады. Қол қойылатын кезде жарыққа төзімді сия пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс. «Қазынашылық-клиент» АЖ-ға ЭЦҚ қойылады;

16) «құжат – негіздеме» ашық жолағында шарттың (қосымша келісімнің) нөмірі мен күні көрсетіледі;

17) «аванстық (алдын ала) төлем мөлшері (%)» ашық жолағында шарттың талаптарында көзделген аванстық (алдын ала) төлем мөлшерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі;

18) «сомасы» ашық жолағында аванстық (алдын ала төлем) сомасы цифрлармен көрсетіледі.

Өтінімнің деректемелерін қолмен қандай да бір түзетуге және дұрыстауға жол берілмейді.

195. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінімдерін тіркеу журналын (бұдан әрі - журнал) мемлекеттік мекеме осы Ереженің 81-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізеді. Журнал беттердің жалпы санын көрсете отырып, нөмірленген, тігінделген және нықталған болуы тиіс, елтаңбалы мөр бедерімен және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе өзі өкілеттік берген тұлғаның қойылған қолымен нықталады. Жазбалар хронологиялық тәртіппен жүргізіледі, өтінімді жасау күні журналда көрсетілген күнге сәйкес келуі тиіс. Ағымдағы қаржы жылы аяқталғанда журналда бос беттер болған кезде оны келесі жылы пайдалануға болады, бұл ретте жазбалардың нөмірлері басынан басталады.

196. Шартты бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде бірнеше бюджеттік кіші бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының бірнеше ерекшелігі бойынша жасасқан кезде өтінімдер бюджет шығыстарының әрбір бюджеттік сыныптаманың әрбір коды (бұдан әрі - шығыстардың БСК-сі) бойынша шарт сомасын көрсете отырып, әрбір бюджеттік кіші бағдарлама бойынша немесе шығыстардың әрбір БСК-сі бойынша шарт сомасы көрсетіле отырып жасалады және беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптасады және жіберіледі).

197. Өтінім онда көрсетілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жарамды болады.

Өтінімдер қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде жергілікті уақыт бойынша 16.00-ден кейін түскен өтінім келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады не орындаусыз қайтарылады.

198. Қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінім қосымша келісімнің деректемелерін ескере отырып, осы Ережеде көзделген тәртіппен толтырылады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ-да өтінімді қалыптастыру кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған өтінімнің электрондық түріне растау құжаттарымен бірге өтінімдердің және міндеттемені тіркеу туралы хабарламаның нөмірлері (шарттың нөмірі мен күні, болған кезде қосымша келісімнің нөмірі мен күні) көрсетілген түсіндірме жазба қоса тіркеледі.

Шарт сомасы, шарттың жалпы сомасы (жылдар бойынша бөлінген шығыстардың БСК бойынша сомасы) немесе тараптардың деректемелері (атауын қоспағанда) өзгерген кезде мемлекеттік мекеме бұрын орындалған міндеттемелерді (кассалық шығыстарды) шегере отырып, шарттың жаңа сомасына арналған өтінімді ұсынады («Қазынашылық-клиент» АЖбойынша жібереді).

Өткен қаржы жылында орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім өткен қаржы жылында тіркелген, іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және әзірлену және жеткізілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).

Өткен қаржы жылында орындалмаған және өткен қаржы жылында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылындағы шығыстардың бюджет қаражаты қалдықтарының есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім олардың ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған қалдығының сомасына жасалады және ұсынылады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).

Өткен қаржы жылында республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттер сомасы есебінен ағымдағы қаржы жылында көзделген бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген шарттың сомасын ұлғайтатын қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім ағымдағы қаржы жылының жалпы сомасына және өткен қаржы жылында тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).

Тараптардың атауына өзгерістер енгізілетін қосымша келісімдерді ұсыну үшін өтінім жасалмайды.

5-параграф. Мемлекеттік мекемелердің шарттарын және азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге арналған өтінімдерді
тексеру тәртібі

199. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тіркеуге берілген шартты (қосымша келісімді) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде мыналарға:

1) мемлекеттік мекеме атауының көрсетілу дұрыстығына;

2) ҚР ББС сәйкес бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер кодының және атауының болуына және дұрыстығына;

3) шарт мәнінің Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстар бағытына сәйкестігіне;

4) аванстық төлем пайызының осы Ережеде белгіленген мөлшерден асып түспеуіне;

5) жазумен көрсетілген соманың санмен көрсетілген сомаға сәйкестігіне;

6) қағаз жеткізгіштегі шартта (қосымша келісімде) қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне, бұл ретте мемлекеттік мекеменің және ақша алушының қолдары жарыққа төзімді сиялармен қойылуы тиіс, елтаңбалы мөрдің бедері дәл және анық болуы тиіс. Мемлекеттік мекемелер мен ақша алушыларға ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін оқылатын және айқын болуы тиіс. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде ЭЦҚ түпнұсқалығы тексеріледі;

7) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асуы мүмкін шарттарды қоспағанда, шарттың қолданылу мерзімін ағымдағы қаржы жылының шегінен асып кетпеуіне;

8) шарт сомасының қабылданбаған міндеттемелер сомасынан асып кетпеуіне;

9) қолданылу мерзімі тек осы Ережеде көзделген жағдайларда ғана ағымдағы қаржы жылынан асатын қосымша келісімдердің, сондай-ақ шарттардың жасалуына;

10) осы Ереженің 167-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі шарттарды тіркеуге ұсынуға;

11) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың және жұмыстар көлемдерінің жалпы сомасын тиісті қаржы жылдары бойынша шартты түрде бөлісудің бар-жоғына тексеруді жүзеге асырады;

12) шарттың (қосымша келісімнің) талаптарын қолмен қандай да бір түзетулерге не дұрыстауға жол берілмейді;

13) егер жаңа объектілерді және қолда бар объектілерді реконструкциялау, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға, сондай-ақ дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды қоспағанда, ағымдағы шығындар бойынша, астықтың мемлекеттік ресурстарын басқару бойынша агентке қаражат төлеу, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау бойынша қызметтерді төлеу, шетелде ауруларды емдеуді төлеу, ауылда ұйымдармен бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметін көрсетуге байланысты қабылданған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төленген авансты тепе-тең ұстау туралы шарттың болуы;

14) жаңа объектілерді салуға және қолдағы объектілерді реконструкциялауға, жолдарды салуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қондырғыларын, жолдарды күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан кейін шарттың сомасынан бес пайызды тапсырыс берушінің түпкілікті төлеуі жөніндегі шарттардың жаңа объектілерді салуға және қолдағы объектілерді реконструкциялауға, жолдарды салуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қондырғыларын, жолдарды күрделі жөндеуге және тапсырыс берушінің аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік немесе жұмыс комиссиясының бекітілген актісін беруге қоятын талаптарының болуы;

15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жасалған шартта ақша алушының орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеме мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алу туралы талаптың, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің шарттың толық сомасынан не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасынан осындай тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз ету міндеті туралы талаптың болуы;

16) егер ақша алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, шарт талаптарында сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар бойынша ҚҚС сомасын міндетті түрде көрсетудің болуы, егер ақша алушы ҚҚС төлеуші болмаған жағдайда ҚҚС болмауы;

17) шарттың, оны аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті тіркегеннен кейін күшіне ену талаптарының шартта болуы.

200. Осы Ереженің 199-тармағының талаптары халықаралық ұйымдармен және донор-елдермен жасалған байланысты гранттарды іске асыру бойынша шартқа қолданылмайды.

201. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі өтінімді мыналарға:

белгіленген нысанға сәйкестігіне;

өтінім деректемелерінің шарт деректемелеріне сәйкестігіне;

мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның Мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестігіне;

ақша алушы деректемелерінің Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестігіне;

өтінімдегі қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне;

осы Ереженің 188, 190-тармақтарында көзделген құжаттардың бар болуына;

жазылған соманың санмен берілген сомаға сәйкестігіне;

шартты бірнеше бюджеттік бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының әрбір БСК бойынша бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде жасасқан жағдайда, барлық өтінімдердің бір уақытта берілуіне;

өтінімнің қолданылу мерзімінде берілуіне тексеруді жүзеге асырады.

202. Өтiнiм оған қоса берiлген құжаттарға не шарт осы Ереженiң 163-186, 199, 200-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi өтiнiм мен оған қоса берiлген құжаттарды мынадай жағдайларда:

1) қабылдау кезеңiнде сәйкессiздiк байқалса, мемлекеттiк мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеуге өтiнiм тiзiлiмiне қайтару туралы соғылған белгiмен хат ресiмдемей;

2) қабылдағаннан кейiн тексеру барысында сәйкессiздiк байқалса, оларды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берген күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi басшысының қойылған қолымен жазбаша түрде қайтарады, бұл ретте өтiнiмнiң екiншi данасы хаттың екiншi данасымен қалады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша өтінімнің электрондық түрі оған тіркелген құжаттарға не осы Ереженің 199, 200-тармақтарында белгіленген шарт талаптарына сәйкес келмеген кезде, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдамайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет