6-параграф. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел
валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты
гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе
байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын
шоттарды жүргізу
109. Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізуі тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, шетел валютасындағы шоттардан, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарынан, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан төлемдер жүргізуді және ақша аударуды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептерді қалыптастыру мен ұсынуды қамтиды.
Бiр мемлекеттiк мекеменiң кодынан екiншi мемлекеттiк мекеменiң кодына ақша аударуға жол берiлмейдi.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде демеушiлiк, қайырымдылық көмек түрiнде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күні 0900НП «Анықтауға дейiнгi шетел валютасындағы сомалар» шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етiледi.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарында және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.
Сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда сотқа дейінгі тергеуді жүргізу органы алған шетел валютасын есептеуге арналған пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.
110. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызметтерінің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды /квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жүргізуді аумақтық белгісі бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелері жүзеге асырады. Орналасқан орны бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке қызмет көрсететін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жақын тұрған мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды /квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізуге осы аумақтық қазынашылық бөлімшесімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен жол беріледі.
111. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының ақшасына билік етушілер бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шоттағы ақшасына билік етушілер - мемлекеттік мекемелердің басшылары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына - аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері болып табылады.
112. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының пайдаланылмаған қалдықтарына және ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы ақшаға иелік етудi шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
113. Тиiстi бюджеттердің ҚБШ шоттарында ақшаның қозғалысы және ҚР ББС-ға сәйкес шығыстар жөнiндегi есептердi берудi мынадай нысандар бойынша күн сайын аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады:
осы Ереженiң 52-қосымшасына сәйкес магниттiк (электрондық) жеткізгіште 5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп»;
осы Ереженiң 53-қосымшасына сәйкес электрондық жеткізгіште 5-52 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп»;
осы Ереженiң 54-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме» және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға берiледi.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
114. Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардағы ақша қозғалысы жөніндегі есептерді беруді аумақтық қазынашылық органдар жүзеге асырады және:
мемлекеттiк мекемелерге:
-
төлемдер мен ақша аударымдарының жүргiзiлуiне қарай:
осы Ережеге 54-қосымшаға сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме» 5-20-нысаны бойынша;
осы Ережеге 55-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп» 5-33-нысаны бойынша;
осы Ережеге 56-қосымшаға сәйкес 8-17 «Мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар бойынша үзінді» нысаны бойынша;
2) ай сайын:
осы Ережеге 57-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдық» 5-30-нысаны бойынша;
осы Ережеге 58-қосымшаға сәйкес 8-07 «Шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардағы қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі 3-ші күнге дейін тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Ережеге 59-қосымшаға сәйкес 5-34А «Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ-дағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне төлемдерді жүргізу және ақшаны аудару шамасына қарай:
осы Ережеге 54-қосымшаға сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» 5-20-нысаны бойынша берiледi.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
115. 5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды ай сайынғы салыстыруды жүзеге асыру үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiр ай аяқталғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде 2 данада 5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысанындағы есептi қалыптастырады, жауапты атқарушының мөртабан бедерiмен ресiмдейдi, оған аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы және жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға берiледi. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган өз кезегiнде 5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиiстi жергiлiктi бюджеттiң қолма-қол ақшасын бақылау шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның басшысына және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның жауапты атқарушысына қол қойдырады, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырады және бiр данасын аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi.
Қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекеме мен аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң арасында кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшiн тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде 2 данада осы Ереженiң 41-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны қалыптастырылады, олар жауапты атқарушының мөртабан бедерiмен ресiмделедi, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы мен жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге берiледi.
Мемлекеттiк мекемелер есептердi алғаннан кейiнгi 2 жұмыс күнi iшiнде есептердiң деректерін өзiнiң бухгалтерлiк есебінің деректерiмен салыстырады.
Мемлекеттiк мекеме деректерiнiң 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны есебiнiң деректерiмен алшақтығы болған кезде соңғысы алшақтық себебiн анықтау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жазбаша өтiнiм жасайды.
Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi не мемлекеттiк мекеменiң басшысы уәкiлеттiк берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттiк мекеменiң елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады. Есептiң бiр данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қайтарылады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекеменің жазбаша өтініші бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асыру үшін 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанды есебін қалыптастырады, оған қол қояды және береді, ал бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган үшін 5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысанды есебін қалыптастырады, оған қол қояды және береді.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті бюджеттердің ҚБШ бойынша айналымдарын және қалдықтарын ай сайын салыстырып тексеруді жүзеге асыру үшін ай аяқталғаннан кейін 5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша есепті дербес қалыптастырады. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиісті бюджеттің ҚБШ бойынша айналымдарды және қалдықтарды салыстырып тексеріп, алшақтықтар болмаған кезде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысына және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты орындаушысына қол қойдырады, елтаңбалық мөрдің бедерімен растайды.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган деректерінің
5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысанды есеп деректерімен алшақтықтар болған кезде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган алшақтық себептерін анықтау және жою үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жазбаша өтініш білдіреді.
116. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде мемлекеттік мекеме кассалық шығыстарды тексеру үшін тоқсан сайын ай біткен соң өз еркімен осы Ереженің 41-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысан әзірлейді және есептің міліметтерін бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырады.
Алшақтықтар болмаған жағдайда есептіліктер мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтерінің немесе мемлекеттік мекеме басшысымен уәкілдендірілген (олар болмаған жағдайда) өкілдермен қол қойылады, және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерінің үлгілерімен расталады.
4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны мен мемлекеттік мекеме есебінде алшақтықтар болған жағдайда, алшақтықтардың туындау себебін анықтау және жою туралы хатпен мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жүгінеді.
7-параграф. «Құпия»
8-параграф. Кодтарды, қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына шоттарды жабу
117. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын тексерудi жүргiзедi және 12 ай iшiнде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге/квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы ҚБШ жабу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы хабарлайды.
Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылу туралы хабарлама бере отырып, өзі жабады.
118. Тиісті бюджеттердің ҚБШ шоттары әкімшілік-аумақтық бірлікті тарату кезінде жабылады.
119. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ережеге 60-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты осы Ережеге 61-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоттары, шетел валютасындағы шоттар, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің өтініші бойынша:
1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
2) мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық акті жойылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi ҚБШ мен шотты ашуға рұқсат беру үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;
4) тиiстi ҚБШ мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;
5) ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған;
6) қарыз туралы шартта көрсетілген қарызды жабатын күн басталған немесе оның негізінде сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашылған байланысты грант туралы шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жабылады.
120. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Мемлекеттік мекемелер кодтарының қолданылуын тоқтатуға өтінім мемлекеттік мекеменің барлық ҚБШ-ларында қалдықтар болмаған кезде беріледі.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін осы Ереженің 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
121. Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шотты жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада өтініш береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тиісті ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты жабу туралы жазбаша өтінішін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесін жапқаннан кейін жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады.
122. Квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтату және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді 2 данада жібереді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтатуға және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабуға осы Ереженің 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жапқаннан кейін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі жабылғаны туралы белгісі бар өтінімнің бір данасын квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.
123. Жабылатын ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотында, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотта, шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі жабылатын:
1) ақылы қызметтердің ҚБШ:
құқықтық мирасқордың ақылы қызметтердің ҚБШ (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелiк ету құқығы берiлсе);
мынадай жағдайларда:
құқықтық мирасқор болмаған;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берiлмеген құқықтық мирасқор анықталған;
құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) коды болмаған жағдайда тиiстi бюджет кiрiсiне;
2) демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ:
демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ-ға немесе құқықтық мирасқордың екінші деңгейдегі банктегі шотына;
құқықтық мирасқор болмаған жағдайда, салымшыға;құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиiстi бюджеттiң кiрiсiне;
3) уақытша ақша орналастырудың ҚБШ: салымшыға;құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ;
4) шетел валютасындағы шотта – бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған валютаны демеушілік, қайырымдылық және/немесе ақшаны шетелдік валютада уақытша орналастыру ҚБШ есептеумен;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына; квазимемлекеттiк сектор субъектiсi құрылтайшысының шотына;
6) жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ;
құқықтық мирасқордың жергілікті өзін-өзі басқарудың;
7) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ:
ақша ұлттық валютаға қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;
республикалық бюджеттің кірісіне – шетел валютасының ең аз ақша бірлігін сатып алу және сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына қалдықты қалпына келтіру үшін ақша жетпеген жағдайда;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотына;
8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында:
қарыз берушіге мемлекеттік қарыз беру туралы халықаралық шарттың талаптарына сәйкес немесе донорға байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына пайдаланылмаған ақша қалдығын аудару үшін шетел валютасына қайта айырбастауға төлеуге берілетін шот («Қазынашылық-клиент» АЖ-да электрондық бейне қалыптастырады), төлем тапсырмасын немесе өтінімді ұсынады.
124. Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалық мөр жойылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар адамдардың болмауы себепті осы жабылатын ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшаның қалдығын Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша аудару үшін төлеуге арналған шотты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, құқықтық мирасқор қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемеге қызмет көрсеткен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылатын ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары ақша қалдығын Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша аудару туралы қолдаухат жібереді. Құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ақша қалдығын аударған жағдайда қолдаухатқа құқықтық мирасқорлығын растайтын құжаттар қосымша қоса беріледі.
Құқықтық мирасқордың қолдаухаты қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің деректемелерін: мемлекеттік мекеменің атауын, БСН, кодын, қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттары аударуға жататын ақша қалдығының сомасын және аудару үшін барлық қажетті деректемелерді қамтуы тиіс. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қолдаухатты алған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде осы Ереженің 123-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдығын аударуды жүзеге асырады.
125. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларды жапқан күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi тиiстi мемлекеттік кірістер органдарына мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодтарын және ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу туралы жазбаша хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |