5 тарау. Бюджеттік инвестициялар және бюджеттік субсидиялар бойынша әлеуметтік-экономикалық әсерді талдау ерекшеліктері
26. Бюджеттік инвестициялар бойынша әлеуметтік-экономикалық әсерді талдауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық атқарушы орган жүзеге асырады.
1) инвестициялық жобаларды сәйкестендіру және дайындау кезеңіндегі және инвестициялық кезең барысындағы күрделі және операциялық шығындар салааралық баланстың "тік векторы" бойынша "Мемлекеттік тұтыну" бабы арқылы көбейтіледі. Тікелей және толық шығындар коэффициенттерінің өзгеруіне және тиісінше мультипликативтік әсердің өзгеруіне (өсуіне) және бұдан әрі ЖҚҚ ішкі өндіріс өнімдерін тұтыну есебінен ғана қол жеткізіледі.
2) импортты тұтыну – бұл жобалардың осы кезеңдерінде ЖҚҚ өсуіне алып келмейтін экономика шығындары. Тиісінше, тек ішкі өндіріс өнімдерін тұтыну әлеуметтік-экономикалық тиімділікке әкеледі, бұл жағдайда алдыңғы 3-бөлімде жазылған формулалар бойынша есептелетін "инвестициялық мультипликатор" жасалады.
Осыдан, басқалармен қатар, импортты тұтынуға тәуелділікті азайту қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.
3)Экономикалық талдау (бекіткен инвестициялық жобаларды Экономикалық талдаудың әдіснамалық басшылығына сәйкес) әлеуметтік-экономикалық әсерді нақты инвестициялық жобаны іске асыру нәтижелері шегінде ғана бағалауға мүмкіндік береді. Технологиялық қайта бөлу деңгейінде салааралық теңгерімді құрған жағдайда, жобаларды экономикалық талдау нәтижелері жаңадан құрылған қуаттарда өндіріс көлемінің ұлғаюымен байланысты мультипликативтік әсерді де бағалауға мүмкіндік береді. Ол өндірістік мультипликаторды есептеу логикасына сәйкес қалыптасады. Қорытынды интегралдық мультипликативтік әсер:
∑∑m_g = ∑ _(i=1)^tv ▒ 〖 (Inv(i)*invmul)/〖(1+D)^ ^ (i-1)- ∑_(i=TB+1)^(TV+TF) ▒ 〖 (out(I)* OutMul) / 〖(1+d)^ ^ (i-1) - 〗 〗
TotalMul - интегралдық мультипликативтік әсер;
InvMul - инвестициялық мультипликатор;
OutMul-өндірістік мультипликатор;
d-дисконттау мөлшерлемесі;
Inv (i) - I жылдағы күрделі салымдар көлемі;
Out (i) – i жылдағы өндіріс көлемі;
TB-жобаны іске асыру мерзімі;
TF-жобаның жұмыс істеу мерзімі.
Егер инвестициялардың қандай да бір ерекше уақытша құрылымы берілмесе, онда күрделі салымдар мен өндіріс көлемдерін есептеу формулалар бойынша жүзеге асырылады:
Inv(i)=InvT/TB,1≤ i ≤ TB,
Out(i)=OutN (1-a)i-TB-1,TB+1≤ i ≤ TB+TF
InvT-жоба (тар)шеңберіндегі күрделі салымдардың жиынтық көлемі;
OutN-құрылатын қуаттар толық пайдалануға берілгеннен кейін өндірістің номиналды көлемі;
a-амортизация нормасы
4) Халықты жұмыспен қамтуға мультипликативтік әсерді бағалау салааралық өзара іс-қимыл негізінде мультипликаторды бағалаудың жалпы әдіснамасына сәйкес қалыптастырылуы мүмкін. Жұмыспен қамту мультипликаторы сабақтас және байланысты салалардағы жұмыс орындары санының өсуін көрсететін коэффициент (адам) болып табылады. Экономикада жұмыспен қамтылғандар санының өсуі салалар бойынша жұмыс орындарының өсу сомасы ретінде есептеледі, ал бұл өсім, өз кезегінде, қызметтің осы түріндегі орташа еңбек шығындарының және өндіріс көлемінің өсуінің өнімі ретінде есептеледі.
Экономика салалары бойынша еңбек өнімділігінің деңгейін сақтау гипотезасын ескере отырып, экономикадағы жұмыспен қамтуға мультипликативтік әсерлердің шамасы Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек шығындарына арналған шығарылымдардың өсу қарқыны туындыларының сомасы ретінде есептеледі:
ML=∑_i▒〖[(X_i+ΔX_i) / X_i ]L_i 〗
Li-экономикалық қызметтің i түрінде жұмыс істейтін қызметкерлер саны;
XI-экономикалық қызметтің i түріндегі шығарылым;
ΔXi-мультипликативті әсерлерге байланысты экономикалық қызметтің i түріндегі өнімнің өсуі.
Достарыңызбен бөлісу: |