Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі



Дата12.06.2016
өлшемі298.69 Kb.
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына

2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі

қызметінің есебі


  1. Жалпы ережелер


Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік).


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

1) «Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»;

2) «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру;

3) «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы»;

4) «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру»;

5) «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»;

6) «Бухгалтерлерді кәсіби сетификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру»;

7) «Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телқұжатын беру»;

8) «Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне авторлық құқықтар және аралас құқықтар объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлардың шыққан орындарының атауларын енгізу»;

9) «Уәкілетті экономикалық оператор» мәртебесін беру»;

10) «Тізілімге кедендік өкілдерді енгізу»;

11) «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу»;

12) «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (кедендік рәсім - экспорт)»;

13) «Преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолдану кезінде тауардың шыққан елін айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау»;

14) «Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау»;

15) «Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомаларының болуын растау»;

16) «Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін беру»;

17) «Тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде белгіленген уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы шешімді беру»;

18) «Тауарларды кедендік тазалау және шығару»;

19) «Жеке кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі»;

20) «Салық төлеушілерді тіркеу»;

21) «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі»;

22) «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі»;

23) «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»;

24) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдерді, авиациялық отын мен мазуттың кейбір түрлерін өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН-код) беру»;

25) «Дара кәсіпкерлерге патент беру»;

26) «Темекі бұйымдарының өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;

27) «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;

28) «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;

29) «Алкоголь өнімін, оны өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;

30) «Алкоголь өнімін, оны өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;

31) «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беру, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен жай-күйі туралы жеке есеп шотынан үзінді көшірмелер беру»;

32) «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер мен ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру»;

33) «Салықтық резинденттілікті растау»;

34) «Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру»;

35) «Темекі бұйымдарына акциздік таңбалар беру»;

36) «Салықтық есептілікті беруді тоқтату (ұзарту, қайта жаңарту)»;

37) «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу»;

38) «Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру»;

39) «Салықтық есептілікті қабылдау»;



  1. «Салықтық есептілікті беру мерзімін ұзарту»;

  2. «Салықтық есептілікті керi қайтару»;

  3. «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу»;

  4. «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару»;

  5. «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару»;

  6. «Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттеменің орындалу мерзімін өзгерту»;

  7. «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі»;

  8. «Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салықтық нысандарды қабылдау»;

  9. «Бақылау-касса машиналарын (БМК) есепке қою және есептен шығару»;

  10. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою».

  11. Оңалтуды және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай бақылау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдарды тіркеу және оларды тіркеуден шығару.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

1) Министрлікпен көрсететін мемлекеттік қызметтердің саны – 50 қызметі түрі:

Министрліктің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – ҚМ ҚБК) - 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;

Министрліктің Салық комитеті (бұдан әрі – ҚМ СК) - 32 мемлекеттік қызметі түрін көрсетеді;

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – ҚМ ММЖК) - 3 мемлекеттік қызметі түрін көрсетеді;

Министрліктің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – ҚМ КБК) 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.


2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 8 қызмет түрі.

  1. Оңалтуды және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай бақылау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдарды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;

  2. Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;

  3. Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;

  4. Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;

  5. Алкоголь өнімін, оны өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;

  6. Алкоголь өнімін, оны өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;

7. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беру, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен жай-күйі туралы жеке есеп шотынан үзінді көшірмелер беру;

  1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру.

3) тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:

ақысыз негізде - 35 қызмет түрі;

ақылы негізде - 15 қызмет түрі;


4) қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:

қағаз нысанда – 42 қызмет түрі;

электрондық нысанда – 8 қызмет түрі.

*ҚМ СК қызметтерінің 23 түрін және ҚМ КБК 2 қызмет түрін қағаз нысанда да, электрондық нысанда да алуға болады.

5) мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны:

Министрлік мемлекеттік қызметтердің 50 стандартын және 16 регламентін бекіткен, 34 регламенті әзірленген және бекіту сатысында.


3. Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Министрлік 2013 жылы 16 113 124 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде:

Есепті кезеңде неғұрлым талап етілетіні, бұл:

- «Салықтың есептілікті қабылдау» - 7,3 млн. қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 46,5%;

«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) болуы туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру» - 3,9 млн. қызмет немесе көрсетілген қызметтің жалпы санының 24,8% .

- «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру», 2013 жылда 7890 электрондық түрде қызмет көрсетілген.

- «Тауарларды кедендік тазалау және шығару» - 443 698 қызмет.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы (стандарттар, регламенттер, жаднамалар) мәліметтер:

1)  Министрліктің интернет-ресурсында minfin.gov.kz;

2) электрондық Үкімет порталында www.e.gov.kz;

3) «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталында www.gosreestr.kz;

4) Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары «Салықтық қызметтер» деген бөлікте www.salyk.gov.kz сайтында, сондай-ақ Салық органдарының ақпаратын қабылдау және өңдеу орталықтарында орналастырылған;

5) www.e.customs.kz интернет-ресурсында. Сондай-ақ , мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414, 88000807777 телефондары бойынша алуға болады.




  1. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Стандарттарда қызметті алу тәртібі, қажет құжаттар тізімі, қызметті алу мерзімі мен нәтижесі, лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы толық ақпараттар қамтылған. Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобалары жария талқылау үшін мыналар:

1) «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталында:

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» және «Мемлекеттік мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» қызметі бойынша – 2013 жылғы 4 қазаннан бастап;

«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» қызметі бойынша - 2013 жылғы 24 қазан аралығында;

«Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру», «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру», «Бухгалтерлерді кәсіби сетификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру», «Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телқұжатын беру» қызметі бойынша – 2013 жылғы 11 қазаннан - 11 қараша аралығында орналастырылды.

2) Министрліктің интернет - ресурсында (www.minfin.gov.kz):

«Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)», «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру», «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы»қызметтері бойынша – 2013 жылы 20 қазаннан бастап;

«Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру»,«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру», «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру»,«Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұқсын беру» қызметтері бойынша – 2013 жылғы 17 қыркүйектен бастап 17 қазанды қоса алғанда;

Министрліктің салық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобалары оларды жария талқылау үшін «электрондық үкімет» (www.e.gov.kz) веб-порталында, www.minfin.gov.kz, www.salyk.gov.kz интернет ресурсында 2013 жылғы 24 қыркүйектен бастап 2013 жылғы 24 қазанды қоса алғанда орналастырылды.

Министрліктің кедендік бақылау органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобалары оларды жария талқылау үшін «электронды үкімет» веб-порталында (www.e.gov.kz), Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресрусында және www.e.customs.kz интернет ресурсында орналастырылды.

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» стандартының жобасы бойынша өтініш берушінің өз өтінішінде конкурстық іс жүргізудің және (немесе) оңалту және (немесе) сыртқы қадағалау аяқталмаған рәсімдерінің болмауы туралы өтініш берушінің көрсете алмауына қатысты ескерту берілді.

Ескерту қабылданған жоқ, өйткені «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тіркеуден оңалту және (немесе) конкурстық басқарушы және (немесе) сыртқы қадағалау әкімшісінің қызметін іске асыру мақсатында тіркелген адам тіркеуден шығарылады, яғни тіркеуден алып тастау кезінде өтініш берген жағдайда оңалту және (немесе) конкурстық басқарушы және (немесе) сыртқы қадағалау әкімшісі өндірісте жұмыс істемеуі тиіс.

Осыған байланысты егер оңалту және (немесе) конкурстық басқарушы тіркеуден алып тастау туралы өтініш беруге ниет білдірген жағдайда, онда кредиторлар комитетінің келісімі бойынша оңалту және (немесе) конкурстық басқарушыны олар өз еркімен оларды босату туралы өтініш берген кезде банкроттық рәсімдерінде дәрменсіз борышкерлердің мүлкін және істерін басқарудан босату белгіленген Заңның 9-бабының 13-тармағының нормаларын қадағалау қажет.

- қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының жаңа жобасы қаралу үстінде. Осы жобаға сәйкес басқарушыларды таңдау Заңда белгіленген тәртіпте кредиторлар жиналысымен жүзеге асырылатын болады.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Министрлік мемлекеттік қызметтерді көрсету ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында есепті кезеңде мынадай іс-шаралар өткізілді:

2013 жылғы 22 сәуірден бастап 2013 жылғы 17 мамырды қоса алғанда облыстық орталықтарда және Алматы қаласында қызметті берушінің департаменттері және қаржы басқармалары (бөлімдер), сондай-ақ «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палата өкілдерінің қатысуымен «электрондық үкімет» және «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталдары арқылы көрсетілетін «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» және «Қазақстан Республикасының сыйға беру шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлкіне құқықты Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіпте қабылдауы» қызметтері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Республиканың салық органдары салық заңнамасы саласында салық төлеушілерді ақпараттандыру деңгейін арттыру үшін тұрақты түрде салық заңнамаларын түсіндіру бойынша семинарлар өткізеді, бұқаралық ақпараттық құралдарында материалдар жариялайды. Салық заңнамасындағы өзгерістер, ақпараттық жүйелерді жаңарту туралы ақпараттар www.e.gov.kz сайтында тұрақты орналастырылады.

2013 жыл ішінде республиканың салық органдары салық төлеушілермен 7553 дәріс мен семинар, 450 ашық есік күндерін, 3816 кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізді, бұқаралық ақпараттық құралдарында 20,0 мыңға жуық мақалалар мен хабарландырулар жариялады.

Министрліктің кеден органдары мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мәселелері бойынша 926 семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізілді.

Кеден органдары қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша БАҚ-та сөз сөйлеулер саны 1638 болды, соның ішінде:

теледидарда – 270. радиода – 287, газеттер және басқа баспасөз шығарымдарда 1 081.


3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 қаулысымен бекітілген Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес ХҚКО арқылы қызметтерді ұсыну үшін «ХҚКО» ИАЖ-мен интеграциялау бөлігінде мемлекеттік қызметті оңтайландыру бойынша Министрлік «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтаманы мемлекеттік мүлік тізілімінен беру» жұмысты жүргізді.

Салықтық қызметтердің рәсімдерін оңайлату және оңтайландыру бөлігінде келесі шаралар өткізілді:



  • салық органдарының мемлекеттік қызметтері бойынша регламеттері әзірленді;

  • салық органдарының ақпараттық жүйелерінде 23 қызмет автоматтандырылған;

  • www.egov.kz «электронды үкімет» порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы салық органдарының 16 қызметі ұсынылады;

  • ХҚКО арқылы баламалы негізде «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру» қызметі ұсынылады. Аталған қызмет толықтай автоматтандырылған және электронды түрде салық органдарының ақпараттық жүйелері және ЭҮП арқылы көрсетіледі. Электронды түрде берілген анықтамалардың саны – 688,7 мыңды құрайды;

  • жеке кәсіпкер (бұдан әрі – ЖК) ретінде тіркелу рәсімі оңайлатылды: ЖК ретінде тіркеуге тұруға салық төлеушіден сұралатын құжаттар саны қысқартылды, ЭҮП-ы арқылы электронды тіркеу мүмкіндігі іске асырылды, ЖК куәлігі электронды жүзеге асырылған және қызмет алушының жеке кабинетіне түседі. Осылайша, салық органдарына келу қажеттілігі және қызмет берушімен жеке байланыс толықтай жойылды. Он-лайн тіркеу іске асырылған сәттен бастап 2,0 мыңға жуық жеке тұлға ЖК ретінде тіркелді;

  • ұқсас қағидат бойынша ЖК-ге патент беру қызметі де көрсетіледі. 2013 жылы электронды түрде берілген патенттер саны – 440,1 мыңды құрады.

  • электронды салық төлеушіні тіркеу үшін Салық төлеуші кабинеті арқылы электронды түрде салықтық өтініш ұсыну мүмкіндігі жүзеге асырылған. Көрсетілетін қызмет тест режимінде қол жетімді. Қазіргі уақытта салық заңнамаларына сәйкес өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

  • салықтық резиденттік сертификатын алу үшін Салық төлеуші кабинеті арқылы электронды түрде салықтық өтініш ұсыну мүмкіндігі іске асырылды. Көрсетілетін қызмет тест режимінде қол жетімді. Қазіргі уақытта салық заңнамаларына сәйкес өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Министрліктің кеден органдарының мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» және «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ішінара автоматтандырылды.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2013 жылғы 21 қазаннан бастап 2013 жылғы 15 қарашаны қоса алғандағы аралықта «Қаржы жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау орталықтары» АҚ-мен «Салық органдарындағы Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығымен салықтық қызметтер көрсету» тақырыбында семинарлар өткізілді. Семинарларға Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының 108 қызметкерлері қатысты.

Министрлікте мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша халықаралық тәжірибе әдістері зерделенуде, сондай әдістердің бірі болып процестерді басқару әдісі - Lean-менеджмент болып табылады, ол жұмыста қызмет алушылардың да қызмет көрсетушілердің де уақытына және шығынына «үнемдеу философиясын» қолдануды білдіреді. Семинарлар шеңберінде Lean-тәсілін қолдану бойынша тренингтер жүргізілді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

«Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 57 қаулысымен рұқсат беру құжатын алу үшін салық төлеушіден сұралатын құжаттар саны 28-ден 8-ге қысқартылды.

«Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңымен  «Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттік қызметі бойынша сұралатын құжаттар саны, сондай-ақ қызмет көрсетудің мерзімі үш жұмыс күнінен бір жұмыс күніне дейін қысқартылды

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық органдарымен берілетін арнайы салық режимін қолдану туралы немесе арнайы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешім беру күшін жойды. Салық төлеушіге сәйкес салық режимін қолдану туралы салық органына хабарлау жеткілікті.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

Қосымшасы қоса берілген.


2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Салық комитеті Төрағасының 2010 жылғы 31 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген Салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау ережесіне сәйкес аймақтық салық департаментінің өкілетті басқармаларымен тұрақты негізде облыстың салық органдарымен көрсетілетін қызметтердің сапасына және қол жетімділігіне мониторинг жүргізіледі.

2013 жылы мынадай тексерулер жүргізілді:


  1. «Құпия тұтынушы» әдісімен – 100 тексеріс;

  2. Ақпаратты қабылдау және өндеу орталықтарының жұмысын тексеру – 97 тексеріс;

  3. тікелей салықтық қызметтер көрсететін салық департаментінің бөлімшелерін тексеру – 8 тексеріс.

Ақпаратты қабылдау және өндеу орталықтарын тексеру барысында, сондай-ақ қызметкерлерді мемлекеттік қызмет стандарттарын, регламенттерін, нормативті-құқықтық актілерді, Ақпаратты қабылдау және өндеу орталығының Жұмысы ережесін және т.б. білуіне тестілеу жүргізіледі.

Телефонды байланыс кезіндегі салық төлеушімен қатынас стандартын сақтау және салық төлеушілерге сапалы қызмет көрсету қағидатын сақтау мақсатында салық заңнамасын түсіндіру қызметін көрсетуге уәкілетті салық органдарының қызметкерлеріне телефон соғу әдісімен тексерулер жүргізілді.

2013 жыл бойы жасалған талдаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттердегі талаптардың бұзылуы үшін тәртіптік жауапкершілікке салық қызметі органдарының 168 қызметкері тартылды.

2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңнама нормаларын бұзудың 33 фактісі анықталды. Өткізілген бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы кеден органдарының 33 қызметкері әр түрлі тәртіптік жазаға тартылды.


3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Бағалау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 04-2-4/33 және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 149 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізілді.

2013 жылы Министрліктің 50 қызметі бағалауға жатады, олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізілген.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылы 15 сәуірдегі Заңын (бұдан әрі - Заң) қабылдауға байланысты Министрлік мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілгендерінің күшін жойды және жаңа стандарттары мен регламенттерінің жобаларын әзірледі, Сонвмен байланысты, 2013 жылы сонында 7 мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілген болды.

2013 жылы Министрлік Тізілімді кеңейту бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді. Осылайша, Тізілімге мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 жаңа түрі енгізілді, сондай-ақ 2012 жылғы бағалау қорытындылары бойынша, атап айтқанда Тізілімді кеңейту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу, көрсетілетін қызметтердің белгіленген мерзімдерін бұзу сандарын қысқарту мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қосымша түрлерін анықтау бойынша ұсынымдар, деректер ескерілді.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы 2007 жылдан бастап «Салық органдарының қызметі сапасын бағалау» тақырыбында қоғамдық ой-пікірге мониторинг жүргізуде.

2013 жылғы зерттеудің қорытындысы бойынша салық қызметі органдарының қызметтерімен бизнес және тұрғындардың қанағаттануы тиісінше 87% және 86% құрады, кезекте күтудің орташа уақыты – 20 минут.

ҚМ СК-нің мынадай мекенжайы бойынша: www.salyk.gov.kz сайтында сауалнаманың нәтижесімен егжей-тегжейлі танысуға болады.

Есепті кезеңде «Сандж зерттеу Орталығымен» Қоғам қорымен әлеуметтік сұрастыру өткізілген. Зерттеу шегінде, кедендік жұмысы өкілінде сыртқы экономикалық және басқа қызметің жүзеге асырып жүрген кедендік құқықтық қатынас қатысушылардын пікірі зерттелді. Кедендік органдар қызметтерді көрсету сапасы сыртқы экономикалық қызметі қатысушылардын қанағаттанушылығымен бағаланды.

2013 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша кедендік қызметі қанағаттанушылығы толық 68% құрады. 2012 жылғы нәтижелері жөнінде көрсеткіштің 4% жақсартуы байқалады.

Қызметтер қанағаттанушылығының дәрежесі:

Кедеңдік декларациясын рәсімдеу – 71%;

Шекарада кедендік бақылау – 64%;

Ауежайда жолаушыларды кедендік бақылау – 83%.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторингілеуге сай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 177 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ҚМ ММЖК көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша ескертулер (мерзімдерді бұзу, кәсіпкерлерден кінәраттар мен ескертулер және т.б.) жоқ.


  1. Қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қанағаттандырылуын арттыру және одан арғы тиімділігінің перспективалары

Министрлікте 2014 жылы «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» қызметін электронды нысанда қызмет алу туралы қызметті алушының үндеуіне бағыттау бөлігінде ішінара автоматтандыру жоспарланып отыр.

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «2011-2014 жылдарға салықтық әкімшілендіруді реформалау жөніндегі жобаны» іске асыру шеңберінде бизнес-процестерді реинжинирингтеуді жүргізу арқылы көрсетілетін салықтық қызметтер сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар қарастырылған.

Алдағы жылдарда салық органдарының Орталықтарында кезекті басқарудың электрондық жүйесін енгізу тиімділігінің нәтижелері бойынша Астана және Алматы қалаларында кезекті басқарудың электрондық жүйесін орнату жоспарланып отыр.

Электрондық түрде көрсетілетін салық органдарының қызметтер тізбесін кеңейту жоспарлануда.

2-қосымша

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат


Өтініш беруші туралы мәлімет




Шағымның мазмұны

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастырған күні

Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы

мәліметтер



1

2

3

4

5

6

7

А.Т.Сулейменова

БСАЖ АЖ –сіндегі қате мәліметтер

Алматы қаласы бойынша Салық департаменті

05.03.2013ж.

№НД-19.1-22/3154

тіркеу мәліметтері өзекті қалпына келтірілді

-

«Somal-cargo» ЖШС

салық төлеушіге қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігін бермеу


Алматы қаласы бойынша Салық департаменті (Алматы қ. Жетісу ауданы бойынша СБ)

11.06.2013ж.

№НД-19-05/8147

жауапты орындаушыға жазбаша ескерту берілді.

-

М.О.Кундызбекова

мемлекеттік бажды қайтару туралы өтінішті қарастыру мерзімін бұзу

Алматы қаласы бойынша Салық департаменті (Алматы қ. Алмалы ауданы бойынша СБ)

20.03.2013ж.

№11/127

шағым толықтай қанағаттандырылды

-

А.А.Нуржанова

телефон бойынша резидент емес тұлғаны тіркеу туралы сұраққа түсіндірме бермеу

Алматы қаласы бойынша Салық департаменті (Алматы қ. Бостандық ауданы бойынша СБ)

04.06.2013ж.

№НД-19-05/7765

жауапты орындаушыға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді

-

Э.С.Курбанова

салық заңнамасы бойынша түсіндіру жүргізуге жауапты қызметкерлердің телефондарының жауап бермеуі

Алматы қаласы бойынша Салық департаменті (Алматы қ. Медеу ауданы бойынша СБ)

02.10.2013ж.

№НД-19-05/14288

жауапты орындаушыға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді

-

«Гасыр XXI» ЖШС


салық есептілігі нысанынан мәліметтерді ақпараттық жүйеге қате енгізу

Алматы қаласы бойынша Салық департаменті (Алматы қ. Алмалы ауданы бойынша СБ)

04.05.2013ж.

№НД-19.2-07/6232

шағым толықтай қанағаттандырылды

-

ЖК И.В.Пригода


ақпараттық жүйеге арнаулы салық режимін қолдану туралы мәліметтерді енгізбеу

Алматы қаласы бойынша Салық департаменті (Алматы қ. Әуезов ауданы бойынша СБ)

18.09.2013ж.

№НД-19.2-07/2089-ю

шағым толықтай қанағаттандырылды

-

«Бухучет-НАП» ЖШС-( MB Logistic ЖШС өкілі)


салық есептілігі нысанын заңсыз кері қайтару

Алматы қаласы бойынша Салық департаменті (Алматы қ. Медеу ауданы бойынша СБ)

09.09.2013ж.

№НД-19.2-07/2032-ю

шағым толықтай қанағаттандырылды
жауапты орындаушыға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді

-

«Имсталькон» ЖШС

қызметін қайта бастау туралы салықтық өтінішті ақпараттық жүйеге енгізбеу

Алматы қаласы бойынша Салық департаменті (Алматы қ. Әуезов ауданы бойынша СБ)

20.11.2013ж.

№НД-19.2-05/17297

шағым толықтай қанағаттандырылды

-

С.В.Ли

дөрекі қызмет көрсету

Астана қаласы бойынша Салық департаменті

03.06.2013ж.

№291

жауапты орындаушыға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза берілді

-

Е.Ж.Каженов

ЖК ретінде тіркеу есебінен шығармауға қатысты

Алматы облысы бойынша Салық департаменті

03.09.2013ж.

№05-22/93

жазбаша түсініктеме берілді

-

Д.Б.Бекшураева

бір салық төлеушінің екі СТН және ЖСН-інің болуына қатысты

Маңғыстау облысы бойынша Салық департаменті

12.10.2013ж.

№УККНУ-9-1-6/5673

шағым толықтай қанағаттандырылды

-

А.Н.Абишева Өскемен қаласы әкімдігінің "Балалар өнер мектебі" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бас бухгалтері

дөрекі қызмет көрсету

ШҚО бойынша Салық департаменті

13.03.2013ж.

№15

жауапты орындаушыға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді

-

В.А.Козлов

мемлекеттік баж сомасын қайтарудан бас тартуға қатысты

ШҚО бойынша Салық департаменті

11.09.2013ж.

№32

жауапты орындаушыға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді

-

С.Н.Арапов

салықты қайтарудан бас тартуға қатысты

СҚО бойынша Салық департаменті

27.03.2013ж.

№УРНЗ-09-04/33

жауапты орындаушыға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді


-

Н.А.Борисевич

салық төлеушілер терминалының дұрыс жұмыс істемеуіне қатысты

Ақмола бойынша Салық департаменті

17.01.2013ж.

№УВК/2/254

жазбаша түсініктеме берілді

-

Д.С.Дюсекеева

ЖК ретінде тіркеу есебінен шығармауға қатысты

Ақмола бойынша Салық департаменті

07.04.2013ж.

№УВК/1957

жазбаша түсініктеме берілді

-

Р.Е.Есмагалиева

ЖК ретінде тіркеуден бас тартуға қатысты

Ақмола бойынша Салық департаменті

22.04.2013ж.

№УВК/2052

шағым толықтай қанағаттандырылды

-

А.А.Аманова

кассалық кітаптың жоғалуына байланысты

Ақмола бойынша Салық департаменті

26.06.2013ж.

№УВК/3298

шағым толықтай қанағаттандырылды

-

Р.Н.Карлинская

ЖК ретінде тіркеуге қатысты

Ақмола бойынша Салық департаменті

08.10.2013ж.

№УВК/5910

шағым толықтай қанағаттандырылды

-

А.С.Боргуль

берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы уақытында алмауға байланысты

Қазыбек би ауданы бойынша Салық басқармасы

06.11.2013ж.

№ОНР-11/19165

жауапты орындаушыға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза берілді

-

«MD Tech» ЖШС

Өтінішті қарау кезінде негізсіз талаптарды қою

Астана қаласы бойынша КБД

11.07.2013 ж.

№5 хаттама

Шағымда көрсетілген ақпарат расталмады

Шешім қайта қаралған жоқ

Қалқабай Б.Р.

Тауар декларациясын тіркеуден негізсіз бас тарту


Астана қаласы бойынша КБД

16.08.2013 ж.

№ ЛД-7 бұйрық

Астана қаласы бойынша КБД-нің «Астана – жаңа қала» ЕЭА» кеден бекетінің бас маманы Т.К.Ақтановқа ескерту жарияланды


Шешім қайта қаралған жоқ

«SilkWay Global» ЖШС

Қызметтік тұлғалардың заңсыз іс әрекеттері

ОҚО бойынша КБД

02.09.2013 ж.

№ 40-ЛД

бұйрық


ОҚО бойынша КБД-нің «Шымкент КРО» кеден бекетінің бас маманы В.А. Удаловқа ескерту жарияланды

Шешім қайта қаралған жоқ

«NLS Nazli logistics» ЖШС

Тауарды шағарудан негізсіз бас тарту

Павлодар облысы бойынша КБД

16.08.2013 ж.

ӨАТК № 52

Мәліметтер Павлодар облысы бойынша ЭСЖКД-ға түпкілікті шешім қабылдау үшін жіберілді.

Павлодар облысы бойынша ЭСЖКД қылмыстық істі қозғаудан бас тартты



Шешім қайта қаралған жоқ

Каталог: irj
irj -> 2011 жылғы 1 жартыжылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі
irj -> 6. Талдамалы жазба ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы №452 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»
irj -> 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы
irj -> Жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебі
irj -> Құрметті Қабиболла Қабенұлы! Құрметті депутаттар!
irj -> Қаржы министрі Б. Т. Сұлтановтың 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бойынша Парламент Сенатында таныстырылымына баяндамасы
irj -> "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы n 357 Жарлығы
irj -> Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет