Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының



Дата11.07.2016
өлшемі35.29 Kb.
#190496

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

2005 жылғы ___ наурыздағы № ___ қаулысымен бекітілген




Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді бағаны


манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесі

Осы Ереже бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану тәртібін айқындайды.

1. Мәміле тараптары арасында алдын ала келісілген баға бойынша жасалатын, бағалы қағаздар нарығында мұндай мәмілені жасағанға дейін қалыптасқан осы бағалы қағаздарға бағалардан елеулі ерекшеленетін мәміле сауда-саттықты ұйымдастырушы тікелей мәмілелерді жасау әдісімен өткізген сауда-саттықтарда жасалған мәміле деп танылады, егер:

мәмілені акциялармен жасаған кезде акциялармен осы мәміле бағасының осы Ереженің 3-тармағына сәйкес есептелген осы акциялардың орташа алғандағы нарықтық бағасының ауытқуы отыз және одан астам проценттік құрайды;

облигациялармен мәмілені жасаған кезде (оның ішіне мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздармен) осы облигациялар кірістілігінің осы Ереженің 4-тармағына сәйкес есептелген өтеуге осы облигациялардың орташа алғандағы нарықтық кірістілігінің осы мәміленің бағасына сәйкес өтеуге ауытқуы үш және одан астам проценттік тармақты құрайды.

Шамамен бірдей бағамен және жасалу уақытымен қарсы бағыттылығы бар мынадай мәмілелер бағаны манипуляциялау мақсатында жасалмаған болып табылады:

сауда-саттықты ұйымдастырушының мұндай операцияларға арналған сауда жүйесі секторында жүзеге асырылатын дәл сол бір репо операциясына жататын репоны ашу және жабу мәмілелері;

бірдей көлемді бірдей бағалы қағаздармен екі мәміле олардың екіншісі осы мәмілелердің біріншісін жасаған кезде жіберілген техникалық қатені түзету мақсатында жасалған болса.

3. Акцияның орташа алғандағы нарықтық бағасы сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен отыз күнтізбелік күн ішінде ашық сауда әдісімен өткізген сауда-саттықтарда жасалған акциялармен (ақшалай) мәмілелердің жиынтық көлемінің мұндай мәмілелердің жиынтық мөлшеріне бағалы қағаздармен) ара-қатынасы ретінде есептеледі (осы тармақтың екінші абзацында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып).

Егер көрсетілген кезең ішінде акциялармен жасалған мәмілелер саны бестен кем болған жағдайда, осы акциялардың орташа алғандағы нарықтық бағасы сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен бір жүз сексен күн ішінде ашық сауда әдісімен өткізген сауда-саттықтарда жасалған осы акциялармен (ақшалай) соңғы бес мәміленің жиынтық көлемінің мұндай соңғы бес (бағалы қағаздармен) мәміленің жиынтық мөлшеріне ара-қатынасы ретінде есептеледі.

4. Өтеуге арналған облигациялардың орташа алғандағы нарықтық кірістілігі мына формула бойынша есептеледі:

, мұнда

I, % - өтеуге арналған облигациялардың орташа алғандағы нарықтық кірістілігі, жылдық процентпен;



i – осы облигациялармен мәміле бағасына сәйкес өтеуге арналған облигациялардың кірістілігі, жылдық процентпен;

V – облигациялармен мәмілелер саны, ақшалай;

n - сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен отыз күнтізбелік күн ішінде ашық сауда әдісімен өткізген сауда-саттықтарда жасалған облигациялармен мәмілелер саны (көрсетілген кезең ішінде облигациялармен жасалған мәмілелер саны бестен аз болған жағдайда, n сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен бір жүз сексен күн ішінде ашық сауда әдісімен өткізген сауда-саттықтарда жасалған облигациялармен мәмілелер саны бес және одан астам құраса).

5. Уәкілетті орган бағалы қағаздармен бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған ретінде мәмілелерді:

сауда-саттықты ұйымдастырушының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептеріндегі;

бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және өзге жеке және заңды тұлғалардың хаттарындағы (өтініштеріндегі, шағымдарындағы, хабарласуларындағы);

бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдардағы ақпарат негізінде анықтайды.

6. Бағаны манипуляциялау фактілерін растау мақсатында уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілерінен қажетті ақпарат беруді сұрата алады және қажет болғанда бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне инспекциялық тексеруді жүзеге асырады.

7. Мәмілелерді бағаны манипуляциялау мақсатында жасалды деп тану қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының шешімімен ресімделеді.

8. Уәкілетті орган бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп танылған бағалы қағаздармен мәміле тараптарын осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген шешім ресімделген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұндай тану туралы жазбаша хабардар етеді.



9. Реттеу тәртібі осы Ережеде айқындалмаған мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет