Әскерлердің салтанатты шерумен жүріп өту тәртібі
30. Әскерлер салтанатты шерумен гарнизон бастығының бұйрығында көрсетілген тәртіппен жүріп өтеді.
Салтанатты шерумен жүріп өту үшін парад қолбасшысы: «Парад, ТІК ТҰР», «Салтанатты ШЕРУГЕ», «РОТА (БАТАЛЬОН) БОЙЫНША», «Бір сызықтық (екі сызықтық) арақашықтықпен, бірінші рота (батальон) тура, қалғандары оң-ҒА», «Иық-ҚА», «Назар оңға, адым - БАС» командаларын береді.
31. «Салтанатты ШЕРУГЕ» командасы бойынша бөлімшелердің командирлері саптан шығады және өз бөлімшелері маңдайшебінің алдына, ал әскери бөлімдердің командирлері мен олардың орынбасарлары - бас жағындағы бөлімшелер (әскери бөлімдер) командирлерінің алдында белгіленген арақашықтықта тұрады. Ту ұстаушылар мен ассистенттер алға шығады және белгіленген арақашықтықтан, ал барабаншылар - бас жақтағы әскери бөлім (бөлімше) комадирінің алдында 15-20 адымда тұрады.
Әскерлердің салтанатты шерумен жүріп өту сызығын белгілеу үшін тағайындалған сызықтық білдірушілер саптық адыммен осы сызық бойымен бір-бірінен 15-20 адым қашықтықта өз орындарына тұрады.
«РОТА (БАТАЛЬОН) БОЙЫНША» командасы бойынша әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері оңға бұрылады.
Парад қолбасшысының «Иық-ҚА» командасы бойынша карабиндермен қаруланған әскери қызметшілер оларды «иыққа» күйіне алады (автоматтардың «кеудеге» күйі өзгермейді); ту ұстаушылар жауынгерлік туларды көтереді, Жауынгерлік Ту сабының төменгі ұшын тұғыр ұясына салады және қолдарымен сүйеп ұстап тұрады. Оркестр мен барабаншылар ойнауға дайындалады.
«Кеудеге» күйіндегі автоматтармен қаруланған әскери қызметшілер «адым» алдын ала командасы бойынша оларды сол қолмен сағақ пен ұңғы бастырмасынан алады.
32. Парад қолбасшысының «БАС» командасы бойынша барабаншылар мен бас жақтағы бөлімше қолбасшының соңынан қозғалысты шағын барабандарды соғумен саптық адыммен бастайды.
Қалған бөлімшелер қозғалысты белгіленген арақашықтықтарды сақтай отырып жүзеге асырады, бас жақтағы бөлімше тұрған жерге дейін жетеді, өз командирлерінің командасы бойынша солға бұрылады (оң иықпен алға енеді), түзеледі, белгіленген аралықты, арақашықтықты орнатады және «ТУРА» командасы бойынша алда келе жатқан бөлімшенің соңынан жүреді.
Бөлімшелердегі оң жақ қапталдағылар сызықтық белдірушілер белгілеген сызық бойымен олардан бір адым артта жүреді.
33. Парад қолбасшысы салтанатты шерумен жүріп өту үшін команда бере отырып, барабаншылардың (бас жақтағы әскери бөлімнің, бөлімшенің) алдында екі сызықтық арақашықтықта қозғалады. Парадты қабылдаушыға екі сызықтық жақын келгенде, ол қолын бас киіміне апарады және басын ол жаққа қарай бұрады, парадты қабылдаушының жанынан өткеннен кейін ол машинадан шығады және парадты қабылдаушыдан оңға қарай және біршама артта тұрады.
34. Әскери бөлімдер салтанатты шерумен жүріп өткен кезде бас жағындағы әскери бөлімнің алдында келе жатқан бөлімше маңдайшебінің орта тұсы алдында бөлім командирі жүреді, одан кейін екі адымда - оның орынбасарлары (бір қатарда), орынбасарлардан кейін екі адымда - бөлімнің Жауынгерлік Туымен ту ұстаушы мен ассистенттер, бөлімнің Жауынгерлік Туынан кейін төрт адымда әскери бөлімдер (бөлімшелер) белгіленген арақашықтықтарда бірінен кейін бірі жүреді.
35. Бас жақтағы бөлімше парадты қабылдаушыға төрт-бес сызықтық кашықтыққа жақындағанда, құрама оркестр маршты ойнай бастайды. Егер әскерлер парадына барабаншылар қатысатын болса, олар шағын барабандарды соға отырып, бас жақтағы бөлімшенің алдында салтанатты шерумен өтеді. Оркестр марш орындауды бастағанда шағын барабандарды соғу тоқтатылады.
36. Парадты қабылдаушыға екі сызықтық қалғанда, әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері: «Назар оң-ҒА» командасы (белгісін) береді, қолын бас киіміне апарады және басын парадты қабылдаушы жаққа қарай бұрады. Оң жақ қапталдағылардан басқа, сапта тұрғанның барлығы бір уақытта басын сол жаққа қарай бұрады. Өтіп бара жатқан бөлімшенің командирі парадты қабылдаушыдан кейін үшінші сызықтықтан өткенде командирлер қолын бас киімінен түсіреді және басын тік қаратады. Сапта тұрғандардың барлығы бір уақытта басын тік қаратады.
Ту ұстаушылар мен ассистенттер салтанатты шерумен жүріп өткен кезде басын парадты қабылдаушы жаққа бұрмайды.
Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері парадты қабылдаушының жанынан өткеннен кейін саптан шығады және парад қолбасшысынан оңға қарай бес адымда тұрады.
37. Машиналарда салтанатты шерумен өтетін әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері өз әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) алдында автомобильдерде (мұнарада тұрып, жоғарғы люктері ашық броньды техникада) жүреді және парадты қабылдаушыға үш сызықтық қалғанда, парадты қабылдаушы жаққа басын бұрумен бір уақытта қолын бас киіміне апарып, оған сәлемдеседі.
Қалған танктердің (өздігінен жүретін зеңбіректердің) жоғарғы люктері жабық болуы тиісті.
Автомобильдердің (тартқыштардың) кабиналарында болатын әскери қызметшілер салтанатты шерумен жүріп өту кезінде әскери сәлемдесуді орындамайды.
Машиналардың ашық қораптарында болатын әскери қызметшілер парадты қабылдаушыға үш сызықтық қалғанда оған басын бұрумен сәлемдеседі.
38. Әрбір әскери бөлім (бөлімше) парадты қабылдаушының жанынан өткеннен кейін, сол саппен белгіленген орынға дейін жүреді, ол жерден қажетті қайта сапқа тұрғызылғаннан кейін өз орналасқан жеріне жіберіледі.
Соңғы әскери бөлім парадты қабылдаушыдан кейін бірінші сызықтықтан өткеннен кейін құрама оркестр ойнауын тоқтатады, оңға бұрылады және жүру кезінде маршты орындай отырып, сол жерден салтанатты шерумен бастапқы орнына жүріп өтеді. Әскери оркестр өткеннен кейін сызықтық білдірушілер кезекпен оркестр сабының соңына сапқа тұрып жүреді.
Әскерлердің қоғамдық іс-шараларға қатысуы
39. Әскери бөлімдердің бөлімшелері тек гарнизон шекараларында қоғамдық іс-шараларға тартылуы мүмкін.
Гарнизондық жиналыстар мен өзге де қоғамдық іс-шаралар өткізілген кезде әскерлердің оған қатысуы әрбір жекелеген жағдайда гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығымен айқындалады.
40. Бұйрықта: іс-шараның мақсаты, мазмұны мен бағдарламасы, оған қатысу үшін тартылатын әскерлердің құрамы, киім нысаны, әскерлердің жиналу уақыты мен орны, әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) жүру бағыттары, оларды сапқа тұрғызу және жүріп өту тәртібі, іс-шараны өткізу уақытындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көрсетіледі.
3-тарау. Әскери құрметтер көрсету
Жалпы ережелер
41. Құрметті қарауыл - салтанатты іс-шараларға, оның ішінде мемлекеттік ескерткіштердің ашылуына шығарылатын әскери нышандарға (Жауынгерлік Туға, Әскери-теңіз жалауына) әскери құрметтер көрсету үшін, халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерінің өкілдерін қарсы алу (шығарып салу) үшін, сондай-ақ осы Жарғының 48-тармағында көрсетілген адамдарды жерлеу кезінде тағайындалған бөлімше (команда).
Жерлеуге тағайындалған құрметті қарауыл жекелеген жағдайларда құрметті эскорт болып қайта құрылуы мүмкін.
42. Құрметті қарауыл құрамына бөлімшеден бастап ротаға дейінгі жаяу саптағы бөлімшелер (немесе оларға сәйкес бөлімшелер) және әскери оркестр тағайындалады.
Құрметті қарауыл бастығы болып офицер тағайындалады. Қажет болған кезде құрметті қарауыл құрамынан жұпты сақшылар мен ту ұстаушылар қойылуы мүмкін.
43. Құрметті қарауыл гарнизон бастығының, әскери бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалады. Бұйрықта құрметті қарауылдың құрамы, киім нысаны мен қару-жарағы көрсетіледі. Оқ-дәрілер құрметті қарауылға берілмейді, салют ату үшін бос патрондар берілуі мүмкін.
Құрметті қарауыл гарнизон бастығына және ол тағайындалған әскери бөлімнің командиріне бағынады.
44. Құрметті қарауыл сақшылары мен ту ұстаушылар ауысымы кемінде 15 минуттан кейін жүргізіледі. Ауыстыру үшін командалар берілмейді және постыны өткізу жүргізілмейді.
Құрметті қарауылдардың сақшылары мен ту ұстаушылар әскери сәлемдесуді орындамайды.
Олардың құрметіне құрметті қарауыл тағайындалған адамдарды
қарсы алу және ескерткіштерді ашу кезінде әскери құрметтер көрсету
ҚР Президентінің 2013.15.04. № 541 Жарлығымен 45-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
45. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бірінші басшыларының және Қарулы Күштер Бас штабы бастығының ерекше нұсқауы бойынша шетел мемлекеттерінің өкілдерін қарсы алу және шығарып салу үшін құрметті қарауыл жауынгерлік тумен (Әскери-теңіз жалауымен) өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады. Ту ұстаушы мен ассистенттер қарауылдың оң жақ қапталынан екі адым, оркестр - жауынгерлік тудан оңға қарай үш адым аралықта тұрады.
Қарсы алынатын адам 40-50 адым жақындаған кезде карабиндермен қаруланған құрметті қарауыл бастығы: «Қарауыл, ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «Оңнан (солдан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА», ал автоматтармен қаруланған - «Қарауыл - ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР»,»Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командаларын береді.
Осы командалар бойынша карабиндермен қаруланған құрметті қарауыл қаруды «қарауылға» алады және басын қарсы алынатын адам жаққа қарай бұрады, ал автоматтармен қаруланғандар тек қарсы алынатын адам жаққа қарай басын бұрады; оркестр «Қарсы алу маршын» орындайды; құрметті қарауыл бастығы қолын бас киіміне апарып (қылышты «қарауылға» күйіне келтіріп), қарсы алынатын адамға саптық адыммен келеді және оған дейін екі-үш адым қалғанда тоқтайды, қылышты «аяққа» күйіне түсіреді және баяндайды, мысалы: «Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі мырза, Сіздің келу құрметіңізге құрметті қарауыл сапқа тұрғызылды. Қарауыл бастығы майор Ахматуллин». Қарауыл бастығы баяндау үшін тоқтағанда оркестр ойнауын тоқтатады.
Қарауыл бастығы баяндауын аяқтағаннан кейін қолын бас киімінен түсірместен (қылышын «аяққа» күйінде ұстап), оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяғымен жанына бір адым жасайды. Оркестр оның құрметіне құрметті қарауыл тағайындалған өкіл мемлекетінің мемлекеттік әнұранын, одан кейін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.
Оркестр мемлекеттік әнұрандарды орындауды аяқтағаннан кейін қарауыл бастығы оның соңында бір-екі адымда жүре отырып және саптың сырт жағынан, қолын бас киімінен түсірместен (қылышын «аяққа» күйінде ұстап), қарауыл маңдайшебі бойымен қарсы алынатын адамға ілесіп жүреді.
Сәлемдескеннен және қарауыл маңдайшебін айналып өткеннен кейін қарауыл бастығы қолын бас киімінен түсіріп (қылышын қынабына салып), карабиндермен қаруланған қарауыл үшін: «Аяқ-ҚА»,»ЕРКІН ТҰР», ал автоматтармен қаруланғанға - «ЕРКІН ТҰР» командаларын береді және қарауылды үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызады. Одан кейін қарауыл қарсы алынатын адамның жанынан оркестрмен салтанатты шерумен жүріп өтеді.
46. Ескерткішті ашуға уәкілетті адамды қарсы алу мен ілесіп жүру осы Жарғының 45-тармағында көрсетілген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Егер ескерткішті ашуға уәкілетті адам әскери қызметші болып табылса, онда оның сәлемдесуіне құрметті қарауылдың жеке құрамы Ішкі қызмет жарғысына сәйкес, ал қалған адамдардың сәлемдесуіне - ерекше нұсқау бойынша жауап береді.
Ескерткіштен жамылғыны алар алдында қарауыл бастығы: «Қарауыл, ТІК ТҰР», «Назар орта-ҒА», ал егер қарауыл карабиндермен қаруланған болса, онда: «Қарауыл - ТІК ТҰР», «Назар орта-ҒА», «Қарауыл-ҒА» командаларын береді; оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындайды.
Оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындауды аяқтағаннан кейін автоматтармен қаруланған қарауыл бастығы: «ЕРКІН ТҰР», ал карабиндермен қаруланғанға - «Аяқ-ҚА», одан кейін «ЕРКІН ТҰР» командаларын береді.
Митинг аяқталғаннан кейін құрметті қарауыл мен оркестр (егер жағдай мүмкіндік берсе) қарауыл бастығының командасы бойынша үш (төрт) лекке сапқа қайта тұрғызылады және ескерткіш алдынан оркестрмен салтанатты шерумен жүріп өтеді. Құрметті қарауылдың сақшылары ерекше нұсқау бойынша алынады.
47. Салтанатты отырысқа гарнизон бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығы бойынша шығарылатын Жауынгерлік Туға (туларға) құрметті қарауыл мен сақшылар ауысымының санына байланысты екі-үш ту ұстаушы топ тағайындалады. Құрметті қарауылдың сақшылары (ассистенттер) Жауынгерлік Тудың (тулардың) екі жағына қатар тұрады және саптық қалыпты қабылдайды, бұл ретте автоматтар «кеудеге» күйінде (карабиндер «аяққа», қылыштар - «иыққа» күйінде) болады.
Салтанатты отырыс өткізілетін орынға және әскери бөлімге кері қайтқанда Жауынгерлік Туға ілесіп жүру үшін туды алып жүретін взвод тағайындалады.
Жауынгерлік Туды шығару және әкету Саптық жарғының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Жерлеу кезінде әскери құрметтер көрсету.
48. Жерлеу кезінде әскери құрметтер:
Кеңес Одағының Батыры (Социалистік Еңбек Ері), «Халық Қаһарманы» атақтарына ие болған, Даңқ ордендерінің толық иегерлеріне, «Отан» орденімен наградталған адамдарға;
Ұлы Отан соғысына және басқа да соғыстарға (Қазақстан Республикасының мүдделерінде қарулы жанжалдарға және жауынгерлік іс-қимылдарға) қатысқандарға;
«полковник» (бірінші дәрежелі капитан) және одан жоғары әскери атақтағы запаста немесе отставкада болатын офицерлерге;
әскери қызметте болудың жалпы ұзақтығы 25 және одан да көп жылы бар, әскери қызметтен әскери қызметте болудың шекті жасына жетуі, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты босатылған азаматтарға;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде мемлекет алдындағы зор еңбегі бар азаматтарға;
әскери қызмет өткеру, әскери жиындар уақытында қаза тапқан (жаралану, зақымдану, контузия алу, сырқаттану нәтижесінде қайтыс болған) әскери қызметшілерге, сондай-ақ әскери міндеттілерге көрсетіледі.
Егер қаза табу (қайтыс болу) қаза тапқанның (қайтыс болғанның) құқыққа қарсы іс-қимылдар жасау кезінде болса, әскери құрметтер көрсетілмейді.
49. Әскери қызметте болған уақытта қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілерді жерлеуді ұйымдастыру олардың тікелей бастықтарына, ал оларды жерлеу кезінде құрметті эскорт тағайындалатын қалған адамдарды - гарнизон бастығына (жергілікті әскери басқару органының бастығына) жүктеледі.
ҚР Президентінің 2013.15.04. № 541 Жарлығымен 50-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
50. Әскери қызметшілерді жерлеу кезінде әскери құрметтер көрсету үшін тағайындалатын бөлімшелер (командалар) құрметті эскортты құрайды.
Құрметті эскортқа:
сарбаздарды (матростарды), сержанттарды (старшиналарды), прапорщиктерді (мичмандарды) және кіші офицерлерді жерлеу кезінде - бөлімшеге дейін;
аға офицерлерді жерлеу кезінде - взводқа дейін;
Кеңес Одағының Батыры (Социалистік Еңбек Ері), «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған, Даңқ ордендерін толық иеленген, «Отан» орденімен наградталған адамдарды, мемлекет алдында ерекше еңбек сіңірген азаматтарды, гепералдарды (адмиралдарды), әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлерін жерлеу кезінде - ротаға дейін және одан жоғары, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының (аумағында жерлеу өткізілетін өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының) ерекше нұсқауы бойынша тағайындалады.
Взвод немесе одан көп құрамда тағайындалатын құрметті эскорт тысы жоқ және қаралы лентасы бар Мемлекеттік Тумен (Жауынгерлік Тумен) болуы тиіс.
51. Құрметті эскорттан басқа, жерлеуге:
оркестр;
мәйітке (мәйіт салынған табытқа) құрметті қарауыл;
мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығару және қабірге түсіру үшін 8-10 адам тағайындалады.
Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) тасымалдау үшін автомобиль бөлінеді.
Кеңес Одағының Батыры (Социалистік Еңбек Ері), «Халық Қаһарманы» атақтарына ие болған адамдарды, Даңқ ордендерінің толық иегерлерін, «Отан» орденімен наградталған адамдарды, мемлекет алдында зор еңбегі бар азаматтарды, генералдарды (адмиралдарды) жерлеу кезінде марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) тасымалдау үшін зеңбірек лафеті бөлінеді.
Жерлеуді қашық елді мекендерде ұйымдастырған жағдайларда құрметті эскорттың құрамын, санын, қару-жарағы мен жабдығын гарнизон (жергілікті әскери басқару органының) бастығы айқындайды.
Ордендер мен медальдарды алып жүру үшін ордені немесе медальдары бар әрбір жастықшаға бір адамнан тағайындалады, бұл ретте генералдар мен офицерлерді жерлеу кезінде ол үшін офицерлер, ал прапорщиктерді (мичмандарды), сержанттарды (старшиналарды), сарбаздарды (матростарды) жерлеу кезінде - сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) тағайындалады.
Әрбір орден жеке жастықшаға тағылады. Медальдар бір жастықшаға бірнешеуден тағылуы мүмкін.
Табыттың қақпағына бас киім бекітіліп қойылады. Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) Мемлекеттік жалаудың матасымен жабады.
52. Өз әскери бөлімінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшіні жерлеуге құрметті эскортты және команданы осы бөлімнің командирі тағайындайды. Марқұмның мәйітін шығару және жерлеу уақыты мен орны гарнизон бастығына хабарланады.
Осы Жарлықтың 48-тармағында көрсетілген адамдар тұрақты қызмет орнынан (тұрғылықты жерінен) тыс қайтыс болған жағдайда жерлеуге құрметті эскорт пен команданы қайтыс болған және жерлеу орны бойынша гарнизондардың (жергілікті әскери басқару органдарының) бастықтары тағайындайды.
53. Егер қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшіні жерлеу басқа қалада немесе ауылда өткізілетін болса, марқұмның мәйітіне (мәйіт салынған табытқа) құрметті эскорт пен оркестр қала шегіне (вокзалға, әуеайлаққа, портқа, айлаққа) дейін ілесіп жүреді.
Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) жерлеу орнына дейін жол жүруде ілесіп жүру үшін әскери бөлім командирінің немесе гарнизон (жергілікті әскери басқару органы) бастығының бұйрығымен кемінде төрт адам тағайындалады, оларға нұсқаулар берілген және өздерімен бірге: қайтыс болғаны туралы хабарлама; қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік; қайтыс болғаны туралы куәлік; инфекциялық сырқатының жоқтығы туралы анықтама; марқұмның отбасына оның қайтыс болу жағдайлары мазмұндалған, әскери бөлім командирінің қолы қойылған хат; қаза тапқанның (қайтыс болғанның) оралған және сүргілі мөрмен мөрленген жеке заттары, құндылықтары мен наградалары болуы тиіс.
Белгіленген жерге келгеннен кейін ілесіп жүрушілер жергілікті әскери басқару органының бастығына акті бойынша қаза тапқанның (қайтыс болғанның) құжаттарын, заттары мен құндылықтарын тапсыруға және жерлеуге өзі қатысуға міндетті.
Онда жерленген күні мен орны көрсетілген, жергілікті әскери басқару органы бастығының елтаңбалы мөрімен расталған қайтыс болғаны туралы түбіртекті ілесіп жүрушілер қайтып оралғаннан кейін өз әскери бөлімінің штабына өткізеді.
Жерлеу белгіленген пунктке марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табыттың) немесе көліктің бір түрінен екіншісіне тиеу пункттеріне әкелу уақыты туралы тиісті гарнизон бастығына (жергілікті әскери басқару органының бастығына) әскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған) әскери бөлімнің командирі бір тәуліктен кешіктірмей хабарлауы тиіс.
Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) қарсы алу және жерлеу орнына дейін ілесіп жүру үшін осы Жарғының 50, 51-тармақтарына сәйкес жерлеуге құрметті эскорт және команда тағайындалады.
54. Әскери қызметшінің қайтыс болғаны туралы әскери бөлімнің командирі қысқа мерзім ішінде қаза тапқанның (қайтыс болғанның) жақын туыстарына және марқұм отбасының тұрғылықты жері мен әскерге шақырылу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына хабарлауға міндетті.
55. Гарнизон бастығы жерлеуге арналған құрметті эскорт пен команда тағайындалатын әскери бөлімнің командиріне олардың киім нысаны, келу уақыты мен орны туралы алдын ала хабарлайды.
Офицерлер мен сержанттар (старшиналар) жерлеулерде күнделікті киім нысанында және гарнизон бастығының нұсқауы бойынша оларда сол жақ жеңінде қаралы байлама болуы тиіс.
56. Марқұмның мәйітіне (мәйіт салынған табытқа) құрметті қарауылды қою уақытын гарнизон бастығы (әскери бөлімнің командирі) айқындайды.
Қарауыл өз құрамынан екі жұп сақшы қояды. Сақшылардың бір жұбы марқұм мәйітінің (мәйіт салынған табыттың) екі жағына, бас жағында одан екі адымда, екінші жұп - марқұмның аяқ жағына тұрады. Сақшылардың әр жұбы екінші жұпқа қарама-қарсы, автоматтарын «кеудеге» (карабиндерін «аяққа») күйінде ұстап тұрады және саптық қалыпты қабылдайды.
Сақшылардың сол жақ жеңінде қаралы байлама болуы тиіс.
Мәйіттің (мәйіт салынған табыттың) жанындағы сақшылар осы Жарғының 44-тармағында көрсетілгендей ауысады.
Процессия уақытында және мәйітті (мәйіт салынған табытты) қабірге түсірген кезде сақшыларды ауыстыру жүргізілмейді.
57. Марқұмға құрметтер көрсету үшін әскери бөлімнен және қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатарынан құрметті сақшылар қойылуы мүмкін. Олар қарусыз, қаралы байламалармен, құрметті карауылдың сақшылары жанында, құрметті қарауыл сақшыларының сырт жағында бір-екі адым арақашықтықта тұрады және әрбір 3-5 минут сайын ауысады.
58. Мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығару орнына келгеннен кейін құрметті эскорт өрістетілген саптың маңдайшебін мәйіт (мәйіт салынған табыт) шығарылатын жаққа қаратып сапқа тұрады. Оркестр эскорттан оңға қарай үш адымда тұрады.
Құрметті эскорт жерлеу кезінде әскери сәлемдесуді орындамайды.
59. Мәйітті (мәйіт салынған табытты) ғимараттан шығарған кезде алдыңғы жағында марқұмның портретін ұстаған әскери қызметші, одан кейін үш-бес адым арақашықтықта бірінен кейін бірі - гүлшоқтарын ұстаған әскери қызметшілер, олардан кейін осынша арақашықтықта - ордендердің үлкендік ретімен марқұмның ордендерін, медальдарын ұстаған әскери қызметшілер. Содан кейін марқұмды шығарып салатын мәйітті (мәйіт салынған табытты) көтерген адамдар және құрметті қарауыл жүреді.
Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) шығарған сәтте құрметті эскорт бастығы өзінің саптағы орнынан кетпей: «ТІК ТҰР» (егер эскорт карабиндермен қаруланған болса: «ТІК ТҰР», «Қарауыл-ҒА») командасын береді, қолын бас киіміне апарады. Сапта тұрған барлық әскери қызметшілер басын мәйіт (мәйіт салынған табыт) жаққа қарай бұрады. Оркестр қаралы маршты орындайды.
Саптан тыс тұрған әскери қызметшілер мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығарған кезде саптық қалыпты қабылдайды және қолын бас киіміне апарады.
60. Процессия осы Жарғының 59-тармағында көрсетілген тәртіппен қозғалады. Құрметті қарауыл марқұмды шығарып салушы адамдардан кейін, одан кейін оркестр мен құрметті эскорт жүреді.
Процессия жаяу тәртіппен жылжыған кезде оркестр қаралы маршты үзілістермен орындайды.
Құрметті қарауылдың сақшылары мәйіттің (мәйіт салынған табыттың) екі жағында автоматтарын «кеудеге», карабиндерін «иыққа» күйінде ұстап жүреді; мәйітті (мәйіт салынған табытты) автокөлікпен ілесіп жүрген кезде - сақшылар отырған күйде, қаруларын тізелерінің арасында ұстайды.
61. Жекелеген жағдайларда гарнизон бастығының ерекше нұсқауы бойынша мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығаратын жерде және жерлеу орнына кіреберісте процессия өтетін жолдың екі жағы бойына бір қатарлы немесе екі қатарлы жаяу саппен әскерлер сапқа тұрғызылуы мүмкін.
62. Жерлеу орнына келгеннен кейін оркестр ойнауын тоқтатады.
Құрметті эскорт пен оркестр орынның мүмкіндігіне қарай қабірге маңдайшеппен сапқа тұрады.
Гүлшоқтарын, ордендер мен медальдарды ұстаған әскери қызметшілер, сондай-ақ құрметті қарауылдың сақшылары қабір жанындағы орындарға тұрады.
63. Марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) қабірге түсірер алдында қаралы митинг ашылады. Қаралы митинг аяқталғаннан кейін Мемлекеттік ту матасы бүктеледі және марқұмның отбасына тапсырылады, оркестр қаралы маршты орындайды. Мәйітті (мәйіт салынған табытты) түсірген кезде Мемлекеттік Ту (Жауынгерлік Ту) еңкейтіледі, құрметті эскорт мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығарған кездегідей, марқұмға құрметтер көрсетеді (осы Жарғының 59-тармағы). Құрметті эскорт құрамынан тағайындалған бөлімше бос патрондармен үш дүркін салют жасайды.
Жекелеген жағдайларда Қорғаныс министрінің ерекше нұсқауы бойынша артиллериялық салют жасалуы мүмкін.
Салюттің бірінші дүркіні жасалғанда оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындайды. Мемлекеттік Әнұран орындалып аяқталғаннан кейін бөлімшелер, егер орын мүмкіндігі болса, оркестрмен әскери сәлемдесуді орындаумен қабір алдынан жүріп өтеді. Сақшылар оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындап аяқтағаннан кейін немесе бөлімшелер жүріп өткеннен кейін алынады.
Жерлеу кезінде әскери құрметтер көрсету рәсімі әрбір жағдайда қаза тапқанның (қайтыс болғанның) туыстарымен немесе жерлеуді ұйымдастыратын адамдармен келіскеннен кейін жүргізіледі.
64. Наградталған және қайтыс болғаннан кейін наградталған қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) ордендері мен медальдары, құрметті атақтарына кеуде белгілері, сондай-ақ оларды наградтау туралы құжаттар естелік ретінде сақтау үшін олардың отбасыларына (туыстарына) беріледі. Одан басқа, қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің наградалары экспонаттау және сақтау үшін мұражайларға берілуі мүмкін.
Егер наградталған қаза тапқанның (қайтыс болғанның) отбасы (туыстары) болмаса, оның наградалары мен наградтау туралы құжаттары Қазақстан Республикасының Президентіне қайтарылады.
65. Марқұмның мәйітін кремациялау жағдайында құрметті эскорт крематорий алдында, жерлеу процессиясы қозғалысының бағытына қарама-қарсы маңдайшеппен сапқа тұрғызылады. Оркестр эскорттан оңға қарай үш адымда сапқа тұрғызылады.
Жерлеу процессиясы крематорийға жақындаған кезде оркестр қаралы маршты орындай отырып, марқұмның мәйітіне (мәйіт салынған табытқа) крематорийға дейін ілесіп жүреді.
Қаралы митинг уақытында оркестр ойнауын тоқтатады.
Кремациялау үшін марқұмның мәйітін (мәйіт салынған табытты) түсіру кезінде құрметті эскорт бастығының белгілері бойынша жалау (ту) еңкейтіледі, оркестр қаралы маршты орындайды, салют басталғанда - ойынын тоқтатады, тағайындалған бөлімше бос патрондармен үш дүркін салют жасайды. Салют аяқталғаннан кейін оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |