Қазақстан Республикасы Астана қ. Мұңайтпасов көш. 5 тел: 8 (7172) 70-95-00 (31 326, 31-325) Баспасөз хабарламасы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «2012 жылы студенттікке қабылдау»



Дата26.02.2016
өлшемі20.79 Kb.
#26890
Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің

баспасөз-орталығы

Қазақстан Республикасы

Астана қ.Мұңайтпасов көш. 5
тел: 8 (7172) 70-95-00 (31 326, 31-325)

Баспасөз хабарламасы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «2012 жылы студенттікке қабылдау»
АСТАНА. 2012 жыл 31 қазан күні сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студентерін 2012 оқу жылына «Студенттікке қабылдау» кеші өтеді.

Кештің мақсаты жастардың рухани құндылықтарын дамыту, азаматтық отаншылдықты тудыру, оқу орынның дәстүрін сіңдіру.

Студенттікке қабылдау – бұл адам өмірінде мәңгілік естен кетпес салтанатты күн. Әдетте, студенттікке қабылдау іс-шарасы оқу жылының басында өтеді.

Алғашқы қадамдарын жасап отырған бірінші курстың студенттеріне білім кілті мен студенттік билетті тапсыру бәрі, бәрі әлі алда. Бірінші курс студенттері жаппай университет тәртібі мен ережесін сақтауға, өз міндеттерін орындауға көпшілік алдында салтанатты түрде ант қабылдап, отанға, оқу ордасына деген махаббатын және отаншылдық сезімге толы студенттік гимді шырқайды.

Бүгінде, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 11 500 студент білім алуда.

Кешегі талапкер, бүгінгі студенттер алғашқы рейтингтерін тапсырып, оқу корпустарымен танысып, бауырлас әріптестерімен танысып үлгерді.

1 қыркүйек – білімге арналған салтанатты жиын, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпаздарымен кездесу, тұңғыш Вена балы мен тұңғыш қорытылған рейтингтері – бірінші курс студенттеріне әсер қалдырғаны айдан анық. Халықаралық деңгейдегі классикалық университетте білім алу беделді ғана емес абыройлы да.

Университет 63 бакалавр мамандарын, 65 магистр дәрежесіндегі мамандарды және 30 бағыт бойынша философия докторларын даярлайды. Биыл әлемдік рейтингтегі дүние жүзінің ең үздік университеттерінің қатарына қосылып Британдық QS World University Rankings агенттігінің зерттеулеріне сәйкес ЕҰУ әлемнің ең үздік 450 жоғары оқу орандарының қатарына кіріп, өткен жылғы көрсеткіштен


69 сатыға көтеріліп 369 орынға қол жеткізді.

Жоғары оқу орынның әлеуметтік қызметіде баршылық: Студенттер мен қызметкерлер үшін Медициналық орталықпен қоса студенттер үшін отандық және шетелдік киноларды көрсететін 500 орындық қазіргі заманға сай кинозал қызмет етуде, сонымен қатар, жас мамандар үшін тұрғын үй кешені салынуда.



Еліміздің ертеңіне қажетті білікті мамандарымыз – бірінші курс студенттерінің өмірі жаңа басталуда. Бұл студенттік өмір халықаралық дәрежедегі, Қазақстандағы №1 деңгейдегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында жалғаспақ.
Өткізу күні: 2012 ж. 31 қазан.

Өткізу орны: «Қазақстан» орталық концерт залы

Өткізу уақыты: 19.00

Ұйымдастырушылар:Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Байланыс үшін: Баспасөз-орталығының жетекшісі
Еркежан Садвакасова, +7-701-366-35-99
координатор Әсел Сарсенбинова, +7-701-742-88-24

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет