Қазақстан республикасы атынан 29 маусым 2015 жыл Шымкент қаласы



Дата09.06.2016
өлшемі76.82 Kb.
#125341




Іс № 1-451/15

ҮКІМ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТЫНАН
29 маусым 2015 жыл Шымкент қаласы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Абай аудандық соты құрамында: төрағалық етуші судья С.Ж. Бейсенбеков, сот мәжілісінің хатшысы Б.К. Туналиевтың отыруында, мемлекеттік айыптаушы - Шымкент қаласының Абай ауданы прокурорының аға көмекшісі Е.Е. Байжановтың, сотталушының қорғаушысы - Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі-адвокат Ж.Т. Өмірзақовтың қатысуларымен, өзінің ашық басты сот талқылауында, сот мәжілісі залында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Сүйіндік Сүндет Бақытұлына қатысты қылмыстық ісін қарады.

  • Сүйіндік Сүндет Бақытұлы, 23.12.1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында туылған, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ, білімі орта, бойдақ, бұрын: 16.05.2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 181-бабы 2-бөлігінің «б,в» тармақтарымен 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотты болған, сотталғанға дейінгі тұрғылықты мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы, Данько көшесі, № 8 үй, тұрғыны, оған қатысты 22.05.2015 жылдан бастап «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған, айыптау актісінің көшірмесін алған, сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-бабының 1-бөлігімен берілген.

Іс материалдарын зерттеп, сотталушының, мемлекеттік айыптаушының қорытынды сөзін, сотталушының қорғаушысының пікірін, сотталушының өзін-өзі қорғау және соңғы сөздерін тыңдап, соттың
АНЫҚТАҒАНЫ:

Сотталушы С.Б. Сүйіндік Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық сотының 16.05.2014 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 181-бабы 2-бөлігінің «б,в» тармақтарымен 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуге Шымкент қаласының ИЧ-167/3 мекемесіне келген кезде, оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 9,10,81,102-баптарының және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-бабының 1-бөлігінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілген. Алайда, сотталған С.Б. Сүйіндік ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің әкімшілік қызметкерлерімен қойылған заңды талаптарын орындаудан бас тартып, қарсылық танытып, өзінің дөрекі мінезін көрсеткен. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 9,10-баптарында көрсетілген талаптарын бұзып, түзеу мекемесінің қызметкерлерімен ерегіскен. Осы тәртіп бұзушылықтар үшін жалпы қылмыстық жазасын өтеу барысында ішкі тәртіп бұзушылық жасап, алынған жазаларының жойылу мерзімі өтпей жатып, яғни 6 айдың ішінде жүйелі түрде ішкі тәртіп бұзушылық әрекеттерін қасақана қайталап жасаған, атап айтқанда:

01.10.2014 жылы сағат 06.00 шамасында мекеменің тұрғын аймағындағы сотталғандарды ұйқыдан тұрғызу кезінде ұйқыдан тұрмай, осылай күн тәртібін бұзған. Айтылған ескертулерге құлақ аспай, мекеме қызметкерлеріне дөрекі мінезін көрсетіп, балағат сөздер айтқан. Осы істеген іс-әрекетімен С.Б. Сүйіндік № 182 бұйрығының 4-қосымшасы 3-бөлім 1-параграф 14-тармақ 1,2-тармақшаларын, 15-тармақ 4,22-тармақшаларын өрескел түрде бұзған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 111-бабын басшылыққа ала отырып, мекеме әкімшілігі сотталған С.Б. Сүйіндікті айыптық оқшаулау орнына 15 (он бес) тәулікке қамаған.

22.10.2014 жылы сағат 08.00 шамасында мекеменің күн тәртібіне сәйкес өткізілетін сотталғандардың таңғы саптық тексеруіне С.Б. Сүйіндік кешігіп шыққан. Қандай себеппен кешігіп шыққаны туралы сұраққа басқа сотталғандардың алдында мекеме қызметкерлерінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан. Осы істеген іс-әрекетімен С.Б. Сүйіндік № 182 бұйрығының 4-қосымшасы 3-бөлім 1-параграф 14-тармақ 1-тармақшасын, 15-тармақ 1,9-тармақшаларын өрескел түрде бұзған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 111-бабын басшылыққа ала отырып, мекеме әкімшілігі сотталған С.Б. Сүйіндікті айыптық оқшаулау орнына 15 (он бес) тәулікке қамаған.

26.10.2014 жылы сағат 11.20 шамасында мекеменің айыптық оқшаулау орында жазасын өтеп жатып С.Б. Сүйіндік «шаршап кеттім»-деп, мекеме қызметкерлерінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан. Мекеме қызметкерлерінің «тыныштал» - деген заңды талаптарына құлақ аспай, өзінің басын камера қабырғасына ұрып, өз-өзіне дене жарақатын салып, ішкі тәртіп ережелерін бұзған. Осы істеген іс-әрекетімен С.Б. Сүйіндік № 182 бұйрығының 4-қосымшасы 3-бөлім 1-параграф 14-тармақ 1,2-тармақшаларын, 15-тармақ 9,18-тармақшаларын өрескел түрде бұзған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 111-бабын басшылыққа ала отырып, мекеме әкімшілігі сотталған С.Б. Сүйіндікті айыптық оқшаулау орнына 15 (он бес) тәулікке қамаған.

26.02.2015 жылы сағат 20.00 шамасында қатаң жағдайды тексеру барысында сотталған С.Б. Сүйіндік қатаң жағдайды босансу бөлмесінде сотталғандар отыратын орындықтың астына түкіріп отырған. Ол ескертулерге құлақ аспай санитарлық-гигиеналық талаптарды бұзған. Осы істеген іс-әрекетімен С.Б. Сүйіндік № 104 бұйрығының 2-бөлімінің 8-тармағын бұзған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 131-бабын басшылыққа ала отырып, мекеме әкімшілігі сотталған С.Б. Сүйіндікті 15 (он бес) тәулікке тәртіптік изолятор орнына қамаған.

18.03.2015 жылы сағат 07.05-те, яғни сотталғандарды таңғы тексеру іс-шарасы кезінде қатаң жағдайды тексеру барысында сотталған С.Б. Сүйіндік киім үлгісін бұзып шыққан, яғни қысқы үлгідегі бас киімнің орнына жазғы үлгідегі бас киім (кепка) киіп шыққан. Әкімшілік қызметкерлері тарапынан сотталған С.Б. Сүйіндікке жасалған ескертулерге соңғы құлақ аспай, өзінің теріс мінезін көрсеткен.

Осыған байланысты сотталған С.Б. Сүйіндікке қатысты жинақталған құжаттарды процессуалды шешім қабылдау үшін Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не жолдаған.

Басты сот талқылауында сотталушы С.Б. Сүйіндік өз кінәсін толығымен мойындап, сотқа Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық сотының 16.05.2014 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 181-бабы 2-бөлігінің «б,в» тармақтарымен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуге Шымкент қаласының ИЧ-167/3 мекемесіне келгенін; сол кезде оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 9,10,81,102-баптарының және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-бабының 1-бөлігінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілгенін; алайда, ол ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің әкімшілік қызметкерлерімен қойылған заңды талаптарын орындаудан бас тартып, қарсылық танытқанын, яғни 01.10.2014 жылы сағат 06.00 шамасында мекеменің тұрғын аймағындағы сотталғандарды ұйқыдан тұрғызу кезінде ұйқыдан тұрмай, осылай күн тәртібін бұзғанын; 22.10.2014 жылы сағат 08.00 шамасында мекеменің күн тәртібіне сәйкес өткізілетін сотталғандардың таңғы саптық тексеруіне ол кешігіп шыққанын; қандай себеппен кешігіп шыққаны туралы заңды сұраққа басқа сотталғандардың алдында мекеме қызметкерлерінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқанын; 26.10.2014 жылы сағат 11.20 шамасында мекеменің айыптық оқшаулау орында жазасын өтеп жатып ол «шаршап кеттім»-деп, мекеме қызметкерлерінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқанын; мекеме қызметкерлерінің «тыныштал» - деген заңды талаптарына құлақ аспай, өзінің басын камера қабырғасына ұрып, өз-өзіне дене жарақатын салып, ішкі тәртіп ережелерін бұзғанын; 26.02.2015 жылы сағат 20.00 шамасында қатаң жағдайды тексеру барысында сотталған С.Б. Сүйіндік қатаң жағдайды босансу бөлмесінде сотталғандар отыратын орындықтың астына түкіріп отырғанын; ол ескертулерге құлақ аспай санитарлық-гигиеналық талаптарды бұзғанын; 18.03.2015 жылы сағат 07.05-те, яғни сотталғандарды таңғы тексеру іс-шарасы кезінде қатаң жағдайды тексеру барысында ол киім үлгісін бұзып шыққан, яғни қысқы үлгідегі бас киімнің орнына жазғы үлгідегі бас киім (кепка) киіп шыққанын; әкімшілік қызметкерлері тарапынан жасалған ескертулерге ол құлақ аспай, өзінің теріс мінезін көрсеткенін айтып көрсетті.

Сонымен, сотталушы С.Б. Сүйіндіктің кінәсі оның соттағы өз кінәсін толық мойындай отырып берген жауаптарымен қатар:

- куәлер С.Ө.Алпысбаевтың, А.М.Есеналиевтың, Б.С.Абдиматовтың, К.Ж.Сарсеновтың, А.Е.Кадировтың, Б.Ж.Малибековтың, Ғ.А.Тулегеновтың, Ж.А.Кошкаровтың, Б.К.Казыбаевтың, Н.А.Кадирбековтың, З.Т.Султанмуратовтың, Е.О.Дуйсеновтың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында беріп, сотта зерттелген жауаптарымен;

- тергеу изоляторының ішкі тәртіп ережесімен танысу туралы қолхатымен;

- сотталған С.Б.Сүйіндікті айыптылық оқшаулау орнына қамау туралы қаулыларымен;

- сотталған С.Б.Сүйіндікті қасақана тәртіп бұзушы деп тану туралы қаулыларымен;

- сотталған С.Б.Сүйіндіктің ішкі тәртіп бұзушылық әрекеттерін жасағаны туралы ИЧ-167/3 мекемесінің қызметкерлерімен түзілген актілерімен;

- айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә Б.С.Абдиматовтың, айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә С.Ө.Алпысбаевтың, айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә А.М.Есеналиевтың, айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә К.Ж.Сарсеновтың, айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә А.Е.Кадировтың, айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә Б.Ж.Малибековтың, айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә Ж.А.Кошкаровтың, айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә Ғ.А.Тулегеновтың; айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә Б.К.Казыбаевтың, айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә Н.А.Кадирбековтың, айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә Е.О.Дуйсеновтың, айыпталушы С.Б.Сүйіндік пен куә З.Т.Султанмуратовтың араларындағы беттестіру хаттамаларымен;

- және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен дәлелденеді.

Сот сотталушының жауабын тыңдап, іс бойынша жинақталған және басты сот талқылауында зерттелген дәлелдемелердің негізінде және оларға баға бере отырып, сотталушы С.Б. Сүйіндік бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүріп, қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына әдейі бағынбай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-бабының 1-бөлігіндегі қылмысты жасаған деген тұжырымға келеді.

Сотталушы С.Б. Сүйіндікке жаза мөлшерін белгілеу барысында оның жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның жеке бас деректерін және жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын сот ескереді.

Сотталушы С.Б. Сүйіндіктің жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде сот оның жасаған қылмысын толық мойындайтынын, оған өкініш білдіретінін, жастығын ескереді, сондай-ақ, оның кінәсін ауырлататын мән-жай жоқ екендігін ескереді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 60-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық сотының 16.05.2014 жылғы үкімімен С.Б. Сүйіндікке тағайындалған жаза толық өтелмеуіне байланысты ішінара қосылуға жатады.

Жоғарыдағылардың негізінде және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 387-390, 392-393, 395-398, 401-402, 404 баптарын басшылыққа алып, сот

ҮКІМ ЕТТІ:
Сүйіндік Сүндет Бақытұлын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының 1-бөлігін басшылыққа ала отырып, тағайындалған жазаға алдыңғы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық сотының 16.05.2014 жылғы үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі 2 (екі) жыл 5 (бес) ай 25 (жиырма бес) күн бас бостандығынан айыру жазасын ішінара қосып, С.Б. Сүйіндікке түпкілікті 2 (екі) жыл 7 (жеті) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуі белгіленсін.

Жазаны өтеу мерзімі 22.05.2015 жылдан бастап есептелсін.

Сотталған С.Б. Сүйіндіктің бұлтартпау шарасы өзгеріссіз – «күзетпен ұстау» қалдырылсын.

Үкімге наразы тараптар он бес тәулік ішінде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына ол жарияланған күннен бастап, ал қамаудағы сотталған сот үкімін алған күннен бастап осы мерзім ішінде Шымкент қаласының Абай аудандық соты арқылы апелляциялық шағым беруге немесе прокурор наразылық келтіруге құқылы.



Төрағалық етуші судья С.Ж. Бейсенбеков




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет