Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет13/29
Дата25.02.2023
өлшемі1.09 Mb.
#470041
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
аза стан республикасы ауыл шаруашылы ы министрлігі

+1371,00

Пайдалы температуралардың жиынтығына жыл басынан бері 17 шілде айына дейінгі мәлімет қосылды.


1.3.Топырақ сипаттамасы
Шымкент қаласындағы топырақ жамылғысының қалыптасуына ендік аймақтығымен қатар биіктік белдеулігінің әсерін тигізетінін айта кету керек. Топырақтар тау бөктеріндегі аралас шөп даланың аймағына кіреді. Олар мынадай жағдайда қалыптасады: дымқылдану коэффициенті <0,2-0,3, жауын-шашынның жылдық жиынтығы >300 мм, t0С>10 кезеңнің ұзақтығы 200-220 күн, топырақ қалыптасу жыныстары аллювиалды, пролювиалды, делювиалды, сонымен бірге аралас шөгінділер. Топырақ жамылғысын негізінде ашық пен кәдімгі боз топырақтың мелиоративтік түрлері құрайды. Ашық боз топырақтардың көбісі өзендердің аңғарларында жайылса, кәдімгі боз топырақтар биіктігі 500-800 метр тау етектерінде кездеседі. Топырақтардың барлығы құрғақтығына байланысты дақылдар үшін онша қолайсыз автоморфты режимінде дамуда. Жер асты суларының 5 метрден төмен жатқандығына және минерализациясының төмен болғандығына байланысты топырақтар тұздалмаған. Болар-болмас тұздардың ішінде топырақтың 30 см дейін үстіңгі қабатында гидрокарбонаттық дақылдар үшін улы тұздар өте басымды, төмендеген сайын олар мен бірге сульфаттық тұздарының мөлшері өседі.
Топырақтардың түйіршік құрамы негізінде жеңіл мен орта сазды, орта сазды топырақтар басымдау. 50-70 см-ден төмен жиі қиыршық пен малта тастар кездеседі.
Гумус мөлшері төмен – 1,2 пайыздың шамасында, азот 0,08 мен 0,14 пайыз аралығында артады. Ашық боз топырақтардың гумус құрамында фульво қышқылы басымдау, ал гумин қышқылы – ароматтық қатардың әлсіз конденсациялық формаларымен көрсетілген. Кәдімгі боз топырақтар суармалы сумен суарылған кезінде биологиялық жағынан жоғары екпінді болып келеді.
Топырақ жамылғысы. Шымкент қаласы маңындағы таулы аудандарының негізгі топырақ түрі таулы-шалғынды, таулы қызыл-қоңыр және сұр топырақ. Облыстың жазықты жерінде сұр топырақ, тақыр сияқты және сұр қызыл-қоңыр топырақ басым болады. Олардың арасында сор және сортаң жерлер кездеседі. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды-батпақ топырақтар басым болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында үлкен кеңістіктерді құм алып жатыр (құмды шөлдер).
Қаланың оңтүстік-шығысында биік таулы жоталар орналасқан. Мұнда топырақтың вертикалдық зоналылығы айқын байқалады. Биік шыңдардан төмендеген сайын мұздықтар мен нивальдық (мәңгілік қардың) белдеу таулы-шалғынды және субальптік топырақтарға ауысады. Бұл топырақ қабаты тұтас белдеу қалыптастырмайды, тек қана жазықтық жерде және биік таулы кеңістіктердің жылғаларында тараған. Бұл топырақтың сипатты белгілері – қабаттылығы қалың емес және топырақ профили ірі бөлшектерден құрылған, қарашіріктің жоғары үлесімен және қалың шымдылықпен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет