Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Өндірістегі еңбек қорғау жүйесі



бет27/29
Дата25.02.2023
өлшемі1.09 Mb.
#470041
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
аза стан республикасы ауыл шаруашылы ы министрлігі

4.2. Өндірістегі еңбек қорғау жүйесі


Ауыл шаруашылығындағы еңбек қорғау жүйесі, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық – техникалық, санитарлық – гигиеналық, емдік – профилактикалық, реабилитациялық және басқа да шаралар негізінде жүзеге асырылатын және өндіріс орындарында травматизм мен кенеттік жағдайлардың алдын алатын, қызметкерлердің қызмет ету барысындағы олардың денсаулық пен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларға бағытталған. Еңбекті қорғау 2007 жылғы 15 мамырда қабылданған ҚР Еңбек кодексіне негізделеді.
Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқығының құрамдас бөлігі.
Жалпы өсімдік шаруашылығы саласы бойынша еңбек қауіпсіздіздігіне жауапкершілік агрономның мойына жүктелсе, ауылшаруашылық машиналарының техникалық жағдайын реттеу техникалық қауіпсіздік қызметшілігі өз мойына алады. Бидайды себу кезіндегі бригададағы еңбек қауіпсіздігіне бригадир жауап береді. Тракторларға агрегаттарды тіркеу немесе ілу, сондай- ақ станционарлы машиналарының монтажы мен іске қосылуы, әрбір агрегатқа тіркелетін нақты машина түрлеріне арналып қарастырылған талаптарға сәйкес жүргізіледі. Станционарлы машиналар мен агрегаттардың үйлестірілуі мен тіркелуі бригадидің, бөлім механигінің немесе агрономның қатаң бақылауымен жүргізіледі. Ауылшаруашылық машиналар тек жасап шығарушы зауыттар ұсынған тракторларына ғана тіркеледі.
Бас мамандарының рұқсатынсыз агрегат құрылымын өзгертуге тыйым салынады. Агрегаттар медициналық аптечкалар мен бастапқы өрт сөндіруші құралдармен жабдықталған. Технологиялық операциялық барысында тек техникалық бақылаудан өткен машиналар ғана қолданылады. Маршруттардың жүру бағыты берілген танаптарға сәйкес белгіленеді. Себу жадығатын қаптарға немесе үймелі түрде буып – түю жұмыстарына тек 18 жастан үлкен ересек қызметкерлер ғана еліктіріледі. Ал сепкіштерде қызмет көрсетуге арнайы оқу үрдісінен өткен және медициналық тексеруден өткен 18 жасқа толған азаматтар жіберіле береді. Тракторшының арнайы тракторшы куәлігі болуы шарт. Трактористер мен қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздік шараларын есепке алатын маманданған киім жадығаттары қарастырылған, оларға арнайы комбенизон, резеңке қолғаптар, респираторлар және қорғаныш көзілдіріктері жатады. Жалпы еңбек құрылымын немесе инструктажды жағдайы мен өткізу мерзіміне қарай кіріспелі, жұмыс орындағы бастапқы, қайталамалы, жоспардан тыс және бүтінді деп бөледі.
Уақытша қызметкерлерді, іс-сапар қызметкерлерін немесе іс-тәжірибе өтуші студенттерді кіріспе инструктажымен таныстыру жұмыстары еңбек қорғау бөлмесінде немесе арнайы қондырғылармен жабдықталған бөлмелерде еңбек қорғау саласындағы инженеріне немесе осы міндеттемелерді орындайтын тұлғаға, оқу орындарында – оқытушыларға жүктеледі. Инструктаж беруші мен инструктаж алушының қолы негізінде жүзеге асырылатын кіріспе инструктажын жүргізу және жұмысқа қабылдау туралы құжаттарының жазбаларын міндетті түрде тіркеу журналына белгілейді. Одан басқа, инструктажбен танысқаны туралы жеке кәртішкені рәсімдейді. Ал, инструктаждың басқа да түрлерімен таныстыру жұмыстарын арнайы жұмыс басшысы жүргізеді.
Жұмыс орнындағы өндіріс ісін бастамай тұрып, жұмысқа қайта қабылданған немесе бір қызмет бөлімшесінен екіншіге ауысқан қызметкерлерді, сондай-ақ уақытша және іссапардағы қызметкерлерге арнап бастапқы жұмыс инструктажы туралы ақпарат беріледі.
Бастапқы инструктаж, өндіріс бөлімшелерінің басшыларымен бекітілген және еңбек қорғау бөлімі мен кәсіпорын комитетімен келісілген арнайы бағдарламаларға сәйкес жүргізіледі. Содан кейін, тәлім алушылар 2-14 ауысым уақыты барысында (жұмыс бабы мен қызметкердің мамандануына байланысты) басшылар бекіткен арнайы тұлғалардың қадағалауымен, жұмыс өтілінен өтулері тиіс. Қызметкерлер тек жұмыс өтілін өткеннен, теориялық білімдері мен еңбек қауіпсіздігін толық меңгергеннен кейін ғана толық өзіндік жұмысқа жіберулеріне рұқсат беріледі.
Қайталамалы инструктажды бүкіл қызметкерлерге арнап, жарты жылда бір рет ұйымдастырады. Онымен таныстыру сұхбатын жұмыс орны төңірегіндегі қызметкерлерді жекелеп немесе топтап алып, бастапқы инструктаж бағдарламасына сәйкес таныстырып, өткізеді.
Жоспардан тыс инструкажды келесі жағдайлар туғанда ғана іске асырады:

  • Жаңа және қайта қаралған стандарттар, ережелер мен қоршаған ортаны қорғау әдістемелері қабылданғанда, сондай-ақ оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенде;

  • Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялық үрдістің немесе шикізат, құралдар және басқа да факторлардың шамадан тыс ауытқулары пайда болғанда;

  • Кейін аварияға, өртке немесе атқылауға әкелетін, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзғанда;

  • Сыртқы бақылау органдарының талаптарына боынша;

  • Еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 60 тәуліктен, ал еңбек қауіпсіздігін жоғары дәрежеде болуын қажет ететін еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 30 тәуліктен асып кеткен жағдайда.

Қызметкерлерді жоспардан тыс инструктажбен, оны өткізу мұқтаждығын айқындайтын себептер мен жағдайларға байланысты көлемі анықталатын бір мамандық шеңберінде жекелеп немесе топтап алып тансыстырады.
Инструктаж беруші мен инструктаж алушының қолы арқылы жүзеге асатын, бастапқы, қайталамалы, жоспардан тыс инструктажбен танысқаны туралы, сондай-ақ жұмыс өтілі мен толық өзіндік жұмысты орындауға рұқсат етілгендігі туралы ақпаратты тәлім алушы міндетті түрде жұмыс орындағы инструктажды тіркеу журналында немесе жеке оқу үрдісінен өткенін растайтын карточкаға белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет