Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылы ғылыми-техникалық саясатты іске асыруы туралы есебі



Дата01.07.2016
өлшемі27.27 Kb.
#171118


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

2015 жылы ғылыми-техникалық саясатты іске асыруы

туралы есебі
2015 жылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды іске асыру үшін 212 «Агроөнеркәсіптік кешен және табиғатты пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

Агроөнеркәсіптік кешенінің 10 басым бағыттары бойынша ғылыми

зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарын жүргізілді, оның ішінде

егіншілік, өсімдік шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, орман және су шаруашылықтары, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу және сақтау, мал шаруашылығы және ветеринария, ауыл шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылығы экономикасы салаларында.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорт сынауға ауыл шаруашылығы дақылдарының 30 сорттары мен будандары берілді: дәнді, дәнді-бұршақты дақылдары-12, көкөнiс дақылдары-9, жеміс-жидек дақылдары-5, бақша дақылдары-1, жемшөп дақылдары – 1, майлы дақылдары-1, техникалық дақылдар -1.

Ауыл шаруашылығы малдың 1 тұқымы және араның 1 желісі шығарылды, оның ішінде қазақ етті-жүнді биязылау қойдың тұқымы және орташа орыс тұқымының үшінші буынының араның «Маралихинская» желісі.

Егіншілік, өсімдіктерді қорғау және карантин, орман, су және балық шаруашылықтары, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрификациялау, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу және сақтау салаларындағы технологиялары бойынша 30 ұсынымдар әзірленді (жоспар бойынша 30). 72 карантиндік зиянкес организмдерге фитосанитарлық тәуекелділік талдау әзірленді. Ауыл шаруашылығы салалары үшін машина мен жабдықтардың жаңа үлгілеріне 5 техникалық құжаттама әзірленді.

Астық дақылдардың жалпы егістік көлемінен отандық селекциядан шыққан астық дақылдары егіс алаңдарының үлесі 47,9 % құрады.

Сапа көрсеткіштері: қорғау құжаттарға 50 өтінім ұсынылды (жоспар бойынша 50), 600 ғылыми мақала жарияланды (жоспар бойынша 600), оның ішінде шетелдік басылымдарда – 50 мақала (жоспар бойынша 50); 50 кітап және ұсынымдар шығарылды.

АӨК саласында ресурстар мен энергияны үнемдейтін экологиялық қауіпсіз технологиялардың ендіру көлемі 12,7 млн. га құрады.

«Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» 001 бюджеттік бағдарламаның «Өтеусіз негізде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету» 101 кіші бағдарламасы бойынша алдыңғы қатарлы жетістіктерге және білімге ауыл шауашылық тауар өндірушілердің тікелей қол жеткізілуін қамтамасыз ету. Extension жүйесі – өте жақсы әлемдік тәжірибе жағдайының негізінде құрылатын жүйе, бұл ауыл шаруашылығы дамыған көптеген шетелдерде бар.

Extension – бұл жүйе, ауыл шаруашылыққа және оқыту және тәжірибелік іс-шаралар технологиясы арқылы, ноу-хау мақсатты берілуі, өндіріске және табысқа жоғары тиімділікпен қол жеткізу, өмірге сенімділікті жоғарлатуға көмектесетін АӨК субъектілерін жетілуі әдісін енгізу.

Қазіргі таңда, «ҚазАгроИнновация» АҚ Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарының базасында және жеке бизнесте 11 Білім тарату орталығы құрылды және жұмыс атқаруда.

Білім тарату орталықтары АӨК субъектілерінің Қазақстан АӨК-де жоғары тәжірибе тарату және ғылыми әзірлемелерді енгізуге бағытталған қызметі, «кері байланыс» өзгеше кеңселері болып табылады.



2015 жылы Білім тарату орталықтарында: «Шортанды», «Қостанай», «Қызылжар», «Қызылорда», «Тассай», «Мақтарал», «Үшқоныр», «Балқаш», «Өскемен», Қазақстандағы Немеіс Аграрлық Орталығы және «Байсерке-Агро»-да өткізілген 151семинарға 3461 тыңдаушы келесі ауыл шаруашылық қызметі бағыттарында оқытудан өтті: егін және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария, қор үнемдеуші технология, көкөніс шаруашылығы; мақта шаруашылығы, мал азықтарын өндіру, малды бағалау, апробация, акваөсіру, омарташылық, өсімдік қорғау, жеміс шаруашылығы, қой шаруашылығы, менеджмент, күріш шаруашылығы.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет