«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы



бет1/3
Дата05.07.2016
өлшемі378.55 Kb.
  1   2   3


«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына (С.С. Хасенов) жүктелсін.

  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Жауапты хатшы А. Евниев
КЕЛІСІЛДІ:

Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Жауапты хатшысының

2013 жылғы 7 маусымдағы

15-07/269

бұйрығымен бекітілген



 

 

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі

мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген агроөнеркәсіп кешені салаларындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) іске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын асыл тұқымды мал шаруашылығы, балара шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, астық нарығын реттеу, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині бөлігінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.

2. Комитет өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Комитеттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (бұдан әрі - жауапты хатшы) Ауыл шаруашылығы министрімен (бұдан әрі - Министр) келіскеннен кейін бекітеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Комитет:

1) мемлекеттік фитосанитариялық инспекция басқармасынан;

2) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция басқармасынан;

3) мемлекеттік астық инспекциясы және мақта саласындағы инспекция басқармасынан;

4) мониторинг және талдау басқармасынан;

5) мемлекеттік асыл тұқым инспекциясы басқармасынан;

6) құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасынан;

7) кадрлық, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп басқармасынан тұрады.

5. Комитет мемлекеттік мекеменің Министрлікке бағынысты ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде жазылған атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті органдарында және банктерде шоттары бар.

6. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

7. Комитеттің егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып түсуге құқығы бар.

8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 36 үй.

9. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі.

10. Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда аумақтық құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын қажетті жабдықтармен және құралдармен жарақтандырылған шекаралық және кедендік пункттердің (кеден одағының кедендік шекарасымен сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумақтарында орналасқан фитосанитариялық бақылау бекеттері бар.

11. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады.

12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

14. Комитетке заңнамалық актілермен оған табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру бойынша құқықтар берілген жағдайда, онда осындай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Комитеттің негізгі міндеттері және функциялары мен құқықтары



 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



15. Міндеті: асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іске асыру және бақылау функцияларын орындау.

Функциялары:

1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

3) бағалау туралы деректердің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;

4) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;

5) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;

6) ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын айқындайды;

7) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастау туралы жеке және заңды тұлғалардан хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;



8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастау туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

8-1) экспортшы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімдерге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған баламалы құжатты тануды жүзеге асырады;

9) мал шаруашылығы саласындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;

10) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

11) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететін малды бағалау және өсімін молайту жөніндегі қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алуға және оның есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

13) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің малды күтіп-бағу, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнімді (материалды) сақтау шарттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

14) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

15) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

16) өткізілетін өнімге (материалға) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды шаруашылықтар, асыл тұқымды мал орталықтары, дистрибьютерлік орталықтар, асыл тұқымдық репродукторлар және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дұрыстығын тексереді;

17) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;

18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

16. Міндеті: өсімдіктер карантині саласында реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын орындау.

Функциялары:

өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды келіседі;

1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) карантинге жататын өнім транзитінің шарттарын айқындайды;

4) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін айқындайды;

5) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

6) өсімдіктер карантині саласындағы жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;

7) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;

8) Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттерде карантиндік объектілердің бары және таралуы, олармен күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы дерекқорын жасайды және мүдделі тұлғаларға ақпарат ұсынады;

9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтер (улы химикаттар) запасын құрады;

11) карантинге жататын өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар береді;

12) өсімдік тектес өнімдер өсіретін, дайындайтын, қоймада сақтайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығы және басқа да мақсаттағы жерлерге тұрақты бақылау іріктеу зерттеулерін жүргізеді;

13) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

14) карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оны алып тастау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға енгізеді, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және олардың өткізілуін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

15) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

16) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін карантинге жататын өнімді, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын, көлік құралдарын, қол жүгін және багажды тұрақты бастапқы карантиндік тексеріп қарауды жүргізеді және әкелінетін және транзиттік карантинге жататын өнімге карантиндік құжаттарды қарайды;

17) әкелінетін карантинге жататын өнімнің түпкілікті қабылданатын пункттерінде аумақтың және оның шыққан жерінің, межелі пунктінің, сондай-ақ карантиндік объектілерден бос немесе олар мәнсіз аз таралған аймақтардың фитосанитариялық сипаттамасын ескере отырып, осы өнімді екінші карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарын қарайды;

18) әкетілетін карантинге жататын өнімді тиеп жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;

19) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкетілетін және транзиттік карантинге жататын өнімдердің карантиндік құжаттарының болуын және дұрыс ресімделуін тұрақты негізде қарайды;

20) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жататын өнімді тұрақты тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерін іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;

21) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;

22) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;

23) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктердегі импорттық егу және отырғызу материалының карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен көмескі залалдануының болуын тексеру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;

24) жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

25) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

17. Міндеті: астық нарығын реттеу саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын орындау.



Функциялары:

1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысының 2014.16.01. № 15-07/22 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, оны қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану қағидалары бойынша ұсыныстар енгізеді;

4) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;

5) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оған қатысушылардың қызметін үйлестіреді және реттейді;

6) мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарына және көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдарына астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуді келіседі;

7) астық нарығына қатысушыларында астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексереді;

8) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу, сондай-ақ, «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды;



9) астық қабылдау кәсіпорындарының: астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарын беру, айналымы және өтеу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелердің негізіндегі тоқсан сайынғы жоспарлы тексеріс, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініші негізіндегі жоспардан тыс тексеріс түрінде жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар береді;

11) астықтың қауіпсіздігін және сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

12) астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтау мәніне астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

13) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы мәніне астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялайды (тексереді);

14) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;



15) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелтілуін және тасымалдануын (орын ауыстырылуын) бақылауды жүзеге асырады;

16) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарының басқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

17) астықты экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндетті сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

18) астықтың сандық-сапалық, оның ішінде мемлекеттік ресурстар астығының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

19) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы мәніне астықты экспорттаушылардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

20) астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысады;

21) астық қолхаттарын бере отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) лицензиядан айыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді;

22) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;

23) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарламалар жібереді;

24) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, астықты экспорттаушылар мен астық қабылдау кәсіпорындарына нұсқамалар береді;

25) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

26) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет