Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрліп



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата03.01.2022
өлшемі0.53 Mb.
#450263
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Өсімдіктерді интегралды қорғау

- 

- 

Есеп  В).  Арпа  егістігінде  гессен,  швед  шыбындары  және  сабақ 

бүргелерімен  ӛңделмеген  бақылау  нұсқасында  сабақтардың  зақымдалуы 

11,2%  құрады.  Инсектицидтерді  қолданған  нұсқада  есептеу  жүргізген 

уақытта (бүркуден 2 жұма ӛткеннен кейін) 3,5% сабақ зақымданған болды.  



 

 

Сабақтың жасырын зиянкестеріне қарсы инсектицидтермен бүркудің 



биологиялық тиімділігі қандай?  

 

3  кесте - Арпа егістігін сабақтың жасырын зиянкестеріне қарсы бүркудің 



биологиялық тиімділігі 

 

Нұсқа 



Зақымдалған ӛсімдіктер, 

%,  дернәсілдер саны 

(ӛңдегеннен 14 күннен 

кейін) 

Биологиялық 

тиімділігі, % 

Инсектицидтермен 

ӛңделген 

 

 



Бақылау (ӛңдеусіз) 

 

- 

2  -  тапсырма:  Формулаларды  жазып  алу,  фунгицидтердің 

биологиялық тиімділігін анықтау және кестелерді толтыру. 

Ӛсімдіктің  ауруларынан  қорғау  құралдарының  биологиялық 

тиімділігі.  Фунгицидтердің  биологиялық  тиімділігін  анықтау  кезінде 

негізінен аурудың даму (зақымдалу дәрежесі) кӛрсеткіштерін, жекелеген 

жағдайларда  ӛсімдіктің  немесе  бӛлек  мүшелерінің    таралу  (залалдану) 

кӛрсеткіштері қолданылады. 

Аурудың таралуын мына формула арқылы анықтайды: 

                        P = n x 100/N, 

Р - аурудың таралуы, (%); 

N - сынаудағы ӛсімдіктердің жалпы саны; 

n – сынаудағы закымдалған ӛсімдіктердің саны, (дана). 

Аурудың дамуын немесе залалдану дәрежесін мына формула 

бойынша есептейді: 

                       R = (∑аb) x 100 /   N   x  К, 

R - аурудың дамуы, (%); 

∑ab  -  (a)  залалданған  ӛсімдіктер  кӛбейтінді  санының  қосындысы, 

(b) залалдану балы немесе оған сай келетін дәреже; 

N  -есептелетін  ӛсімдіктер  саны,  жапырақтары,  жемістері,  тамыр 

жемістері; 

К  -залалдануын  бағалау  үшін  қолданылатын  бал  шкаласы  немесе 

зақымдалу дәрежесінің ең жоғарғы кӛрсеткіші. 

Аурулардан қорғау құралдарының биологиялық тиімділігін келесі 

формуламен есептейді:  

 

                             Э = П к - П о / П к   х  100, 



Э  -  ӛсімдіктердің  залалдану  дәрежесінің  тӛмендеуінің  пайызбен 

кӛрсетілген биологиялық тиімділігі, %; 

Пк  -  бақылаудағы  ӛсімдіктердің  залалдану  дәрежесі  немесе  даму 



 

 

пайызы; 



По  -  ӛңделген  алаңдағы  ӛсімдіктердің  залалдану  дәрежесі  немесе 

даму пайызы. 

Есеп  А).  Бидай  ӛскінінде  аурудың  даму  дәрежесі  бойынша  тұқым 

дәрілеуіштің  биологиялық  тиімділігін  анықтау.  Ӛңделмеген  алқапта 

қаралған 100 ӛсімдіктердің залалданған дәрежесі 1 балл 25 ӛсімдік, 2 балл 

-7  ӛсімдік,  3  балл  -  2  ӛсімдік  болды.  Ӛңделген  алқапта  100  ӛсімдіктің  5 

ӛсімдігінде зақымдалу дәрежесі 1 балды құрды, 1 ӛсімдікке - 2 балл. 

Есеп  В).  Таралу  кӛрсеткіштері  бойынша  қоңыр  татына  қарсы 

фунгицидтердің  биологиялық  тиімділігін  анықтау.  Ӛңделген  алқапта 

бүркігеннен  3  жұмадан  кейін  қаралған  150  ӛсімдіктің  11  ӛсімдігінде 

күлдіреуіктер  байқалады.  Ӛңделмеген  алқаптарда  есептеу  жүргізген 

уақытта барлық 167 ӛсімдікте күлдіреуіктер байқалады. 

Пестицидтердің шаруашылық тиімділігін есептеу. 

Ӛңделген  алқапта  ӛңделмегенге  қатысты  сақталған  ӛнім  мӛлшері 

бойынша  бағаланады  және  зиянды  ағзалардан  ӛсімдіктерді  қорғау 

құралдарын  қолдану  нәтижесінде  бірлік  кӛлемде  алынған  ӛнімнің 

қосымша саны шаруашылық тиімділігін кӛрсетеді. 

Мына формула бойынша анықталады: 

                     Х.Э. = Уо-Ун / Уо х 100, 

Х.Э. - шаруашылық тиімділігі, (%); 

Уо - пестицидтермен ӛңделген алқаптағы негізгі ӛнімнің ӛнімділігі; 

Ук - ӛңделмеген алқаптағы негізгі ӛнімнің ӛнімділігі. 

 

3  -  тапсырма:  Формулаларды  жазып  алу  керек  және  бидайды 



пестицидтермен ӛңдеудің шаруашылық тиімділігін анықтау керек. 

5 кесте - Пестицидтердің шаруашылық тиімділігі 

Нұсқа 

 

Тұқым ӛнімі 



ц/га 

 

Ауытқуы, ± 



ц/га 

% 

Бақылау (ӛңдеусіз) 

11,0 

 

 



Ӛскінді ӛңдеу 

Инсектицидпен 

ӛңделген 

12,2 


 

 

Түтіктену фазасында егістікті ӛңдеу 



Фунгицидтермен 

ӛңделген 

13,8 

 

 



Дәннің сүттене пісу фазасында егістікті ӛңдеу 

Инсектицидтермен 

ӛңдеу 

1,4 


 

 

 




 

 

Пестицидтердің экономикалық тиімділігі. 



Экономикалық  тиімділік  зиянды  ағзалардан  ӛсімдіктерді  қорғау 

шараларына  шығындалуынан  оларды  ӛткізгеннен  алынған  қосымша 

ӛнімнің  құнын  салыстыру  бойынша  және  экономикалық  кӛрсеткіштердің 

жүйесі арқылы кӛрсетіледі. 

Ӛсімдік  қорғау  бойынша  шараларды  жүргізу  шығын  жиынтығына 

пестицидтерді  қолдану  бойынша,  пайдалану  шығындары,  пестицидтердің 

бағасы, егінді жинау бағасы, тасымалдау және қосымша ӛнімін жетілдіру 

кіреді. Қорғау шараларының аркасында оның сапасын жоғарлату арқылы 

сақталған  ӛнім  құны  есептелінеді,  рентабельділік  және  таза  табыс 

орнатылады. 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Зиянкестермен күресу үшін қолданылатын препараттардың 

биологиялық тиімділігін қалай есептейді? 

2. Бунақ денелілерге және кенелерге қарсы ӛңдегеннен кейін қанша 

уақыттан кейін биологиялық тиімділікті анықтайды? 

3. Фунгицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау кезінде қандай 

кӛрсеткіштер қолданылады? 

4. Фунгицидтердің биологиялық тиімділігін калай есептейді? 

5. Пестицидтерді қолданудың шаруашылық тиімділігін қандай 

кӛрсеткіштері бойынша бағалайды? 

6. Пестицидтердің экономикалық тиімділігін анықтау үшін қандай 

мәліметтер керек? 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет