Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі "технологиялық машиналар және жабдықтар" кафедрасы өндірістік тәжірибесі бойынша есеп тақырыбы



бет4/4
Дата01.06.2022
өлшемі27.63 Kb.
#458891
1   2   3   4
Сатыбалды Ерсін 20-06 Практикалық жұмыс

Тақырыбы 2: Металкескіш станоктар туралы жалпы мағлұмат және олардың кинематикасы.

Металкескіш станоктардың жіктелуі және кинематикалық негіздері.


Беттің түлері. Беттің түзілуінің геометриясы. Станокта бет түзілуінің негізгі қозғалысы. Әр түрлі жинақталған станоктардың көмегімен орындаушы қозғалыстардың таралуы. Металкескіш станоктардың функциялық сүлбесі және қозғалысының жіктелуі. Станоктарді күйге келтірудің кинематикалық негіздері және кинематикалық байланысы.


Кинематикалық тізбектің механизмдері және негізгі сипатты түзгілері. Станоктардың өлшемдік қатарлары және негізгі өлщемдері. Өңдеу әдісімен әмбебаптылығы бойынша өңдеу түрлері мен технологиялық белгіленуі бойынша жабдықтардың жіктелуі.


Кез келген бетті бір түзудің (түзуші) екіншіге (бағыттаушы) түскен қозғалыс ізі сияқты елестетуге болады. Бұл екі түзуді де өндіруші деп атайды, сонымен қатар түзуші бағыттаушы бола алады, және керісінше. Сонда, геометриялық көзқараспен қарағанда беттің пайда болу процесі бір өндіруші түзудің екіншіге қатысты қозғалуы болып табылады. өндіруші түзулер станокта материалды нүктелер арқылы түзіледі, және құрал мен дайындаманың белгіленген қозғалысы арқасында құралдың кескіш жиектерінің түзулері болып табылады. Ескеретін жайт, станоктағы барлық өндіруші түзулер беттің түзілуі кезінде үзіліссіз түзіледі. Екі өндіруші түзудің үзіліссіз түзілу процессі кезінде керекті бет кесу көмегі арқылы жасалады. Станоктағы өндіруші функция атқаруға арналған барлық дерлік қозғалыстар орындаушы болып табылады.
Орындаушы қозғалысының траекториясы қарапайым (түзу сызық немесе шеңбер) және күрделі. Осыған сәйкес орындаушы қозғалыстарды қарапайым және күрделі деп бөледі. Күрделі қозғалыс траекториясын өзара байланысқан қарапайым қозғалыстардың сәйкестенуі арқылы алады. Нәтижесінде күрделі орындаушы қозғалыстар алынатын қозғалыстар элементар деп аталады.

Қарапайым орындаушы қозғалысты элементар қозғалыстан қалай ажыратуға болады?


Орындауш қозғалыстың жылдамдығы өзгергенде оның траекториясы сақталады; элементар қозғалыс жылдамдығы өзгергенде орындаушы қозғалыстың траекториясы өзгеріске ұшырайды. Элементар қозғалыс екі қасиетке ие: элементар қозғалыс параметрлері әрдайым орындаушы қозғалыстың траекториясын анықтайтын тәуелділікпен байланысты. Элементар қозғалыстар әрқашан бірдей уақытта басталып және әрқашан ұзақтылығы бойынша бірдей.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет