Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің



Дата03.07.2016
өлшемі88.62 Kb.
#175203






Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат министрінің

2011 жылғы «___»_______

№______ бұйрығымен



бекітілген


Ақпараттық жүйелерді әзірлеу жұмыстарының құнын және

еңбек шығынын анықтау бойынша әдістеме

1.Жалпы жағдайлар




  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу жұмыстарының құнын және еңбек шығынын анықтау бойынша осы әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациондық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жоспарының 4.3.4-тармағына сәйкес әзірленген.

  2. Әдістеме ақпараттық жүйені құру жобасының технико-экономикалық негіздемесі кезеңінде, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітілген ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және сүйемелдеу нормативтері (бұдан әрі – Нормативтер) құжаттарында көрсетілген нормативтер бойынша мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне арналған қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру жұмыстарының жұмысқа қабілеттілігі және жұмыс құны есептерін жасауға бағытталған.



2.Негізгі түсініктер




  1. Осы Әдістемеде келесі түсініктер қолданылады:


  1. ақпараттық жүйені бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу – іске қосылған қолданбалы бағдарламалық қамтуды оның алғашқы қызметін өзгертусіз модификациялау үдерісі;

  2. ақпараттық жүйені бағдарламалық қамтамасыз етуді құру – қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау үдерісі, келесі жұмыстарды өзіне қосады: талаптар талдауы, жобалау, бағдарламалау, жинақтау, тестілеу, әрекетке енгізу және қабылдау;

  3. ақпараттық жүйені бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту – іске қосылған қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету үдерісін оның модификациялау;
  4. ақпараттық жүйе – ақпараттарды аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;


  5. ақпараттық жүйені жасаудың еңбекке қабілеттілігі – ай сайынғы адам басына өлшенетін ақпараттық жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісіне жұмсалған жұмыс уақытындағы еңбек шығындары;

  6. ақпараттық жүйенің қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету кодының өлшемі – ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудегі шығыс кодының мың логикалық жолдары;

  7. ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық өлшемі – функционалдық балымен өлшенетін ақпараттық жүйенің қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету функционалының көлемі;

  8. жасаушы – бағдарламалық қамтамасыз етудің өмірлік топтамасы үдерісіндегі әзірлеулер (талаптар талдауы, жобалау, қабылдау сынақтарын қоса алғанда) жөніндегі жұмыстарды орындайтын ұйым;

  9. кодтың логикалық жолдары – бағдарламалық қамтамасыз етудің белгілі функционалдық өлшемі бойынша оның коды өлшемін бағалау үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету өлшемі;
  10. қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету – қолданбалы тапсырмаларды шешуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету;


  11. тапсырыс беруші – жеткізушіден ақпараттық жүйені алатын немесе қабылдайтын ұйым;

  12. функционалдық балл – бұл ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету функционалының өлшем бірлігі.


3. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық өлшемін анықтау

Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық өлшемін (бұдан әрі – ФӨ) анықтау ісі ақпараттық жүйені құру жобасының алғашқы кезеңдерінде ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету кодының өлшемін бағалауға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйені бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық өлшемін анықтау үшін 4-5 тармағын міндетті түрде орындау қажет.


4. K1, K2, K3 ақпараттық жүйені құру жобасы топтастырушылары мәнінің Нормативтері келтірілген 1 - кесте бойынша автоматтандыру объектісі ауқымына байланысты есептеу.

5. Ақпараттық жүйені бағдарламалық қамтамасыз ету функционалдық өлшеміне А.Альбрехт ұсынған функционалдық баллдарындағы болашақ жоба формуласы бойынша есеп жүргізу:


ФӨ = (K1 + K2 + K3)2,35 (Ф1)
Ескерту. Формула (Ф1) «Жобалаудың алғашқы кезеңдеріндегі күрделі жүйелердің ақпараттық-техникалық кешендерін жасау және енгізу жұмысының жинақтық құны жөніндегі әдістемелік ұсыныстар», ISBN 978-5-9710-0154-6, Ресей ғылым академиясының жүйелік талдау институты ақпарат көздерінен алынған.


4. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық

қамтамасыз ету кодының өлшемін анықтау

Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету кодының өлшемін анықтау ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жүргізудің жұмысқа қабілеттілігі есебі үшін СОСОМО-ның сыналған әдістемесін қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету кодының өлшемін анықтау үшін 6-7 тармақтарды орындау қажет.


6. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жүргізуге қолданылатын бағдарламалау тіліне арналған кодтың логикалық жолдары санындағы функционалдық балдарын аудару коэффициенті мағынасы Нормативтерінің 2 - кестесі бойынша (бұдан әрі – АК) есептеу.

7.Формула (Ф2) бойынша шығыс кодының мыңдаған логикалық жолдарындағы ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету коды өлшемінің есебін келтіру (бұдан әрі – КӨ):


КӨ= ФӨ × АК/ 1000 (Ф2)


4. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді

жүргізудің жұмысқа қабілеттілігін анықтау

Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жүргізудің жұмысқа қабілеттілігін анықтау СОСОМО әдістемесі формуласын қолдануға және ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету кодының өлшеміне негізделген. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жүргізудің жұмысқа қабілеттілігін анықтау үшін 8-10. тармақтарды орындау қажет.

8. (Ф3) формуласы бойынша есептелетін ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді құрудың жұмысқа қабілеттілігі ауқымының көрсеткішін (бұдан әрі – Е) есептеу үшін 3, 4 Нормативтер кестесі бойынша оның деңгейлеріне байланысты, Ri (i=1..5) жасаудағы әрбір көрсеткіш мәнін есептеу керек:

E = 0,91 + 0,01×Σi=1..5Ri, (Ф3)




9. (Ф4) формуласы бойынша есептелетін ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді құрудың жұмысқа қабілеттілігіне кеткен шығын көрсеткішін есептеу үшін 5, 6 Нормативтер кестесі бойынша, оның деңгейіне байланысты Zi (i=1..7) – шығынның әрбір көбейткіштің мәнін есептеу керек:


Z = (Ф4)

10. Ай сайын адам басына шаққандағы ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету ісінің жұмысқа қабілеттілігіне есеп жүргізу (бұдан әрі – Т), КӨ, Е, Z – бұрын анықталған деректер негізінде, формуласы бойынша анықталады:


Т =2,94× (КӨ)E×Z (Ф5)

6. Ақпараттық жүйеге қолданбалы бағдарламалық

қамтамасыз ету жүргізу құнын анықтау

Ақпараттық жүйеге қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету жүргізу құнын анықтау ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету ісіндегі бір адамға бір айға шаққандағы құны және ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету ісінің жұмысқа қабілеттілігі есебіне негізделген. Ақпараттық жүйеге қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету жүргізу құнын анықтау үшін 11-13 - тармақтарын орындау қажет.


11. Нормативтер 7 - кестесі бойынша келесі көрсеткіштерді санау:

  1. зерттеу және жасау істерімен айналысқан персоналдың орташа айлық жалақысының көрсеткіші (бұдан әрі – Зор);

  2. міндетті әлеуметтік сақтандыру қорындағы бөлінген мөлшерді есепті қоса алғандағы әлеуметтік салық көрсеткіші (бұдан әрі – Кәс);

  3. үстеме шығындар көрсеткіші (бұдан әрі – Күш) ;

  4. кезең шығындарының көрсеткіші (бұдан әрі – Ккш);

  5. рентабельдік көрсеткіш (бұдан әрі – КР);

  6. қосылған құн салығының көрсеткіші (бұдан әрі – Кққс);

12. Ақпараттық жүйені бағдарламалық қамтамасыз ету ісінің айлық адамға шаққандағы құнын (бұдан әрі – Сор) мына формула бойынша есептеу:

Сор = Зор×( 1+(0,9×Кәсүшкш )/100% )×(1+КР/100%)×(1+Кққс/100%) (Ф6)



  1. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жүргізу ісінің құны – Сқбқ мына формула бойынша есептеу:

Сқбқ = Т× Сор (Ф7)



7. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді тәжірибелік қолданысқа енгізудің, дамытудың, сүйемелдеудің, аттестаттаудың жұмысқа қабілеттігін және құнын анықтау
Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді тәжірибелік қолданысқа енгізудің, дамытудың, сүйемелдеудің, аттестаттаудың жұмысқа қабілеттігін және құнын анықтау ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жүргізудің жұмысқа қабілеттілігін және базалық сипатынан алынған үлестердегі жұмысқа қабілеттіліктің басқа да көлемін анықтаудың базалық сипаттарын қолдануға негізделген.

Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді дамытудың жұмысқа қабілеттілігі және құнын анықтау үшін 14-16 - тармақтарын орындау қажет.


  1. Нормативтер 8 - кестесі бойынша ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді дамытудың жұмысқа қабілеттілігінің коэффициенті (бұдан әрі – Кд) мәнін есептеу.

  2. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді дамытудың жұмысқа қабілеттілігін ай сайынғы адам басына шағып есептеу (бұдан әрі – Тд) мына формула бойынша жүргізіледі:


ТД = Т × (КД / 100%) (Ф8)
  1. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту жұмысының құны (бұдан әрі – СР) мынаформула бойынша есептеледі:


СД = ТД × СОР (Ф9)

Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеудің жұмысқа қабілеттілігін және құнын анықтау үшін 17-19 - тармақтарды орындау қажет.


  1. Нормативтер 8 - кестесі бойынша ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеудің (бұдан әрі – КС) жұмысқа қабілеттілігінің коэффициенті мәнін есептеу.

  2. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеудің жұмысқа қабілеттілігін бірайдағы адам басына шаққандағы мәнін (бұдан әрі – ТС) есептеу үшін мына формула қолданылады:


ТС = Т × (КС / 100%) (Ф10)
  1. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу жұмысының құны (бұдан әрі – СС) мына формула бойынша есептеледі:


СС = ТС × СОР (Ф11)

Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді аттестациялаудың жұмысқа қабілеттілігі және құнын анықтау үшін 20-22 - тармағын орындау қажет.


  1. Нормативтер 8 - кестесі бойынша ақпараттық жүйені бағдарламалық қамтамасыз етуді аттестациялаудың жұмысқа қабілеттілік коэффициентінің мәнін есептеу (бұдан әрі – КА).

  2. Ай сайынғы адамға шаққандағы ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді аттестациялаудағы жұмысқа қабілеттілік есебін жасау (бұдан әрі – ТА) мына формула бойынша жүргізіледі:


ТА = Т × (КА / 100%) (Ф10)
  1. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді аттестациялау жұмысының құны (бұдан әрі – СА) мына формула бойынша жүргізіледі:


СА = ТА × СОР (Ф11)

Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді тәжірибелік қолданысқа енгізудің жұмысқа қабілеттілігін және құнынанықтау үшін 23-25.тармағын орындау қажет.


  1. Нормативтер 8 - кестесі бойынша ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді тәжірибелік қолданысқа енгізудің жұмысқа қабілеттілігі коэффициентінің мәнін есептеу (бұдан әрі – КҚ).

  2. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді тәжірибелік қолданысқа енгізудің жұмысқа қабілеттелігіне бір адамға ай сайынғы есеп жүргізу (бұдан әрі – ТҚ) мына формула бойынша жүзеге асады:


ТҚ = Т × (КҚ / 100%) (Ф12)
  1. Ақпараттық жүйені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді тәжірибелік қолданысқа енгізу жұмысының құны (бұдан әрі – СҚ) мына формула бойынша жүзеге асырылады:


СҚ = ТҚ × СОР (Ф13)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет