Семинар сабағының жоспары:
-
Дәстүрлік көзқарастар мен наным-сенімдердегі (шамандылық, тәңіршілдік, Жер-Су, Умайға табыну, т. б.) философиялық аспектілер.
-
Бұхар жырау, Шалкиіз, Дулати және Асан-Қайғының философиялық шығармалары мен көзқарастары.
-
Сопылық дәстүр және оның қазақ философиясының қалыптасуындағы рөлі.
-
ХІХ ғ. қазақ ағартушыларының философиялық көзқарастары. Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин.
-
ХІХ ғ. соңы – ХХ ғасырдың. бірінші жартысындағы қоғамдық-саяси жазушылар мен ақындардың әлеуметтік-философиялық және этикалық-гуманистік көзқарастары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердиев, т. б.).
-
Қазақстандағы қазіргі замандағы философияның даму ерекшелігі мен негізгі ағымдары.
Әдістемелік ұсыныстар:
Қазақтың ең көне діни көзқарастарын қарастырып, Тәңір, Жер-Су, Умайға табынулардың басқа әлемдік діндерге әсерін талдау. Исламның келуі, орта ғасырдағы қазақ жеріндегі ренессанс. Ресейге қосылуға байланысты әртүрлі бағыттардың пайда болуы. Алашорда қайраткерлерінің көзқарастары.
Бақылау сұрақтары:
-
Қазақтардың көшпелі өмірі, тұрмысы және дәстүрі, халықтың рухани дүниесі, ауызша шығармашылығы, бейнелі ойлануда көрінуі.
-
Қазақ жеріндегі орта ғасырдағы көрнекті ойшылдар. Қазақ жеріндегі атақты орта ғасырлық ойшылдар (Қорқыт-Ата, Жүсіп Баласағұн, Махұд Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Асан-Қайғы ).
-
ХІХ ғ. қазақ ағартушылары (Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев).
-
ХХ ғ. басындағы қазақтардың қоғамдық–саяси және философиялық ойлары.
-
Алашорда қозғалысы, оның идеологтарының қазақ мемлекеттілігі, сот, мәдениет, білім, т.б. мәселелерге көзқарастары.
-
Зар заман ақындары мен ағартушы-демократтарды ажырата қарау (Дулат, Шортанбай, Мурат).
-
Алаш орда қозғалысының тарихи маңызы неде?
-
ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, философиялық ойлар (Ш. Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров).
Баяндамалар мен рефераттар:
-
Көшпенді қазақ халқының қоғамдық ой-санасының қалыптасуы және философиялық дәрежесі. Қазақ - философ халық.
-
Айтыс – поэтикалық философиялық диалогінің түрі.
-
«Қорқыт» поэмасының философиялық мәні.
-
Асан Қайғының Жерұйықты іздеудегі экзистенциалистік сарыны.
-
Отаршылық, зар-заман дәуірі ─ философиясының өзегі, этникалық өзіндікті сақтап қалу.
-
Шоқанның әлеуметтік-саяси, діни көзқарастарының ерекшеліктері.
-
Ыбырайдың ұлттық тәрбие негіздеріне көзқарасы.
-
Абайдың әлеуметік-философиялық көзқарасы.
-
Алашорда қозғалысы идеологтарының қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуы мен өсуіндегі әсері.
-
Ш. Құадайбердиевтің «Үш анық» атты жүйелі философиялық еңбегінің идеялық мәнідәуірдегі Қазақстандағы философия.
Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу:
-
Абай. Қара сөз. Поэмалар. Книга слов. Поэмы. Ел, Алматы, 1993.
-
Алтынсарин Ы. Мұсылмандық тұтқасы. Алматы, 1991.
-
Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы, 1991.
-
Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Алматы, 1989.
-
Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Алматы, 1995.
-
Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1994.
-
Жұмабаев М. Таңдамалары. Алматы, 1992.
-
Кішібеков Д. К., Кішібеков Т. Д. Речь и писменность: Трансформация звуко –
знаковых систем. Алматы, 2004.
-
Абай. Шығармалар жинағы. – Алматы, 1995.
Әдебиеттер тізімі:
-
Алтаев Ж., Касабек А. Филсофия тарихы. Алматы, 1998.
-
Алтаев Ж., Касабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.
-
Алтаев Ж., Ғабитов Т. және т.б. Философия және мәдениеттану. Алматы, 1998.
-
Әбішев Қ. Философия. -Алматы: Ақыл кітабы, 2001.
-
Әуезов М. Шығармалар жинағы. 14-15. Т. Алматы, 1974.
-
Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы, 1974.
-
Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1998.
-
Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Алматы, 1989.
-
Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Алматы,1995.
-
Бейсембиев К. Очерки истории общественно-политический и философской
мысли Казахстана. А-Ата. 1976.
-
Валиханов Ч. Собрание соч. В 5 т. А-Ата, 1985.
13.Досмұхамедов Х. Аламан. Алматы, 1991.
-
Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1994.
-
Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 т. Алматы, 1994-2004.
-
Есім Ғ. Фәлсафа тарихы Алматы: Раритет, 2004.
-
Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, 1996.
-
Жұмабаев М. Таңдамалы. Алматы, 1992
-
Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы, 1999.
-
Кішібеков : Кочевое общество. Гензис, развитие, упадок, А-Ата, 1984.
-
Кішібеков Д., СыдықовҰ.Философия. Алматы, 2003.
-
Касымжанов А. Х. Духовное казахского народа. А-Ата, 1991.
-
Қасабек А. Қазақ философия тарихының методикалық мәселелері ҚР ҒА
хабарлары, 1993.
-
Қасабек А. Қадырғали Жалайыр дүниетанымы, Алматы, 1999.
-
Касабек А., Алтаев Ж,Қазақ философиясы, Алматы, 1998.
-
Қасабек А., Алтаев Ж., Қазақ философиясының тарихына кіріспе. Алматы, 1994.
-
Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Оқу құралы. Алматы, 2002.
-
Касымжанов А. Х. Пространство и время великих традиции. Алматы, 2002.
-
Қорқыт-Ата кітабы. Алматы, 1986.
-
Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы, 1994.
-
Мұсаева Н.Р. Тылсым табиғат. Алматы, 1997.
-
Нысанбаев Ә., Әбжанов Т.Ой, ақыл, адамгершілік. Алматы, 1994.
-
Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. Алматы, 1999.
-
Орынбеков М. Предфилософия протоказахов. Алматы, 1994.
-
Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1996.
-
Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (философияның тарихына шолу).
Алматы, 1993.
-
Сулейменов О. « Азия». Алматы.
-
Сегізбаев О. А. Казахская философия. Алматы, 1995.
-
Сатыбекова С. Х. Аль-Фараби. Философские трактаты. А-Ата, 1972.
ІІ тарау. Теориялық философия
2.1 Онтология: ұғымдары мен қағидалары.
Философия өз негізінде үш мәселені қамтиды. Олар: Онтология (өмір сүру, тұрмыстық жағдай), Гносеология (таным туралы ілім), Логика (ойлау жүйесі туралы ілім).
Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», терминіне сәйкес келеді.
Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.
Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат; 2. әлеуметтік-материалдық қатынас; 3. адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет «болмыс» деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз–Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік. (Болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы - өте әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген). Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой - логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат-жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақыты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештеңенің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылған, сондықтан тек ақыл-оймен игеруге болады. «Болмыс - бар, биболмыс - жоқ» - деді Парменид.
Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс – бұл идеялар (эйдостар), ал биболмыс – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай, неге болмысты идея деп, ал биболмысты–материя деп санайды. Материалдық заттардың бүлiнуi мен жойылуы мүмкiн, ал идеяға (эйдос) еш уақытта зақым келмейдi. Материалдық заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы болуы мүмкiн, ал идеялар болса керiсiнше – азаймайды әрі көбеймейдi, жақсармайды және нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте, т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзi, бiр абсолют. Ол – абсолют, дүниенің бастамасы.
Болмыс мәселесiн шешуде Аристотель төрт бастамалық себеп туралы iлiмдi жасады:
а) форма - заттың мәнi, оның құрылымы және түсiнiгiмен байланысты;
ә) материя–барлық заттарды құрайтын бастапқы субстанция және материя мәңгi, бiрақ әрекетсiз ( тек зат болуға мүмкiндiгi бар субстарт), бұл материализмге жақындататын дуалистiк оқуға ұқсас;
б) бастапқы қозғаушы күш – форманың бiр сипаты, форманың материямен қосылу сәтіндегі белсенділіктің болуы,
в) мақсаттылық – бұл форманың бiр сипаты, ана немесе мына заттың «не үшiн», өмiр сүруiне байланысты анықталады.
Аристотель өзiнiң төрт алғашқы себеп тұжырымдамасында болмыстың жоғарғы сатысы ретiнде абсолюттiк ақыл iлiмiн қойды. Шын мәнiнде – бұл құдайлық бастама, ол «өз-өзiн ойлайтын Ақыл» ең жетiлген философ. Ақыл – «барлық форманың формасы» болмыс туралы шегiне жеткен түсiнiк, «алғашқы қозғаушы күш» ретiнде - бәрiн қозғайды, ал өзi болса қозғалмайды, мақсаттылық ретiнде–жалпы мақсат көзi, барлық заттар ұмтылатын жоғарғы игiлiк.
Орта ғасырлық философияда шынайы болмыс Құдай деп саналды. Әлем мен Адам Құдайға қарағанда екінші, оның туындысы. Адам Құдайға ұқсас. Сондықтан ол өзіне болмыстың бір бөлігін алады.
Қайта өрлеу дәуірінде болмыс ең алдымен материалдық табиғат болмысымен ара қатынаста болады. Осы кезде болмыста табиғат пен Құдай теңестіріледі, осыдан пантеистік көзқарас пайда болады. Жаңа Заман философиясында болмыс субстанциямен теңестіріледі. Декарт екі субстанцияны - материалдық және руханиды көрсетті. Олар бір-бірімен тең және тәуелсіз. Бірақ болмыстың өлшемі ойлау деді. Спиноза өзінің пантеистік сипатындағы философиясында Құдай, табиғат, субстанцияны теңестірді. Субстанцияны (causa sui) өзіндік себеп ретінде түсіндіреді.
Гегель мен Гераклит секілді ойшылдар өтпелі ауыспалы заттар болмысының диалектикасын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін сараптай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп көрсеткен.
Философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері қалай бөлінеді. Олар қазіргі философия мен ғылымда қалай сипатталады? Болмыс түрлерінен «болмыс» категориясына материалистік, идеалистік, иррационалдық мән берілгені анықталады. Әдетте оларды талдау мақсатында бірнеше түрлерге бөледі, яғни «нақты» өзіндік «қабаттың» ерекше өмір сүруін ескереді.
-
Табиғат болмысы (материалдық құбылыстардың, заттардың процестері).
-
Әлеуметтік болмыс (тұтас қоғамдық болмыс және жеке топтардың, адамның болмысы).
-
Рухани болмыс: 1. субъективтік - жеке адам өмірінен бөліп алуға болмайтын болмысты, дербестенген дейміз; 2. объективтік - адамнан тыс өмір сүретін жасанды болмысты объективтендірілген дейміз. Болмыстың түрлерін тек тану мақсатында, талдауға оңтайлы болу үшін жіктейді. Олар тек абстракцияда, теорияда дербес болады, нақты жағдайда бір-бірінен бөлінбейді. Адам болмысы табиғи болмыспен де, рухани болмыспен де өзара қиылысады.
ХХ ғасыр философиясы мен ғылымы дәстүрлі сипаттамаға, негізгі болмыс түрлерін төмендегі жаңалықтар арқылы көрсетіледі.
Табиғат болмысы. Қазіргі замандағы дүниеге көзқарас үш негізгі табиғат сипаттамасына сүйенеді: жүйелік, әмбебаптық эволюционизм, өзінен-өзі ұйымдасуы. Табиғат болмысы бүгінгі философиялық ойлауда табиғаттағы жеке заттарды, субстраттарды емес, жүйелердің мәні, элементтерінің өзара әрекеті - тәсілдері талданады, яғни құрылымын зерттейді. Әлемнің «архитектурасын» бастапқы материал емес, жүйелік-құрылымдық ұйымдасуы анықтайды деп санайды. Атап, айтқанда, бұл - әлемнің, оның бірлігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Табиғат болмысының қазіргі кездегі маңызды сипаттамасы, оның эволюциялық мүмкіндігінің мойындалуы. Ғылымдағы барлық белгілі табиғи жүйелер (ХІХ ғ, тек қана тіршілік иелері деп санаған) өзінің нәтижесінде эволюцияны көрсетеді. Бұл қорытындының бүкіл әлемге, біртұтас дүниеге қатысы бар. Эволюция феномені жергілікті емес, әмбебаптық.. Қазіргі кезде ең басты мәселе, өзін-өзі ұйымдастыру құбылысы ретінде қаралады. Яғни, спонтанды ретсіз жүйеден аса жоғары ұйымдасқан түрге өтуін зерттейдi.
Әлеуметтік болмыс. Соңғы кезде бұл болмыс түрлерінің төмендегідей тенденциясы белгіленді: технологизациялау, институциализация, жаһандандыру, виртуализация, ақпараттандыру.
Бірінші тенденция. Әлеуметтік болмыстың құрамында техникалық құралдардың басым болуын, адамдардың табиғи ортаға бейімделуі және өзінің әлеуметтік өмірін реттеудегі рөлінің өсуін анықтайды.
Екінші тенденция. Қоғам өміріндегі ұйымдастыру және тәртіптеу дәрежесінің өсуінің айғағы. Субъекті әрекетінің рөлі көптеп әлеуметтік институттарға көшті.
Үшінші тенденция. Әртүрлі аймақтардың тәуелсіздігінің өсе түсуі, әлеуметтік кеңістіктің «тарылуы» әлеуметтік әрекеттің үлгісін бір ретке салудың қажеттігін көрсетеді. Соңғы тенденцияда - әлеуметтік болмыста кейбір жаңа болмыстың қабаты пайда болды, адамдардың белсенділігі соған қарай көбірек ауыса бастады. Әлеуметтің нақты құрамын заттар (жер қазынасы, энергетикалық күштер), ресурстар емес, қазір көбінесе ақпараттық кеңістік анықтайтынын көрсетедi. Ақпараттық сипаттың өсуі, әлеуметтік болмыс құрылымының өзін өзгертіп, ондағы материалдық емес бөліктердің мәнін мен үлесін көбейтеді.
Әлеуметтік болмыс қоғамдық қатынастарға байланысты. Жеке меншіктің мәні - әр адамның қабілетінің ашылуы, оның әлеуметтік жағдайының өзіне байланыстылығын анықтайды. Тәрбиенің мәні - әлеуметтіктi іздеу, қандай қоғамның моделі жақсы деген мәселе қояды.
Рухани болмыс. Дербес субъективтi және объективтендірілген деп бөлінеді. Дербес рухани болмыс - жеке кісілердің өмірлік тіршілігінен, қызметінен бөліп алуға болмайтын рухани болмысы, адамдар өз қарым-қатынасын анықтап, өз ойлары мен сезімдерін бағдарлайды. Оған: адамның тіршілігінде, қимыл-әрекетінде, істеген ісінде санадан пайда болатын нәтиже; ой елегі мен санадан өтпей дағдыға айналып, істеле беретін санасыз әрекеттер жатады. Санасыздықтың негізінде саналы процестің басталуы ақиқат. Сана мен санасыздың бірлігінде шығармашылық шабыттың келуі, ғылыми, философиялық және сезімтал-әлеуметтік қатынас пен процестердің көрініс табуы байқалады.
Рухани болмыстың объективтендірілуі: Әуелі белгілі бір ой, пікір, идея жеке адам санасында пайда болады. Адам тәжірибеге, білімге және қабілетінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып ой-пікіріне, идеясына материалдық сипат береді, яғни тіл арқылы өрнектейді, жоба жасайды, музыканы (ән-күйді) нотаға түсіреді, сурет салады, материалдық бұйым жасайды. Рухани жемісін қоғамдық практикаға қосады.
Тіл – дербестенген және объективтендірілген рухани болмыстың бірлігі. Тіл - қоғамды дамытушы, тарихты жалғастырушы және байланыстырушы, мәдениетті сақтаушы, ақыл - ой тірегі.
Болмыс – жан-жақты терең, ауқымды ұғым, болмыс тек материя ғана емес, сонымен бірге идея, дін. Ол субстанция ұғымымен тығыз байланысты. Субстанция өзіндік мән, бастама. Ол өзінің өмір сүруі үшін өзінен басқа ешнәрсеге мұқтаж болмайды.
Субстанция (лат. негізінде не жатыр деген сөз). Субстанция - монизм мен дуализм плюрализм болып үшке бөлінеді. Қандай да пікір сөз, дау болмасын, өмірдің негізінде не жатыр деген сұрақ туындайды.
Монистік (бір негіз, біреу) бастама идеалистік, материалистік болады. Монистік бастама идеалистік, яғни, дүниенiң негізінде идея мен сана жатыр (Сократ, Платон, Аристотель Гегель). Монистік бастама материалистік, яғни оның негiзінде материя жатыр (Фалес, Гераклит, Спиноза, Фейербах, Маркс, Энгельс, Ленин). Дүниенің негізінде сана мен материя қатар жатыр десек, онда бұл дуализм - Декарт, Кант и Юм.
Плюрализм (лат, pluralis) - көптік. Ол бірлікті жоққа шығарады, бірнеше және көптік пікірдің тәуелсіз, бір-біріне қосылмайтынын қолдайды, болмыстың көп негізі бар деп есептейді.
Неміс философы, экзистенциализм ағымын салушылардың бірі (бірақ, ол өзін экзистенциализмге жатқызбаған) Хайдеггер Мартин (1889-1976). «Болмыс пен уақыт» (1927) деген еңбегінде қазіргі замандағы болмыс әлемі - ол бір затсыз, тіпті адам жоғалтқан, шындықтың мистикалық бастамасы дейді. Ол болмысқа қарама-қайшы, алғашқы айтылған ойды бекерге шығара отырып, әртүрлі сипаттама және түсіндірме береді. Ол болмысқа ғылыми анықтама бермеді, тек кейбір маңызды жағын бөліп көрсетіп, экзистенциалимзге сәйкес қарады. Хайдеггер: «болмыс зат, онымен біз қатынаста боламыз, бірақ, ол әлдебір тіршілік» - дейді. Тіршілік бар дейміз. «Болмыс ешбір зат емес, соған сәйкес ол ешқандай уақытша емес, сонымен бірге қатысушы ретінде бәрі-бір уақытпен анықталады». Болмыс пен уақыт бір-бірін өзара анықтайды, бірақ, солай болсада, біріншіден, ешбір болмысты уақытша ретінде, екіншіден, ешбір уақытты тіршілік ретiнде қарауға болмайды. Хайдеггер: «болмысты рационалды тануға болмайды» деген пікірге келеді.
Материя деген не? Бұл ұғымды қалай түсінуге болады? Материя (лат, material- зат, нәрсе, материал) Антика заманындағы грек философиясында заттардың түпкі тегі, белгілі бір бастапқы зат деген көзқараста орын алды. Су, От – материя - апейрон, бөлінбейтін субстанция–атомдар деп есептеледі. Жаңа дәуір философиясында, француз материализмнің өкілі Гольбах: «материя» дегеніміз біздің сезімге әсер ететіннің бәрі» - деді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында физика ғылымының саласында ашылған жаңалықтар: радиоактивтік құбылыстар, рентген сәулесі, электронның нақты өмір сүруінің дәлелденуі, электромагнит өрісі құблысының табиғатын табу, арнаулы салыстырмалы теорияның ашылуы ескі көзқарасты түбегейлі бұзды. Бөлінбейді деп келген атом күрделі құрылым болып шықты. Оның өзі де ұсақ бөлшектерге ыдырады, үнемі қозғалыстағы бөлшектердің массасы да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгеретiнi анықталды. Микробөлшектердің табиғаты екіжақты, олардың әрі заттық, әрі өрістік (толқындық) қасиеттері бар жарықтың бөлшегі - фотонды затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең.
Осы жаңалықтарға байланысты ғылымда, оның ішінде физикада, күйзелістік жағдай туды, атомның бөлшектенуі материяның жоғалуы деп саналып стихиялық-материалист ғалымдар идеалимзге, дінге бет бұра бастады. В. И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизм» атты еңбегінде: «Материя дегеніміз – адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізді тәуелсіз түрде бар бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, обьективтік реалдықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория»5 - бұл айтылған материяның жаңа философиялық анықтамасы осы дағдарысты тоқтатуда ерекше рөл атқарды. Бұл анықтамада: материя дегеніміз жеке зат немесе оның бір қасиеттері емес, философиялық категория (тарихи өзгеріп отыратын ғылыми жалпы ұғым) екендігі айтылады, оның ең негізгі екі қасиеті - объективтік шындық ретінде өмір сүруі және міндетті түрде біздің сезімімiзде көрінуі - бары айқындалды. Физикадағы дағдарыс материяның жоғалуынан емес, біздің ескі ұғымдарымыздың жарамсыз болып қалғандығын ғана дәлелдейді деді. Бұл анықтама соңғы жылдардағы барлық ғылыми жаңалықтарды қамти алды, сондықтан ол әлі де ескірудің нышанын білдірмейді.
Материя – объективтік шындық ретінде шексіз, мәңгі. Мәңгілігі жоғалмай бір түрден екіншісіне өтуiмен дәлелденсе, шексiздігі элементарлық бөлшектердің күрделі құрылымы мен кеңістікке жайылған ғарыш денелерінің сансыз көптігімен дәлелденеді. Материя құрылымы жағынан да шексіз, екі қиыршық құм да бір-бірінен өзгеше болады. Материяның қазіргі замандағы құрылымы.
Өлі табиғатта: бұл физикалық вакуум (ауасыз кеңістік), элементарлық бөлшектер, өрістер, атомдар, молекулалар, макроскопиялық денелер, ғаламшар, жұлдыздар, галактика, метагалактика немесе тұтас әлем.
Тірі табиғатта: тірі табиғаттың құрылымдық деңгейлері, нуклеиндік қышқылдар, ақуыздар, жасушалар, көпжасушалық ағзалар, популяцалар (биологиялық түрдің деңгейі), биоценоз- (био және гр. koinos –жалпы ценоз). Белгілі бір аймақта (құрғақ жер немесе су қойнауы) өмір сүретін және өз ара қалыптасқан қатынасы бар, қоршаған орта жағдайына бейімделген өсiмдiктердiң жиынтығы. Биосфераның жалпы дәрежесі.
Социумның (қоғам) дәрежесі: қоғамдағы өмiрдi ұйымдастыруда адам iс-әрекетiнiң (материалдық өндiрiс, рухани өндiрiс, ретушi жүйелер: саясат, құқық және мораль, әлеуметтiк саладағы iшкi жүйелер ретiнде өндiрiс және адамның өзiн өңдеуi) жүйесi мен iшкi психологиялық жүйесi анық көрiнедi. Бұдан басқа, қоғамның құрылымдық дәрежесi және әлеуметтiк қауымның табиғи-тарихи тайпа, отбасы, этностар, тұтас адамзаттың пайда болып қалыптасуы.
Қозғалыс материяның ең негізгі қасиеті ретінде- кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя қозғалыстың арқасында өзін білдіреді, көрсетеді, т. б., бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Қозғалыссыз материя жоқ, даму жоқ, сондықтан оны материяның өмір сүру формасы дейміз. Дамудың нәтижесінде жансыз -жандыға, жанды-жансыз материяға айналады. Осының бәрінде тыныштық сәті бар. Қозғалыс абсолютті, ал тыныштық оның бір сәттік тепе-теңдігі болады, ол салыстырмалы, себебі оның өзі де бір сапа деңгейіндегі қозғалыс. Материя қозғалысының өмір сүруі мен сапалық көп түрлері болады. Ф. Энгельс материя қозғалысының бес түрін көрсетті.
-
Механикалық қозғалыс дегеніміз - кеңістіктегi қозғалыс, орын ауыстыру.
-
Физикалық қозғалыс - электромагнитизм, гравитация, жылу.
-
Химиялық қозғалыс - атомдар мен молекуланың затқа айналуы, т.б.
-
Биологиялық қозғалыс - тірі организмдердің зат алмасуы.
-
Әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.
Қозғалыстың осы түрлерін анықтау, ғылымның соңғы ғасырда ерекше тез қарқынмен дамыуына қарамай, өзінің философиялық маңызын жоғалтпай отыр. Микроәлемдегі қозғалыстар - элементарлық бөлшектер. Метаәлемдегі қозғалыстар - әлемдік механиканың классикалық заңға «бағынбаушылығының» ашылуы.
Қозғалыстың геологиялық түрлері, т. б. нақты ғылымдағы жаңалықтар, жәй және күрделі қозғалыстағы заттар мен құбылыстардың өзара байланысын бұрынғыдан да терең түсінуге мүмкіндікті көбейтіп отыр. Мысалы, әлеуметтік қозғалыс өз құрамында биологиялық, химиялық, физикалық, механикалық қозғалыстарды қамтиды. Олардың заңдылықтарының әсерін қабылдайды, бірақ өзі жаңа заңдылықтар туғызып «төмендегілерді» өзіне бағындырып отырды. Осыны дұрыс түсіну ғана бізді механистицизм, идеализм, және волютаризмнен сақтандырады.
Кеңістік пен уақыт та қозғалыс секілді материяның ішкі ажырамас қасиеттері, өмір сүру формалары болып табылады. Кеңістік пен уақыт санадан тыс, объективті өмір сүреді.
Субъективтік идеализм (Беркли, Юм, Кант, Маркс) пен уақыты жеке сананың мазмұнына тәуелді деп қарады. Кант: «Кеңістік пен уақыт санадан тыс объект ретінде өмір сүре алмайды» десе, Э. Мах «Кеңістік пен уақыты ретімен түзілген түйсіктердің жүйесі» -деп есептейді.
Материалистік философияда кеңістік пен уақытты адамдардың ойынан тыс, материяның объективтік түрлері деп қараған. Ғылым мен материализмде материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Ол ешқашанда пайда болмайды және ешуақытта жоғалып кетпейді, ол әрқашанда болады, бар және бола береді. Кеңістіктің үш өлшемі бар: ұзындық, ені, биіктік. Бұл заттық түрлерге ғана емес, процестерге де тән. Уақыт қосылған соң дүниенің өлшемі төртеу болады. Уақыт бір өлшемді, ол заттық емес, өзгеру процесінiң сипаты.
Материя қандай түрде және қандай күйде болсын, оның уақыттық қасиеттері бар. Материяның өзгеруі мен даму түрінде білінетін уақыттың айнымайтын белгілі бағыты болады. Ол өткеннен болашаққа қарай жылжиды. Өткенді өзгертуге болмайды және оған қайта оралуға да болмайды.
Қозғалыстың жоғарғы биологиялық және әлеуметтік түрлерінде кеңістік пен уақыттың сипаттары мәнді түрде өзгеше болады. Кеңістік пен уақыттың әлеуметтік түрлері, адамзаттың қоршаған ортаны өз іс-әрекетінде игеруде, одан ары дамыту барысында қалыптасады да, қоғамдық даму процесінде тарихи тұрғыдан өзгеріп отырады.
ХХ ғасырдың бас кезінде А. Эйнштейннің салыстырмалық теориялары философиялық болжамды - материя, қозғалыс, кеңістік, уақыттың үзілместей бірлігін - ғылыми түрде дәлелдеді. Осы төрт фактордың бірі өзгерсе, қалған үшеуі де сәйкес өзгеретінін көрсетті. Бұл күнделікті өмірде қалыптасқан, классикалық механика ілімінен дәстүр болып келе жатқан көзқарас: кеңістік - абсолютті өзгермейтін орта, онда қозғалыстағы, өзгерістегі материя өздігімен өмір сүре береді, уақыт та сондай абсолютті, процестердің өзгермейтін жиілік интервалының көрсеткіші - дегенді жоққа шығарады. Олардың өлшемі материалдық жүйелердің өзіндік ерекшеліктеріне, процестерінің желісіне тәуелді өзгеріп отыратыны бүгінгi ғарыштық ғылымдарда, микроәлемде күмән келтірмейтін факт есебінде қаралады.
Философия өз негізінде үш мәселені қамтыды. Олар: Онтология (тіршілік, тұрмыстық жағдай), гносеология (таным туралы ілім), логика (ойлау жүйесі туралы ілім).
Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер, ойлар және анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс – кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «тіршілік ету» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», «өмір сүру» терминдеріне сәйкес келеді.
Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам қоғамда ғана өмір сүрмейді, сонымен бірге индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.
Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат; 2. әлеуметтік материалдық қатынас; 3. адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет «болмыс» деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз – Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік (болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы - өте әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген). Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой - логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат-жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақыты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештеңенің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылғандықтан, тек ақыл-оймен игеруге болады. «Болмыс - бар, биболмыс - жоқ» - деді Парменид.
Антикадағы Парменидтің қарсыластары биболмысты жоққа шығарумен келіспеді. Биболмыссыз әлем толық емес, әрі жетілмеген дейді. Демокрит әлем негізі – атом, олай болса, болмыс бар, , биболмыс та бар, ол қуыстар, онда атомдар қозғалыста болады. Осы жерде алғашқы ең терең және эврика – материалистік болмыс концепциясы туды.
Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен беиболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс – бұл идеялар (эйдостар), ал беиболмыс – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай, неге болмысты идея деп, ал беиболмысты – материя деп санайды? Материалдық заттардың бүлiнуi мен жойылуы мүмкiн, ал идеяға (эйдос) еш уақытта зақым келмейдi. Материалдық заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы болуы мүмкiн, ал идеялар болса керiсiнше- азаймайды және көбеймейдi, жақсармайды да, нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте, т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзi бiр абсолют. Ол – абсолют, дүниенің бастамасы.
Болмыс іліміне Аристотельдің қосқан маңызды идеясы: нақты болмысты – форманы, бейне арқылы тануға болады және осылайша ол адамға көрінеді, әрі қалыптасады. Орта ғасырлық философияда шынайы болмыс Құдай деп саналды. Әлем мен Адам Құдайға қарағанда екінші, оның туындысы. Адам Құдайға ұқсас. Сондықтан ол өзіне болмыстың бір бөлігін алады. Қайта өрлеу дәуірінде болмыс ең алдымен материалдық табиғат болмысымен ара қатынаста болады. Осы кезде болмыста табиғат пен Құдай теңестіріледі, осыдан пантеистік көзқарас пайда болады.
Жаңа Заман философиясында болмыс субстанциямен теңестіріледі. Декарт екі субстанцияны - материалдық және руханиды көрсетті. Олар бір-бірімен тең және тәуелсіз. Бірақ болмыстың өлшемі ойлау деді. Спиноза өзінің пантеистік сипатындағы философиясында Құдай, табиғат, субстанцияны теңестірді. Ол субстанцияны (causa sui) өзіндік себеп ретінде түсіндіреді.
Гегель мен Гераклит секілді ойшылдар өтпелі ауыспалы заттар болмысының диалектикасын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін сараптай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп көрсеткен. Ал философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері қалай бөлінеді? Олар қазіргі философия мен ғылымда қалай сипатталады? Болмыс түрлерінен «болмыс» категориясына материалистік, идеалистік, иррационалдық мән берілгені анықталады. Әдетте оларды талдау мақсатында бірнеше түрлерге бөледі, яғни «нақты» өзіндік «қабаттың» ерекше өмір сүруін ескереді.
-
Табиғат болмысы (материалдық құбылыстардың, заттардың процестері).
-
Әлеуметтік болмыс (тұтас қоғамдық болмыс және жеке топтардың, адамның болмысы).
-
Рухани болмыс: 1. субъективтік - жеке адам өмірінен бөліп алуға болмайтын болмысты дербестенген дейміз; 2. объективтік - адамнан тыс өмір сүретін жасанды болмысты объективтендірілген дейміз.
Болмыстың түрлерін тек тану мақсатында, талдауға оңтайлы болу үшін жіктейді. Олар тек абстракцияда, теорияда дербес болады, нақты жағдайда бір-бірінен бөлінбейді. Адам болмысы табиғи болмыспен де, рухани болмыспен де өзара қиылысады. ХХ ғасыр философиясы мен ғылымы дәстүрлі сипаттамаға, негізгі болмыс түрлеріне төмендегідей жаңалықтарды енгізді. Табиғат болмысы. Қазіргі замандағы дүниеге көзқарас үш негізгі табиғат сипаттамасына сүйенеді: жүйелік, әмбебаптық эволюционизм, өзінен-өзі ұйымдасуы.
Табиғат болмысы бүгінгі философиялық ойлауда табиғаттағы жеке заттарды, субстракттарды емес, жүйелердің мәні, элементтерінің өзара әрекеті - тәсілдері талданады, яғни құрылымын зерттейді. Әлемнің «архитектурасын» бастапқы материал емес, жүйелік-құрылымдық ұйымдсуы анықтайды деп санайды. Атап айтқанда, бұл - әлемнің, оның бірлігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Табиғат болмысының қазіргі кездегі маңызды сипаттамасы, оның эволюциялық мүмкіндігінің мойындалуы. Ғылымдағы барлық белгілі табиғи жүйелер (ХІХ ғ. тек қана тіршілік иелері деп санаған) өзінің нәтижесінде эволюцияны көрсетеді. Бұл қорытындының бүкіл әлемге, біртұтас дүниеге қатысы бар. Эволюция феномені жергілікті емес, әмбебаптық. Қазіргі кезде ең басты мәселе, өзін-өзі ұйымдастыру құбылысы ретінде қаралады, яғни, спонтанды ретсіз жүйеден аса жоғары ұйымдасқан түрге өтуін зерттейдi.
Әлеуметтік болмыс. Соңғы кезде бұл болмыс түрлерінің төмендегідей тенденциясы белгіленді: технологизациялау, институциализация, жаһандандыру, виртуализация, ақпараттандыру.
Бірінші тенденция. Әлеуметтік болмыстың құрамында техникалық құралдардың басым болуын, адамдардың табиғи ортаға бейімделуі және өзінің әлеуметтік өмірін реттеудегі рөлінің өсуін анықтайды.
Екінші тенденция. Қоғам өміріндегі ұйымдастыру және тәртіптеу дәрежесі өсуінің айғағы. Субъекті әрекетінің рөлі көптеп әлеуметтік институттарға көшті.
Үшінші тенденция. Тенденциясы әртүрлі аймақтардың тәуелсіздігінің өсе түсуі, әлеуметтік кеңістіктің «тарылуы» әлеуметтік әрекеттің үлгісін бір ретке салудың қажеттігін көрсетеді. Соңғы тенденцияда - әлеуметтік болмыста кейбір жаңа болмыстың қабаты пайда болды, адамдардың белсенділігі соған қарай көбірек ауыса бастады. Әлеуметтің нақты құрамын заттар (жер қазынасы, энергетикалық күштер), ресурстар емес, қазір көбінесе ақпараттық кеңістік анықтайтынын көрсетедi. Ақпараттық сипаттың өсуі әлеуметтік болмыс құрылымының өзін өзгертіп, ондағы материалдық емес бөліктердің мән мен үлесін көбейтеді.
Әлеуметтік болмыс, қоғамдық қатынастарға байланысты. Жеке меншіктің мәні - әр адамның қабілетінің ашылуы, оның әлеуметтік жағдайының өзіне байланыстылығын анықтайды. Тәрбиенің мәні - әлеуметтіктi іздеу, қандай қоғамның моделі жақсы деген мәселе қояды.
Рухани болмыс. Дербес субъективтi және объективтендірілген деп бөлінеді. Дербес рухани болмыс - жеке кісілердің өмірлік тіршілігінен, қызметінен бөліп алуға болмайтын рухани болмысы, адамдар өз қарым-қатынасын анықтап, өз ойлары мен сезімдерін бағдарлайды. Оған: адамның тіршілігінде, қимыл-әрекетінде, істеген ісінде санадан пайда болатын нәтиже; ой елегінен және санадан өтпей дағдыға айналып, істеле беретін санасыз әрекеттер жатады. Санасыздықтың негізінде саналы процестің басталуы ақиқат. Сана мен санасыздың бірлігінде шығармашылық шабыттың келуі, ғылыми, философиялық және сезімтал-әлеуметтік қатынас пен процестердің көрініс табуы байқалады.
Рухани болмыстың объективтендірілуі: Әуелі белгілі бір ой, пікір, идея жеке адам санасында пайда болады. Адам тәжірибеге, білімге және қабілетінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып ой-пікіріне, идеясына материалдық сипат береді, яғни тіл арқылы өрнектейді, жоба жасайды, музыканы (ән-күйді) нотаға түсіреді, сурет салады, материалдық бұйым жасайды. Рухани жемісін қоғамдық практикаға қосады.
Тіл – дербестенген және объективтендірілген рухани болмыстың бірлігі. Тіл - қоғамды дамытушы, тарихты жалғастырушы және байланыстырушы, мәдениетті сақтаушы, ақыл - ой тірегі.
Болмыс – жан-жақты терең, ауқымды ұғым, болмыс тек материя ғана емес, сонымен бірге идея, дін. Ол субстанция ұғымымен тығыз байланысты. Субстанция өзіндік мән, бастама, ол өзінің өмір сүруі үшін өзінен басқа ешнәрсеге мұқтаж болмайды.
Субстанция (лат. негізінде не жатыр деген сөз). Субстанция - монизм мен дуализм плюрализм болып үшке бөлінеді. Қандай да пікір сөз, дау болмасын, өмірдің негізінде не жатыр деген сұрақ туындайды.
Монистік (бір негіз, біреу) бастама идеалистік, материалистік болады. Монистік бастама идеалистік, яғни дүниенiң негізінде идея мен сана жатыр (Сократ, Платон, Аристотель Гегель). Монистік бастама материалистік, яғни оның негiзінде материя жатыр (Фалес, Гераклит, Спиноза, Фейербах, Маркс, Энгельс, Ленин).
Дүниенің негізінде сана мен материя қатар жатыр десек, онда бұл дуализм - Декарт, Кант и Юм.
Плюрализм (лат, pluralis) - көптік. Бірлікті жоққа шығарады, бірнеше және көптік пікірдің тәуелсіз, бір-біріне қосылмайтынын қолдайды, болмыстың көп негізі бар деп есептейді.
Неміс философы, экзистенциализм ағымын салушылардың бірі (бірақ, ол өзін экзистенциализмге жатқызбаған) Хайдеггер Мартин (1889-1976). «Болмыс пен уақыт» (1927) деген еңбегінде қазіргі замандағы болмыс әлемі - ол бір затсыз, тіпті адам жоғалтқан, шындықтың мистикалық бастамасы дейді. Ал болмысқа қарама-қайшы, алғашқы айтылған ойды бекерге шығара отырып, әртүрлі сипаттама және түсіндірме береді. Ол болмысқа ғылыми анықтама бермеді, тек кейбір маңызды жағын бөліп көрсетіп, экзистенциалимзге сәйкес қарады. Хайдеггер: «Болмыс зат, онымен біз қатынаста боламыз, бірақ, ол әлдебір тіршілік» – дейді. Тіршілік бар дейміз. «Болмыс ешбір зат емес, соған сәйкес ол ешқандай уақытша емес, сонымен бірге қатысушы ретінде бәрі-бір уақытпен анықталады»6. Болмыс пен уақыт бір-бірін өзара анықтайды, бірақ солай болса да, біріншіден, ешбір болмысты уақытша, ал екіншіден, ешбір уақытты тіршілік ретiнде қарауға болмайды. Хайдеггер болмысты рационалды тануға болмайды деген пікірге келеді.
Материя деген не? Бұл ұғымды қалай түсінуге болады? Материя (лат, material- зат, нәрсе, материал) Антика замандағы грек философиясында заттардың түпкі тегі, белгілі бір бастапқы зат деген көзқараста орын алды. Су, От – материя - апейрон, бөлінбейтін субстанция – атомдар деп есептеледі. Жаңа дәуір философиясында, француз материализмнің өкілі Гольбах: «материя» дегеніміз – біздің сезімге әсер ететіннің бәрі» - деді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында физика ғылымының саласында ашылған жаңалықтар: радиоактивтік құбылыстар, рентген сәулесі, электронның нақты өмір сүруінің дәлелденуі, электромагнит өрісі құблысының табиғатын табу, арнаулы салыстырмалы теорияның ашылуы ескі көзқарасты түбегейлі бұзды. Бөлінбейді деп келген атом күрделі құрылым болып шықты. Оның өзі де ұсақ бөлшектерге ыдырады, үнемі қозғалыстағы бөлшектердің массасы да тұрақсыз, жылдамдыққа байланысты өзгеретiнi анықталды. Микробөлшектердің табиғаты екіжақты, олардың әрі заттық, әрі өрістік (толқындық) қасиеттері бар жарықтың бөлшегі - фотонды затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең.
Осы жаңалықтарға байланысты ғылымда, оның ішінде физикада, күйзелістік жағдай туды, атомның бөлшектенуі материяның жоғалуы деп саналып, стихиялық-материалист ғалымдар идеалимзге, дінге бет бұра бастады. В. И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизм» атты еңбегінде: «Материя дегеніміз – адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізді тәуелсіз түрде бар бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын сүреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, обьективтік реалдықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория» бұл айтылған материяның жаңа философиялық анықтамасы осы дағдарысты тоқтатуа ерекше рөл атқарды. Бұл анықтамада: материя дегеніміз – жеке зат немесе оның бір қасиеттері емес, философиялық категория (тарихи өзгеріп отыратын ғылыми жалпы ұғым) екендігі айтылады, оның ең негізгі екі қасиеті - объективтік шындық ретінде өмір сүруі және міндетті түрде біздің сезімімiзде көрінуі - бары айқындалды. Физикадағы дағдарыс материяның жоғалуынан емес, біздің ескі ұғымдарымыздың жарамсыз болып қалғандығын ғана дәлелдейді деді. Бұл анықтама соңғы жылдардағы барлық ғылыми жаңалықтарды қамти алды, сондықтан ол әлі де ескірудің нышанын білдірмейді.
Материя – объективтік шындық ретінде шексіз, мәңгі. Мәңгілігі жоғалмай бір түрден екіншісіне өтуiмен дәлелденсе, шексiздігі элементарлық бөлшектердің күрделі құрылымы мен кеңістікке жойылған ғарыш денелерінің сансыз көптігімен дәлелденеді. Материя құрылымы жағынан да шексіз, екі қиыршық құмда бір-бірінен өзгеше болады. Материяның қазіргі замандағы құрылымы.
Өлі табиғатта: бұл физикалық вакуум (ауасыз кеңістік), элементарлық бөлшектер, өрістер, атомдар, молекулалар, макроскопиялық денелер, ғаламшар, жұлдыздар, галактикалар, метагалактика немесе тұтас әлем.
Тірі табиғатта: тірі табиғаттың құрылымдық деңгейлері, нуклеиндық қышқылдар, ақуыздар, жасушалар, көпжасушалық ағзалар, популяцалар (биологиялық түрдің деңгейі), биоценоз- (био және гр. koinos –жалпы ценоз). Белгілі бір аймақта (құрғақ жер немесе су қойнауы) өмір сүретін және өз ара қалыптасқан қатынасы бар, қоршаған орта жағдайына бейімделген өсiмдiктердiң жиынтығы. Биосфераның жалпы дәрежесі.
Социумның (қоғам) дәрежесі: қоғамдағы өмiрдi ұйымдастыруда адам iс-әрекетiнiң (материалдық өндiрiс, рухани өндiрiс, ретушi жүйелер: саясат, құқық пен мораль, әлеуметтiк саладағы iшкi жүйелер ретiнде өндiрiс және адамның өзiн өңдеуi) жүйесi және iшкi жүйесi анық көрiнедi. Бұдан басқа, қоғамның құрылымдық дәрежесi және әлеуметтiк қауымның табиғи-тарихи тайпа, отбасы, этностар, тұтас адамзаттың пайда болып қалыптасуы.
Қозғалыс – материяның ең негізгі қасиеті ретінде кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя қозғалыстың арқасында өзін білдіреді, көрсетеді, т. б. бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Қозғалыссыз материя жоқ, даму жоқ, сондықтан оны материяның өмір сүру формасы дейміз. Дамудың нәтижесінде жансыз жандыға, жанды жансыз материяға айналады. Осының бәрінде тыныштық сәті бар. Қозғалыс абсолютті, ал тыныштық – оның бір сәттік тепе-теңдігі болады. Ол салыстырмалы, себебі оның өзі де бір сапа деңгейіндегі қозғалыс. Материя қозғалысының өмір сүруі мен сапалық көп түрлері болады. Ф. Энгельс материя қозғалысының бес түрін көрсетті.
-
Механикалық қозғалыс дегеніміз – кеңістіктегi қозғалыс, орын ауыстыру.
-
Физикалық қозғалыс - электромагнитизм, гравитация, жылу.
-
Химиялық қозғалыс - атомдар мен молекуланың затқа айналуы, т.б.
-
Биологиялық қозғалыс - тірі организмдердің зат алмасуы.
-
Әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.
Қозғалыстың осы түрлерін анықтау ғылымның соңғы ғасырда ерекше тез дамығанына қарамай, өзінің философиялық маңызын жоғалтпай отыр. Микроәлемдегі қозғалыстар - элементарлық бөлшектер. Метаәлемдегі қозғалыстар - әлемдік механиканың классикалық заңға «бағынбаушылығының» ашылуы.
Қозғалыстың геологиялық түрлері, т. б. нақты ғылымдағы жаңалықтар, жәй және күрделі қозғалыстағы заттар мен құбылыстардың өзара байланысын бұрынғыдан да терең түсінуге мүмкіндікті көбейтіп отыр. Мысалы, әлеуметтік қозғалыс өз құрамында биологиялық, химиялық, физикалық, механикалық қозғалыстарды қамтиды, олардың заңдылықтарының әсерін қабылдайды, бірақ өзі жаңа заңдылықтар туғызып «төмендегілерді» өзіне бағындырып отырды. Осыны дұрыс түсіну ғана бізді механистицизмнен, идеализмнен, волютаризмнен, т. б. сақтандырады.
Кеңістік пен уақыт та қозғалыс секілді материяның ішкі ажырамас қасиеттері, өмір сүру формалары болып табылады. Кеңістік пен уақыт санадан тыс, объективті өмір сүреді.
Субъективтік идеализм (Беркли, Юм, Кант, Макс) Кеңістік пен уақыты жеке сананың мазмұнына тәуелді деп қарады. Кант: «Кеңістік пен уақыт санадан тыс объекті ретінде өмір сүре алмайды» десе, Э. Мах кеңістік пен уақыты ретімен түзілген түйсіктердің жүйесі деп есептейді.
Материалистік философияда кеңістік пен уақытты адамдардың ойынан тыс, материяның объективтік түрлері деп қараған. Ғылым мен материализмде материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Ол ешқашанда пайда болмайды және ешуақытта жоғалып кетпейді, ол әрқашанда болады, бар және бола береді. Кеңістіктің үш өлшемі бар: ұзындық, ені, биіктік.
Бұл заттық түрлерге ғана емес, процестерге де тән. Уақыт қосылған соң дүниенің өлшемі төртеу болады. Уақыт бір өлшемді, ол заттық емес, өзгеру процесінiң сипаты.
Материя қандай түрде және қандай күйде болсын, оның уақыттық қасиеттері бар. Материяның өзгеруі мен даму түрінде білінетін уақыттың айнымайтын белігілі бағыты болады. Ол өткеннен болашаққа қарай жылжиды. Өткенді өзгертуге болмайды және де оған қайта оралуға болмайды. Қозғалыстың жоғарғы биологиялық және әлеуметтік түрлерінде кеңістік пен уақыттың сипаттары мәнді түрде өзгеше болады. Кеңістік пен уақыттың әлеуметтік түрлері, адамзаттың қоршаған ортаны өз іс-әрекетінде игеруде, одан ары дамыту барысында қалыптасады да, қоғамдық даму процесінде тарихи тұрғыдан өзгеріп отырады.
ХХ ғасырдың бас кезінде А. Эйнштейннің салыстырмалық теориялары философиялық болжамды - материя, қозғалыс, кеңістік, уақыттың үзілместей бірлігін - ғылыми түрде дәлелдеді. Осы төрт фактордың бірі өзгерсе, қалған үшеуі де соған сәйкес өзгеретінін көрсетті. Бұл күнделікті өмірде қалыптасқан, классикалық механика ілімінен дәстүр болып келе жатқан көзқарас: «кеңістік - абсолютті өзгермейтін орта, онда қозғалыстағы, өзгерістегі материя өздігімен өмір сүре береді, уақыт та сондай абсолютті, процестердің өзгермейтін жиілік интервалының көрсеткіші» - дегенді жоққа шығарады. Олардың өлшемі материалдық жүйелердің өзіндік ерекшеліктеріне процестерінің желісіне тәуелді өзгеріп отыратыны бүгінгi ғарыштық ғылымдарда, микроәлемде күмән келтірмейтін факт есебінде қаралады.
Достарыңызбен бөлісу: |