2.4.Конденсаторларды қосу
Қажетті электр сыйымдылық алу үшін көптеген жағдайларда конденсаторларды бір – бірімен жалғауға тура келеді. Конденсаторларды тізбектеп қосуға да, параллель қосуға да болады.
Конденсаторларды тізбектей қосу. Сыйымдылықтары және екі конденсаторды тізбектеп қосу жағдайы 2.4.1 - суретте көрсетілген. Сонда 1 – пластинаны +Q зарядпен зарядтаған кезде 2 және 3 – пластиналар тқтас бір өткізгіш болғандықтан, индукция әсерінен, оларда –Q және +Q сәйкес зарядтар пайда болады, ал 4 – пластинада –Q заряд болады.
2.4.1 – сурет.
Енді 1 – пластинаның потенциалын , ал 4 – пластина потенциалын деп белгілейік; 2 және 3 – пластиналардың ортақ потенциалын V́- мен белгілейік. Әрбір қос пластина үшін мына қатыстарды жаза аламыз:
= Q, = Q,
мұнда және - қосылған конденсаторлар сыйымдылығы. Осы теңдіктерді мүшелеп қоссақ, мынадай болады:
= Q;
екінші жағынан былай жазуға болады:
= Q,
мұнда С – күрделі конденсатордың қорытқы сыйымдылығы.
Соңғы екі формуланы салыстыра келіп, мынаны табамыз:
(2.4.1)
немесе
(2.4.1а)
Сонымен конденсаторларды тізбектеп қосқанда сыйымдылығының кері шамасы қосылған конденсаторлар сыйымдылықтарының кері шамаларының қосындысына тең конденсатор шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |