Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы «Білім туралы»



бет4/15
Дата26.02.2016
өлшемі0.77 Mb.
#27252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, ақпараттық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым және тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және сәйкес мамандық бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары

 

Лауазымдық міндеттері: Оқу-өндірістік жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді. Оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Өндірістік оқыту кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыруды ұйымдастырады.

Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады. Кәсіптік-техникалық цикл сабақтары мен пәндері бойынша әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік комиссияның және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді.

Өндірістік оқытудың аға шеберінің, өндірістік оқыту шеберінің, өндірістік, кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибе жетекшісінің жұмысын басқарады, арнайы пәндер оқытушыларының жұмысын талдайды.

Білім беру ұйымдары түлектерінің қорытынды біліктілік емтихандарын ұйымдастыруын және өткізуін жүзеге асырады.

Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді. Оқу-материалдық базалардың есебін қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру бойынша жұмысты, санитариялық-гигиена режимдері, шеберханаларда және өндірісте еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі заманғы ғылым және тәжірибе жетістіктерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымдағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Оқу-әдістемелік бірлестігі басшысының орынбасары

 

Лауазымдық міндеттері: Қызметтің жетекшілік ететін бағыттарына сәйкес әдістемелік жұмысты тікелей басқаруды жүзеге асырады.

Әдістемелік кеңестің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастырады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, оқытудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу жөнінде ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша, қазіргі заманғы оқыту технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды, білімді бақылау және оқу процесін ақпараттандыруды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады.

Білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, үздік курстық және дипломдық жобалар, мамандықтар бойынша кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қорытындылайды.

Білім беру ұйымдары оқытушыларының республикада және шет елдерде ұқсас кәсіптер мен мамандықтар бойынша халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуы және тағылымдамадан өтуі үшін ұсыныстар енгізеді.

Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Оқу-әдістемелік бірлестігінің әдіскері

 

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы оқу-әдістемелік бірлестігінің оқу-әдістемелік жұмыстарын жүзеге асырады және талдайды. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру жөнінде конференциялар, семинарлар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізеді. Озық педагогикалық тәжірибелерді айқындайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізеді, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі.

Жастар мен жұмыспен қамтылмаған халықтың арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде нұсқаулықтар әзірлейді. Оқу-әдістемелік әдебиетпен, оқытудың педагогикалық құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқытудың қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтылуын бағалау жағдайы туралы аналитикалық материалдарды әзірлеуге қатысады. Оқыту бағдарламалар мәліметтерінің ақпараттық банкін құруын, мамандарды даярлау сапасының мониторингісін ұйымдастырады. Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының әдіскері лауазымда еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Әдіскер

 

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және талдайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және енгізу бойынша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссиясы, кафедрасының жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады.

Білім беру ұйымының әдістемелік, пәндік және циклдік комиссиясының, кафедраның жұмысына басшылық жасайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізуге, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі. Білім процестері мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Семинарлар, конференциялар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады. Ашық сабақтар өткізуді және оларды талдауды ұйымдастырады. Әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыс негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің принциптері мен тәртібін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.



Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымдағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Бөлімше меңгерушісі

 

Лауазымдық міндеттері: Бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды жүзеге асырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Оқу пәндерінің оқыту сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады. Жаңа оқу жылына, семестрдің, емтихан сессиясының басталуына дайындық бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді. Оқу-материалдық базалардың дамуы мен нығаюын, жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерін қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Оқу бөлімінің меңгерушісі

 

Лауазымдық міндеттері: Педагогтік ұжым қызметінің ағымдағы және болашақтағы жоспарлауын ұйымдастырады. Оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагог жұмыскерлердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау жөнінде жұмысын, сонымен қатар қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді. Білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының сабақ кестесін жасау үшін материалдардың дайындалуын және олардың орындалуының бақылауын жүзеге асырады. Оқыту процесінің сапасын бақылауды және білім алушылардың білім алу даярлығының нәтижесін бағалаудың ақиқаттығын жүзеге асырады. Педагог жұмыскерлерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды зерделеу және әзірлеуге көмек көрсетеді. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады.

Оқу-материалдық базаларды нығайту бойынша, оқу кабинеттерін қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтау бойынша шаралар қолданады. Шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады.

Жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена негіздерін; білім беру жүйесін басқарудың теориясы мен әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Жалпы білім беретін пәндердің оқытушысы

 

Лауазымдық міндеттері: Оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырады және өткізеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәндерді ескере отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, жеке қабілеттерінің дамуына жәрдемдеседі және айқындайды. Оқытудың анағұрлым тиімді формаларын, әдістерін және құралдарын, жаңа педагогтік құралдарды қолданады. Білім алушылардың сапалы білім, білік пен дағды алуларын қамтамасыз етеді. Оқу процесінің жоспары мен кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қаматамасыз етеді. Жабдықтарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігінің талаптарын орындайды.

Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша:

Лауазымдық міндеттері: Оқытушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып-жетекшілерімен бірлесе отырып, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарындағы бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын дамыту мен нығайту, жабдықтар мен мүліктердің сақталуы, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау бойынша шаралар қолданады. Әскери істің негіздерін оқып-үйрену жөніндегі үйірмелерді басқарады, төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге арналған практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді. Білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша іс-шараларды жасайды, қорғаныс ғимараттарының дайындығын төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың жеке құралдарымен қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери есеп мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, білім алушыларға білім және тәрбие беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқару мәселелерін шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пәндер негіздерін; педагогика, психология жастық физиология, гигиена негіздерін; тәрбие жұмысы мен оқытылатын пәннің әдістемесін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын; оқу кабинетін жарақтау мен жабдықтау талаптарын; оқу құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндігі; педагогтік ғылымның дамуының негізгі бағыттарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі.

 

 

Педагог-психолог

 

Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды. Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады. Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді. Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық). Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, педагогика және психология теориясын, жастық физиологиясын, гигиенасын, белсенді оқытудың әдістерін, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингісін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын; педагогтік ғылымның дамуы мен жетістіктерінің негізгі бағыттарын; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Психология» мамандығы бойынша жоғары білімі немесе бейін бойынша медициналық жоғары білімі.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет