Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 17 маусымдағы 261 бұйрығымен бекітілген



жүктеу 411.93 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі411.93 Kb.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым Министрінің

2011 жылғы 17 маусымдағы 261

бұйрығымен бекітілген

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

Жоғары білім. БАКАЛАВРИАТ

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

ҚР МЖМБС 5.04.019 – 2011

Астана, 2011

1 Қолдану саласы
Осы стандарт білім беру бағдарламасы мазмұнына, білім алушының білім траекториясына, білімнің құрылымы мен мазмұнына, білім бағдарламаларының қалыптасуына, олардың құрылымына, білім алушылардың дайындық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарт жоғары білім саласындағы халықаралық құжаттармен, ECTS қолданушыға басшылық бағдарламасының ұсыныстарымен (ECTS Users’ Guide), «Европалық ЖОО-дағы білім құрылымдарын жөнге келтіру» ("Tuning Educational Structures in Europe") үйлестірілген.

Стандарт ережелерін бакалаврлар мен жоғары арнаулы білімді мамандарды дайындауды жүзеге асыратын, нақты мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын дайындауға қатысатын, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) жекеменшік формасына, ведомостволық бағыныштылығына және ұйымдастыру-құқықтық формаларына қарамастан қолдануға міндетті.

Стандартты сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдары, аккредитациялық органдары, білім және ғылым ұйымдарын лицензиялау және аттестаттау жөніндегі комиссиялар, мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциялар (кеңестер), тапсырыс берушілер мен жұмыс берушілер қолдана алады және ол бакалаврлар мен жоғары білімді мамандардың дайындық сапасын сараптауға негіз бола алады.



2 Нормативті сілтемелер

Осы стандартта келесі нормативті құжаттарға сілтеме жасалды:

Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 20 сәуірінде № 152 бұйрығымен бекітілген оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелері.



3 Терминдер мен анықтамалар
Бұл стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (2007 ж.) Заңына, Болон декларациясына (1999 ж.) және білім саласындағы халықаралық құжаттарға, кредиттерді жинақтау және аударудың Европалық жүйесіне сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылды.

Бұларға қосымша осы стандартта келесі терминдер мен анықтамалар белгіленген:



3.1 Жоғары арнаулы білім: Нақты мамандық бойынша біліктілік берілетін 4 жылдан кем емес нормативті оқу мерзімімен мамандар дайындауға бағытталған кәсіби білім бағдарламасын жүзеге асыратын жоғары білім деңгейі.

3.2 Бакалавриат: Тиісті мамандық бойынша 4 жылдан кем емес нормативті оқу мерзімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі берілетін мамандарды дайындауға бағытталған жоғары білімнің кәсіби білім беру бағдарламасы.

3.3 Дескрипторлар (Descriptors): Білім алушылардың жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің әр деңгейінің (сатысы) білім бағдарламасын аяқтағанда ие болатын білім, білік, дағды және құзыреттерінің көлемі мен деңгейінің сипаттамасы Дескрипторлар білім нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ, ECTS (сынақтық бірлік) кредиттерінің жалпы санына негізделеді.

3.4 Диплом жұмысы (жоба): Тиісті ғылым саласының нақты мамандығының өзекті мәселелерін студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын ғылыми зерттеу элементтері бар бітіру жұмысы.

3.5 Жеке оқу жоспары (ЖОЖ): Типтік оқу жоспары және элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен білім алушының әр оқу жылына өз бетінше жасайтын оқу жоспары.

3.6 Элективті пәндер каталогы (ЭПК): Зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі тараулар) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (білім алушылардың алатын білімі, білігі, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып пәннің қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі. ЭПК-да әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК білім алушыларға элективті оқу пәндерін баламалы түрде таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

3.7 Таңдау бойынша компонент: Жоғары оқу орны ұсынатын, студенттер кез келген академиялық мерзімде олардың пререквизиттерін есепке ала отырып таңдайтын оқу пәндерінің және кредиттер немесе академиялық сағаттардың тиісті минималды көлемі.

3.8 Құзыреттіліктер: Білім алушылардың оқыту үдерісі кезінде алған білімін, білігі және дағдысын кәсіби қызметте қолдана алу қабілеті.

3.9 Міндетті компонент: Типтік оқу жоспарында белгіленген және оқыту бағдарламасы бойынша студенттердің міндетті түрде оқуға тиісті оқу пәндерінің және кредиттердің тиісті ең аз көлемінің тізбесі.

3.10 Оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ): Мамандықтың типтік оқу жоспары және білім алушылардың жеке оқу жоспары негізінде білм беру ұйымы өз бетінше жасайтын оқу құжаты. Оқылатын пәннің сипаттамасы, пәннің мақсаты мен міндеттері, қысқаша сипаттамасы, әр сабақтың тақырыбы мен уақыты, өзіндік жұмыстың тапсырмалары, кеңес беру уақыты, аралық бақылау кестесі, оқытушының талаптары, бағалау өлшемдері және әдебиеттер тізімі көрсетілетін пәннің оқу бағдарламасы.

3.11 Типтік оқу бағдарламасы (ТОБ): Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалатын, типтік оқу жоспарындағы міндетті компонент пәндерін оқыту тәртібін және көлемін, мазмұнын анықтайтын, меңгеруге қажетті негізгі білім, білік, дағды және құзыреттер шеңберін көрсететін оқу құжаты.

3.12 Типтік оқу жоспары (ТОЖ): Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының құрамдас бөлігі болып табылатын, міндетті компонент пәндерінің тізімі мен ең аз кредит көлемін көрсете отырып пәндер циклі бойынша білім бағдарламасының құрылымы мен көлемін белгілейтін білім саласындағы өкілетті орган бекітетін нормативті құжат.


4 Жалпы ережелер

4.1 Жоғары білім бағдарламаларын бакалавриаттың тиісті мамандықтары және жоғары арнаулы білім бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары, ведомостволық бағыныштылығына және жекеменшік формасына қарамастан жүзеге асырады.

4.2 Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен мамандарылған кадрлар) дайындауды төмендегі құжаттарға сәйкес іске асырады:

- осы стандарт негізінде жасалған жоғары білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары;

- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші;

- жұмыс оқу жоспарлары, академиялық күнтізбе;

- студенттердің жеке оқу жоспары;

- пәндердің типтік оқу бағдарламалары және силлабустар.

4.3 Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын игеру бойынша қорытынды аттестациядан табысты өткен тұлғаларға біліктілік және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі.

4.4 Осы стандартты қолдану келесі мақсаттарға жетуді көздейді:



  • білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті талаптардың негізінде және жоғары оқу орындары жұмысының нәтижелілігін бақылау жүйесін жасау арқылы жоғары білім сапасын арттыру;

  • білім саласындағы барлық субьектілердің жауапкершілігін күшейту құқықтарын реттеу;

  • студенттерді оқыту деңгейін және білім беру бағдарламаларын бағалаудың ақпараттылығы мен объективтілігін арттыру;

  • студенттердің академиялық ұтқырлығы үшін жағдай жасау;

  • Қазақстанның біртұтас білім кеңістігінің қызметін қамтамасыз ету;

  • Қазақстан Республикасының халықаралық білім кеңістігіне тең дәрежеде қатысуы үшін жоғары білім жөніндегі құжаттардың конвертациялануын қамтамасыз ету;

4.5 Қойылған мақсаттарға жету үшін ЖОО-лар оқытудың түрлі технологияларын, оқу үдерісін ұйымдастыру мен бақылаудың формалары мен әдістерін таңдай алады.

4.6 Жоғары білім мамандықтарының білім беру стандарттары осы стандарттың ережелеріне сәйкес келуі керек және білім бағдарламаларының мазмұны мен көлемі, құрылымына қойылатын талаптардың жиынтығын анықтауы керек.

4.7 Жоғары оқу орындары мамандықтарының тізбесі Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.

4.8 Жоғары оқу орындары мамандықтарының білім бағдарламалары біліктіліктің Европалық шегімен келісілген Дублин дескрипторларына сәйкес ЖОО өзі жасайды.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің білім бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің көлемі мен деңгейін, біліктілігі мен құзыреттілігін сипаттайтын Дублин дескрипторлары білім беру нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттілікке, сонымен бірге ЕСТS кредитті бірліктерінің санына негізделеді.

5 Жоғары білім бағдарламаларының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар
5.1 Білім құрылымы білім мазмұнын анықтайтын оқу жұмыстарының түрлерінен қалыптасып, олардың ара қатысын, өлшенуін және есебін көрсетеді.

5.2 Бакалавриаттың білім бағдарламасында:



  • жалпы білім беретін, базалық және мамандандыру пәндерінің циклды оқып үйрететін теориялық оқыту;

  • оқудың қосымша түрлері – кәсіби практиканың түрлері, дене шынықтыру, әскери дайындық және т.б.

  • аралық және қорытынды аттестация бар.

Сондай-ақ, бакалавриаттың білім бағдарламасы пәнді оқудың модулді жүйесі негізінде жобаланады.

5.3 Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу оқытылатын материалдың көлемі бойынша іске асады және студентке оқудың нақты нәтижесіне жетуіне қажетті номиналды уақыт терминінде көрінетін студенттің еңбек жұмсау өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді. Кредиттер білім бағдарламасының жеке модулдерінің (элементтерінің) шартты «бағасын» көрсетеді. Жалпы еңбек сыйымдылығы ұғымына лекциялық, практикалық (семинарлық), лабораториялық, студиялық сабақтар, кәсіби практиканың барлық түрі, білім алушылардың қорытынды аттестациядан өтуі және дайындығы, студенттің өз бетімен жұмысы кіреді.

5.4 Теориялық оқытудың жалпы еңбек сыйымдылығы оқытылатын оқу пәндерінің тізімімен анықталады.

5.5 Кредиттік технология бойынша оқытудың оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқу пәндерінің көлемі кредиттің тұтас санын құрау қажет. Сонымен қатар, пән ережеге сай, 3 кредиттен кем болмайтын өлшеммен бағаланады.

Ерекше жағдайларда пәнді 1 немесе 2 кредитпен бағалауға болады.

5.6 Дене шынықтыру мен тілдерден басқа әр бір оқу пәні қайталанбайтын бір атауға ие болуы қажет.

5.7 Студенттер әр бір оқу пәндерін бір академиялық мерзімде оқып үйреніп, соңында емтихан формасында қорытынды бақылау тапсырады.

Ерекше жағдайларда дене тәрбиесі, кәсіптік тәжірибенің барлық түрлері, курстық және есептеу-графикалық жұмыстары бойынша (жобалар) дифференциалды сынақ тапсырады.

5.8 Оқу жоспарының барлық формасында пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Ол оқу жоспарындағы әр пәнге сай әріптік және сандық символ ретінде кодтың берілуін қарастырады.

5.9 Жоғарғы оқу орындарының оқу жоспары мен білім бағдарламасына қазіргі заңнаманың нормаларын жүзеге асыратын пәндер міндетті түрде кіреді. Оларға мемлекеттік тіл және орыс тілі (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы), дене шынықтыру (Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы»), еңбекті қорғау (Қазақстан Республикасының еңбек Кодексі) және т.б. жатады.

5.10 Жалпы білім пәндері (ЖБП) циклы міндетті компонеттің пәнінен тұрады және таңдау бойынша басқа да компонеттерді қоса алады. Базалық пәндер (БП) және кәсіби пәндер (КП) циклдері міндетті компонент және таңдау бойынша компоненттен тұрады.

5.11 Міндетті компонент пәндерінің тізімі типтік оқу жоспарымен анықталады. Міндетті компонент пәндері көлемінің қысқартылуына жол берілмейді. Техникалық және кәсіби, орташа білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасындағы қысқартылған білім бағдарламалары бұған кірмейді.

5.12 Таңдау бойынша компонент пәндерінің тізімі жоғары оқу орындарымен анықталады.

5.13 ЖБП циклының құрамы типтік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 33 кредитті құрап, келесі пәндерден: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (Орыс) тілі, Шет тілі, Информатика, Экология және тұрақты даму, Политология, Социология, Экономикалық теория негіздері, Құқық негіздері, Өмір қауіпсіздік негіздері және Дене шынықтырудан тұрады.

Дене шынықтыру оқытудың қосымша түрлері шеңберінде жүзеге асып, ЖБП циклы кредиттерінің жалпы көлеміне кірмейді.

5.14 ЖБП циклының жеке пәндері мамандыққа байланысты шығарылады немесе БП циклына ауыстырылады. Осы орайда, босатылған кредиттер таңдау бойынша компонентке беріледі. Мысалы, «Құқық» тобындағы мамандықтар бойынша «Құқық негіздері» пәні; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» тобындағы мамандықтар бойынша «Экономикалық теория негіздері» пәні ЖБП циклынан БП циклына ауыстырылады.

«Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технология» тобындағы жеке мамандықтарға да ЖБП циклындағы аттас пәндер бойынша ұқсас әдістер қолданылады. Босатылған кредиттер таңдау бойынша компонентке жіберіледі.

5.15 ЖБП циклына таңдау бойынша компонент ретінде келесі пәндерді қосуға ұсынылады: Мәдениеттану, Психология, Өзін-өзі тану, Инновациялық менеджмент.

«Өзін-өзі тану» пәні базалық пәндер циклының міндетті компонентіне кіретін «Білім» тобындағы мамандықтар бұған кірмейді.

5.16 БП циклындағы пәндер көлемі типтік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 50%-ын немесе 64 кредит құрайды, олардың ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 44 кредит таңдау бойынша компонент пәндеріне тиесілі.

5.17 БП циклының міндетті компонентіне 2 кредиттен кем емес көлемдегі «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәні кіреді.

«Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік кафедраларға бекітіледі.

5.18 КП циклындағы пәндер көлемі типтік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, соның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді.

5.19 Жоғары білім беру бағдарламасының құрылымы 1-кестеде көрсетілген.


1 кесте

п/п



Цикл және пән атаулары

Жалпы еңбек сыйымдылық

академиялық сағат бойынша

кредит бойынша

1

Жалпы білім беру пәндерінің циклы (ЖБП)

1485

33

1.1

Міндетті компонент

1485

33




Қазақстан тарихы

135

3




Философия

135

3




Шет тілі

270

6




Қазақ (Орыс) тілі

270

6




Информатика

135

3




Экология және тұрақты даму

90

2




Социология

90

2




Политология

90

2




Экономикалық теория негіздері

90

2




Құқық негіздері

90

2




Өмір қауіпсіздік негіздері

90

2

1.2

Таңдау бойынша компонент







2

Базалық пәндер циклы (БП)

2880

64

2.1

Міндетті компонент

900

20




Кәсіби қазақ (орыс) тілі

90

2




Кәсіби бағытталған шет тілі

90

2

2.2

Таңдау бойынша компонент

1980

44

3

Кәсіптік пәндер циклы (КП)

1440

32

3.1

Міндетті компонент

225

5

3.2

Таңдау бойынша компонент

1215

27




Теориялық оқытудың барлығы

5805-тен аз емес

129-дан аз емес

4

Оқытудың қосымша түрлері







4.1

Міндетті компонент










Дене шынықтыру

240

8




Кәсіби практика (КП) (түрлер бойынша)

Практиканың түріне қарай

6*

4.2

Таңдау бойынша компонент







5

Қорытынды аттестация







5.1

Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау

210

2

5.2

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан (1 МЕ-ға)

105

1

ЕСКЕРТУ:

*«Білім» тобындағы мамандықтар бойынша 6-дан 20 кредитке дейін;

«Техникалық ғылымдар мен технология» тобындағы мамандықтар бойынша 6-дан 15 кредитке дейін.

Жоғарғы білімнің кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыруда ЖОО:

    • кәсіби оқу бағдарламасын үйрену логикасын бұзбай пәнді оқудың бір семестрден келесі семестрге ауыстыруға;

    • оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пәндерінің көлемін ұлғайтуға;

    • практикаларды өткізу уақытын пререквизиттерді ескере отырып ЖОО өзі анықтайды.



6 Білім мазмұнын жоспарлауға қойылатын талаптар
6.1 Білім беру ұйымының қызметі оқу үдерісін және білім мазмұнын жоспарлау, оларды жүргізу тәсілдерін таңдау жолымен іске асады.

6.2 Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес: оқу жоспары мен бағдарламалары, оқу жүктемесі көлемі, академиялық кезеңдер ұзақтығы, академиялық сабақ түрлері, оқу материалының көлеміне сәйкес анықталады.

6.3 Білім беру бағдарламасы оқу пәні мен мамандықтардың білім беру бағдарламаларының мазмұнына талаптар қояды.

6.4 Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспары негізінде жүзеге асады.

6.5 Оқу жоспарлары типтік (ТОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.

ТОЖ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде жоғары білімнің нақты мамандықтары бойынша жасалады және оны білім саласындағы құзіретті органдар бекітеді.

ТОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызмет түрі (тәжірибе, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау) кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.

6.6 ТОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орындары таңдау компоненті бойынша барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын ЭДК жасайды.

6.7 Мамандық бойынша ТОЖ мен ЭДК негізінде ЖОЖ құрылады. ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім траекториясын анықтайды.

6.8 ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ТОЖ мен студенттердің ЖОЖ негізінде жасалады және оны Ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымдарының басшылары бекітеді.

ОЖЖ мұғалімнің оқу қызметінің еңбек сыйымдығын есептеу үшін негіз болып табылады.

6.9 ЖОЖ мен ОЖЖ-ның түрін, құрылымын жобалау реті мен бекітуді жоғары оқу орындары өздері анықтайды.

6.10 Барлық оқу жоспарларының мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары типтік және силлабустар болып бөлінеді.

6.11 Типтік оқу бағдарламалары міндетті оқу пәні бойынша жасалады және оны білім беру саласындағы өкілетті органдар бекітеді.

6.12 Силлабустар оқу жоспарының барлық пәні бойынша жасалады және оны жоғары оқу орындары бекітеді. Оған қоса міндетті компоненттердің пәнін типтік оқу бағдарламалары негізінде, ал компоненттері бойынша пәнді жоғары оқу орындары өздері жасайды.

6.13 Білім мазмұнын жоспарлау, оқу үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуді жоғары оқу орындары өз бетінше білім берудің кредиттік технологиясы негізінде жүзеге асырады.

6.14 Білім берудің кредиттік технологиясы кезінде тест түрінде, бақылау жұмыстарымен, коллоквиумдармен, рефераттармен, шығармалармен, есептермен және т.б. тексерілетін оқу-әдістемелік әдебиетпен және ұсыныстармен қамтамасыз етілген студенттердің орындайтын өздік жұмыстарының – белгіленген тақырыптар (соның ішінде өзі оқып үйренуге бөлінген) тізімі бойынша жұмыстарының көлемі артады.

6.15 Өздік жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушы жетекшілігімен орындалатын (СОӨЖ) және студенттің өзі орындайтын өзіндік жұмысы (СӨЖ).

6.16. СОӨЖ оқытушымен бірге орындалатын студент жұмысының аудиториядан тыс орындалатын түрі болып табылады. СОӨЖ жалпы оқу кестесіне кірмейді, бөлек график бойынша жүргізіледі.

6.17 СӨЖ бен СОӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын жоғары оқу орны өзі анықтайды.

СОӨЖ кезінде оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар бойынша кеңес жүргізіледі, үй тапсырмалары курстық жобалар (жұмыстар) семестрлік бақылау жұмыстары, есептер және басқа да СӨЖ тапсырмалары орындалады.

6.18 Кредиттік оқыту технологиясының міндеті - студенттердің өзін-өзі ұйымдастыруы мен қалыптастыруды дамыту. Сәйкесінше студенттер мен оқытушылардың төмендегідей жұмыстың типтік циклі жүзеге асады.

1) Оқытушының студенттермен типтік жеке жұмыс циклі үш негізгі қызмет атқарады.

Оқытушының бірінші қызметі – орнатушылық (тақырыпқа кіріспе, мақсат, тапсырманы анықтау, тәжірибелік тиімділікті, материал мазмұнының негізгі бөлімдерінің байланысы мен мәнін сипаттау, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жөнінде кеңес беру және т.б.). Бұл студенттің келешектегі өзіндік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс.

Оқытушының екінші қызметі – кеңес беру түзету. Ол студенттің өзіндік жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда кеңес беру, сәйкес түзету жұмыстарын жүзеге асыру мен жеке кеңес беруде көмек көрсетеді. Білім үдерісінде бұл қызметті тьюторлар атқарады.

Оқытушының үшінші қызметі – бақылау бағалау. Ол білім, студенттердің әр түрлі формадағы білімін, білігін және дағдысын бағалауды (жазбаша немесе ауызша емтихан, тестілеу және т.б.), оларға кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, эталондық тәсілдерді көрсетуін қарастырады.

2) Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін өзіндік жұмысының типтік бірлік цикліне мынадай төрт негізгі функция кіреді.

Біріншісі – оқу пәні бойынша белгіленген сабақтар кезінде оқытушы берген мәліметті студенттердің дұрыс қабылдауын жүзеге асыруды көздейді.

Екінші функция, оқытушының кеңесі негізінде студенттердің өз бетімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттер көзін оқуды, үй тапсырмалары, бақылау, курстық жұмыстар және т.б. жасауды көздейді.

Бұл кезеңде студенттерден жұмыс әдісін білуді, қиындықтарды анықтауды, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіпті талап етіледі.

Студенттердің үшінші функциясы – қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі кедергілер себептерін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау. Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне жібереді (оларды реттеп, безендіріп, қатарға қояды), бұл сұрақтарға өз нұсқаларын көрсетеді.

Студенттердің төртінші функциясы оқытушыдан тиісті түсіндірулер мен ақыл-кеңес сұрау болып табылады.

6.19 Жоғары оқу орны оқу үдерісін барлық қажетті ақпарат көздерімен: оқулықтар, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдар, өзіндік жұмыс бойынша белсенді үлестірмелі материалдар мен нұсқаулар, электронды оқулықтар, желілік білім қорларымен қамтамасыз етеді.

Әрбір студент оқу кезінде анықтама-нұсқаулықпен қамтамасыз етіледі.

6.20 Оқу үдерісін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны 1 (бакалавриат үшін) және 2 (жоғары арнайы білім үшін) Қосымшаға сәйкес бакалавриаттың білім бағдарламасы компонеттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
7 Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі
7.1 Студенттердің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пәннің игеретін кредит саны бойынша өлшенеді.

7.2 ОПҚ оқу жүктемесін жоспарлау оқытушының студентпен аудиториялық оқу сабақтарындағы кесте бойынша немесе оқу жұмыстарының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша қарым-қатынастық жұмысының уақыты болып табылатын академиялық сағатпен жүзеге асады.

Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Академиялық сағаттары сәйкесінше 75 минутқа тең студиялық сабақтар немесе 100 минутқа тең зертханалық және дене тәрбиесі пәндері бұған кірмейді.

Практиканың, студенттердің қорытынды аттестациясының барлық түрлері үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең.

7.3 Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде келесі оқу жұмыстарының бір кредиті 15 академиялық сағаттарына тең екенін ескеру қажет:


    • семестр түрдегі академиялық кезеңдегі студенттің аудиторлық жұмысы;

    • кәсіби тәжірибе кезеңіндегі студенттердің оқытушымен жұмысы;

    • студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындау және қорғау жұмысы;

    • студенттің мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен тапсыру жұмысы.

7.4 Студенттің оқу жүктемесі оқу жұмысының әр түрі үшін академиялық сағаттарды қамтитын академиялық сағаттың ұзақтығы мен оқу сағаттарының (50 минуттық қарым-қатынас сағаттарының) көлемімен анықталады.

Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін. Студенттің аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары СӨЖ сағаттарының сәйкес санымен келесі түрде толықтырылады: бір кредитке студенттің семестр түрдегі академиялық кезеңдегі апталық оқу жүктемесінің жиынтығы 3 сағатқа тең.

Дене шынықтыру бойынша сабақтар қосымша СХЖ сағаттарымен қамтылмайды.

Тәжірибенің әр академиялық сағаты (оқу сағатынан басқа) студенттің қосымша жұмысының оқу сағаттарының сәйкес санымен қамтамасыз етіледі: педагогикалық тәжірибе – 1 сағат, өндірістік тәжірибе – 4 сағат.

Білім алушының қорытынды аттестациясының әр академиялық сағаты дипломдық жұмысты (жобаны) орындау және қорғау немесе мемлекеттік емтиханға дайындық және тапсыру бойынша студенттің оқытушымен қарым-қатынастық жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Студенттің қорытынды аттестациясының әр академиялық сағаты 6 сағаттық өзіндік жұмысымен сәйкес жүргізіледі.

7.5 Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестация кезеңінен, тәжірибе мен демалыстан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестация кезеңі қосылады.

Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс.

7.6 Академиялық кезең түріне байланысты семестр үшін -15 апта, триместр үшін -10 апта, тоқсан үшін – 8 апта.

7.7 Әр академиялық кезең ұзақтығы 1 аптадан кем болмайтын студенттердің аралық аттестациясымен аяқталынады.

Аралық аттестация кезеңінде барлық оқытылған пәндері бойынша қорытынды бақылау жүргізіліп, қазіргі үлгерім көрсеткіші бойынша (межілік және аралық бақылаудың арифметикалық ортасы) пәндердің қорытынды бағалары шығарылады.

Пән бойынша қорытынды бағалауда үлгерім бағалары үлесі 60 пайыздан, ал қорытынды бақылаудың бағалары үлесі 30 пайыздан кем болмауы тиіс.

7.8 Демалыс студенттерге әр академиялық кезеңнен кейін беріледі. Оқу жылында демалысқа бөлінген уақыт 7 аптадан кем болмауы тиіс.

7.9 Кәсіби тәжірибе жоғары білім берудің кәсіби оқыту бағдарламасының міндетті бөлшегі болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алды болып бөлінеді.

Кәсіби тәжірибе түрлерінің жалпы көлемі 6 кредиттен кем болмауы тиіс. «Білім» мамандықтары тобы бойынша кәсіби тәжірибе көлемі 6 кредиттен 20 кредитке дейін, «Техникалық ғылым және технология» мамандықтары тобы бойынша кәсіби тәжірибе көлемі 6 кредиттен 15 кредитке дейін өседі.

Тәжірибелердің ұзақтығы студенттің 30 сағатқа тең (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) апта бойы тәжірибе кезіндегі нормативті жұмысына сүйене отырып аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін тәжірибенің кредитпен есептелген көлеміне сәйкес тәжірибе түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны студенттің апта бойы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.

Тәжірибенің 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу тәжірибесі үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық тәжірибе үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік тәжірибе үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. Тәжірибенің 1 кредитіне келетін ұзақтығы аптамен есептегенде: оқу тәжірибесі үшін 0,5 аптаны, педагогикалық тәжірибе үшін 1 аптаны, өндірістік тәжірибе үшін 2,5 аптаны құрайды.

7.10 Білім алушылардың қорытынды аттестациясын аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең (6 күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ қоса есептелгенде күніне 9 сағат) студенттің апта бойы жұмысының нормативті уақытына сүйене отырып анықталады.

Қорытынды аттестацияның 1 кредиті - 105 (15х7) сағат, яғни 2 аптаға тең. Олардың ішінде 15 сағаты білім алушы мен оқытушының қарым-қатынастық жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады.

Мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалу және тапсыру үшін 1 кредит немесе 2 апта бөлінеді.

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау мен қорғауға 2 кредит немесе 4 апта бөлінеді. Сонымен бірге 2 кредитке дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу мен қорғау кіреді. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үдерісінің өзі алдын-ала кәсіби тәжірибе кезінде жүзеге асады және теориялық білім алу кезеңінде аяқталады.

7.11 Басқа ЖОО-да білім алушылардың қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, оқу пәндерін оқып-үйрену және кредиттерді игеру үшін, өз ЖОО-да міндетті түрде қайта сынақтан өте отырып, 6 аптаға созылатын жазғы семестр (бітіруші курсты қоспағанда) енгізілуі мүмкін.

7.12 Бакалавр дайындау бойынша білім беру үдерісінің аяқталуының негізгі өлшемі студенттің теориялық оқу бойынша 129-дан кем емес кредитті және кәсіби тәжірибенің 6-дан кем емес кредитін, диплом жұмысын (жобасын) дайындау, жазу және қорғаудың 2-ден кем емес кредитін, мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен тапсырудың 1-ден кем емес кредитін игеруі болып табылады.

Жеке мамандықтардың спецификасын ескере отырып (жоғары арнайы білім бағдарламаларын қосқанда) білім беру үдерісінің аяқталғандығының өлшемі студенттің төмендегі кредиттерді меңгергендігі болып табылады:

«Өнер» тобы бойынша - теориялық оқудың 160-180 кредитіне дейін;

«Әскери іс және қауіпсіздік» тобы бойынша – 170-190 кредитке дейін;

«Ветеринария» тобы бойынша -160 кредитке дейін;

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» тобы бойынша -190-224 кредитке дейін.

Сонымен бірге ЖОО жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалардың ерекшеліктеріне қарай игреуге қажетті кредиттердің көлемін арттыруы мүмкін.

Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп және оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда студентке оқу мерзіміне қарамастан «бакалавр» акадеимялық дәрежесі беріледі.

7.13 Семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде күндізгі бөлім студенті бакалавриат бағдарламасы бойынша18-22-ден кем емес кредит, сырттай бөлім студенті 9-12-ден кем емес кредитті, кешкі бөлім студенті 12-15-тен кем емес кредитті игеруі тиіс.

7.14 Триместр немесе квартал түріндегі академиялық кезең ішінде игерілетін кредиттер саны сәйкесінше қайта саналынады.

7.15 «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын қалыптастыру кезінде жоғары оқу орындары аз жиынтықты мектептердің жұмыс істеуін ескереді.

Педагогикалық мамандықтардың студенттеріне ұқсас мамандықтар бойынша пәндерді бір уақытта игеруге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда студенттер бір академиялық кезеңде 30 кредитке дейін игеруіне болады.
8 Білім беру ортасына қойылатын талаптар
8.1 Жоғары оқу орны оқу үдерісін алынған лицензияға сәйкес ұйымдастырады және лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы қажет.

8.2 ЖОО білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті профессор-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет және басқа да ақпараттық қорлармен, басқа қаладан келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз етеді.

8.3 Материалдық-техникалық және оқу-лабороториялық базаға қойылатын талаптар:

ЖОО-ның материалдық-техникалық жабдықталуы оның техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталуы қажет.

ЖОО-да санитарлық талаптарға сай келетін, оқу сабақтарын екіден кем емес ауысымда өткізуге қажетті аудиториялық қордың негізгі көлемі және қосымша бөлмелер болуы керек.

Тіл және тіл пәндері бойынша оқу сабақтарын өткізу үшін, сондай-ақ, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін ЖОО-да лингафон кабинеттері мен басқа да құрал-жабдықтар толық мөлшерде болуы керек.

ЖОО-да оқу сабақтарын кестеге сәйкес толық көлемде жүргізуге және студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін интерактивті тақта, соңғы буындағы компьютерлік кластар болуы керек.

Мамандықтардың жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған білім бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ЖОО-да түрлі тапсырмалармен (виртуальды лабороторияны қосқанда) қамтамасыз етілген оқу-лабораториялық құрал-жабдықтар, оқу бағдарламаларының тиісті тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беретін бағдарламалық жабдықтар болуы керек.

8.4 ЖОО әр студент оқитын мамандығының бағытына сәйкес жоғары білімнің жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған кәсіби практикалардың базасымен қамтамасыз етеді.

8.5 ЖОО-ның кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын квалификациялық талаптармен анықталған.

8.6 Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Жоғары білім бағдарламасын жүзеге асыру әрбір студентті ақпараттық ресурстармен және кітапхана қорымен, барлық модулдер, пәндер және сабақ түрлерімен – практикумдер, курстық және дипломдық жобалар, кәсіби тәжірибеден өту, студенттің өзіндік жұмысымен, сондай–ақ көрнекілік және аудио-видеоқұралдармен қамтамасыз етеді.

ЖОО студенттерді оқу, ғылыми, ақпараттық базаларымен қатар электронды кітапханаларда орналастырылған халықаралық ақпарат көздерімен де қамтамасыз етеді.

Кітапхана қорында әлеуметтік және қоғамдық пәндердің соңғы 5 жылдағы; жаратылыстану, техникалық, ауылшаруашылық және басқа да пәндердің соңғы 10 жылдағы негізгі оқу құралдарының басылымдары болу керек.

Электронды және магнитті тасымалдаушылардағы оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуі институттар, жоғары мектеп, жоғары училищелер үшін – мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің кем дегенде 10 %, академиялар, консерваториялар үшін – мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің кем дегенде 15 %, университеттер үшін - мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің кем дегенде 20 % болу керек.

Студенттердің келтірілген контингентіне қатысты оқытудың толық цикліне арналған оқу және ғылыми әдебиеттің қоры басылымдардың 140 бірлігінен кем болмауы тиіс. Сонымен қатар қазақ және орыс тіліндегі басылымдар көлемі оқытылатын тілдер бойынша оқушылар контингентіне пропорционалды болуы тиіс.

Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамсыздандыру студенттердің өзіндік жұмыстарына күш салумен жүзеге асырылады.

9 Түлектердің дайындық деңгейіне және оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптар
9.1 Оқытудың нәтижелері құзыреттілік арқылы көрінеді және оқытудың 1 деңгейіндегі (бакалавриат) Дублиндік дескрипторларға негізделіп жобаланады.

Бірінші деңгейдегі дескрипторларда мынадай қабілеттердің болуы қарастырылған:



  • сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;

  • осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;

  • дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу;

  • әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру;

  • ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау.

9.2 Жоғары білімнің жалпы компетенциялары жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.

9.3 Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:



  • ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімі болуы керек;

  • кәсіби қызметтің және кәсіби шығармашылықтың жалпы әдістемесін меңгеруі керек, заманауи техниканы қолдану дағдысы болуы қажет, кәсіби қызметінде ақпараттық технологияны қолдана білуі керек;

  • күнделікті кәсіби қызметке және білімді магистратурада жалғастыруға қажетті жаңа білім алу дағдысын игеруі керек.

9.4 Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:

  • қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білуі және өзінің кәсіби қызметінде соларға сүйенуі керек;

  • іскери этика нормаларын сақтауы, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеруі керек;

  • Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білуі керек;

  • әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне төзімділікпен қарауы керек;

  • Қазақстан заңнамасының және құқықтық жүйесінің негіздерін білуі керек;

  • Қоғамның әлеуметтік дамуының тенденцияларын білуі керек;

  • түрлі әлеуметтік жағдайларды дұрыс бағыт ұстана білуі керек;

  • командада жұмыс істеуге қабілетті болып, өзінің көзқарасын қорғай біліп, жаңа шешімдер ұсына білуі керек;

  • келісімге келе біліп, өз пікірін ұжым пікірімен байланыстыруы керек;

  • кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылуы керек.

9.5 Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:

  • экономикалық білім негіздерін игеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б. жөнінде ғылыми түсінігі болуы керек;

  • экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың ролін білу және түсіну.

9.6 Өзгерістер мен белгісіздіктердің өсіп отырған динамизмі жағдайында географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа, әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рольдердің ауысуына дайын болуға қойылатын талаптар:

- заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды түрде ауысып отырған құбылыстар мен үдерістерге бейімделе білу;



  • кәсіби қызметке байланысты түрлі жағдайларларда икемді де ұтқыр болу;

  • белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларына ие болу.

9.7 Жоғары білімнің әр мамандығына жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның арнайы сұраныстарын ескере отырып арнайы құзіреттер жасалынады.

9.8 Ең аз міндетті мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған білім деңгейі әртүрлі бақылаумен қамтамасыз етіледі.

9.9 Студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау және олардың пәндер циклі бойынша немесе жеке пәндер бойынша білімін бағалау регистратор офисінде (бөлімінде, секторында) оқу үдерісінің аралық кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) жүргізіледі және білім берудің қорытынды нәтижесіне бағытталуы керек.

Түлектердің білімін, іскерлігін, дағдысын және біліктілігін бақылау оларға қорытынды аттестация жүргізген кезде іске асырылады.

9.10 Жоғары білім бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі және (немесе) біліктілік беріледі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.

1-қосымша

Бакалавриаттың білім бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқыту мерзімі 4 жыл)



Қызмет түрлері

Кредиттер саны

Апталар саны

Сағаттар

мен берілген жалпы көлемі



Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық

СӨЖ

1

Теориялық оқу (1:2)

129

105

5805

1935

3870

55,3

2

Дене тәрбиесі (4 семестр) (2:0)

8

60

240

240

-

4,0

3

Қорытынды аттестация (1:6), соның ішінде:


3


6


315


45


270


52,5

- мемлекеттік емтихан (1МЕ үшін)

1

2

105

15

90

52,5

- диплом жұмысын жазу және қорғау

2

4

210

30

180

52,5




БАРЛЫҒЫ

140

111

6360

2220

4140

-

4

Кәсіби практика, соның ішінде:

6

5-11

150-330

30

120-300

30,0

- Оқу (1:0)

2

1

30

30

-

30

- Педагогикалық (1:1)

4

4

120

-

120

30

- Өндірістік (1:4)

4

10

300

-

300

30

5

Каникулдар (4х7 апта)

-

71-65

-

-

-

-

6

Емтихан сессиясы (7х3 апта)

-

21

-

-

-

-




БАРЛЫҒЫ (52 апта х 4 жыл = 208)

146

208

6510-6690

2250

4260-4440




Ескерту:


  1. Бакалавр деңгейін алу үшін студент мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа теориялық оқудың 129-дан кем емес кредитін және кәсіби практиканың 6-дан кем емес кредитін игеруі тиіс.

  2. Мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, диплом жұмысын жазу және қорғауға -2 кредит жоспарланған.

  3. Практикаға бөлінетін кредиттердің саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте бакалавриаттың барлық мамандықтары үшін көлемі 2 кредит оқу тәжірибесі, сонымен бірге жалпы көлемі 4 кредиттен кем емес педагогикалық және/немесе өндірістік тәжірибе жоспарланады.

  4. Дене тәрбиесі бойынша сабақтар мен қорытынды аттестацияның (сағаттармен) жалпы көлемі студенттің апталық жүктемесіне енбейді.

  5. Қызмет түрлері бойынша апталар саны өзгеруі мүмкін, бұл ретте орташа апталық жүктеме 57 сағаттан аспауы тиіс. («Дене тәрбиесі» пәнін есептемегенде)

  6. Каникулдың ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан жоғары каникулдық уақытты жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.

  7. Жазғы семестр, оқытудың қосымша түрлері (әскери дайындық) каникул есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.

  8. Диплом алдындағы тәжірибе мамандықтың МЖМБС-ында жоқ болса, оны қажет болған жағдайда жоғары оқу орны өздігінен каникулдық уақыт есебінен жоспарлай алады.

2-Қосымша

Жоғары арнаулы білім бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы

(оқыту мерзімі 5 жыл)



Қызмет түрлері

Кредиттер саны

Апталар саны

Сағаттар

мен берілген жалпы көлемі



Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық

СӨЖ

1

Теориялық оқу (1:2)

161

135

7245

2415

4830

53,7

2

Дене тәрбиесі (4 семестр) (2:0)

8

60

240

240

-

4,0

3

Қорытынды аттестация (1:6), соның ішінде:


3


6


315


45


270


52,5

- мемлекеттік емтихан (1МЕ үшін)

1

2

105

15

90

52,5

- диплом жұмысын жазу және қорғау

2

4

210

30

180

52,5




БАРЛЫҒЫ

172

141

7800

2700

5100

30,0

4

Практика:

6

11

330

30

300

30,0

- Оқу (1:2)

2

1

30

30

-

30

- Клиникалық, өндірістік (1:4)

4

10

300

-

300

30

5

Каникулдар




81







-




6

Емтихан сессиясы (9х3 апта)




27







-







ВСЕГО (52 апта х 5 жыл = 260)

178

260

8130

2730

5400




Ескерту:

  1. Біліктілік деңгейін алу үшін студент мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден бақа теориялық оқудың 161-дан кем емес кредитін және кәсіби практиканың 6-дан кем емес кредитін игеруі тиіс.

  2. Мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, диплом жұмысын жазу және қорғауға - 2 кредит жоспарланған.

  3. Практикаға бөлінетін кредиттердің саны 6-дан кем болмауы тиіс.Бұл ретте бакалавриаттың барлық мамандықтары үшін көлемі 2 кредит оқу тәжірибесі, сонымен бірге жалпы көлемі 4 кредиттен кем емес педагогикалық және/немесе өндірістік тәжірибе жоспарланады.

  4. Дене тәрбиесі бойынша сабақтар мен қорытынды аттестацияның (сағаттармен) жалпы көлемі студенттің апталық жүктемесіне енбейді.

  5. Қызмет түрлері бойынша апталар саны өзгеруі мүмкін, бұл ретте орташа апталық жүктеме 57 сағаттан аспауы тиіс. («Дене тәрбиесі» пәнін есептемегенде)

  6. Каникулдың ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан жоғары каникулдық уақытты жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.

  7. Жазғы семестр, оқытудың қосымша түрлері (әскери дайындық) каникул есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.

  8. Диплом алдындағы тәжірибе мамандықтың МЖМБС-ында жоқ болса, оны қажет болған жағдайда жоғары оқу орны өздігінен каникулдық уақыт есебінен жоспарлай алады.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет