Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы «17» маусымдағы №261 бұйрығымен бекітілген


Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі296 Kb.
#25491
1   2   3

7 Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі
7.1 Білім алушының оқу жоспарының жүктемесі әрбiр оқу пәнi бойынша оқу жыл iшiнде меңгерiлетiн кредитпен өлшенедi.

7.2 ОПҚ оқу жүктемесін жоспарлау оқытушының студентпен аудиториялық оқу сабақтарындағы кесте бойынша немесе оқу жұмыстарының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша қарым-қатынастық жұмысының уақыты болып табылатын академиялық сағатпен жүзеге асады.

Аудиторлық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Академиялық сағаттары сәйкесінше 75 минутқа тең студиялық сабақтар немесе 100 минутқа тең зертханалық сабақтар пәндері бұған кірмейді.

Білім алушының ғылыми-зерттеу жұмыстары, қорытынды мемлекеттік аттестациясы, практикасының барлық түрлерінің бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.

7.3 Оқу жұмысының көлемiн жоспарлауда бір кредит 15 академиялық сағатқа тең оқу жұмыстың келесі түрлері жатады:

- магистранттың аудиториялық жұмысы академиялық кезең бойы семестр түрінде, аптасына 1 сағатқа теңдей бөлінген;

- кәсiби және зерттеушi тәжiрибелердiң мерзiмінде магистранттың оқытушымен жұмысы;

- магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы, магистерлiк диссертациясы орындау мерзiміндегі магистранттың оқытушымен жұмысы;

- магистранттың магистерлiк диссертацияны жазу және қорғау бойынша жұмыстары;

- кешендi емтиханды тапсыру және дайындалу бойынша магистранттың жұмыстары.

7.4 Білім алушылардың оқу жүктемесі әртүрлі оқу жұмыстарына бөлінетін академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу сағаттарының (50 минуттан) көлемімен анықталады.

7.5 Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін. Білім алушының аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары білім алушының өзіндік жұмысы сағаттарының сәйкес санымен келесі түрде толықтырылады: бір кредитке білім алушының семестр түрдегі академиялық кезеңдегі апталық оқу жүктемесінің жиынтығы 4 немесе 5 сағатқа тең, сәйкесiнше кәсіптік және ғылыми және педагогикалық магистратурада солай.

7.6. Практиканың әр академиялық сағаты (оқу сағатынан басқа) білім алушының қосымша жұмысының оқу сағаттарының сәйкес санымен қамтамасыз етіледі: педагогикалық тәжірибе - 1 сағат, өндірістік тәжірибе – 4 сағат және зерттеу тәжірибесіне – 7 сағат.

7.7. Ғылыми зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының әрбiр академиялық сағаты білім алушының магистерлiк диссертациясының орындауын қоса, білім алушының өзіндік жұмысын 7сағатқа сәйкес жүргізіледі.

7.8. Білім алушының қорытынды аттестациясының әр академиялық сағаты магистрлік диссертацияны орындау және қорғау немесе кешенді емтиханға дайындық және тапсыру бойынша білім алушының оқытушымен қарым-қатынастық жұмысының бір сағаты болып табылады. Білім алушының қорытынды аттестациясының әр академиялық сағаты 6 сағаттық өзіндік жұмысымен сәйкес жүргізіледі.

7.9 Кредиттік оқу технологиясы кезінде магистранттардың орындайтын өзiндiк жұмыстың көлемі өседі, оқытушының басқаруымен магистранттың өзіндік жұмысы (ОБМӨЖ) және магистранттың өзі толық орындайтын бөлігі (БӨЖ) болып екі түрге бөлінеді.

7.10 Оқытушының жетекшілігімен Магистранттың өзiндiк жұмысы магистранттың аудиториядан тыс жұмыс түрiне жатады, ол жеке кесте бойынша оқытушымен түйісуде жасалады, жалпы оқу сабағының кестесіне кiрмейді.

7.11 Өзiндiк жұмысты жалпы көлемдегi ОБМӨЖ бен БӨЖ аралығында байланыс жоғары оқу орнымен жеке анықталады.

7.12 Дәрiстер және тәжірибе (семинарлық) сабақ кезінде магистранттың оқытушысымен қарым-қатынас сағат жұмысы, кәсіптік және ғылыми және педагогикалық магистратурада да, МӨЖ 3 және 4 сағатымен өткізіледі.

7.13 Магистранттың студия және лабораториялық сабақтары, ғылыми-зерттеу/эксперементалды-зерттеу жұмыстары, ОБМӨЖ жоспарлаудағы қортынды аттестация және оның көлемі (мысалы, магистерлiк диссертациясының орындалу жүрiсiн бақылау) жоғары оқу орнымен жеке бекітіледі.

7.14 Оқу жылы академиялық мерзiмдерден, аралық бақылау аттестация/қортынды бақылау, тәжірибе, демалыстар, магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысынан және бiтiретін курста қорытынды аттестация кезеңдерінен тұрады.

7.15 Академиялық мерзiм оның формасына байланысты семестр үшiн 15 аптаны, триместр үшiн 10 аптаны, тоқсан үшiн 8 апта ұзақтығын құрайды.

7.16 Әрбiр академиялық мерзiмнен кейiнгі аралық аттестация ұзақтығы 2 аптаны құрайды.

7.17 Аралық аттестация кезінде барлық оқылған пәндер бойынша ағымдағы үлгерiмнiң бағаларын есепке алуымен (ағымдағы және аралық бақылаудың орташа арифметикалық бағалары) қорытынды бақылау жүргiзiледi және қорытынды бағалар қойылады.

Пән қорытынды бағасы бойынша ағымдағы үлгерiм үлесінің бағасы кемiнде 60% құрауы керек, ал қорытынды бақылаудың үлгерім үлесінің бағасы - 30% кем болмау керек.

7.18 Әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттарға демалыс беріледі, демалыс уақытының ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан аспауы керек.

7.19  Магистранттың практикасы академиялық күнтізбеге және магистранттың жеке жұмыс жоспарының пәндер бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында бекітілген көлеміне сәйкес жүргізіледі.

7.20 Практиканың ұзақтығы аптаның ішінде 30 сағаттарға тең білім алушының нормативтік жұмыс уақытына анықталады (5 күндік жұмыс аптасында бір күнде 6 сағат) кредиттік тәжiрибенiң көлемi апталардың санын есептеу үшiн оны оқу сағаттарындағы практиканың тиiстi түрiнiң еңбек сыйымдылығына көбейтіледі және iс жүзiнде аптаның iшiнде білім алушының тәжірибедегі жұмысының ұзақтығына, демек, 30 сағатқа бөлінеді.

Оқыту тәжiрибесі үшін жұмыс көлемі 1 тәжірибенің 15 сағатына (50 мин.), педагогикалық тәжірибе үшін 30 сағат (50 мин.) өндірістік тәжірибе үшін 75 сағат (50 мин.) зерттеу тәжірибесіне 120 сағатты (50 мин.) құрайды. Тәжірибенің 1 кредиті ұзақтылығы бір аптада: оқу тәжірибе үшін 0,5, педагогикалық тәжірибеге – 1 апта, өндірістік тәжірибе үшін – 2,5 аптаны және зерттеу тәжірибесі – 4 аптаны құрайды.

7.21 Білім алушының қортынды аттестациясы және МҒЗЖ, МЭЗЖ жоспарлау бір аптаның ішінде білім алушының нормативті жұмысы бір апта уақытымен анықталады, 54 сағатқа тең (6 апталық жұмыс күнінде БӨЖ қосқанда күніне 9 сағат).

МҒЗЖ, МЭЗЖ бір кредитті білім алушының жұмысының 120 (15х8) сағатына сәйкес, яғни 2,2 апта.

Қортынды аттестация бір кредитті 105 (15х7) сағатына сәйкес, яғни 2 апта. Оның ішінде білім алушының оқытушымен қарым-қатынас жұмысы 15 сағат және БӨЖ 90 сағат.

Магистрлік диссертацияны жазуға және қорғауға 3 кредит, яғни 6 апта беріледі.

7.22 Магистрлік диссертацияны орындауда МҒЗЖ, МЭЗЖ кезінде жасалады.

7.23 Қосымша оқуды қажеттiлiгін қанағаттандыру, академиялық қарызды жоюға немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты, басқа жоғары оқу орындағы игерiлген кредитті өз жоғары оқу орнында қайта тапсыру үшiн 6 аптаға созылатын міндетті бітіруші курстан басқасына жазғы семестр курсын енгізу рұқсат етiледi.

7.24 Магистратурада білім беру процесін аяқтаудың негізгі критерийлері магистранттың:

ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде – 51 кредиттен кем емес, оның ішінде 34 кредит теоретикалық оқытуға, практикаға 6-дан кем емес, ғылыми-зерттеу жұмысына 7 кредиттен кем емес;

кәсіптік дайындық кезінде – 26 кредиттен кем емес (оқу мерзімі 1 жыл) және 28 кредиттен кем емес (оқу мерзімі 1,5 жыл), оның ішінде 18 және 28 кредиттен кем емес теоретикалық оқытуға, практикаға 2 және 5 кредиттен кем емес, ғылыми-зерттеу жұмысына 2 және 3 кредиттен кем емес.

Магистратураның білім беру бағдарламасын жедел меңгерген және оған қойылған талаптарды орындаған жағдайда білім беру мерзімі есепке алынбай-ақ, магистрантқа «магистр» академиялық дәрежесі берілуі мүмкін.

7.25 Кәсіптік магистратураны бітірген магистрант ғылыми және педагогикалық жұмыстарымен педагогикалық мамандық пәндері циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана айналыса алады. Аталған цикл қосымша академиялық кезең ішінде игеріледі, оқу соңында негізгі дипломға сәйкес куәлік беріледі.

7.26 Магистратураның білім беру бағдарламасының толық теориялық оқыту курсын меңгерген, бірақ белгіленген уақытта магистрлік диссертациясын қорғамаған магистранттың магистратурадағы оқу мерзімі ақылы негізде ұзартылуы мүмкін.

7.27 Магистратураның білім беру бағдарламасының толық теориялық оқыту курсын меңгерген, бірақ белгіленген уақытта ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған магистрантқа келесі оқу жылында ақылы негізде зерттеу компонентінің кредитін қайта меңгеруге және магистрлік диссертациясын қорғауға мүмкіндік беріледі.


8 Магистратурадағы білім ортасына қойылатын талаптар
8.1 Жоғары оқу орны магистратурадағы оқу үрдісін алынған лицензияға және білім беру қызметін лицензиялаған кезде біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес жүргізеді.

8.2 Жоғары оқу орны білім беру қызметін жүзеге асыруда материалды-техникалық базамен, білікті профессор-оқытушы құраммен, кітапхана қорымен, интернетке және басқа да ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігін, басқа қалалық магистранттарды жатақханамен қамтамасыз ету.



8.3 Материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етілуінің талаптары.

Магистратураның білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын жоғары оқу орнында оқу жоспарында көрсетілген теориялық, практикалық дайындық жүргізудің барлық түрін жүргізу үшін, сонымен қатар магистранттың ғылыми зерттеу-эксперименталдық зерттеу жұмыстарының нәтижелі орындалуына жағдай жасалуы үшін санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес материалды-техникалық база (аудиториялық қор, компьютерлік класс, зертхана, приборлық қамтамасыздық, қор материалдары) болуы қажет.

8.4 Оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуінің талаптары.

Магистранттар магистратураның білім беру бағдарламасын сапалы түрде меңгерудің оқу үрдісін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету ісі кепіл болу керек.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында халықаралық ақпараттық жүйелерді, мәліметтердің электрондық базасын, кітапхана қорын, компьютерлік технологияны, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді кеңінен пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

8.5 Практиканы ұйымдастыру талаптары.

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасы практиканың екі түрін қарастырады:

- педагогикалық ­– білім беру мекемелерінде;

- зерттеу жұмысын жүргізу – диссертация орындау орны бойынша.

Педагогикалық практика практикалық дағдымен оқыту методикасын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Педагогикалық практика теориялық білім беру барысында оқу процесінен қол үзбей-ақ өткізілуіне болады.

Магистранттың зерттеулік практикасы зерттеу деректерін көрсету мен эксперименталды мәліметтерді өңдеудің, баяндаудың қазіргі ғылыми зерттеу әдістері және отандық, шетелдік ғылымның жаңа теориялық, методикалық және технологиялық жетістіктерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.

Кәсіптік магистратураның білім беру бағдарламасына өндірістік практика енгізіледі.

Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімін бекітуге, практикалық дағды мен компетенциясының қалыптасуына және озық тәжірибені игеруіне бағытталған.

Зерттеу/өндірістік практика мазмұны диссертациялық зерттеудің тақырыбымен анықталады.

Практиканың барлық түрі жеке оқу жоспарында белгіленген мерзімде, академиялық күнтізбеде және магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес орындалады.

Магистранттың жеке оқу жоспарында шетел ғылыми сынағынан міндетті түрде өту ескерiледi.

8.6 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері:

- магистрлік диссертацияда қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

- өзекті, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;

- ғылым мен практиканың қазіргі кезеңдегі теориялық, методикалық, технологиялық жетістіктеріне сүйену;

- ғылыми зерттеудің қазіргі замандағы әдістерін қолдану арқылы орындау;

- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми зерттеу (методикалық, практикалық) тарауларының болуы;

- қажетті білім саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сүйену.

8.7 Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар.

Бейіндік магистратурадағы эксперименттік зерттеу жұмыстарының міндеттері:

- қорғалатын магистрлік жұмыстың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

- ғылым мен техниканың, өндірістің қазіргі жетістіктерін негізге ала отырып, нақты практикалық ұсыныстар мен басқару мәселелерінің өзіндік шешімін табы;

- алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдалана отырып орындалуы қажет;

- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша эксперименттік-зерттеу (методикалық, практикалық) тарауларының болуы.

8.8 Ғылыми-зерттеу және эксприменттік-зерттеу жұмысының нәтижесі әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде көрсетіледі.

8.9 Магистранттың ғылыми-зерттеу және эксприменттік-зерттеу жұмысының соңғы қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады.

8.10 Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижесі ең кемі бір жарияланым және/немесе ғылыми-практикалық конференцияға қатысымы болуы керек.

8.11 Магистрлік диссертацияның мазмұны мен толтырылуына, оның дайындығы мен қорғалуына қойылатын талаптар білім саласындағы өкілетті органның құқықтық акт талаптарымен анықталады.

8.12 Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиат тексерілуден өтуі керек.

8.13 Жоғары оқу орнының кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын квалификациялық талаптармен анықталған.

8.14 Магистратураға қабылданғаннан кейін екі айдың ішінде магистрлік диссертацияның басшылыққа алу үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы жоғары оқу орнының Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ректор бұйрығымен бекітіледі.

Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесі және ғылымның осы саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсене шұғылдануы керек. Қажет жағдайда ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми кеңесшілер тағайындауға болады.



8.15. Жоғары оқу орны магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауға көмегін тигізу керек.
9 Оқыту нәтижелерiне және бiтiрушiлердiң дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
9.1 Оқу нәтижесі құзыреттілік арқылы көрсетіледі және Дублин дескрипторларының 2 деңгейлi оқыту (магистратура) негiзiнде жобаланған және магистратураны бiтiрушiлердің келесi қабiлеттiлiктер мен дағдыларды алуға сәйкес келедi:

- жоғарғы кәсiби бiлiм деңгейінде алған бiлiм мен түсiнікті көрсетсiн, даму немесе ғылыми зерттеулердiң контекстiнде жиi қолданатын идеяларды қолдану үшiн негiз немесе мүмкiндiк болып табылады;

- бiлiмді қолдану, түсіну және оқытылатын саламен байланысты жаңа немесе белгісіз жағдайларда контекстер мен кеңірек шеңберде мәселелерді шешу қабілеті;

- бiлiмдi интегралдау, күрделiлiктерді жеңу білу және талқылауға толық емес немесе шектеулі ақпараттың негізінде, бұл талқылау мен білімді қолдануға әдеп және әлеуметтiк жауапкершiлiктi есепке алып шығару;

- өз қорытындыларын және бiлiмін, олардың дәйектемесiн мамандарға және маман еместерге айқын және ашық хабарлау;

- оқуды өздігінен жалғастыру.



9.2 Кәсіптік магистратураны бiтiрушiлердің құзыреттілігіне қойылатын талаптар:

түсінігі болу керек:

  • ғылыми танымды дамытудың қазiргi тенденциялары туралы;

  • жаратылыстану ғылымының (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) әдiстемелiк және философиялық көкейкестi мәселелер туралы;

  • ғаламдану үдерісінің қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы;

  • әлемдік бизнес-әрiптестiктің, қазiргi экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық ортаның жағдайы туралы;

  • кәсiпорынды стратегиялық басқару, инновациялық менеджментi, жетекшiлiк теориялары ұйымдастыру туралы;

  • кәсiпорынның жұмыс істеуінің негiзгi қаржы-шаруашылық мәселелер жөнінде.

білуі керек:

  • ғылыми танымның әдiстемесін;

  • экономика құрылымын өзгертетін негiзгi қозғаушы күші;

  • инвестициялық ынтымақтастықтың ерекшелiгі мен ережелерiн;

  • ғылыми зерттеулер мен практикалық тәжiрибе өткiзуге мүмкiндiк беретiн, кәсiби деңгейде меңгерген бiрден кем емес шет тiлiн.

істей білу керек:

  • кәсiби қызметте танымның ғылыми әдiстерiн қолдануды;

  • үдерістер мен құбылыстарды зерттеудiң теориясы мен қолданылуы, қазiргi тұжырымдамалар

  • арды сынап талдау;

  • әртүрлi пәннің шеңберiнде алған бiлiмді, жаңа белгісіз жағдайда аналитикалық және басқару есебін шешу үшiн оларды қолдануды;

  • кәсiпорынның шаруашылық жұмысына микроэкономиялық талдау жүргiзу және оның нәтижелерiн кәсiпорынды басқаруда қолдануды;

  • маркетинг пен менеджменттi ұйымдастыруды жаңа жолдарын практикада қолдануды;

  • кәсiпорынның (фирмалар) шаруашылық жұмысын ұйымдастыру мен басқару аясында күрделi және қалыпсыз жағдайларда шешiм қабылдауды;

  • экономикалық қатынастарды реттеудiң төңiрегiндегi Қазақстан Республикасының заң нормасын iс жүзiнде қолдануды;

  • жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуде креативтi ойлану және шығармашылық көзқарасты қолдану;

  • ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысын жүргізу кезінде қазiргi ақпараттық технологияларды тарту;

  • эксперименталды-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін жалпылауды диссертация, есеп, мақала, аналитикалық жазбалар және тағы басқаша түрде

дағдысы болуы керек:

  • ғылыми және кәсiби мәселесін шешу;

  • ұйымдар мен кәсiпорындардың экономикалық қызметiн басқаруда және ұйымдастыруда ғылыми талдау және мәселелерді шешу;

  • менеджмент және маркетинг аясында мәселелерi зерттеу және алынған нәтижелерді кәсiпорынды басқару әдiстерiн жетiлдiру үшiн қолдану;

  • кәсiби қарым-қатынас және мәдениаралық байланыс;

  • ораторлық өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалы ресiмдеу;

  • күнделiктi кәсiби қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту және тереңдету;

  • кәсiби қызмет саласында ақпараттық және компъютерлік технологияларды қолдану.

білікті болуы керек:

  • мамандық бойынша зерттеу әдiстемесі саласында

  • қазiргi әлемдiк экономика мәселелерi аясында және дүниешаруашылық үдерістердегі ұлттық экономика қатысуда;

  • кәсiпорын қызметiн басқару және ұйымдастыруда;

  • әр түрлi ұйымдармен, соның iшiнде мемлекеттiк қызмет ұйымдарымен өндiрiстiк байланыстарды жүзеге асыруда

  • бiлiмдi тұрақты жаңартуы, кәсiби дағдыны және біліктілікті кеңейтуді қамтамасыз етуде

9.3 Ғылыми және педагогикалық магистратураның бiтiрушi құзыретіне қойылатын талаптары:

керек:


түсінігі болуы керек:

  • қоғамдық өмiрдегi ғылым және бiлiмiнiң ролі туралы;

  • ғылым танымын дамытудың қазiргi тенденциялары туралы;

  • нақты ғылымның әдiстемелiк және философиялық (әлеуметтiк, гуманитарлық, экономикалық) көкейкестi мәселелерi туралы;

  • жоғары мектеп оқытушысының кәсiби біліктілігі туралы;

  • ғаламдану үдерісінің қайшылықтары және әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы;

білуі керек:

  • ғылыми танымның әдістемесін;

  • ғылыми жұмысты ұйымдастырудың құрылымын және қағидаларын;

  • оқу барысында студенттердің психологиялық танымдылық қызметін;

  • психологиялық әдістемесін және тиімділігін жоғарлату құралын және оқудың сапасын көтеруін;

істей білуі керек:

  • алған білімді өсуге және ғылыми зерттеу контекстінде идеяларды қолдануды;

  • үдерістер мен құбылыстарды зерттеудiң теориясы мен қолданылуы, қазiргi тұжырымдамаларды сынап талдауды;

  • әртүрлi пәннің аясында алған бiлiмді интегралдауды жаңа белгісіз жағдайда зерттеу мәселесін шешу үшiн қолдануды;

  • толық емес немесе шектелген ақпараттың негiзiнде бiлiм интеграциясы жолымен талқылауға шығару және шешiм қабылдау;

  • өз педагогикалық қызметiнде жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған бiлiмді қолдану;

  • оқытудың интерактивті әдiстемесін қолдану;

  • ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысын жүргізуге қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану тарту;

  • жаңа мәселелер мен жағдайларды шешу үшін креативтi ойлау және шығармашылық көзқараспен қарау;

  • ғылыми зерттеулерді жүргізу және жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыру үшін шет тілін кәсiби деңгейде меңгеру;

  • ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін диссертация, есеп, мақала, аналитикалық жазбалар және тағы басқа түрде жалпылау;

дағдысы болуы керек:

  • ғылыми-зерттеу қызметiне, стандартты ғылыми мәселені шешуге;

  • кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру;

  • кәсiби пәндердiң оқыту әдiстемесі;

  • оқу үдерісінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;

  • кәсiби қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;

  • шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан рәсiмдеу;

  • күнделiктi кәсiби қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту және тереңдету.



білікті болуы керек:

  • ғылыми зерттеу әдістемесі аясында;

  • жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтiң аясында;

  • қазiргi бiлiм беру технологиялары қатысты сұрақтардан;

  • кәсiби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

  • бiлiмдi тұрақты жаңартуды, кәсiби дағдыларды кеңейтуді қамтамасыз ету.

9.4 Магистратураның әрбiр мамандығы жұмыс берушiлердiң талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұранысының талаптарына сәйкес арнайы компентенциясымен жасалады.

9.5 Магистранттардың қорытынды аттестациясы – магистратура мамандықтары бойынша магистранттың білімі, қабілеті, дағдысы және біліктілігі мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған магистранттың оқу жетістігін бағалайтын мемлекеттік бақылау түрі.

9.6 Магистранттардың қорытынды аттестациясы академиялық күнтiзбемен және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарында ескерiлген мерзiмдерде кешендi емтихан және магистерлiк диссертацияны қорғау формасында жүргiзiледi.

9.7 Кешендi емтихан мен диссертацияның қорғалуын Мемлекеттiк аттестация комиссиясымен (МАК) жүргiзiледi.

9.8 МАК төрағасы білім саласының өкілетті органдары қабылдаған тәртіп бойынша бекітіледі.

9.9 Кешенді емтихан диссертация қорғауға кемінде 1 ай қалғанда өткізіледі. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратура бағдарламасындағы кәсіби пәндер және міндетті базалық пәндер циклі кіреді.

9.10 Магистрлік диссертацияны қорғау тәртібін жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім беру мекемелеріндегі оқу кәсіби бағдарламасы бойынша білім беру мекемелеріндегі білім алушылардың ағымдық үлгерімі, аралық және қорытынды аттестациясының Типтік ережесіне сәйкестігі арқылы ЖОО-ның өзі анықтайды.

9.11 Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды бітірген тұлғаға «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалып, дипломға қосымшамен (транскриптпен) қоса мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет