Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №469 бұйрығына 97 қосымша



бет1/2
Дата09.03.2023
өлшемі24.6 Kb.
#470567
түріБағдарламасы
  1   2
Үйде оқыту 2 сағат 6 с


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 469 бұйрығына 97 – қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 537 – қосымша
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5 сыныптары үшін үлгілік оқу бағдарламасы
1 - тарау. Жалпы ережелер 1. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5 сыныптары үшін «Адам және әлем» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. «Адам және әлем» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың бастауыш сыныпта алған қоршаған әлем туралы түсініктерін кеңейту және бекіту, қоршаған әлемде бағдарлаудың тәжірибелік тәсілдерін дамыту, өмірлік қажетті дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру.
3. Негізгі міндеттері: 1) қоршаған әлемде тәжірибелік бағдарлау үшін қажетті икемділіктер мен дағдыларды, табиғаттағы қауіпсіз тәртіпті қалыптастыру; 2) өз денсаулығын сақтау және күту дағдыларын қалыптастыру; 3) адекваттық әлеуметтік тәртіп қалыптастыру.
2 - тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер. Бағдарламада оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері арнайы білім беру мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. 5. Құндылыққа, іс-әрекетке, коммуникативтік, тұлғаға бағдарлық тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, Бағдарламаның жаңа құрылымында көрініс тапты. Қазіргі кезеңде білім алушының өздігінен білімді игеруі үшін оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді күшейту білім беру процесінде барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интербелсенді әдістерін қолдану кезінде мүмкін болады. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық тәсілдемелері орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытуды шынайы заттық-тәжірибелік әрекеттің мәнмәтініндегі күнделікті қарым-қатынас жағдайында, білім, әрекеттену тәсілдерімен белсенді алмасатын нақты істер мен жағдай түрінде ұйымдастыруға бағытталған. Білім алушылармен «Адам және әлем» пәні аясында жұмыс істеу процесінде «Шаруашылық еңбек», «Кәсіп», «Тәртіп мәдениеті», «Әлеуметтіктұрмыстық бағдарлау» курстарымен пәнаралық байланыс орнатылады. Аталған пәндер бойынша бағдарламалардың мазмұнын «Адам және әлем» пәні бойынша бір сабақ аясында кіріктіруге болады
3 - тарау. «Адам және әлем» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру «Адам және әлем» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 6-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 72 сағат;
Оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру үшін сабақ тиісті көрнекілік және дидактикалық материалдарымен қамтамасыз етіледі. Әр сыныптың оқу материалы бөлімдерге бөлінеді: 1) 1-бөлім «Өлі табиғат»; 2) 2-бөлім «Тірі табиғат»; 3) 3-бөлім «Адам ағзасы»; 4) 4-бөлім «Менің Отаным».
«Өлі табиғат» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: 1) табиғаттағы мезгілдік өзгерістер; 2) ауа райы; 3) табиғат құбылыстары.
«Тірі табиғат» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: 1) бөлме өсімдіктері және гүлзардағы өсімдіктер; 2) ағаштар мен бұталар; 3) бақ және бақша өсімдіктері; 4) саябақ өсімдіктері; 5) орман өсімдіктері; 6) егістік пен шабындық өсімдіктері; 7) дала мен шөл өсімдіктері; 8) жануарлардың сан алуан түрі; 9) үй жануарлары мен үй құстары; 10) жабайы жануарлар мен құстар.
«Адам ағзасы» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: 1) адам және оның денесі; 2) адам және оның өмірі.
«Менің Отаным» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: 1) менің қалам (ауылым); 2) менің елім.
Мұғалім барлық бағдарламалық материалды сабақта жүзеге асыруға міндетті емес. Оқыту үшін білім алушылардың өмір жағдайына сәйкес келетін және оларды әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті мазмұнды таңдап алады.
4 - тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі. Бағдарламада оқу мақсаттарын қолдануға, мониторинг өткізуге тиімді болу үшін кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан білім беру кезеңін, екінші сан бөлімді, үшінші сан оқу мақсатының реттік нөмерін көрсетеді. Мысалы, 1.1.1.4 кодындағы «1» – бөлім, «1.1» – бөлімше, «4» – оқу мақсатының реттік саны




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет