3. Пәннің қысқаша мазмұны.
Қылмыстық атқару құқығының курсын оқытудың мақсаты – Қылмыстық атқару заңы да, басқа заңдар саласы тәрізді, дамуды, жетілдіруді қажет етеді.
Мемлекеттің осы саладағы, яғни жазаны атқару мәселесіне жататын қызметтері соңғы кезде назардан тыс қалмай, қылмыстық заң мен қатар реформалану үстінде. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жаңа саяси әлеуметтік, экономикалық құқықтық жағдайларға байланысты болып отыр.
2015 жылдан қолдана басталған қылмыстық атқару заңы өз зерттеу нысандарын кеңейтіп қылмыстық заңның 40- бабында қарастырылған қылмыстық жазалардың барлығының атқарылуы мен өтелуінің тәртібі мен жағдайларын қамтиды.
Қылмыстық атқару қызметі басқа да құқық қорғау қызмет түрлері мен, Мысалы: сот, прокуратура, ішкі-істер органдары, әділет қызметімен байланысты жүргізіледі. Яғни, сотталушының жаза өтеу мәселесімен байланысты жазаны атқарушы мекемелердің басқа құқық қорғау органдарымен байланысқа түсуі. Қылмыстық атқару заңында тікелей қарастырылып отыр.
« Қылмыстық атқару құқығы» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
-білім және түсінік: бұл құқық саласының теориялық мәселелерімен және негізгі теориялық жағдайларымен таныстыру;
-білімді және түсінігін қолдана білу; құқыққолданушылық қызметті жүзеге асыру мақсатында еңбек құқығының нормалары мен институттарының мазмұның, Қазақстандағы еңбек құқығы нормалары мен институттарының тарихын біліп, оның даму жолдарын ұғынуы;
-пайымдауды қалыптастыру: жекелеген санаттағы жұмыскерлермен еңбек шартын жасау ерекшеліктерін, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйесін білуі керек;
-жеке қабілеттерін бұзғандығы үшін жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге құқықтық жауапкершіліктің тиісті түрлерін қолдануды, болашақтағы қызметінде еңбек дауларын шешу барысында еңбек заңдары нормалары мен еңбек құқығы теориясын білу мен еңбек құқығы нормаларын қолдану дағыдарын қоладана алуды, ҚР еңбек құқығы курсын логикалық түрде құрастыруға негіз болған, біріншіден, жоғары білімді және білікті мамандар даярлау ол бүгінгі күннің талабы; екіншіден, студенттердің құқықтық ой-өрістерін дамыту арқылы еңбек құқығы арнайы білімін тәжірибиеде қолдана білу қажеттіліктерін меңгеруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |