SABCD дұрыс төртбұрыш пирамиданың табанындағы АС диагоналі арқылы SB қырына параллель жүргізілген қима ауданы S0-ге тең. Пирамиданың биіктігінің ортасынан және табанының екі сыбайлас қырларының ортасы арқылы өтетін қима жазықтығын салу керек. Осы қиманың ауданын табыңыз
SABCD дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір қыры SA=b және табан қабырғасы АВ = a AB, BC, SD қырларының қақ орталары арқылы жазықтық жүргізілген.
а) Пирамиданың қима жазықтығын жүргізіңіз; б) Қима ауданын табыңыз;
в) Қима жазықтығы пирамиданы екі көпжаққа бөлетінін дәлелдеңіз.
ABCDA1B1C1D1 тікбұрышты параллелепипедтің қырларының ұзындықтары берілген АB = a, АD = b, АА1 = c; O1
A1B1C1D1 табанының центрі, О – АВСD табанының центрі, S –
OO1 кесіндіні 1:3 қатынасына бөлетін нүкте. Қима жазықтықтың
S нүктесі арқылы параллелепипедтің OA1 диагоналына және табанының B1D1 диагоналына параллель өтеді. Қиманы салып, ауданын табыңыз.
Тік төртбұрыты призмада екі параллель қималар жүргізілген: біріншісі екі сыбайлас табан қабырғаларының орталары арқылы және табандарының центрлерін қосатын OO1 кесіндінің ортасы арқылы өтеді; екінші қима OO1 кесіндіні 1:3 қатынаста бөледі. Бірінші қиманың ауданы S, екінші қиманың ауданын табыңыз.
«Бояи - Гервин» теоремасының қисық сызықты фигуралар үшін дұрыс болмайтындығын дәлелдеңіз.
«Бояи - Гервин» теоремасын және оған жалғас сөйлемдерді көрнекі түрде көрсетуге арналған модельдерді даярлаңыз.
12-дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |