Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалар қҰҚЫҒын қОРҒау комитеті



Дата05.07.2016
өлшемі44.54 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ










АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

2014 жылғы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті «Қазақстанда балалар құқығын қорғау: жетістіктер, проблемалар мен перспективалар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысына ҚР БҒМ, «Бөбек» ҰҒТБСО, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстары жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, Алматы мен Астана қалаларының білім басқарма басшылары, бала құқықтары жөніндегі отандық және халықаралық сарапшылар, облыстық, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қоғамдастығының, БАҚ өкілдері қатысады.
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН СЕКЦИЯЛАРЫ:


  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.


Балаларды қорғаудың халықаралық-құқықтық даму тарихы

Заманауи қазақстандық қоғамда балаларды әлеуметтік-құқықтық қорғау.

Қазіргі замандағы балаларды әлеуметтік қорғаудың моделі.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАБАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ.

Балалар құқығын қорғаудың теориялық-әдістемелік мәселелері.



Өмір қиын жағдайында қалған балалармен жұмыс істейтін мамандарды дайындауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру.

Балалық шақты сақтау мен балалар амандығын жоғарылатуға бағытталған әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық саясаттың даму келешегі.

Қамқорлық және асырап алу институты: Қазақстандағы жетістіктері мен даму келешегі.

Моно ата-аналы (бір ата-ана) отбасыларды әлеуметтік, заңды және психологиялық қолдаудың өзекті мәселелері.

2. БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘРІПТЕСТІГІ

Қазақстан Республикасында балалар құқығын қорғау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асырудағы ведомствоаралық және сектораралық әрекеттесу мәселелері.

Қазақстандағы балаларды қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдардың ролі және қызметі.

Балалар құқығын қорғау саласындағы инновациялар мен келешегі.

Балалардың әлеуметтік қорғалуы мен отбасы мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ:

Баяндама материалдары автор атқарған жұмыс сипаттамасы, мазмұны мен нәтижелері жөнінде айқын түсінік беруі қажет. Бір адам екеуден артық автор немесе бірлестікте болмауы керек.

Мәтін Word 97-2003 мәтіндік редакторында Times New Roman қарпімен, №12 кегль өлшемінде, әр жол арасы бірдей аралық интервалында теріліп, парақ бетінде көлденеңінен түзетілуі қажет. Формулалар Microsoft Equation 3.0 редакторында терілуі керек. Кестелер, схемалар, суреттердің атауы және белгілері болуы шарт. Парақ бетінің параметрлері: барлық жиектері – 2 см. Материал көлемі 3 пен 5 парақ аралығында.
РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ


БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

(1 интервал)



Наурызбаев Нурлан Жумабаевич

nngmath@mail.ru

Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ, Астана, Қазақстан

(1 интервал)

Мақала мәтіні

(1 интервал)

Қолданылған дереккөздер тізімі




Дереккөздерге нұсқамалар мен сілтемелер баяндама соңында ескертілу бойынша ретімен көрсетіледі. Мәтін стилистикалық және техникалық өңделуі қажет.

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

Конференцияға қатысуға мектеп мұғалімдері, әлеуметтік педагогтар, психологтар және басқа да білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, балалар мен жастар қозғалысының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ЖОО оқытушылары, студенттер, магистранттар, докторанттар шақырылады

Конференцияға қатысамын деушілер 2014 жылдың 30 қыркүйегіне дейін aigul.enu@yandex.ru электрондық мекен жайына сәйкес секция бойынша келесілерді ұсыну қажет:


  • Рәсімдеу талаптарына сәйкес жазылған баяндама мәтіні.

  • Конференцияға қатысу өтінімі.

Жоғарыда аталған пунктердің біреуі болмаса материалдар басылымға қабылданбайды.
ISBN берілген жинақтың шығарылуы жоспарлануда.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

Аты-жөні (толық) ________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы ___________________________________________

Жұмыс орны, лауазымы ___________________________________________

Мекен жайы______________________________________________________

Байланыс телефоны, е-mail _________________________________________

Мақала атауы ____________________________________________________

Секция атауы _____________________________________________________

Қатысу түрі (ауызша баяндама, сырттай) ________________________________________

Ұйымдастыру комитетіне көрсетілген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды, баяндама материалдары жарияланбайды.



ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ КОНФЕРЕНЦИЯ БАЯНДАМАЛАРЫН ТАҢДАУ ҚҰҚЫҒЫН ӨЗІНЕ ҚАЛДЫРАДЫ.

Өткізілу күні және уақыты: 24 қазан 2014 жыл, сағат 10.00

Өткізілетін жер: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Оқушылар шығармашылық сарайы.

Тұру, тамақтану, жолақы шығындары конференцияға қатысушылар есебінен орындалады.



Байланыс телефондары:

        1. 8 (7172) 74 23 40, ұялы. 8701 448 32 17 ( Қошқарова Гүлнаш Хамитқызы);

        2. 8 (7172) 74 23 54, ұялы. 8777 957 43 61 ( Укина Тыныштық Қадыржанқызы);

        3. 8 (7172) 709-500 (вн. 35-103), моб. 87019991054 (Салиева Айгүл Жанайқызы).

Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Каталог: downloads -> nauka
nauka -> Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция жұмысының бағыттары
nauka -> Конференция жұмысының бағыттары: Лингвомәдени концептология және ұрпақтың мәдени сабақтастығы
nauka -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мемлекет тарихы институты
nauka -> Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
nauka -> Біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы акционерлік қоғамының 10 – жылдық мерейтойына арналған
nauka -> Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс. Конференция материалдары арнайы жинаққа басылып шығарылады. Конференцияға қатысу үшін
nauka -> АҚпараттық хат олимпиялық спорт және спорт
nauka -> Ақпараттық хат Құрметті әріптестер!
nauka -> АҚпараттық хат 2015 жылғы қараша


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет