257
тұлғаның дағдысы, білімі, ақыл санасының жетуі, материалдық-
практикалық тұрғыдан дамуы, əлеуметтік дамуы да болып табыла-
ды.
Оқыту көлемі –
адамның ғылыми дамуының, жетілу
түсінігінің жиынтығы. Сонымен қатар білім беру облысы деп
білім беру əрекетіның мазмұны негізінде алынған жəне оқушының
психологиялық жас ерекшеліктеріне бейімделген пəндік аумақтың
көптігін айтады.
Білім беру басқармасында жобалауды ұйымдастыру мульти-
медиа-құрылғыларын келесідей негізгі этаптардан тұрады:
1. Оқу-танымдық бағытындағы жобаның негізін анықтау: оқу-
танымдық тұрғысынан қарастырылатын мəселенің көлемін анықтап
мəселелер мен оларды шешу жолындағы əдістерді анықтау жəне
түсінік беру;
2. Оқу пəніндегі
заңдылықтарды жобалау;
3. Оқу пəніндегі заңдылықтарды жəне білім беру жүйесінің
компоненттері арасындағы байланыстарға баға беру;
4. Оқу пəніндегі білімнің жағдайын жобаға келтіру;
5. Оқу пəнінің білім берудегі мазмұны мен тапсырмалар көлемін
жобалау;
6. Кəсіби-педагогикалық көзқарасында берілетін тапсырмаларды
жобалау.
Оқу құралдарында кезең бойынша көрсетілген келесідей
бағыттар анықталады:
1. Зерттелетін пəндегі қазіргі ғылыми еңбектерге сүйене отырып,
(монография, ғылыми жұмыстар жəне т.б) ғылымның логикалық
құрылымын жасау;
2. Мазмұнның
таңдау негізін қалыптастыру;
3. Берілген негіздер арқылы мазмұнның жобаланған құрылы-
мынан оқу элементтерінің санын таңдау (білім беру бағытында) жəне
көздеген мақсатқа жетуге таңдалған оқу элементтерінің санының
жеткілікті екеніне көз жеткізу.
Жоғарыда көрсетілген жоба формаларынан басқа білім беру
мазмұнына оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін жос-
парлау керек, оқушылардан алған білімін, меңгеру деңгейін əр
уақытта талап етіп жəне соны мультимедиалық-технологиялардың
көмегімен ұсына алуы тиіс.
Мультимедиа құрылғыларының ерекшелігі білім беру жолын-
дағы құрылымының жеңілдігі. Көптеген мүмкіндіктерінің бірі
258
мультимедиа
құрылғыларын пайдалана отырып, білім беру
мақсатындағы көптеген бір мағыналас сөздер мен түсініктерді
белгілі бір мəліметтер қорына жинақтап құрылымды жасайды.
Білім беру облысы түсінігі жүйесінің өңделуі таңдау үдерісі
мен оқу пəні мазмұнының құрылуының, сонымен қатар мульти-
медиа құралдарының өңделуіндегі таңдаулы мазмұнды қолдану-
дың маңызды сəті болып табылады. Ұғымды дұрыс таңдай
мəселесімен қазіргі оқу үдерісімен байланысты барлық ғылыми
облыстарда жұмыс жасайтын мамандар
соқтығысатынын естен
шығармалық.
Түсінік деп қисынды рəсімделген жалпы ой немесе заттар не-
месе құбылыстар сыныбы туралы жалпы ойды айтамыз. Соны-
мен қатар, термин дегеніміз – берілген пəн облысындағы басқа
түсініктермен сəйкес жəне ғажайып ғылыми анықтамаға ие арнайы
ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері.
Терминдерді таңдау үдерісі кезінде келесі факторларды ескеру
қажет:
Достарыңызбен бөлісу: