Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


11.2 Қазақстандағы электрондық оқыту



Pdf көрінісі
бет177/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   189
bilimdi akparattandyru

310
11.2 Қазақстандағы электрондық оқыту 
2011-2020 жылдары Қазақстанда электрондық оқыту жүйесін 
(e-learning) енгізу республикадағы негізгі басым бағыттардың бірі 
болып отыр. Мұның негізгі мақсаты жаппай нəтижелі білім беру-
ге бағытталған білім беру барысындағы барлық қатысушыларды 
жақсы білімдік ресурстар мен технологиялармен қамтамасыз ету. 
Алға қойылған мақсаттың нəтижесінде жетістікке жету білім 
сапасын арттырады, білім беру басқармаларының тиімділігін 
айқындайды, сыртқы орта мен ақпараттық бірлестік жəне келесідей 
шарттар қойылады:
-  білім беру басқармасын автоматтандырады;
-  білім беру үдерісін технологиямен қамтиды;
-  отандық сандық білім беру ресурстарының өнеркəсібін құруға 
жағдай жасайды.
Білім беру жүйесіне электрондық оқыту жүйесін енгізу 
өзара байланысқан нормативті-құқықтық, инфрақұрылымдық, 
программалық жəне бөлімдік-əдістемелік негізгі бірқатар тапсырма-
ларды шешуді ұсынады.
 Электрондық оқытудың нормативті-құқықтық қамтуы 
нормативтік құжаттар қатарына бірнеше өзгерістер мен 
толықтырулар енгізуді, сонымен қатар, жаңа нормативті-құқықтық 
құжаттар құруды талап етеді. Жекелей алғанда, жоғары МЖБС 
қосымшалар енгізілуі тиіс, электрондық оқыту жүйесінде арнайы 
мамандандырылған жəне техникалық педагог кадрлар даярлауда, 
МЖБС орта білім беруде - электрондық оқыту жүйесін міндетті 
бөлімі ретінде қолдану.
Білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың жағдайы жүйе 
өлшемін орнатады жəне мақсат талабы, мазмұнын, құрамын, фор-
масы мен электрондық оқыту əдісін, ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар (АКТ) аймағындағы оқытушы мен білім алушылар 
даярлау деңгейінің талап ету жағдайын, білім беру мекемелерінде 
АКТ-ны қолдану көлемінін арттыруды талап етуді анықтайды. Осы-
лайша, электрондық оқытуды қолдану мектепке дейінгі тəрбиелеу 
жəне жалпылай оқыту талаптарының 20 пайызын жеңілдетеді деп 
есептелінеді.
Мектепке дейінгі оқыту мекемелерінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану дамыған пəндік 


311
аймақтың негізгі жəне туынды факторы болып табылады. 
Компьютер жəне интербелсенді құрылғылар мектепке дейінгі 
жастағы балаларға физиологиялық-гигиеналық, эргономикалық 
жəне психологиялық-педагогикалық, шектеулі кеңестер мен 
рұқсат беру нормаларын қадалаған жағдайда ғана қолданысқа 
беріледі. Баланың психикалық жəне психофизиологиялық 
мүмкіндіктерін дамыту мақсатында компьютерлік ойындар 
жəне оқыту программаларын қолдануға кеңес беріледі. Дəстүрлі 
шектеулі жəне компьютерлік құрылғыларды баланың жеке 
дамуына пайдаланған жағдайда ғана жақсы нəтижеге қол жеткізуге 
болады.
Жасы жетпеген жас жеткіншектер компьютер алдында көп отыр-
мауы керек, санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша компьютер-
мен жұмыс істеу уақытылы шектеулеріне сəйкес қана пайдалануға 
тырысу қажет.
Орта білім беру мекемелерінде электрондық оқыту құрылғысын 
30 пайыз көлемде оқу жүктемесі бойынша пайдалануға кеңес 
беріледі.    
Электрондық оқыту оқу барысында субъектілер арасын-
да бір-бірімен өзара интербелсенді байланыс орнатып жəне 
білім алушылардың білімді ақпараттандыру ортасында оқу-
танымдық іс-əрекет түрлерін дамыту жəне жылдам кері байланыс 
орнату арқылы жүзеге асады. Электрондық оқыту шартта-
ры бойынша оқушы оқыту мазмұнын өзіндік қабылдап, қажетті 
білімді меңгеріп, қолданбалы программалық жабдықтар мен 
сандық оқыту ресурстары көмегімен қабылдайды. Мұғалім негізгі 
жəне жалғыз білім көзі емес, оқушыға тек бағыт бағдар беріп, 
оқушының оқу материалдарымен қамтылып, онымен жұмыс жаса-
уын ұйымдастырып, оқушы мен оқу мақсатының қарым-қатынасын 
қадағалап, қажет жағдайда кеңес беріп, қолдау көрсетіп отыра-
тын тьютор ретінде жұмыс жасайды. Ақпараттық-білімдік ортада 
оқушының бағасы, теңбе-тең жеткен жетістігі мен өзін-өзі бағалауы, 
ата-ана жағынан қадағалау мүмкіндіктерін кеңейту шарттары 
қойылады.
Техникалық ұйымдар мен мамандандырылған білім беруде 
электрондық оқытуды пайдалану 30%-ға дейін қолдануға кеңес 
беріледі. Электрондық оқыту мазмұны арнайы мамандыққа даяр-
лауда техникалық оқыту программасы жəне мамандандырылған 
білім беру бағытына сəйкес анықталады. Электрондық оқыту 


312
оқытушының оқушыны оқыту көлемінің ерекшеліктеріне сəйкес, 
оқытуды ұйымдастыру желісімен, оқыту технологиясына сай түрлі 
формада жүзеге асады. Педагогикалық кеңестің шешімі жəне 
оқушының оқыту программасын меңгеру келісімі бойынша осы 
оқыту формалары қолданылады. Арнайы формада оқытуда жəне 
түрлі технологияларды пайдалануда оқытудың бірыңғай стандарты 
қолданылады.
 Электрондық оқытудың негізгі шарты мемлекеттік білім беру 
стандартының талаптарына сай жəне оқу орнының меңгерушісімен 
келісілген типтік оқыту жоспары немесе мамандыққа даярлауға 
бағытталған оқытудың жұмыс жоспары негіз болады.
 Электрондық оқыту кезеңінде оқытудың келесідей түрлері 
қолданылады: бейнедəрістер, кеңес беру, онлайн семинарлар, 
практикалық тапсырмалар, зертханалық жұмыстар, бақылау 
жұмыстары, өзіндік жұмыстар, тəжірибе, курстық жобалар 
(курстық жұмыстар), квалификациялық жұмыстарды орындау 
(дипломдық жұмыстар), магистрлік диссертациялар. Оқыту пəнінің 
ерекшеліктеріне сəйкес  басқа да оқыту түрлерінің мүмкіншілік-
тері бар. 
 Оқу белсенділігінің барлық түрі электрондық оқытудың шарттық 
көмегі арқылы жүзеге асырылады:
- мұғалімнің  оқушылармен  аудиториядағы  педагогикалық 
қарым-қатынасы немесе электрондық байланыс құралдарын 
пайдалану арқылы қарым-қатынасы;
- тьютордың оқушылармен аудиториядағы педагогикалық 
қарым-қатынасы немесе электрондық байланыс құралдарын 
пайдалану арқылы қарым-қатынасы;
-  электрондық оқыту құралдарымен оқушының өзіндік жеке 
жұмысы.
Жоғары мамандандырылған ортада білімнің түп негізінің 
қолжетімділігінің жоғарылауын қанағаттандыратын талаптар, Бо-
лон үдерісінің жоғары білім беру құрылымының  жəне еуропалық 
жоғары білім беру аймақтарының бірлестігінің параметр-
леріне сəйкес қажеттіліктеріне қол жеткізу мақсатын қояды. 
Ол үшін ЖОО-да  100%  интернет желісінің кең көлемді қолда-
нылуы мен университет порталдарын құру көзделінеді (болжанады). 
ЖОО-ның техникалық даярлығы кезеңінде оларды Республикалық 
ЖОО аралық электрондық кітапханамен қосылуы қамтамасыз 
етіледі. 


313
Күндізгі оқу бөлімінде электрондық оқыту құралын 30% 
көлемде пайдалануға кеңес беріледі. Электрондық оқыту мұғалімнің 
оқушыны оқытудағы міндетті сабақтар көлемі мен оқыту барысын 
ұйымдастыру, оқыту технологиясы секілді ерекшеленетін түрлі фор-
малар арқылы ұсынылады. ЖОО-ның ғалымдар кеңесінің шешімі 
бойынша жəне білім алушылардың келісімі бойынша міндетті 
оқыту программалары осындай формалармен үйлесіп меңгеріледі. 
Арнайы формада оқытуда жəне түрлі технологияларды пайдалануда 
оқытудың бірыңғай стандарты қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет