Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


6-ТАРАУ ТЕЛЕҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет69/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   189
bilimdi akparattandyru

155
6-ТАРАУ ТЕЛЕҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
6.1 Компьютерлік желілер көмегімен ақпарат алмастыру
Жалпы орта білім берудегі қазіргі жүйе жəне оған кіретін оқу 
бағыттары оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін 
қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының білім 
беруін дамытуға бағытталған артықшылықтары белгіленген көптеген 
мемлекеттік бағдарламаларында  ақпараттық қоғам жағдайында 
оқу мекемелерінін бітірушілердің кəсіби іс-əрекетінің негізгі 
стержені, сондай-ақ ақпараттық мəдениеттің қажетті компоненті 
болып табылатын оқушылардың ақпаратпен жəне оны өңдеу 
құралдарымен жұмыс жасаудың жалпы оқу жəне жалпымəдени 
дағдыларын қалыптастыруға ерекше мəн беріледі. Өз кезегінде, 
болашақ бітірушілердің ақпараттық мəдениетін қалыптастыруға 
ұмтылу оқушылардың телеқатынастар жəне жаппай ақпарат 
құралдары, əртүрлі білімді жəне шығармашылық жетілуге мүмкіндік 
беретін телекомуникациялық құралдарды қолдану, ақпараттың 
шынайылылығының бағасын, сыни тұрғыдан ойлаудың дамуын, 
ақпарат жəне білімді салыстыра білуін, ақпараттық үдерісті дұрыс 
ұйымдастыруын, ақпараттық қауіпсіздікті  бағалау жəне қамтамасыз 
ету туралы білімді меңгеругіне бағытталған жалпы білім беруге 
əкеледі. 
Телеқатынастық жүйелер жалпы білім беру жүйесінде 
алдыңғы орында ғана емес, сонымен қатар практика жүзінде 
қоғам өмірінің барлық аясында негізгі рөл атқарады. Телеқаты-
настық ақпараттық кеңістіктің даму деңгейіне сəйкес желілік 
ақпараттық технологиялардың байланысы мен дамуы өз белгісін са-
луда, оларды ақпаратты беру технологиялары ретінде қарастыруға 
болады.
Байланыс желісі ретінде каналтүзеуші аппаратураға арналған 
проводтық, радио-оптикалық жəне басқа байланыс каналдары 
жиынтығы, сонымен қатар аталған желінің қызметін қамтамасыз 
ететін орталықтар жəне байланыс жүйелері түсіндіріледі. Прак-
тика жүзінде ақпараттық телекомуникациялық жүйелерді құруда 
қолданылатын қазіргі байланыс желілерінде, сипаты жағынан 
əртүрлі желінің бөліктері біруақытта қатыса жəне жұмыс жасай 
алады. Мұндай мүмкіндіктері көп жағынан желілік ақпараттық 


156
технологияларды құру жəне қолдану стратегиясы мен тактикасын 
анықтайды. 
Желілік ақпараттық технологиялар  байланыс каналдарының 
дамуымен қатар дамыды. Өткен ғасырдың басында телеграфтық 
жəне телефон желілерінің негізін ұқсас проводтық жəне 
электробайланыстың радиоканалдары құрады, сондай-ақ олар 
микроэлектрониканың дамуына байланысты ақпаратты беруі 
жөнінен сапасы жəне жылдамдығы жоғары байланыстың 
сандық волоконды-оптикалық сымдарымен ауыстырыла баста-
ды. Телеқатынастық жүйенің жұмысын ұйымдастырудың рацио-
налды əдістерін біріктіретін  телекомуникациялық технология-
лар ұғымы пайда болды. Бүгінгі күні жалпы білім беру жүйесінде 
қолданылатын телекомуникациялық жүйелер, компьютерлердің 
өзара жалғастырылуына негізделген. Өзара байланысқан 
компьютерлерді əртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. 
Бір жағынан, компьютерлерді біріктіру – бұл компьютерлік желі
Басқаша жағынан – бұл кеңістікте ақпаратты алу құралы, адамдар 
арасындағы қатынасты ұйымдастыру құралы. Осы қасиетіне қарай 
компьютерлік желілерді олардың құрылғыларының ерекшеліктерін 
емес, жұмысын баса айта отырып телекомуникациялық желілер деп 
атайды.  
Жергілікті жəне ауқымды желілер деп бөледі. Жергілікті 
желі деп бір мекемеде, аудан, қала, ел көлемінде орналасқан 
компьютерлерді байланыстыратын желіні айтады. Басқаша 
айтқанда, кеңістік жөнінен шектелген желіні жергілікті желі дейміз. 
Жергілікті желілер білім беру аясында көбірек таралған. Көптеген 
мектеп жəне басқа оқу орындарының компьютерлері жерігілікті 
желімен байланыстырылған.  Сонымен қатар, əртүрлі мекеме-
де немесе əртүрлі жерде орналасқан мекемелердегі қазіргі тех-
нологиялар жеке компьютерлерді байланыстыруға мүмкіндік 
береді. Компьютерлері жергілікті желіге қосылған əртүрлі елде 
филиалы бар оқу орындарын кездестіруге болады. Бұдан басқа, 
жергілікті желі білім беру аясында жергілікті желінің барлығын 
дəлелдейтін əртүрлі оқу мекемелеріндегі компьютерлерді қосуға 
мүмкіндік береді. 
Жергілікті желіден ауқымды желінің ерекшелігі кеңістіктік 
шектелмейді. Ауқымды желіге кез келген компьютер қосыла алады. 
Кез келген адамға осы желіде орналасқан ақпаратты алуға мүмкіндік 
туады.  Ауқымды телекомуникациялық желінің мысалы Интернет 


157
(INTERNET) желісі болып табылады. Интернет жалғыс ауқымды 
телекомуникациялық желі болып табылмайды. FIDO немесе SPRINT 
желілері сияқты басқа да желілер бар.
Осылайша, жалпы білім беру жүйесінің көптеген мектептері 
мен басқа да оқу мекемелерінде жергілікті желілер, сонымен қатар 
ауқымды желілерді қолдану мүмкіндігі бар.  
Ақпараттық жəне телеқатаныстық технологиялардың 
көптүрлілігіне қарай, сонымен қатар оларды Интернет бүкілəлемдік 
ақпараттық компьютерлік желісінің байланыс каналдары бойын-
ша тасымалдаудағы ұйымдастыру тəсілдері орталықтандырылған. 
Бұдан басқа, бүгінгі күні бұл практикалық бірыңғай ауқымды 
телекомуникациялық желісі жалпы білім беру жүйесінде күнделікті 
қолданыс табуда. Интернет арқылы əртүрлі форматтағы (мəтін, 
графикалық бейнелер, дыбыс, бейне жəне т.б.) мəліметтерді та-
сымалдау жоғарғы жылдамдығы жəне беріктігімен ерекшеленеді. 
Интернет желісі оқу материалын ұжымдық түрде алуға мүмкіндік 
береді, соның ішінде оқулықтар (электрондық мəтіндер), сонымен 
қатар күрделі интербелсендік жүйе, компьютерлік үлгілер, виртуал-
ды оқу орталары жəне т.б. 
Интернет желісі ақпаратының көздері мен қолданушылар саны 
үзіліссіз артуда. Бұдан басқа, телекомуникациялық көмек көрсетудің 
сапасы жақсаруда. Осыған орай Интернетке жоғары дəрежедегі кіру 
мүмкіндігін тек қана экономикалық жəне басқа саладағы кəсіпорын 
жəне ұйымдар ғана  алып қоймайды, сонымен қатар жалпы орта 
білім беру мекемелерінің де кіру мүмкіндігі бар. 
Қазіргі Интернет ақпаратты іздеуді ұйымдастыру проблемалары-
мен сипатталады. Соның ішінде, қажетті сөз жəне сөйлем тіркестері 
арқылы желі беттеріне сілтемелерді табатын іздеу жүйелері 
жасалған. Сонымен қатар, іздеу жүйелерінің барлығына қарамастан
қолданушының ақпаратты іздеуге, алынған мəліметтерді өңдеу жəне 
жүйелеу үдерісіне көптеген уақыты кетеді.  Білім беруде бұл мəселе 
ерекше көрінеді; білім беру ақпараттық ресурстары егер желіде бол-
са да, жүйелі түрде берілмеген болады. Осыған ұқсас ресурстардың 
жүйелік тұрғыдан орналаспауынан, сонымен қатар психологиялық-
педагогикалық, технологиялық, эстетикалық, эргономикалық жəне 
басқа да Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды жасау мен 
жүзеге асырулау мəселелерінің бірыңғай жүйесінің жоқтығынан 
 
телекомуникациялық құралдарды білім беру үдерісінің сапасын арт-
тыру мақсатында практикалық қолданылмауына əкеледі. 


158
Өте кең таралған қатынастық технологиялар жəне оған 
сəйкесінше компьютерлік желідегі сервис адамдар арасындағы же-
дел байланысты қамтамасыз ететін ақпараттық мəліметтерді тара-
ту жəне өңдеудің компьютерлік тəсілі технологиясы  болып табы-
лады.  Электрондық пошта (E-mail) – компьютерлік желіге кіруге 
мүмкіндігі бар адамдар арасындағы мəліметтерді сақтауға жəне 
тасымалдауға арналған жүйе. Электрондық пошта арқылы кез кел-
ген ақпаратты (мəтіндік құжаттар, бейнелер, сандық мəліметтер, 
дыбыстық жазбалар жəне т.б.) компьютерлік желімен тасымалдауға 
болады. 
Электрондық поштаның жалпы дамуы көпқолданушылық 
жүйелердегі қолданушылардың локальді ара қатынысының да-
муы арқылы жүрді. Қолданушылар mail бағдарламасын қолдану 
арқылы бір мейнфрейм (үлкен компьютер) шегінде бір-біріне хабар-
лама жібере алады. Келесі қадам басқа машинадағы қолданушыға 
хабарлама жіберу мүмкіндігі болды – ол үшін машина атының 
көрсеткіші жəне машинадағы қолданушы аты қолданылады. 
Мекенжай (адрес) foo!joe түрінде жазылады. Электрондық 
поштаның үшінші қадамы үшінші компьютер арқылы хаттар-
ды жіберудің құрылуы кезінде шықты. UUCP-адрес қолданған 
жағдайда қолданушы бірнеше аралықтағы машиналардан кейінгі 
қолданушыға дейін өзіне бағдар қосады (мысалы, gate1! Gate2! 
Foo!joe - арналған хат, gate1! Gate2! машиналары арқылы foo ма-
шинасына). Мұндай адресаттың кемшілігі болып, қолданушыға 
машина адресатының нақ жолын білуі керектігі табылады. DNS 
атты үлестірмелі ғаламдық жүйені пайда болуынан кейін, адресті 
көрсету үшін - user£example.com домендік аттары қолданыла бас-
тады (example.com машинасындағы user қолданушысы). Мұнымен 
қатар бір мезгілде «машинада» ұғымының қайта қарастырылуы 
болды: пошта үшін бөлініп шығарылған серверлер қолданыла бас-
тады, оған қарапайым қолданушылардың мүмкіндігі болған жоқ 
(тек əкішілік), ал қолданушылар өздерінің машиналарында жұмыс 
жасайтын, мұнымен бірге пошта қолданушылардың жұмыс маши-
наларына емес, пошталық серверге келетін. Сол жақтан қолданушы 
əртүрлі желілік хаттамалар арқылы өздерінің пошталарын алатын 
(қазіргі уақытта үлестірімдердің арасында POP3, Imap, Mapi, веб-
интерфейстер). DNS-ң пайда болуымен қатар бір мезгілдері пош-
таны жеткізіп тастау бағдарламаларының резервті жүйесі ойлап 
табылды, ал пошталық адрестегі домендік ат нақты компьютер аты 


159
болудан қалды жəне пошталық адрестің қарапайым фрагменті бо-
лып саналады. Доменнің қызмет көрсетуіне көптеген серверлер жа-
уап бере алады, ал бір доменнің қолданушыларының арасында ортақ 
ештеңе болмауы қажет. Сонымен қатар, басқа да электрондық пошта 
жүйелері бар: Netmail - Фидонет желісінде, X.400-X.25 желісінде. 
Оларға интернеттен жəне пошталық шлюз арқылы қайта жүзеге 
асырылуы мүмкіндігі беріледі. Поштаның маршрутизациясы үшін 
X.25 желісіндегі DNS-де арнайы ресурсты жазу қарастырылған.
Мұндай сервистік қызмет:
-  тасымалдау алдында құжатты редакциялауды;
-  құжаттарды жəне мəліметтерді сақтауды;
- корреспонденцияларды тасымалдауды;
-  ақпаратты тасымалдауда пайда болатын қателерді тексеруді 
жəне түзетуді;

адресаттың корреспонденциясының алғандығы туралы 
мəліметті алуды;
-  ақпаратты алуды жəне сақтауды;
-  алынған коррекпонденцияны қарастыруды жүзеге асырады.
Электрондық пошта оқыту үдерісіне қатысушылармен қарым-
қатынаста жəне оқу-əдістемелік материалдарды тасымалдауда 
қолданылады. Жалпы орта білім беруге тартатын электрондық 
поштаның маңызды қасиеті, ақпаратпен асинхронды түрде ал-
масуды жүзеге асыруға жағдай жасайды. Электрондық поштаны 
қолдану үшін, ақпаратты жіберу, қабылдау жəне өңдеуге арналған 
пошталық клиенттің бірнеше командасын меңгеру жеткілікті. 
Электрондық пошта құралдарымен қатынас жасауда техникалықтан 
гөрі, психологиялық-педагогикалық проблемалар көп кездеседі. 
Ақпарат үзіліссіз қарым-қатынас жасаудан сөз арқылы емес, соны-
мен қатар мимика, жест немесе т.б. қатынас жасаудың басқа түрлері 
де қамтылады. Эмоцияны беруде «Смайликтерді» қолдануға болады, 
бірақ бұл бетпе-бет қарым-қатынас жасаумен қамтамасыз етпейді. 
Соған қарамастан, жазбаша сөздерден осындай мүмкіндіктерді 
қолдану, жағымды дəлдік, ойды жеткізудің қысқалығы жəне 
ұқыптылыққа тəрбиелейді. 
Электрондық пошта педагогтармен қосымша мəлімет алу, 
бақылау жұмыстарын жіберу жəне жұмтастарымен кəсіби қарым-
қатынас жасау   үшін қолданыла алады. Соныман қатар асинхрон-
ды режимде электрондық сабақтарды өткізуге қолдануға болады, 
сондай-ақ алдын ала сабақтың мəтіні, ұсынылатын əдебиеттер 


160
жəне басқа да оқу материалдары оқушыларға электрондық түрде 
беріледі де, содан кейін электрондық пошта арқылы қосымшалар 
жүргізіледі. 
Электрондық поштаның ыңғайлылығы жəне ерекшеліні бір 
мəліметті бірнеше адресатқа жірбеуге болатындығында. 
Осыған ұқсас жіберу принципі Интернет желісінің басқа 
қызметінде  жіберу сілтемелері атымен қолданылады. Бұл сер-
вис өзара жазылу режимінде жұмыс істейді. Жіберу тізіміне 
жазылғаннан кейін, анықталған кезеңде абонент өзінің пошталық 
жəшігінде таңдалған тақырып бойынша электрондық мəліметтерді 
таңдай алады. Интернет желісіндегі жіберу тізімдері  кезеңдік басы-
лымдар қызметін атқарады. 
Жалпы білім беру жүйесінде жіберу тізімі көмегімен «виртуал-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет