Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет76/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   189
bilimdi akparattandyru

Профильдік вертикал порталдар білім берудің барлық 
деңгейі үшін материалдарды қамтуы тиіс: бастауыш мектеп, 
орта мектеп, бастауыш кəсіби білім беру, орта кəсіби білім беру, 
жоғары білім беру, қосымша білім беру, жоғары мектептен кейінгі 
білім беру.
Мамандандырылған вертикал порталдар ақпаратпен қолдауды 
жəне жалпы мемлекеттік деңгейдегі арнайы міндеттерді шешуге 
арналған сервистерді қамтуы тиіс. Барлық вертикал порталдар үшін 
бірыңғай интерфейс, бірыңғай енгізу жəне жүргізу ережесі болуы 
тиіс. Вертикал порталдар жоғары горизонтал порталда орналасқан 
анықтамалық ақпаратты, оның іздеу машинасын, қызметтік 
құралдарын жəне интерфейске бейімдеуді толығымен қолдана 
алады.


172
Бөлінген білім беру порталдар жүйесі көптеген мемлекеттегі 
порталдар жиынында құрылады: горизонтал, вертикал жəне 
корпоративтік.
Порталдар жалпы мемлекеттік, аймақаралық жəне аймақтық бо-
лып үшке бөлінеді. 
Корпоративтік портал/сайттар білім беру мекемелерінің (ассо-
циация, консорциум жəне т.б.) ұжымдық порталдарына жəне оқу 
мекемелерінің (көбіне, сайттар) порталдарына бөлінеді.  
Сонымен, білім беру жүйесінде қалыптасқан порталдарда 
бірнеше негізгі деңгейді ерекшелеуге болады. 
Жоғарғы деңгей ретінде жеке аймақтарда толық қызметтік 
көшірмелер жүйесін  қарастыратын «Қазақстандық білім беру» 
горизонтал порталы  жетекші орында. «Қазақстандық білім беру» 
порталының жалпы құрылымы жəне сервисі жəне оның көшірмесі 
сəйкес келеді, бірақ ақпараттық мазмұны жағынан көшірмеде ар-
найы аймақтық компоненттер жəне мультимедиа-ресурстар болуы 
мүмкін. Бұл порталды толтыру жалпы деңгейдегі вертикал жəне 
горизонтал редакциялық кеңестерге əдістемелік жетекшілік ететін 
біріккен редакциялық кеңестің басшылығымен біріккен редакция 
арқылы жүзеге асырылады. 
Білім берудегі барлық горизонтал порталдар вертикал пор-
талдар жүйесіне сүйенеді: профильдік жəне жалпыға арналған ар-
найы порталдар. Профилдік порталдар білім беру саласына қызмет 
етеді, аралас пəндер қатарынан қалыптасады. Мамандандырылған  
порталдар арнайы қызметті орындауға сүйенеді (мəселен, салалық 
жаңалық порталы немесе тестілеу үшін салалық портал). Вертикал 
порталдар немесе олардың компоненттері төменгі деңгейге көшірілуі 
мүмкін. Профильдік порталдарды (соның ішінде оларды мультиме-
диа-ресурстар құрамына енгізу) толтыру сəйскесінше редакциялық 
кеңестік жетекшілігімен профильдік редакциялар арқылы орында-
лады.
Келесі деңгейде аймақтық білім беру порталдары орналасады, 
олар төменгі деңгейдегі ресурстарды жоғарғы мектептер, мектептер 
жəне басқа мекеменің порталдары мен сайттарын біріктіреді жəне 
горизонтал болып табылады
Жүйеде маңызды элемент  білім берумен жəне ірі жеке 
коммерциялық немесе коммерциялық емес жобалармен байланысты 
– портал-спутниктер болып табылады. 


173
Сипатталған мəлімет білім беру порталдар жүйесінің 
толықтығын, сонымен қатар оған ақпараттық ресурстарды қолдану 
арқылы кіруді қамтамасыз етеді. Мұнда құру, құрастыру, экспертиза 
жəне білім беру порталдар жүйесіндегі экспертиза жəне жүзеге асы-
ру ескерілуі тиіс.
Мемлекеттік жəне мамандандырылған білім беру порталдары 
үшін білім берудегі ақпараттық ресурстарды жасаудың алдыңғы 
қатарлы бағыттары:
- жалпы орта білім беру жүйесінде берілетін пəндер 
тақырыптары;
-  экономика, менеджмент жəне əлеуметтану;
- заң ғылымы;
-  тарих жəне философия;
-  физика, химия, биология;
- гуманитарлық ғылымдар;
-  бірыңғай мемлекеттік эмтиханды ақпараттық қолдау;
-  Шет елдегі оқыту үдерісін ақпараттық қолдау.
Білім беру порталдарын мазмұндық толтыруға бағытталған 
білім берудегі ақпараттық ресурстарды жасауда негізгі нормативтік 
құжаттар есепке алынады, соның ішінде:
-  мемлекеттік білім беру стандарттары;
- пəннің бағдарламасы;
-  мемлекеттік білім беру стандарты бойынша оқу басылымдар 
тізімі.
Көптеген жағдайда, кез келген білім беру порталында 
практика жүзінде бар іздеу, рубрикация жəне каталогизация 
жүйесін қолдана отырып, педагогтар жəне оқушылар білім беру 
үдерісіне қажетті ақпараттық ресурстарды іздеуді оңтайлан-
дырады. Ресурстарды портал көмегімен іздеуді порталда бірыңғай 
кəсіби түрғыдан қалыптастыру қолданылуын ескере отырып, 
жүргізу қажет:
-  ұқсас қызмет элементтерін орналастыру;
-  ақпараттық беттердің қызметтік жəне көркемдік дизайны;
-  редакторлар жəне оқырмандарды тіркеу жəне аутентифика-
циялау жүйесі;
- жаңалықтар лентасы;
-  материалдарды жариялау сервисі;


174
-  файлдарды жəне қосымша гипермедиа-ақпараттарды жарияла-
натын материалдарға біріктіру механизмі;
- білім беру порталдарының жалпы іздеу жүйелерін түзету 
жұмыстары үшін ақпаратты қосымша іздеу жəне алу техноло-
гиялары;
-  берілген сайттар жиынтығын индексациялау;
-  ақпаратты тізбектеу детализациялау механизмі;
- ақпараттық ресурстарды жəне білім беру порталдарының 
қосымша тараулары жəне рубрикаторларын енгізу жəне 
қабылдау ережесі.
Мұғалімдер порталдарды қолдана отырып, порталды 
қалыптастырудағы бірыңғай саясатты жасауда, сонымен қатар 
оларға арналған ақпараттық ресурстарды жасауда осы күнге дейін 
шешімін таппаған күрделі мəселе болып табылатындығын түсінуі 
тиіс. 
 Аталған мəселе порталдарды қазіргі телекомуникациялық 
құралдардың мүмкіндіктеріне қатысты қалыптастыру кеңістік жəне 
уақыт бойынша бөлінгендігімен күрделене түседі: Ақпараттық-
қатынастық технологиялар əртүрлі уақытта əртүрлі шығарма-
шылық ұжыммен жасалады, бұдан соң дайын өнім порталда 
мəліметтерлі телекомуникациялық каналдар бойынша тасымалдау 
жолымен кіріктіріледі. Нəтижесінде педагогтар жəне оқушылар, 
білім беру порталдарының негізгі қолданушысы бола отырып, 
көптеген бірыңғай емес əртүрлі типті ақпараттардан адасады, 
құрылымдау негізінде əртүрлі критерийлер бар, оны тасымал-
дау, өңдеу жəне алу принциптері əртүрлі технологиялық тəсілге 
бағындырылған.
Білім беру үдерісі қатысушыларына білім беру порталына 
енетін əрбір жеке ақпараттық ресурс үшін компьютерлік техника 
жəне программалық қамтамасыз етілуімен қызмет жасаудың жаңа 
қосымша тəсілдерін меңгеру жеңілірек. 
Интернет желісінің (білім беру порталдарын немесе олар-
ды қолданбай) көмегімен алынған аудио жəне бейне ақпаратты 
қолданудың өзіндік ерекшелігі бар. Кейбір жағдайда мұндай 
ақпаратты беру оқушылардың денсаулығына кері əсері болуы неме-
се оқу үдерісінің тиімділігін төмендетуі мүмкін. 
Қазіргі педагогтар жалпы орта білім беру жүйесіндегі интер-
нет желісінен алынатын ақпараттық ресурстарды қолдану бары-


175
сында туындайтын керіағар мəселелерді білуі жəне көруі қажет. 
Жекеше алғанда, кейбір оқушылар білім берудегі Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдары беретін еркіндікті пай-
далануға қабілетсіз. Жиі шиеленіскен жəне күрделі тəсілдер педагог-
тар мен оқушыларды меңгеретін материалдан алшақтатуы мүмкін. 
Бұған қарамастан, интернет-ресурстардағы мультимедиалық 
ақпараттың сызықтық емес құрылымы қолданушыны ұсынылған 
сілтемелер бойынша жүрумен «құштарландырады», бұл қол-
данушыны оқу материалынан берудің негізгі өзегінен алшақтатуы 
мүмкін. 
Күн өткен сайын мұғалімдер жеке ақпараттық ресурстарын жəне 
басқа Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын жасау-
мен айналысуда, олардың көпшілігі интернет желісіне түседі. Егер 
мұғалім жеке программаларды жасаумен айналыспаса, онда бұрын 
құрылған сапасы, педагогикалық тиімділігі жəне эргономикасы 
 
жағынан сыннан өткен интернет-ресурстарды пайдалана алады. 
Осындай жағдайда, мұғалімдер денсаулыққа жəне психикасына кері 
əсер келтірмейтін білім берудегі Интернет-ресурстарға қойылатын 
негізгі талаптарды білуі тиіс.
Мектепте жұмыс жасайтын педагог қолданатын немесе 
құрылатын интернет-ресурсты безендірудің негізін құрайтын 
көркемдік шешім қабылдай білуі қажет, ол ресурстың пəндік 
бағытымен анықталады. Мұнда Ақпараттық-қатынастық технологи-
ялар құралдарын безендіру мектепте қолданылатын жəне ортаның 
денсаулық қорғау талаптарына сəйкес оқу жəне балалар əдебиетін 
безендіру тəсіліне қарағанда, сабақтас стилистік шешімде құрылуы 
тиіс. 
Оқушылардың психикасына əсер ететін кемшіліктерді азайту 
мақсатында, білім беру интернет-ресурстарын жасау мен пайдала-
нуда агрессивтік, визуалды жəне дыбыстық элементтерді қолдануға 
болмайды. Интернет-ресурстарды безендіру мұндай ресурстарды 
оқытуда мұғалім мен оқушының қолдануы есепке алынып орында-
луы қажет. 
Білім беру интернет-ресурстарының құрамында қажеттілігіне 
қарай баланың жасерекшелігі ескеріліп қабылдауына бағытталып 
безендірілген тарауларға бөлінуі тиіс. Сонымен қатар мұғалімнің 
сабаққа дайындалуына арналған тарауларды безендіру, күрделі 
шрифтерді, қараңғы фонды, анимацияланған объектілерді жəне ин-


176
тернет-ресурстары жұмыстарынан алшақтатын ұқсас элементтерді 
қамтымауы тиіс. 
Интернет-ресурстарды безіндіру электрондық басылымның 
негізгі мазмұны болып табылатын оқушыларды мəтіндік жəне 
графикалық ақпараттарды тиімді қабылдауын қамтамасыз ететіндей 
болуы маңызды. Ақпараттық беттерді безендіруде мəтіндік ақпа-
ратты оқуды күрделендіретін түстік жəне графикалық шешімдер аз 
болуы тиіс. Негізгі мəтіндік ақпаратты бейнелеуде қолданылатын 
құралдар жиынтығы экраннан оқуға жеңіл болуы қажет. Шрифтерді 
сызу символдардың толық жиынтығын қамтуы жəне кез келген сөзді 
немесе мəтінді бірыңғай визуалдық бейне ретінде қабылдауға жеңіл 
болуы тиіс.
Мектептің денсаулық сақтау кеңістігін қалыптастыру 
тұрғысынан, соның ішінде білім берудің электрондық ресурстары 
мен оқу кітаптарының айырмашылығын төмендету, мəтіндік білім 
беру интернет-ресурстарды версткалау полиграфия қабылдаған ар-
найы ережемен орындалуы маңызды. 
Бұдан басқа, интернетте орналастырылған мультимедиалық 
ақпарат үлкен көлемдегі компьютерлік файлдарды да қамтиды. Бұл 
интербелсендік құралдар, аудио-бейнеүзінділерді қосу, жоғарғы 
мүмкіндікті графикалық бейнелер жəне т.б. болуымен байланысты. 
Каналдардың өткізуші қабілеті мен сенімділігінің жеткіліксіздігімен 
байланысты мұндай ақпараттық ресурстарды оқу үдерісінде 
толыққанды қолдану қиындық келтіреді.  
Телеқатынастық желілердің сапасыздығы немесе жоқтығына 
байланысты проблемалардан аулақ болуы үшін, жергілікті желідегі 
ресурстармен жұмыс жасалуы тиіс. Мультимедиа-ресурстар-
мен жергілікті əрекет жасау барысында, оқушылар ақпаратты 
телекомуникациялық желіден емес, өз компьютерінің ішкі неме-
се сыртқы өзегінен ала алады. Мұнда ақпараттық ресурстардың 
мазмұны жəне ақпаратты беру тəсілі интернетте орналасуына 
толығымен сəйкес келеді. Мұндай ресурстар желілік өзектерден 
телекомуникациялық жұмыстар барысында көшіріледі, содан кейін 
оқушыларға жергілікті нұсқада ұсынылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет