- термин өзінің лексикалық эквивалентімен дұрыс, көбіне
біркелкі сəйкестігі болуы қажет;
- термин өзі қолданылып отырған жалпы контекстен бос бола
алмайды;
- терминді дұрыс түсіну үшін оның морфологиялық құрылымын,
жалпы қолданылатын сөздерден ерекшелейтін семантикалық
ерекшеліктерін, олардың құрылымдық ерекшеліктері мен
қолдану ерекшеліктерін білу керек.
Білім беру облысында мультимедиа ресурсты жасау үшін
таңдалып алынған құрастырылған түсініктер жүйесі немесе оның
жиынтығы оқу мазмұнын анықтауда бірінші кезең болуы қажет.
Өз кезегінде осындай жүйелердің жасалуы бір-бірінен ажыра-
майтын 2 құрамдас бөліктен тұрады: барлық оқу материалының
«қаңқасы» болып табылатын түсініктің анықталуы жəне олардың
құрылымының жасалуы-бөлек түсініктер арасында байланыстардың
пайда болуы.
Түсініктің құрылуы (немесе оның меңгерілуі) субъект кейбір
нақты объект немесе ойларға қатысты субъектің қасиеттерінің пай-
да болу əрекетін ұйымдастыру біліктілігін ұсынатынын ескере кет-
кен жөн. Оқушыдағы түсініктің дұрыс қалыптасуына бағытталу кез
келген білім беру облысының мазмұнын құрастырудың маңызды
құрауыштарының бірі болып табылады.
259 Танымның негізгі рөлін басқа түсініктермен анықтал-
майтын бастапқы түсініктер ретінде қарастырылатын жалпы
түсініктер (категориялар) атқарады. Жүйе логикасы мен теория-
сында категория болып объект, қасиет, қарым-қатынас, пікір, ой
тұжырымы, ақиқат, жүйе, орта, пəндік облыс жəне т.б. сияқты
түсініктер табылады.
Əрбір түсініктің таңдалуы төмендегідей маңызды көрсет-
кіштердің есебінде іске асуы керек: