Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет45/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Rustemov okulik 00

Ертегі-поэмалары. Шығыс ертегісі сарынымен жазылған «Байшұбар» поэмасында адам мен аң харекетінен ұқсастық табады:
Бар еді азаматтан бір қарақшы,
Өте епті ұрлықпенен ашқан көзін.
Жылында ететұғын бір ат олжа,
Жортағы, таңдамайтын болсын жорға,
Аңқаулау бір жолбарыс күшке сенген,
Аңдитын керуенді о да жылда.
Автор туындыда адам ақыл-айласын жоғары қояды. Ұры түн қараңғысында жолбарысты шұбар ат деп қалады. Жолбарысқа мініп алып былай деп әндетеді:
Жаралған бір мен үшін,
Байшұбарым,
Аласа аттан гөрі, тай шұбарым,
Кездесті иең сай боп, арманың жоқ,
Түзей бер шабысыңды, әй, шұбарым!
Батырлар жырындағы, нақтырақ айтсақ, «Алпамыс батыр» жырындағы Байшұбар шабысы еске түседі осы сәтте. Таң ата астындағы атының жолбарыс екендігі білінеді.
Ертегіде ұры мен жолбарыстың көңіл-күй, ойлары қоса- қабат беріледі. Екеуі бір-бірінен құтыла алмай қапаланады. Ақыры жолда бір терек кездесіп, жігіт соның бұтағына жармасып қала береді. Үстіндегі «пәледен» құтылып, тыным алып отырған жолбарыстың жанына маймыл келеді. Мән-жайға қанған маймыл батырсынып, терекке өрмелейді. Бұл тұсы «Қаңбақ шал» ертегісіндегі түлкі мен дәудің харакеттерін еске түсіреді.
Ағашқа маймыл келіп өрмеледі,
Ұрыға бұ да тыным бермеді енді.
Бұтақтан істеп алып мықты тұзақ,
Ұры да күтті: - «келсең, кел,»- деп енді.
Маймылдың келген тұсын біліп тұрды,
Тұзақты артқы аяқтан іліктірді.
Бар күшін қолға жиып тартқан кезде,
Маймылдың басы төмен, ал шыңғырды.
Маймыл даусын естіп, жолбарыс безе жөнеледі. Сөйтіп, адам жолбарыстан осылай құтылады. Жасалатын қорытынды мынау: ұрлық түбі - қорлық. Адам жолда кездескен қиындықтың бәрін ақылмен, еңбекпен жеңбек. Хайуаннан артықшылығы осынысында.
«Тазша баланың қырық өтірігі» үлгісінде жазылған Б.Майлиннің «Өтірікке бәйге» ертегісінде(1922) тазша бала мансапқор ханньщ жанды жерін дөп басып табу арқылы жеңіске жетеді де, хан алтынын олжалайды. Өтірікке бәйге жариялаған хан әрекетінің ақылға сыйымсыздығын тазшаның «таяқ ұстап, мал соңында жүрген қайыршы шал сіздің әкеңіз еді, рас па, ханым, осыным?» дегеніне ханның тосылып, «рас» деп айта алмауы байқатады. Ханды тұқыртқан тазша бейнесі фольклорлық шығармадағы өз тұрғыласынан сөз қисынын таптық айырмашылыққа құру жағымен бөлекше. Б.Майлин өз шығармасында «жалшылықты» өз тегіне дарытқысы келмей, азар да безер болған хан мен қара халық өкілі -тазша баланың текетіресі арқылы күні өткен кешегі билікке заманы туған кедей- кепшік қажыр-қайратын қарсы қою талабын байқатады, және екіншісін болжамы дұрыс, тапқыр жан етіп көрсету нәтижесінде жаңа дәуір құрылысшысы жеңімпаз, жасампаз болмай қоймайды деген ойды тұспалдайды.
Сорлы шал арқылы автор хан қарауындағы соры қалың халық тұрмысына тұспал жасайды. Хан шындықты мойындағысы келмейді. Тазша бала көп шындықты айтқан жоқ. Сонықтан автор поэмасын «Аз ғана айтқан өтірікке алғаныңның бәрі алтын!» - деп түйіндейді. Кіріспеде автордың «Бәрін айтсам, кейін қайтсам, сөз ұзаққа кетеді» деп хандар зорлығын баяндауды доғаруы, қысқа қайыруы бекер емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет