Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет15/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Әлемді, адамды, оның өмірде алатын орны мен рөлін 
философиялық-этикалық тұрғыда ұғыну – қазақ халқының ұлттық 
философиялық пайымдау типіне тән ерекшелік. Отансүйгіштік 
мұрат-тары, қазақ халқының тұтастығы мен ынтымақтастығы туралы 
асқақ армандар, тұлғаның бас бостандығы үшін күрес мұраттары, 
адам құқықтары, оның сүйіспеншілігі – біз зерттеп отырған қазақ 
хандығы дәуіріндегі ойшылдардың көзқарастарындағы басты нәрсе-
лер болып табылады. 
Қазақ ақындары мен жырауларының дүниетанымы – іштей 
даму серпіні бар, әлем мен табиғаттың үйлесімін сақтауға негізделген 
әлемитүйсіктің үлгісі, сол себепті де адамның қалай болса солай 
араласуын қажет етпейді. Қазақ ақындары мен жырауларының 
дүниетанымдарында, философиялық-әлеуметтік мәселелер мен 
өзара тығыз байланысты саяси мәселелер, сол сияқты құқықтық 
мұраттар арасында еш айырмашылық жоқ, бірыңғай тұтастықтағы 
аспектілер мен тараптарды көрсете отырып, олардың бәрі шиеленісіп 
кетеді. Бірақ оның дәл ортасында адам және оның этикалық кескіні, 
сезімдері мен мұраттарының әлемі, өмірлік мақсаты мен мәні 
тұратындығында еш дау жоқ. Ойшылдар түкке тұрмайтын ұрыстар 
мен шайқастар туралы терең ойланды, адамдардың бейбіт және 
тыныш өмірі жайлы қиялдады, халықтың жүдеп-жадаған күйі 
мен бишаралығы туралы аса тебіреніспен жазды. Поэзия түрінде 
жеткізілген ақындар мен жыраулардың философиялық ойлары
адамды болмыстың әдеткі қалпынан асқақтата білді. 
Біздің пікірімізше, қазақ халқының ұлттық философиялық 
пайымдау типін қалыптастырудың және оның пайда болуының 
өзіндік ерекшелігі мен мәдени мәнмәтінін, дәл әрі айқын әдістаным-
дық негіздерсіз ашып көрсету мүмкін емес, мұнда тарихи және 
логикалық қағидаттың басты рөл атқаратыны сөзсіз. Қазақы 
философиялық ойды тарихи шындық ретінде, шындықта орын 
алған бүкіл құбылыстар сипатталып, талданатын, тек оқиғалар 
мен деректердің хронологиялық тәртібі арқылы ғана қарастыруға 
болмайды, ол дамудың шынайы көрінісі мен үрдісін толық бере 
алмайды, керісінше оның мәні мен мағынасын жан-жақты айқындауда 
қиындықтар келтіреді. Қазақ халқының ұлттық философиялық 
пайымдау типін проблемалық-тарихи тұрғыда талдау, яғни 
қазақтардың рухани мәдениеті қалыптасу барысында елеулі мәнге 
ие болған, басты даму белестерін ғана айқындау маңызды болмақ. 
Қазақ философиясы үнемі өзгеріс үстінде болды: әлеуметтік-
мәдени мәнмәтін өзгеріске ұшырады, онымен бірге өз дәуірінде 
туындаған жаңа мәселелерге байланысты үздіксіз даму арқылы, ой да 


 
17


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет