Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет17/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Асан Қайғы Жәнiбек ханның кеңесшiсi болған, өмiрдегi көп 
мәселелердiң шешiмiн табуға көмек көрсетiп, даналық тұрғысынан 
саралап отырған. Бұл жерде Жәнiбек ханның Асан Қайғы сияқты 
ақылдың кенiн құрметтеп, әрбiр сөзiн тыңдауға тырысқан әрекеттерiн 
де бағалауымыз керек. Асан Қайғының сөз қадiрiн бiлгенiн, оны 
қолдануды өнер деңгейiне дейiн көтергенiн де айта кеткенiмiз 
жөн. Асан Қайғының дүниетанымы өз заманының ғана емес, келер 
ұрпақтың да зердесiне үлгi боларлықтай айшықтарға толы болатын. 
Соны байқаған хандар мен билер әулетi оған тиiстi құрметiн де 
бiлдiрiп отырған. Бірақ, Асан Қайғы хан сарайы маңында жүрген 
ақылгөй қарт рөлiмен ғана шектелiп қалмайды. Өз халқының кең 
байтақ даласын жан-дүниесiмен игеруге асықты, оны халқына сөзбен 
жеткiзуге тырысып бақты. Еркiндiк пен әсемдiктi пiр тұтқан қазақ 
халқы үшiн Асан қайғының айтып кеткен әрбiр сөзiнiң құндылығы 
бар
*
. Ол өмір философиясының өзекті мәселелерін тереңінен 
зерделеп, өз болмысынан өткізіп отырған.
Қайран ел, есiл жұртым сонда не етер, – деп, ұлы жырау тарихи 
болашақты қалай дәл, терең айтқан. Халықтың мұң-мұқтажынан 
туындаған, жинақталған ел-жұрттың жүрегіндегі запыранды Асан 
Қайғыдан бұрын да (Қорқыт Ата, Аталық, Сыпыра-жырау), одан кейiн 
де шайқаған, халықтың тағдыры не болмақ деп ойлаған, толғанған 
қанша ақылман абыздар өтті?! Қорқыт, Баласағұн, Ясауи сияқты 
үш ұлы ойшылдың дәстүрiн жалғастырушы ретiнде Асан Қайғы 
қазақ жерiндегi сан салалы мәселелердi поэзия арқылы жырлаушы 
рөлiн атқарады. Ол өз шығармашылығында этикалық мәселелердi 
талқылауда философ, этнограф, тарихшы келбетiнде көрiнiс берiп, 
өмiрдi барынша шеберлiкпен түсiндiрушi ғұламаға айналды. 
Асан Қайғы көзқарастарында адамгершілік, саяси және құқықтық 
идеялары бiр-бiрiмен астасып, өзара байланысып жатады және олар 
бiртұтас дүние ретiнде сомдалады, бiр ортақ ойды жеткiзедi.
ХV ғасырға тән ыдыраушылық кезеңiнде қазақ халқының 
ынтымақта болуы – өмiр қажеттiлiгi еді. Тарихи тұрғыдан алғанда 
ендi ғана есiн жинап бiртұтас халық екенiн сезiне бастаған әлеуметтiк-
этникалық қауымдастық үшiн, қазақ үшін бұл күрделi, бірақ оңай iс-
қимыл емес едi.
«Есенiңде – тiрiңде,
Бiр болыңыз бәрiңiз» [3, 10 б.].
* Қазақ – сөз қадірін білген халық. 


 
19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет