Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет271/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   297
IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
Бесіншіден, қазақ еркіндікті, әсіресе ой еркіндігін, жеке басының 
бостандығын, ешкімге бағынышсыздықты жоғары қоятын халық. 
Жағымпаздық, мансапқорлық сынды әдеттер бізге кейін Кеңес 
дәуірінде жұққан. Бұрынғы қазақ қогамындағы «Дат!» деп алып, 
ханға да қарсы уәж айта беретін дәстүрді қоғамтанушылар «далалық 
демократия үрдісі» немесе «көшпелі демократия» деп атап жүр. Хан 
да, батыр да, сұлтан да, бай да қара халықтың осы уәжімен есептесуге 
мәжбүр болған. Себебі, кейін аңыз әңгімеге айналып кете баратын 
қоғамдық пікір кең даланың түпкір-түпкіріне, оны айтасың, үрім-
бұтағына жететінін олар жақсы білген, Бұл орайда, ел сыйлаған 
жыраулар мен ақындардың пікірі елеулі әлеуметтік күшке айналған. 
Қорқыт Ата, Асан Қайғы, Бұқар, Махамбет сынды даналарымыз ел 
мұңын ханға қасқая қарсы қарап тұрып айтып кеткен емес пе?! Ал, 
жалғыз өзі бүкіл халықтың ары мен намысын таразыға тартып кет-
кен ұлы Абай ше?!
Ой еркіндігі, пікір дербестігі қазақ халқының қанына туа біткен 
қасиет. Әлі күнге дейін алыстағы құм арасында қойын бағып жүрген 
қарапайым малшың да сізге өмір мен өлім туралы, жақсы мен жа-
ман туралы, қазіргі қоғам туралы өзінің өмірлік пәлсапасын ұсына-
ды. Далалық демократия жағдайындағы осындаң ой еркіндігі, пікір 
дербестігі кейде анархияға, «бас басына би болуға» дейін ұласып 
кетіп отырған. Сірә, қазақ қоғамының кезінде қатаң билік үстемдік 
құрған елдерден кенже қалуы, сөйтіп, өзгенің боданына айналуы осы 
еркіндіктің бірте-бірте шектен шыққан әрекеттерге ұласуынан да 
болар.
Бірақ, бұл ойлау еркіндігінің пайдасынан зияны көп деген сөз 
емес, Қалыптасқан қағидаларға күмәнмен қарау – дамудың бір көзі. 
Тәуелсіз ойлау адамзаттың танымын кеңейткен талай-талай ғылыми 
жаңалықтардың ашылуына себеп болды. Кез келген қоғамдағы жүр-
гізіліп отырған саясат, алған даму бағдары сол қоғамдағы парасат 
иелерінің талқысынан өтіп, күмән мен сенім таразысына салынуы 
қажет. Демократия ережелері салтанат құрған елдердегі бір-бірімен 
бәсекелес партиялардың алма-кезек билік басына келіп, бірі тұғырға 
қонғанда, екіншісі оппозицияға кетіп жататыны да осы таразының 
қоғамға керектігінен туған.
Алтыншыдан, қазақ тәубасы бар, төзімді, даналыққа құштар, 
философ халық. Оның терме және айтыс өнерлері осының дәлелі. 
Өркениетті елдерде таланты мен білігі арқылы зор беделге ие 
болған ой еңбегі иелерінің бәрі ешкімге тәуелсіз болуға мүмкіндік 
беретін дәулет жинап алган. Дұрысы – дәулет өзі келген. Себебі, олар-
дың еңбегін қалың көпшілік шынайы бағалап, сатып алып отыр. Ал 


276 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет