Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет70/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
діннің тазалығына үлкен мән беріп, негізінен исламның ханифи 
мазхабын тұтынатын кашмирлік тұрғындардың арасына «нұрбах-
шылық», «шамасин» сияқты «күмәнді» діни секталарды жергілікті 
оқымыстылармен пәтуаласа отырып, әшкерелеп, тойтарыс бергенін, 
сондай-ақ жергілікті сопылардың адал мен арамды, шариғат пен 
тарихатты ажыратай алмай, күпірлікке бой ұрғанын ашына жазады 
[1, 475–476 бб.].
Сонымен, қазақ халқының философиясының тарихы мен қазақ 
халқының тарих философиясындағы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 
алатын орнын талқылай келе, оны түйіндейтін бірнеше тұжырым-
дарды атап өтейік.
Біріншіден, М.Х. Дулати XVI ғасырда ортағасырлық еуразиялық 
көшпенділіктің ыдырап, біртұтас империя біріктіріп тұрған түркі-
моңғол халықтарының әрқайсысының, оның ішінде қазақ халқы-
ның жеке саяси даму жолына түскен заманында өмір сүргендіктен 
және оның өзінің заманындағы беделді мемлекеттік және қоғамдық 
қайраткер ретінде осы саяси-әлеуметтік үдерістіге тікелей атсалыс-
қандықтан және ғұлама ойшыл ретінде тарихи, әдеби, философия-
лық еңбектер жазып қалдырғандықтан, ортағасырлық жазба тарих-
наманың үлгілерімен қатар, халықтың ауызекі тарихи біліміне 
сүйене отырып, әлдемдік тарихнама теориясына өзіндік үлесін 
қосқандықтан оны түбі бір түркі халықтарының, оның ішінде қазақ 
халқының тарих философиясының негізін қалаушылардың бірі деп 
түсіну қажет.
Екіншіден, Дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар мыр-
заның философиялық көзқарасынан Ұлы дала ойшылдарына тән 
дәстүрлі дүниетанымды, мәдени-тарихи үндестікті атап өтуге бола-
ды. Өте көне заманнан басталған бұл рухани сабақтастық ойшыл-
дың шығармашылығынан да, қазақ халқының ұлттық құндылықтар 
жүйесінен де айқын аңғарылады.
Үшіншіден, Мұхаммед Хайдар Дулатидің философиялық 
дүниетанымына ислам дінінің тигізген оң ықпалын баса айтып 
өткен жөн. Дулати өз заманындағы озық ойлы мұсылмандық 
теологиялық еңбектермен терең таныса отырып, дәстүрлі түркілік 
ойлау жүйесіндегі негізгі ұғымдар мен категорияларды исламның 
адамгершілік қағидаларымен шебер жымдастыра білген. Ойшыл-
дың діни-философиялық көзқарастарына исламның ханифиттік 
мазхабының негізгі ұстанымдарымен қатар, Қожа Ахмет Йассауидің 
сопылық дүниетанымы да әсерін тигізді. 
Төртіншіден, Мұхаммед Хайдар Дулатидің дүниетанымында 
адам мәселесі мен адам өмірінің мәні мәселесі, оның экзистенциалдық, 


 
73


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет