Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет85/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
жерге қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің арасындағы қарым-
қатынастар, сол замандағы тарихи адамдар, хандар, батырлар, билер, 
шешендер, ақын-жыраулар және олардың ел есінде қаларлық істері 
мен сөздері жайында құнды да құнарлы деректер сақталып отырды.
Қазақ ру-тайпаларының шежірелік деректері орта ғасырда 
қағаз бетіне жазылып, ру басы билердің, сұлтаңдардың, хандардың 
ордала-рында сақталатын болды. Өйткені ру-тайпалар бойынша 
басқарылып келген Қазақ хандығы сияқты елде бұл шежірелерді 
білудің және жинаудың маңызды мәні болды. Көшпелі тайпаларды 
билеу, олардан алым-салық жинау, олардың арасынан әскери жасақ 
ұйымдастыру, ру-тайпалардың өріс-қонысын белгілеу, олардың 
арасында туылған дау-жанжалдарды шешу үшін хан, сұлтандар мен 
билердің шежіреге қанық болуы қажет еді [6, 368 б.].
Осындай шежірелер дүниесінің бір түріне Қадырғали Жалайыр 
шығармашылығы жатады. Осыған тек мысал ретінде төмендегі 
дастанды, көптеген дастандардың біреуі ретінде оқып көрелік.
«Мөңке хан Төле хан ұлы Шыңғыс хан немересі дастаны»: 
Мөңке хан Төле ханның үлкен ұлы еді. Сүйіркұқты бетінен туып еді, 
Жәкембуканың қызы, Мөңке ханның хатундары өте көп еді. Баршадан 
ұлы хатуны Құтықты хатун еді. Қауымы икирас, Буту гүргеннің ұлы 
Олдайдың қызы еді. Және бұл хатуннан екі ұл туды. Үлкенінің аты 
Балту, екіншісінің аты Орынташ еді. Бұл Орынташтың екі ұлы бар еді. 
Үлкені Сарман, кішісі Нұмаған. Және бұл үлкен хатуннан бір қызы бар 
еді Баялун атты. Бұл Баялунды Жауқоржынның ұлына берді. (Мөңке 
ханның) екінші үлкен хатуны бар еді, аты Окул Тұтмыш атты, қауымы 
Ойрат еді. Және бұл хатуннан ұл жоқ еді, екі қызы бар еді, үлкенінің 
аты Шырын, кішісінің аты Пижқа (Бичиқа). Және Шырынды Тайжу 
гүргеннің ұлына берді. Шырын өлген соң Пижқаны берді. Және тағы 
екі жақсы күңі бар еді. Бірінің аты Бабаужин атты, қауымы баяуыт 
еді. Онан бір ұл туды Ширки (Ширеки) атты. Және Бұл Ширкенің екі 
ұлы бар еді. Олар: Туратемір, Тоқантемір. Тоқгантемірдің ұлы бар еді. 
Ұлысбұқа атты. Екінші күңінің есімі Укуйти атты, елчигин сұңғақты 
еді. Бұл күңнен бір ұл бар еді Асутай атты. Бұл Асутайдың төрт ұлы 
бар еді, аттары мынадай: Олжай, Хулажу, Хинтум, Олжабұқа. Мөңке 
ханның ұрығы осымен тамам болды» [2, 101 б.].
Қазіргі кезде тарихи-философиялық ғалымның көптеген әлем 
халықтарының дүниетанымдық мұраларын зерттеген тәжіри-
бесі ұлттық философиямыздың қалыптасуы, дамуы және негізгі 
бағыттары туралы, оларды зерттеудің теориялық және методоло-
гиялық мәселелері жөнінде жиынтықталған, жалпы ойларды 
тұжырымдауға кең мүмкіңдіктер ашты.


88 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет