Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет132/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Алыншыдан татар, моңғол. Татар ханның баласы Бұға хан, оның 
баласы Иланғы, оның баласы Атлыхан, оның баласы Атсыз хан оның 
баласы Орда оның баласы Байду, оның баласы Сүйініш хан мұның 
кезіне дейін татар моңғол тату еді, мұның кезінде жауласып шабысты.
Моңғол ханның баласы – Қарахан, Өзхан, Көзхан, Көрхан деген-
дер, моңғолдың орнына Қарахан болды. Оғұзхан осы Қараханның 
баласы оның туысы да ерекше болды. Туған соң, үш күнге дейін 
анасының емшегін ембей қояды. Түсіне кіріп мұсылман бол дейді. 
Имандылыққа келген соң ғана емеді. Оғыз бір жасқа толғанда
өзіне-өзі Оғұз деп ат қояды. «Қараханның баласы Оғұзхан. Аланшы 
кезінде жұрт діннен шығып еді, осы Оғұз мұсылман болып, әр кімді 
мұсылман қылғанын әкесі Қарахан естіп, баласымен ұрысып, сол 
соғыста Қараханға оқ тиіп өліп,орнына Оғұзхан болды. Мұның хан 
болғаны мұсылманша шежіре кітапта біздің пайғамбардан 340 жыл 
бұрын дейді. Бұл Оғұзхан мықты хан болды. Жер жүзінің талай 
жерін алған еді. Оғұзхан атақты хан болғандығын барша шежіренің 
бәрі айтады» – деп жазды Шәкәрім Құдайбердіұлы.
«Оғыз тілі шығысымен үнемі «Алла, Алла» деп жүрер еді. Жұрт 
оны тілі келмеген соң, аузына келгенін айтып жүр деп ойлады. 
Өйткені «Алла» араб сөзі, ал араб тілін моңғолдың еш атасы білген 
емес. Баланың жүрегі мен тіліне «Алла» деген сөзді оны сүйгендіктен 
және әулие тұтқандықтан Құдай тағаланың өзі салған».
Алла тағаланың есімдерін зікір ету хақиқатқа жетудің бір жолы. 
Әулиелік дәрежеге жеткен адам жұтқан демімен де шыққан демімен 
де Алланың есімдерін айтады, еске алады, зікір етеді деген сенім бар.
Дін-иман сөзін қатарластыра, қосақтай қолданған кезде екі 
сөздің де қосымшы мағыналарынан басқа ең негізгі нақты мағынасы 
айқындалатындай. Қазір Имандылық сөзі өте жиі қолданылады және 
қолданылу аясы да өте кең. Мәселен – имандылық сөзі – адамгершілік, 
мейірбандық, рухани тазалық, ізгілік, ар-ождан, әділеттілік деген 
сөздердің орнына да қолданылып, мағынасын да бере алады. Ал, 
иман сөзінің нақты мағынасы – бар және бір Алланы тану. Діни 
әдебиеттерде осы мағынасында қолданылады. Қазақ халқының салт-
жоралғысында қаралы адамдарға көңіл айтады. Қайтыс болған адамға 
бағыштап айтылар сөз «иманды болсын». Яғни, Бақиға қайтпас сапарға 
аттанған адамның апарар қазынасы имандылық қана. Ал, дін сөзінің 
негізгі қолданылатын мағынасы «дін – ақыл-есі бүтін адамдардың өз 
қалауымен дүниеде және ақыретте жақсылыққа жеткізетін иллаһи 
бір заңдылыққа сенуі». Ал, біз діндік бояуы бар көптеген наным-
сенімдерді, секталарды да дін деп атаймыз. Сондықтан да дін – сөзінің 
негізгі мағынасы оның ақиқаттылығымен ашылады. 


 
135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет