Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет137/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Олар халықтың бұрынғы тұрмыс салтында қалыптасқан дәстүр-
лерінен шариғатпен қайшылық іздеп, өздерінің білімділіктерін, 
көптен оқшаулықтарын дәлелдемекші болған. Салт дәстүрлерге 
сай өмір сүру, ырымдарды, әдет-тиымдарды ұстану, обал-сауапты 
білуі. Адам баласы өзінің жақсы ісінің сауабын алса, жамандығының 
азабын тартады, мысқалдай нәрсе таса қалмайды деген дін-имандағы 
ұғыммен өзектестігін көреміз. Қазақ халқының салт-дәстүрінде, 
ырым-жоралғыларында ерекше бір жүйе, терең сыры бар екенін 
білеміз. Бұл адам баласын белгілі бір тәртіпке, мұқият болуға
әрбір ісін ыждахатпен атқаруға тәрбиелейтінін аңғарамыз. Әрбір 
жаратынды, жасалынды айнала қоршаған заттарға құрметпен 
қарау, олардың қадір-қасиетін біліп, ысырап қылмай, қажетіне 
қарай игілікті іс үшін қолдану естен шығармайтын қағида ретінде 
белгіленеді. Белгілі бір ырымды тию салуды, мәселен, (бүйір таянба), 
(босаға керме), (суға түкірме), (көкті босқа жұлма) т. б. тиымдарды 
артық сұрақ қоймай орындауға тәрбиелейді. (Неге) деген сұраққа 
бір жауап (жаман болады) немесе (жаман ырым), яғни иманға 
байланысты сұрақтарға күмәндануға болмайтынын қазақ бала 
кезінен тәрбиелейді. Иман шарттарын халықтың тұрмыс-салтына, 
әдет-ғұрпына дәстүріне үйлестіре отырып, халықты дін-иманға 
уағыздаған көкей көзі ашық, рухани ұстаздар әр заманда да қай 
халықтың арасында болсын бар. Халық ол адамдарды уәли, әулие 
тұтқан, олар аты аңызға айналып, сан ғасырлар халық жадында 
сақталған. Ол адамдар тіршілігінде діні қаттылар тарапынан болсын, 
дінсіздер тарапынан болсын көп қуғын көреді, бұ дүниеден озуымен 
қадірі артып, игі істері жаңғырып, адамгершілік тағылымы, ұстаздық 
ғибраты, уағыз-насихат, асыл сөздері өлмейді. Халық санасын оятып, 
жүрегіне жол табады, тың рухани серпіліс береді. «Аруақ шақыру» 
деген тіркестер бақилық болған Ата-баба рухына іс-қимыл таңу 
емес, ел қамын жеп, ерлік дәстүрін сақтап, халқы үшін жанын пида 
адамның рухының жоғарылығын, рухани қуаты мол, ержүректігін 
білдіреді.
Дүниеден өтіп кеткен адамның жамандығын айтуға болмайды 
дейді халық даналығы. Яғни, дүниеден өтіп кеткен адамның ақ-
қарасына жалғыз төреші Хақ Тағала. Өлген адам өзінің айтқан сөзі, 
істеген ісі жайлы оның қандай түпкі ниетпен айтылғанын түсіндіріп, 
ақ-қарасын ажыратып бере алмайды. Көптеген ізгі ниеттен шыққан 
сөз бен іс бұрмаланып басқа өң-түр алатыны белгілі. Түрік халқының 
діні – (Тәңірі) деген ұғым бар. Түрік тіліндегі (Тәңірі) сөзі парсыларша 
(Құдай), орысша (Бог), арабша (Иллаһ) сөзінің баламасы ретінде 
түрік-мұсылман ғұламаларының еңбектерінде қолданылып келді. 


140 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет