Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет195/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
қылықтардың жетекшілік етуі адамдықтың басты белгілерінің бірі. 
Нағыз адамның жүрегі әрқашанда жақсылықтың ұясы болуға тиіс. 
Өркенім өссін десең, кекшіл болма. Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға, қастық қылма. Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға, жәрдемші бол асыға,
Қиын-қыстау күндерде, өзі келер қасыңа [12, 121 б.]. 
Әрбір жеке адам өзінің рухани жетілуі үшін теріс пиғылдардан 
арылуы тиіс. Дана ойшыл кекшілдік, өркөкіректік, қаскүнемдік 
сияқты кесірлі жамандықтардан арылу жолдарын ашып көрсетеді. 
Адамның ішкі жетілуінің шамшырағы ізгілікті істерге жетелейтін 
тәлімгерлік түріндегі философияны жасады. Адамның рухани 
құлдырауының себебін іздеумен айналысқан философтарымыздың 
ой-түйіндеулеріне зер салсақ, А. Қапышев былай дейді: «Адамзат 
руханилық жайында көптеген пайымдаулар білдіргенмен, бірақ 
рухани құлдырауды тоқтатуға практикалық қадамдар жасамай 
келді, ол сыртқы дүниеге қызығу жолымен келді. Соның нәтижесінде 
руханилық пен мәдениеттің арасында терең сызат пайда болды. 
Сөйтіп руханилық пен мәдениет екіге бөлінді: біріншісі қазіргі күні 
бос сөзге, бедерсіз ұғымға айналды, ал екіншісі таза техникалық 
шеберлік, өзіндік мақсат қойған операциялық қабілет, қажетке 
жарату техникасы мен технологиясы және сыртқы материалдарды 
ұсыну түрінде көрініс берді. Руханилық пен мәдениеттің үйлесімділігі 
іс жүзіндегі махаббат, яғни әсемдікті туындатушы жақсылық ретінде 
түсінілуі керек» [13, 96–97 бб.] Иә, руханилықты адамдар қарым-
қатынасының үйлесімділігі деген бұл пайымдаулар қазақ билерінің 
жүзеге асырылған үкім-шешімдері түрінде көрініс берді. Олардың 
даралық, тұлғалық келбеттері адамға деген махаббаттан, оларға 
үнемі жақсылық жасау тілегінен, кешірімшілдік, мейірбандық 
қасиеттерімен көмкерілген. Қазақтың үш биі осындай тұғырлы да, 
ізгілікті түрдегі әлеуметтік әділеттілікті іс жүзінде өз заманы тұсында 
жүзеге асыра білді. 
Адам табиғатындағы сезімді ақылға жеңдіру оңайға соқпаған. 
Осының салдарынан қазақ қоғамында қайшылықтар туындады. 
Мысалы бір рудың жастары бір-біріне үйленуге болмайтын. 
Қазақтардың әдет-ғұрып заңдарының ішінде жеті атаға дейін қыз 
алуға тыйым салынған. Егер осындай оқиғалар орын алса ру басы 
ақсақалдар кеңесіп барып, шешім шығарған. «Қалқаман-Мамыр», 
«Еңлік-Кебек» поэмалары сынды трагедиялық, драмалық оқиғалар 


198 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет