Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет253/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
түріктер империяларында солай болды. Ал Осман империясы 
әлдеқайда басқаша. А. Тойнбидің суреттеуіне қарағанда Османдар 
қоғам құрылысы басқа ешбір өркениеттерде кездеспейтін айрықша 
өзгешелікте болса керек. Ғұндар мен көк түріктер империялары 
деспотиялық, тирандық сипатта болмаған. Мемлекеттің ішкі тәртібі 
рулар мен тайпалардың қалыптасқан әдет-ғұрыптарымен реттелген. 
Әдет-ғұрып, салттар құқықтық ғылымдарда «әдеттік құқық» деп 
аталатыны осыдан. Олар өз кезіндегі жазылмаған заңдар. Халықтың 
өзін өзі басқару нормалары. Сондықтан олар сырттан таңылған 
тәртіп ретінде қабылданбайды. Осылардың бәрі ол мемлекеттердің 
әлі адамдардың қарсы тұрған немесе олардың үстіндегі өктем күш 
емес. Қауым мүшелерінің біріккен ырқы олардан жаттанған жау 
күштей болып тұрған жоқ. 
Бұл жүйенің ашықтығы, мөлдірлігі және оның мүшелерінің 
дербестігі айқын факт, бірақ сонда да болса архаикалық қауымды 
еуропалық зерттеушілердің көпшілігінің еңбектері оны тым 
жабайы етіп бағалауларға толы. Тойнби де соған мысал бола 
алады: көшпенділер тағылар, мәдениеттен мақрұм, надан т. т. 
Оларға іш тартып жазатындардың өзі де өзінің биік тұрғысынан бір 
мүсіркегендей көңіл күй байқатады. Тойнбидің өзінің айтуынша
ең өркениетті деп аталатын елдерде де халықтың басым көпшілігі 
сол баяғы жабайылық қалыпта. Оны ХХ ғасырдағы фашизм мен 
тоталитарлық тәртіптердің жойқын қырғындары жақсы көрсетті. 
Осындай қырғындарға жан-тәнімен қатысып, тіпті ләззәт алып 
жүрушілерге қарағанда кез келген адамдық жағынан олардан шексіз 
биік. Егер прогресс бар болатын болса, ол тек адамгершіліктің 
прогресі бола алады деген орыс ойшылы В. Соловьевтің қағидасы, 
әрине, бірден бір дұрыс. 
Екінші белгі. Өз қоғамындағы кезінде шешілуге тиіс мәселелерге 
қатысты әрбір қоғам мүшесінің дербестігі, басқа біреуге және 
мемлекетке басыбайлылығының жоқтығы оны әлдеқайда тәуелсіз 
етеді. Осы дербестікті көшпенді қоғам мүшесінің екінші ерекшелігі 
деу керек. Әркімнің өз руы ішінде оның басқалармен тең мүшесі 
ретінде қаралуы, сырттан келген бір зорлық болса, оны бүкіл ру 
болып қолдап, қорғауға тиіс болғаны оның қоғамдағы орны мен 
қауіпсіздігінің кепілі болса, ол әрине, құлдар мен басыбайлы, жермен 
бірге немесе жеке-дара сатылып, не бөтендендіріліп жіберілетін 
адамдардан тіпті бөлек етеді. Бұл жерде адамдар арасында ешқандай 
теңсіздіктің нышаны да жоқ деп отырған жоқпыз. Онда зорлық-
зомбылықтар да теңсіздік те бар. Бірақ, мәселе ондайлар сол қоғам 
ішінде заңды нәрсе деп қабылданбайтындығында. Ондай іс-әрекеттер 


 
257


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет