IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
Түркi мемлекеттерiнiң жақындасуы – экономикалық және
мәдени ынтымақтастықтың жандануы, аймақтағы бейбiтшiлiк
iсiне қызмет ету, әлемдiк өркениет көшiне қосатын күш. «Еркіндік
қайда болса – елдік сонда». «Егемен болмай ел болмас» дейді халық
даналығы. Түркітілдес елдердің ынтымағы мен ауызбіршілігін
арттыру арқылы олардың этногенезін, әдебиеті мен мәдениетінінің
тұтастығын зерттеп, мемлекеттер арасындағы байланысты нығайту
қажет деп есептейміз.
Көшпенділікті сақтаған қазақ халықтарының шаруашылық-
экономикалық қажеттілікпен бірге еркін тіршілік кеңістігінің де
қажеттілігінен мал шаруашылығын сақтап, ары қарай дамытқаны
негіз болады. Көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғат
өнімдерін тікелей иемденіп, онымен етене өмір сүрген, олардың
мемлекеттік басқарудағы деспоттық, тираниялық формаларының
қалыптаспауы да осыған байланысты болуы керек. Көшпелілерде
дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, еркін
ойлау жүйесі дамыды. Бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс
тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай
туғызды. Түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өрке-
ниеттер мен әр түрлі себептер арқылы (миграция, жаулап алу,
бейбіт көршілік жағдайында) араласты. Сол арқылы көшпелілер
өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабыл-
дады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды.
Әдебиеттер
1 Власть как ценность и власть ценностей: Метаморфозы свободы. –
Алматы, 2007. – 470 с.
2 Тойнби А Дж. Постижение истории. М, 1991. – 736 с.
3 Абишев. К. Свобода как глубинная ценность человеческого бытия.
Казахстанская философия в канун ХХI века. – Алматы, 1998. – 207 с.
4 Айдаров Г. Язык памятника Кюль-тегину. – Алматы: Ғылым», 1993. –
343 с.
5 Кант. И. Прагматикалық тұрғыдағы антропология // Әлемдік филосо-
фиялық мұра. 8-том. Кант және Гегель философиясы. – Алматы, 2006. – 520 б.
6 Аристотель. Саясат. // Әлемдік философиялық мұра. 3-том.
Аристотель философиясы. – Алматы, 2005. – 568 б.
7 Сатершинов Б.М. Тарихи сана – тәуелсіздіктің рухани тұғыры. –
Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФжСИ КБО, 2011. – 291 б.
8 Бизақов С. Көбесінен қан шыққанша алысқан. Түбі бір түркілер қайта
түлей ме? // Түркістан. – 2013, 17 қазан.
264
Достарыңызбен бөлісу: |