Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет272/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
бізде, кейінгі Кеңес дәуірінде кез келген ой еңбегінің бағасын көбінесе 
халық емес, билік басындағылар беретін жаман әдет пайда болды.
Қазақ кино мамандарының, ғалымдардың, музыканттардың, 
суретшілердің т. б. әлемдік аренаға шыға бастағаны көңілге қуаныш 
ұялатады. Демек, бізде жаңа экономикалық элита іспетті, жаңа 
рухани-мәдени элита да қалыптасып келеді. Тек бұлар ұлттық ділі 
мен тілінен ажырамағай, дәстүрлі
рухани мәдениетіміз үрдісінде өсіп, 
жетілсе игі. Сол кезде олар саясат, кәсіпкерлік салаларында негізгі 
тұтқаларды қолдарына ала бастаған замандастарының жақсылығы 
мен жамандығын тайсалмай айтып отыратын шын мәніндегі еркін, 
тәуелсіз ойдың иелері болып қалыптасады.
Жалпы сұңғыла ақылымен кез келген қоғамның ілгері дамуына 
ықпал ететін парасат иелерінің қалыптасуы бір бөлек мәселе де, сол 
парасатты адамның оз ойын еркін білдіруіне немесе бұл ойдың дер 
кезінде ықпалды күшке айналуына мүмкіндік беретін әлеуметтік 
алғышарттардың (демокра-тиялық бостандықтардың, материалдық 
тәуелсіздіктің, сындарлы пікірді түсініп, қабылдауға әзір әлеуметтік 
ортаның т. б.) болуы екінші мәселе.
Дәстүрлі қазақ қоғамында оз халқының ағымдағы хал-жағдайын 
ақыл таразысынан өткізіп, болашағын болжап, ілгері даму бағытына 
ықпал етуге ұмтылған ой иелері аз болмаған. VII ғасырдағы Қорқыт 
пен Тоныкөктен бастап, салыстырмалы түрде, күні кешегі Әуезов пен 
Сәтбаевқа дейінгі аралықта, талай дана бабаларымыз туған халқының 
сол кезеңдегі жағдайын, болашақ тағдырын ойлап, тебіреніп өтпеді 
ме?! Тіпті осы жиырмасыншы ғасырдағы Ә. Бөкейхановтан бастап
М. Жұмабаев пен Ғ. Қарашқа дейінгі зиялы қауым өкілдерінің ой мен 
күреске, арман мен мұңға толы ғұмырлары көп нәрсені аңғартпай ма?!
Мысалға, «жартасқа бардым, күнде айғай салдым, одан да 
шықты жаңғырық» деп, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде» еркін өскен 
ұлы Абай тұлғасы соңғы пікіріміздің айғағы. Немесе, заманымыздың 
заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың әлем жұртшылығы әртүрлі 
қабылдаған «Көріпкел таңбасы» («Тавро Кассандры») романының 
негізгі түйіні де осы: ақиқатты ұғынған парасат иесінің өз замандас-
тарынан қолдау табудың; орнына, олардың қарғысына, лағінетіне 
ұшырауы. Және бұл мәселені Ш. Айтматов бүкіл ғаламдық ауқымда 
алып, барша адамзат өркениетіне қатысты қозғап отыр. Себебі, жеке 
тұлғаның, яғни парасат иесінің ойына тұсау салмау, керісінше, оның 
ықпалды әлеуметтік күшке айналуына қамқорлық жасау мәселесі – 
мәңгілік және ғаламдық проблема.
Сонымен адам бүкіл түркілік және қазақтық дүниетанымның 
негізгі мәселесі, тәуелсіз мемлекеттің ең басты құндылығы болып 


 
277


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет